Жмц пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептердің ережелері (5-11- сыныптар) положение



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата04.10.2022
өлшемі433.66 Kb.
#461894
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Ағылшын тілінде оқыту ЕРЕЖЕ

Ата-аналар (заңды өкілдер): 
1. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы Қазақстан 
Республикасы заңнамаларының, мектеп жарғысының талаптарын, аталған 
келісім-шарт пен Пилоттық мектеп туралы Ережені орындайды. 
2. Ағылшын тілін оқу үшін білім алушыларға жаратылыстану-
математикалық цикл пәндерін таңдауға мүкіндік береді_________ 
_______________________________________ 
(таңдалған пәндерді көрсету) 


14
2. Білім алушының мектеп талаптарын орындауына мүмкіндік жасайды: 

оқу бағдарламасымен қарастырылған оқу пәндерін толығымен игеруге, 
жауапкершілікпен оқуға; 

барлық аралық және қорытынды аттестациялауды уақтылы және 
табысты өтуге; 

ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқып-
үйренуге арналған Мектеп қызметкерлерінің талаптарын орындауға; 

Пилоттық мектеп талаптарын сақтауға. 
3. Білім алушының мектепте орналасуына қолайлы жағдай жасауға 
көмектеседі: 

балаларды оқуға қажетті оқу-жазу құралдарымен және басқа да 
заттармен қамтамасыз ету; 

балаларының мектеп мұғалімдерінің талаптарын орындауын бақылау. 
4. Балаларының үлгерімі мен мінез-құлқын бақылауды, ата-аналар 
жиналыстарына үнемі қатысуды жүзеге асырады. 
5. Мұғалімді (сынып жетекшісін) баланың ауруы немесе уақытша 
болмайтындығын уақытында жазбаша хабардар етеді. 
6. Балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы 
мектепті уақытында хабардар етеді. 
7. Білім алушылардың академиялық қарыздарын жоюға жауапты болады. 
Тараптардың құқықтары 
Мектеп құқылы: 
1. Ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық цикл пәндері 
бойынша оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын және оларды іске 
асыру жоспарларын әзірлеуге. 
2. Жұмыстың мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтауға, оқу 
бағдарламаларын, курстарын, оқу-әдістемелік кешендерін таңдауға. 
3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында білім 
алушылармен сауалнама/сұхбат жүргізуге. 
4. Мектеп Жарғысына сәйкес мектептің жұмыс тәртібін белгілеуге (сабақ 
кестесін, оқу аптасының ұзақтығын, демалыс күндерін және т.б.). 
5. Мектеп жарғысы негізінде мектепке қабылдауды жүзеге асыруға. 
6. Білім алушылардың ата-аналарынан баланың білімі мен мінез-құлқына 
бақылау жасауды, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы Қазақстан 
Республикасы заңнамасының, Мектептің Жарғысының және аталған келісім-
шарттың талаптарын сақтауды талап етуге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет