Не журналистика кафедрасы



бет1/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ





ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


М3
AT4307 - Әдебиет теориясы
6В01721 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы

ҚЫЗЫЛОРДА, 2023 ж.



М А З М Ұ Н Ы


Алғы сөз
Пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктер (глоссарий)
Әдебиет теориясы пәнінің силлабусы
Пән бойынша тапсырмалар кестесі
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
Әдебиет теориясы пәні бойынша лекциялар кешені
Практикалық (семинар) сабақтардың жоспары мен тақырыптары
Пәнді игеруге арналған әдістемелік нұсқау
Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
БАОӨЖ жоспары, тапсырмалары, аптасы, сағаты, әдебиеттері, жұмыс түрі
БАӨЖ кестесі, тест, емтихан сұрақтары
Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиалық қамтамасыз етілуі
Арнаулы дәрісхана, кабинет, зертханалар саны

АЛҒЫ СӨЗ

«Әдебиет теориясы» пәні студенттердің әдебиеттану пәндерін оқып білудегі қорытындылаушы курсы болып саналады.


Курстың мазмұны студенттерді әдебиеттанудың негізгі ұғымдары және терминдерімен таныстырады, Олардың әлем әдебиеттануындағы қалыптасу, даму тарихынан мәлімет береді. Сөйтіп, әдебиеттанушылық білім шеңберін кеңейтеді.
Пәнінің оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бекіткен мемлекеттік білім беру стандартына (2010ж.), 5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған «Әдебиет теориясы» пәніне нің типтік бағдарламасына (Бағдарлама авторы: ҚазҰПУ проф. С.Мақпырұлы) сай жасалып, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының ғылыми-әдістемелік семинары отырысында қаралып, элективті курс ретінде ұсынылған (Хаттама№1. 17.09.2014ж.) және Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша комитеті бекіткен (Хаттама №1, 01.09. 2014ж.).
Мұнда студенттерге әдебиет теориясының ғылым ретіндегі мәні, өзге ғылымдармен байланысы, қарауына жататын проблемалары, оларды зерттейтін салалары мен түрлерін қамти отырып, жалпы әдебиет теориясының негізгі проблемаларынан, сондай-ақ сөз өнері білімінің тарихынан терең филологиялық білім беру мақсат етіп қойылған. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- студенттерге әдебиеттанудың өзіндік зерттеу нысанасын, зерттеу салаларын, олардың ерекшеліктерін, негізгі теориялық ұғым-түсініктерін өз ана тілімізде бере отырып, жалпы әлем әдебиетінің, адамзат баласы көркем сөз өнерінің шығып, қалыптасуы, дамуы тұрғысынан мәлімет беру.
- адамзат баласы дамуындағы сөз өнерінің ерекшеліктерін, олардың типологиялық, генологиялық және қызметтік типтері мен құрылысынан терең білім беру;
- қазіргі заман әдебиеттануының өзекті мәселелерімен, басты бағыттарымен, негізгі салаларымен таныстыру, олардың зерттеу нысаналары мен проблемаларынан хабардар ету;
- әдебиет теорриясының негізгі теориялық қағидаларын меңгерту, әдебиеттанудың зерттеу әдіс-тәсілдерімен таныстыру, оларды болашақ зерттеу жұмыстарында қолдана алуға баулу.

Студент меңгеруге тиісті білім және шеберлік жүйесі:


1.Әдебиет теориясының басты теориялық қағидалары мен ұғым-түсініктерімен, терминологиялық жүйесімен жете танысу.
2. Әдебиет теориясындағы теориялық көзқарастар мен пікірлерді сараптай отырып, олардың дұрыстығына сенімді болу.
3. Әдебиет теориясының теориялық-методологиялық негіздерін игере отырып, көркем әдебиетте болатын әр алуан құбылыстарды сипаттай алу, өз ойын, пікірін кәсіби дәлелдей алу.
4. Қорытынды жасауға, баға беруге нақты әрі шұғыл шешім қабылдауға машықтану.
5. Теория мен практиканы ұштастыра алу




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет