Жмц пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің ережелері (5-11- сыныптар) положение


II Пилоттық мектептердің мақсаттары мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата04.10.2022
өлшемі433.66 Kb.
#461894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ағылшын тілінде оқыту ЕРЕЖЕ

II Пилоттық мектептердің мақсаттары мен міндеттері 
II.1 Мақсаты: ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға арналған 
пилоттық жобаны іске асыру үшін қажетті жағдайлар жасау. 
II.2 Міндеттері: 
II.2.1 CEFR 
халықаралық стандарттарына сәйкес жаратылыстану-
математикалық цикл пәндері мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеру 
деңгейлерін жоғарылату. 
II.2.1 Пәнді және тілді оқытудың кіріктірілген әдістері бойынша ағылшын 
тілі және пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру (CLIL-технологиясы). 
II.2.2 
Сыныптан тыс іс-шараларды өткізу және ағылшын тіліндегі 
элективті курстардың жекелеген бөлімдерін, пәндік терминологияны кезең-
кезеңмен оқыту арқылы (CLIL әдіснамасы) пән мен тілді кіріктіріп оқыту 
әдістемесін қолдану. 
II.2.3 
ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту процесінде жартылай көшу 
режимінен толықтай көшу режиміне кезең-кезеңмен өтуді әдістемелік 
(оқулықтар мен оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар мен ұсынымдамалар, 
элективті курстар бағдарламалары және т.б.).) қамтамасыз ету. 
II.2.4 Пилоттық мектептердегі тілдік мен пәндік құзыреттіліктердің даму 
динамикасын тұрақты бақылау (мониторинг жүргізу). 
II.2.5 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытудағы табысты тәжірибелерді 
анықтау және құжаттау. 
II.2.6 Қазақстандық орта білім беру жүйесіне Пилоттық мектептердегі 
мұғалімдер мен педагогикалық ұжымдардың оң тәжірибесін кеңінен тарату 
стратегиясын анықтау. 
III. Пилоттық мектептерде ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде 
оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар 
ІІІ.1. 7,11-сынып оқушылары және олардың ата-аналары (заңды өкілдері) 
арасындағы дайындық жұмыстары: 
ІІІ.1.1 7,11-сынып оқушылары және олардың ата-аналары арасында ЖМЦ 
пәндерін ағылшын тілінде оқыту мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары 
жүргізіледі; 
ІІІ.1.2 7,11-сынып оқушылары арасында осы немесе өзге де ЖМЦ 
пәндерін ағылшын тілінде оқуға ынтасын анықтау мақсатында 
сауалнама/сұрақ-жауап жүргізіледі; 


5
ІІІ.1.3. Пилоттық жобаға көзқарастарын анықтау мақсатында 7,11-сынып 
оқушыларының ата-аналары арасында сауалнама/сұрақ-жауап жүргізіледі; 
ІІІ.1.4 Пән мұғалімінің даярлығын ескере отырып, осы немесе басқа 
сыныпта ағылшын тілінде оқытуға арналған ЖМЦ пәндер арасынан 4 пәннің 
біреуі немесе бірнешеуі таңдалады; 
ІІІ.1.5 Пилоттық мектептің ата-аналар комитетінің (қамқоршылық 
кеңестің) барлық мүшелерін шақыру арқылы педагогикалық кеңестің 
кеңейтілген отырысы өткізіледі; 
ІІІ.1.6 Пилоттық жобаға көшу туралы оң шешім қабылданған жағдайда 
екі хаттама толтырылады: педагогикалық кеңестің хаттамасы және ата-аналар 
комитетінің (қамқоршылық кеңестің) хаттамасы; 
ІІІ.1.7. Педагогикалық кеңестің және ата-аналар комитетінің 
(қамқоршылық кеңестің) алқалық шешімі Пилоттық мектептің жалпы ата-
аналар жиналысында жарияланады; 
ІІІ.1.8 Балалардың ата-аналарымен, қамқоршыларымен, заңды 
өкілдерімен келісім-шарттар жасалады немесе олардың балаларын ЖМЦ 
пәндерін ағылшын тілінде оқыту туралы өтініштері қабылданады. 
ІІІ.2. Пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз ету: 
ІІІ.2.1 ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуға біліктілігін арттыру 
курстарынан өткен мұғалімдер ғана мүмкіндік алады: 
ІІІ.2.1.1 жаңартылған білім беру мазмұны бойынша; 
ІІІ.2.1.2 ағылшын тілі бойынша; 
ІІІ.2.1.3 CLIL-технологиясы бойынша; 
ІІІ.2.2 Ағылшын тілін А1 және А2 деңгейлерінде меңгерген ЖМЦ 
пәндерінің мұғалімдері Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының 
(факультативтер, үйірмелер және т.б.) вариативті компонентінің пәндерін 
оқытуға мүмкіндік алады; 
ІІІ.2.3 Ағылшын тілін А1 және А2 деңгейлерінде меңгерген ЖМЦ 
пәндерінің мұғалімдері Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының 
(факультативтер, үйірмелер және т.б.) вариативті және инвариантты 
компоненттерінің пәндерін оқытуға мүмкіндік алады; 
ІІІ.2.4 Ағылшын тілінің мұғалімдері тиісті біліктілігін растау жағдайында 
Пилоттық мектептің жұмыстық оқу жоспарының вариативті және инвариантты 
компоненттеріндегі ЖМЦ пәндерін оқытуға мүмкіндік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет