Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандарды
қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру
туралы куәлікті беру және қайтарып алу
қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрiнiң
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 531 бұйрығымен
бекітілген
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және орта, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар адамдарға кәсiптiк медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға бiлiктiлiк санаттарын беру тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) – тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
2) маман – медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар денсаулық сақтау саласының қызметкерi;
3) мамандардың кәсіби дайындығын және біліктілігінің сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) – маман біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыны бағалау рәсімі;
4) үміткер – нақты мамандығы бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлік алуға үміткер маман.
3. Осы Қағидаларға сәйкес куәлік беру нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік санатын бере отырып, олардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, орта (техникалық және кәсiптік), орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары медициналық, фармацевтикалық бiлiмi бар мамандар үшiн, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін жүргізіледі.
4. Куәлікті маманға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің тиісті аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – Комитет департаменті) береді.
Мамандардан өтініштерді қабылдау Комитет департаментінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Үміткерлер куәлік алу үшін құжаттарды қолда бар куәліктің немесе 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін маман сертификатының қолданыс мерзімі өткенге дейін үш айдан ерте емес мерзімде ұсынады.
5. Біліктілік санатын беру Бағалаудың оң нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Мамандарды бағалау Кодекстің 176-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Бағалаудың теріс нәтижесін алған адамдар куәлік алуға жіберілмейді.
6. Куәлік беру мерзімі үміткердің өтініші Комитет департаментінде тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.
7. Біліктілік санатын беру туралы куәлік «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Номенклатура) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) сәйкес мамандықтар бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде беріледі.
Жоғары медициналық білімі бар үміткерлер Номенклатураның 1, 2-бөлімдерінде көрсетілген мамандықтар бойынша куәлік алу үшін «Гигиена және эпидемиология» мамандығын қоспағанда, интернатурада, клиникалық ординатурада, резидентурада оқуды (жоғарғы оқу орнында оқуды бітіргеннен кейін интернатура, резидентураны бітіруді көздемейтін мамандықтар бойынша) және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлауды (мамандануды) бітіргенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Үміткерлер Номенклатураның 3-бөлімінде көрсетілген мамандықтар бойынша куәлікті алу үшін «Гигиена және эпидемиология» мамандығын қоспағанда, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімін және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан (маманданудан) өткенін немесе «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімін, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты бітіргенін және (немесе) мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын растайтын құжаттарды ұсынады.
8. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында Комитет департаментінің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн куәліктің қолданыс мерзімі тоқтатылады.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру тәртібі
9. Куәлікті алу үшiн үміткерлерге мынадай құжаттар қажет:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
Бағалау нәтижесі;
білімі туралы дипломы;
мәлімделген мамандық бойынша интернатураны не резидентураны немесе клиникалық ординатураны бітіргені туралы құжат (болған кезде);
мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау туралы куәлік (болған кезде);
соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқаны туралы куәлік;
Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік;
білімі туралы құжаттарды алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (болған кезде) өзгерткен адамдар үшін тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, некеге отырғаны немесе некені бұзу туралы куәлік.
10. Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санатын беру критерийлері:
1) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі;
біліктілігінің екінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 108 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға екінші біліктілік санаты беріледі;
2) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде алты жыл еңбек өтілі;
біліктілігінің бірінші санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 162 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға бірінші біліктілік санаты беріледі;
3) мыналар:
құжаттарды беру кезінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде он жыл еңбек өтілі;
біліктілігінің жоғары санатқа сәйкестігін бағалаудың оң нәтижесі;
құжаттарды беру кезінде соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және білім беру ұйымдарында, соның ішінде шетелдік ұйымдарда жалпы 216 сағат көлемінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатқанын куәландыратын құжат болған кезде мамандарға жоғары біліктілік санаты беріледі.
11. «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» және «Стоматология» мамандықтары бойынша оқуды 1998 жылдан кейін бітірген адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабы 6-тармағына сәйкес интернатураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжатты ұсыну болып табылады.
«Емдеу ісі», «Педиатрия» және «Шығыс медицинасы» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім беру ұйымдарын 2014 жылға дейін бітірген, Номенклатурада көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар интернатура, клиникалық ординатура немесе резидентура мамандығы мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеген кезде «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 691 бұйрық) бекітілген Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау ережесіне сәйкес оқу сағатының ұзақтығын көрсете отырып мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлаудан өткені туралы құжатты ұсынады.
Медициналық, оның ішінде клиникалық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз жұмыс өтілі бар адамдарға осы мамандық бойынша қайта даярлаудан өту талап етілмейді.
Жоғары медициналық білім беру ұйымдарында оқуды 2013 жылдан кейін бітірген, «Интернатурада және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген) Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесінде (бұдан әрі – Клиникалық мамандардың тізбесі) көзделген клиникалық мамандықтар бойынша сертификат алуға үміткер адамдар үшін клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру туралы құжат ұсыну болып табылады.
12. Орта медициналық білім беру ұйымдарын бітірген және атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар куәлік алу үшін:
1) 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Емдеу ісі», «Акушериялық іс» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Емдеу ісі» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
«Акушериялық іс» мамандығы бойынша «Акушериялық іс», «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Акушериялық іс» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады;
2) 2012 жылғы қыркүйекке дейін «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша атқаратын лауазымдарына жіберілген адамдар «Зертханалық диагностика», «Акушериялық іс», «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі туралы диплом, «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша жоғары білімі туралы дипломды, «Жалпы медицина», «Мейірбике ісі» мамандықтары бойынша бакалавриатты және «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша соңғы бес жыл ішінде қайта даярлау немесе біліктілігін жоғарылату туралы құжатты ұсынады.
13. «Гигиена және эпидемиология», «Стоматология» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білімі, «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Акушериялық іс», «Зертханалық диагностика», «Фельдшер-лаборант», «Гигиена, санитария және эпидемиология», «Санитариялық фельдшер», «Стоматология», «Тіс дәрігері» мамандықтары бойынша орта медициналық білімі бар адамдар, медициналық қызметке 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін кіріскен және құжаттарды тапсыру кезінде мәлімделген мамандық бойынша үздіксіз еңбек өтілі бар адамдар мәлімделген мамандық бойынша куәлік алуға жіберіледі.
14. Мәліметтер нысанының толықтығын және дұрыс толтырылуын тексеру оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда үміткерге өтінішті қарауды тоқтату туралы уәжделген жауап жіберіледі.
15. Куәлік беру туралы шешім осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген ұсынылған құжаттар негізінде қабылданады және Комитеттің тиісті департаменті басшысының бұйрығымен ресімделеді.
16. Куәлікті алу кезінде мыналар ескеріледі:
1) мамандарға бейінді мамандықтар бойынша біліктілігін жоғарылатудан өтуге рұқсат етіледі, бұл ретте мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылату сағаттарының саны жалпы көлемнің 50 %-нан кем болмауы тиіс;
2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты маманның клиникалық қызметінде үзіліс болған жағдайда негізгі мамандығы бойынша еңбек өтіліне мемлекеттік қызметте болған уақыты да қосылады;
3) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылар болып табылатын мамандарға мамандығының бейіні бойынша еңбек өтіліне тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттелген кезден бастап сараптамалық қызметінің өтілі қосылады;
4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақтарда (бірлестіктерде) жұмыс істейтін, «қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру», «денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша санат алуға үміткер мамандардың еңбек өтіліне денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақтағы еңбек өтілі де саналады;
5) медициналық ұйымдардың басшылары болып табылатын, клиникалық мамандық бойынша санат алуға үміткер мамандардың клиникалық мамандық бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі болған жағдайда ұйым басшысы лауазымындағы еңбек өтілі есептеледі;
6) «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне фельдшер және акушер лауазымындағы еңбек қызметі де саналады;
7) «жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне терапевт, жасөспірімдер терапевті, педиатр лауазымындағы еңбек қызметі саналады;
8) «терапия» және «педиатрия» мамандықтары бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне жалпы практика дәрігері лауазымындағы еңбек қызметі саналады;
9) жалпы практика дәрігері лауазымына кіріскен мамандарға «терапия (жасөспірімдер терапиясы)», «педиатрия» мамандығы бойынша қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданыс мерзімі өткенге дейін сақталады.
10) «онкология және балалар гематологиясы» мамандығы бойынша куәлік алуға үміткер мамандардың осы мамандық бойынша еңбек өтіліне «онкология» және «гематология» мамандықтары бойынша дәрігер лауазымындағы еңбек қызметі саналады.
17. Тиісті мамандық бойынша бірінші, жоғары санат берілген куәліктің қолданысы мәлімделген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санат алған адамдар үшін мерзімсіз болып табылады.
Тиісті біліктілік санаты берілетін мерзімсіз (тұрақты мерзімге) куәлік алу үшін мамандарға мынадай құжаттар қажет:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
жеке басын куәландыратын құжат;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін құжаттарды тапсыру кезінде соңғы бес жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша кемінде 2016 сағат көлемінде біліктілігін жоғарылатуы туралы куәлік;
бұрын алынған тең мәнді үш куәліктің не бірінші немесе жоғары біліктілік санаты берілетін сертификаттардың көшірмелері.
18. Жоғары немесе бірінші санат берілетін мерзімсіз куәлік мамандарға берілген санаттардың арасы 12 айдан асатын үзіліс болмаған жағдайда беріледі.
Бірінші, жоғары санат берілетін мерзімсіз куәлік қолданыстағы куәліктің немесе маман сертификатының мерзімі өткенге дейін үш ай бұрын, бірақ куәлік немесе маман сертификатының қолданыс мерзімі өткен күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей қоса берілген растау құжаттарының негізінде беріледі.
19. Куәлікті беруден бас тарту үшін:
1) үміткердің Бағалаудың теріс нәтижесін ұсыну;
2) мәліметтер нысанының толық әрі дұрыс толтырылмауы;
3) үміткердің білімі туралы құжаттарының (дипломы, интернатура, резидентура, клиникалық ординатура, қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату куәлігі) мәлімделген мамандыққа сәйкес келмеуі;
4) үміткердің ұсынылған құжаттарының оқу мерзімі бойынша және № 691 бұйрықпен бекітілген қайта даярлаудан және біліктілігін жоғарылатудан өту туралы құжаттар нысаны бойынша сәйкес келмеуі;
5) осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген құжаттардың ұсынылмауы;
6) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген біліктілік санатын беру критерийлеріне сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы
куәлігін қайтарып алу тәртібі
20. Куәлікті қайтарып алуды Комитет департаменттері денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша және мемлекеттік органның, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мекеменің, жұмыс берушінің өтініші бойынша:
1) Комитет және Комитет департаменттері растаған, маманның кінәсінан болған, алдын алуға болатын өлім жағдайлары болған;
2) күнтізбелік бір жыл ішінде азаматтардың немесе заңды адамдардың маман көрсеткен медициналық көмектің сапасына үш немесе одан да көп негізделген шағым болған; 3) күнтізбелік бір жыл ішінде азаматтардың немесе заңды адамдардың маман ұсынған фармацевтикалық қызметтердің сапасына үш немесе одан да көп негізделген шағым болған; 4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша анықталған, куәлік алу кезінде мәліметтер нысанында бұрмаланған немесе дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған; 5) қызметтің осы түріне сертификаты (немесе) лицензиясы жоқ адам заңсыз медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысқан; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар болған жағдайда жүзеге асырады.
21. Куәлікті (біліктілік санаты берілетін маман сертификатын) қайтарып алу осы куәлікті (сертификатты) берген Комитет департаментінің бұйрығы негізінде, анықталған немесе осы Қағидалардың 20-тармағында тізбеленген жағдайлардың болуы туралы ақпаратты алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
22. Комитет департаменті куәлікті қайтарып алу туралы бұйрықты Комитетке, денсаулық сақтау саласындағы жергілікті атқарушы органдарға, үміткердің жұмыс орнына жібереді.
23. Біліктілік санаты берілетін сертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар біліктілік санаты берілетін куәлікке теңестіріледі және онда көрсетілген мерзім өткенге дейін қолданыста болады.
24. Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған үміткерлер олардың білімі және (немесе) біліктілігі «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесіне сәйкес танылғаннан кейін куәлік алуға жіберіледі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Біліктілік санатын беру туралы куәлігі
___________________________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)
____________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандығы)
мамандығы бойынша_________________________________(тиісті) осы бiлiктiлiк санатын беру куәлігін алды.
Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20__ жылғы «___» _____________ № _____ бұйрығы
Куәлік _________________________________ мерзімге жарамды
(5 жыл немесе тұрақты деп көрсету)
Тiркеу № ________________
Берiлген күнi 20__ жылғы «__»_____________
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және
қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша
нысан
___________________________________
__________________________________
__________________________басшысына
(мемлекеттік органның аумақтық департаментінің атауы)
кімнен______________________________
____________________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
мекенжайы, байланыс телефоны________
____________________________________
Өтініш
Сізден____________________________________________________________
(мамандық атауы)
мамандығы бойынша ____________________ біліктілік санатын беру туралы куәлік беруді сұраймын.
Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметерді пайдалануға келісемін.
___________________
(үміткердің қолы)
___________________
(толтырған күні)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және
қайтарып алу қағидаларына
3-қосымша
нысан
Мәліметтер нысаны
1. Санитариялық–эпидемиологиялық бейін мамандарын қоспағанда, медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін мамандардың кәсіптік даярлықты бағалаудан және біліктілігінің сәйкестігін растаудан өтуі туралы қорытынды (Бағалау қорытындысының сканерленген көшірмесі қоса беріледі).
1.1. Мәлімделген мамандық атауы
1.2. Мәлімделген санатқа сәйкес келеді: екінші, бірінші, жоғары
(қажеттісінің астын сызу)
1.3. Бағалау қорытындысын берген орган__________________________
1.4. Бағалау қорытындысын алу күні, айы, жылы_________________
2. Медициналық немесе фармацевтикалық білімі (дипломның сканерленген көшірмесі)
2.1. Білімі (орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі, орта білімнен кейінгі медициналық немесе фармацевтикалық білімі, жоғары медициналық немесе фармацевтикалық білімі)
2.2. Дипломның нөмірі
2.3. Дипломның сериясы
2.4. Білім беру ұйымының толық атауы
2.5. Оқыған елі
2.6. Түскен жылы
2.7. Бітірген жылы
2.8. Дипломы бойынша мамандығы
2.9. Дипломы бойынша біліктілігі
2.10. Дипломының нострификациясы және/немесе танылуы (медициналық немесе фармацевтикалық білімін Қазақстан Республикасынан тыс жерде алған адамдар үшін)
Оқыған елі ________________________________________________
Білім беру ұйымының толық атауы _____________________
Нострификация туралы куәлік берген орган____________________
Нострификация бұйрығының нөмірі мен күні ________________________
Нострификацияның тіркеу нөмірі ____________________________
Нострификация куәлігінің берілген күні_________________________
3. Мәлімделген мамандық бойынша интернатура, клиникалық ординатура, резидентура мамандығы туралы мәліметтер (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін) (құжаттың сканерленген көшірмесі)
3.1. Интернатура мамандығы
3.2. Түскен жылы
3.3. Бітірген жылы
3.4. Оқу ұзақтығы _________________________________
3.5. Оқудың сағат бойынша көлемі_________________________________
3.6. Ұйымның толық атауы ____________________________
3.7. Интернатурадан өту орны ______________________________
3.8. Клиникалық ординатура мамандығы
3.9. Түскен жылы
3.10. Бітірген жылы
3.11. Оқу ұзақтығы _________________________________
3.12. Оқудың сағат бойынша көлемі________________________________
3.13. Ұйымның толық атауы ____________________________
3.14. Клиникалық ординатурадан өту орны __________________________
3.15. Резидентура мамандығы
3.16. Түскен жылы
3.17. Бітірген жылы
3.18. Оқу ұзақтығы _________________________________
3.19. Оқудың сағат бойынша көлемі________________________________
3.20. Ұйымның толық атауы ____________________________
3.21. Өту орны ______________________________
4. Мәлімделген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәліктер туралы мәліметтер (құжаттың сканерленген көшірмесі)
4.1. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі
4.2. Қайта даярлау мамандығы
4.3. Оқытушы ұйымның атауы
4.4. Оқудың сағат бойынша көлемі
4.5. Оқудың басталуы
4.6. Оқудың аяқталуы
5. Мәлімделген мамандық бойынша санат берілетін қолданыстағы куәліктің (маман сертификатының) мәліметтері
5.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
5.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
5.3. Берген орган
5.4. Куәліктің (сертификаттың) қолданыс мерзімі
5.5. Мамандығы
5.6. Біліктілік санаты
6. Мәлімделген мамандық бойынша санат берілмейтін қолданыстағы куәліктің (немесе сертификаттың) мәліметтері
6.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
6.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
6.3. Берген орган
6.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
6.5. Мамандығы
7. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер
7.1. Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні)
7.2. Жалпы медициналық, фармацевтикалық еңбек өтілі (жылы, айы, күні)
7.3. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны
7.4. Атқаратын лауазымы
7.5. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі
Қабылданған күні
|
Жұмыстан босатылған күні
|
Жұмыс орны
|
Атқаратын лауазымы
|
Бұйрықтың №
|
Бұйрықты шығару күні
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8. Соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатуы:
8.1. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілікті жоғарылату куәлігі туралы мәліметтер
8.2. Біліктілікті жоғарылату туралы куәліктің нөмірі
8.3. Циклдің атауы
8.4. Оқытушы ұйымның атауы
8.5. Оқудың басталуы
8.6. Оқудың аяқталуы
8.7. Оқу көлемі (сағатпен)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және
қайтарып алу қағидаларына
4-қосымша
нысан
__________________________________
________________________басшысына
(мемлекеттік органның аумақтық департаментінің атауы)
кімнен____________________________
(маманның ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, жұмыс орны _____________
Өтініш
Сізден ________________________________________ мамандығы бойынша (мамандық атауы)
____________ біліктілік санатын беру туралы мерзімсіз куәлік беруіңізді сұраймын.
-
_______________________ мамандығы бойынша ______ жылғы «___»__________ № ________ куәлік (сертификат).
-
_______________________ мамандығы бойынша ______ жылғы «___»__________ № ________ куәлік (сертификат).
-
_______________________ мамандығы бойынша ______ жылғы «___»__________ № ________ куәлік (сертификат).
Мен көрсетілген мәліметтердің дұрыстығына жауаптымын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметерді пайдалануға келісемін.
___________________
(үміткердің қолы)
_________________
(толтырған күні)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы
мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және
қайтарып алу қағидаларына
5-қосымша
нысан
Мәліметтер нысаны
1. Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер ________________________
Мәлімделген мамандық бойынша жұмыс өтілі (жылы, айы, күні) ______
Жалпы медициналық өтілі (жылы, айы, күні) ______________________
Қазіргі уақыттағы жұмыс орны _______________________________
Атқаратын лауазымы ___________________________________________
Мәлімделген мамандық бойынша еңбек қызметі _________________
Қабылдау күні
|
Жұмыстан босатылған күні
|
Жұмыс орны
|
Атқаратын лауазымы
|
Бұйрықтың №
|
Бұйрық шығарылған күн
|
|
|
|
|
|
|
Біліктілік санатын беру туралы бұрын алған үш куәлік немесе маман сертификаттары туралы мәліметтер (куәліктердің немесе сертификаттардың сканерленген көшірмелері)
1. №1 куәлік (маман сертификаты)
1.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
1.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
1.3. Берген орган
1.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
1.5. Мамандығы
1.6. Біліктілік санаты
2. № 2 куәлік (маман сертификаты)
2.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
2.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
2.3. Берген орган
2.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
2.5. Мамандығы
2.6. Біліктілік санаты
3. № 3 куәлік (маман сертификаты)
3.1. Бұйрықтың нөмірі мен күні
3.2. НИКАД нөмірі/тіркеу нөмірі
3.3. Берген орган
3.4. Куәліктің қолданыс мерзімі
3.5. Мамандығы
3.6. Біліктілік санаты
4. Соңғы 5 жыл ішінде мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылатуы (құжаттың сканерленген көшірмесі):
4.1. Мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін жоғарылату куәлігі туралы мәліметтер
4.2. Біліктілігін жоғарылату туралы куәліктің нөмірі
4.3. Циклдың атауы
4.4. Оқытушы ұйымның атауы
4.5. Оқудың басталуы
4.6. Оқудың аяқталуы
4.7. Оқудың сағат бойынша көлемі
Достарыңызбен бөлісу: |