Жұмыс бағдарламасы 2007ж. «30» мамыр №9 хаттамамен бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді



Дата22.06.2016
өлшемі176.89 Kb.
#153661
түріЖұмыс бағдарламасы
Жұмыс оқу бағдарламасының Нысан

титулдық парағы ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Физика және аспап жасау кафедрасы

«Медициналық диагностика құралдары» пәнінен


050716 – «Аспап жасау»
мамандығының студенттеріне арналған

жұмыс оқу бағдарламасы

Павлодар


Мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бетіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34


БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

________Н. Э. Пфейфер

20__ж. «___»_____________
Құрастырушы: _____________ аға оқытушы, Қ. Р. Досумбеков
Физика және аспап жасау кафедрасы

«Медициналық диагностика құралдары» пәні бойынша


050716 – «Аспап жасау» мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс Оқу Бағдарламасы

Жұмыс бағдарламасы 2007ж. «30» мамыр №9 хаттамамен бекітілген жұмыс оқу жоспарының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді.


Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «___»_________________№___хаттама.



Кафедра меңгерушісі______________ Ш. Қ. Биболов 20__ж. «___»_________________


Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20__ж. «___»________№ __ хаттама


ОӘК төрайымы _____________ Ж. Г. Мұқанова

КЕЛІСІЛДІ
ФМжАТФ деканы__________________Ж. Қ. Нұрбекова 20__ж. «____»_____________
мақұлданДЫ:

оҮжжәқб бастығы __________________ А. А. Варакута 20__ж. «____»_____________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «_____»______________№____хаттама

1 Пәннің мақсаты – студенттердің бойында әртүрлі сәулеленулердің тірі ағзамен әсерлесуінің физикалық негіздері, медициналық приборлар мен аппараттардағы сигналдарды жіберу жүйелері, жаңа медициналық приборлар, клиникалық диагностика аппараттары, терапия, медициналық техниканың одан ары жетілдіру тенденциялары бойынша негізгі білімдерді қалыптастыру.

Пәннің міндеттері – медико-биологиялық сигналдардың негізгі типтерімен, медициналық диагностика және терапия приборлары мен аппараттарының дамуының негізгі бағыттарымен таныстыру. Медико-биологиялық сигналдарды түрлендірудің негізгі әдістерін, олардың сипаттамаларын, ақпаратты берудің нақты тәсілдерін, приборлардың, аппараттардың негізінде жатқан физикалық принциптерін, медициналық диагностика, терапия және хирургия приборлары мен аппараттарының техникалық параметрлері мен жұмыс істеу принциптерін, медициналық жабдықтың және медициналық тағайындалған бұйымдардың ақаулықтарын анықтау және жою әдістерін оқу.

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

- медико-биологиялық сигналдарды түрлендірудің негізгі әдістері, олардың сипаттамалары;

- ақпаратты берудің нақты тәсілдері;

- медициналық диагностика, терапия және хирургия приборлары мен аппараттарының техникалық параметрлері мен жұмыс істеу принциптері;

- медициналық жабдықтың және медициналық тағайындалған бұйымдардың ақаулықтарын анықтау және жою әдістері жөнінде түсініктері болуы;

- сигналдарды түрлендіру теориясының негізгі қағидаларын;

- медициналық өлшегіш және ақпараттық жүйелердегі ақпаратты түрлендіру әдістері мен құралдарын;

- аппараттар жұмысы мен медико-биологиялық жүйелердің физикалық принциптері;

- диагностика, терапия және хирургия приборлары мен аппараттарын құрудың негізгі принциптерін;

- медициналық диагностиканың техникалық құралдарының ақаулықтарын анықтауды және жоюды білуі;

- медико-биологиялық параметрлерді тіркеудің физикалық принциптерін, әдістерін және құралдарын дұрыс таңдауға;

- диагностика және емдеу құралдарының құрылымдық схемаларын құруға;

- қойылған техникалық есепті шешудің тиімді нұсқасын таңдауда жаңа ақпараттық қорды қолдануға;

- техникалық диагностика құралдарының ақаулықтарын анықтау және оларды жою әдістерін таңдауға, медициналық техника бұйымдарын сыртқы әсерлерден қорғау әдістерін қолдануға икемді болуы;

- медициналық диагностиканың құралдарының ақаулықтарын анықтап, оларды жөндеуде;

- диагностика және емдеу құралдарының құрылымдық схемаларын оқуда және құруда;

- медициналық диагностика құралдарымен жұмыс істеуде практикалық машықтарды иемденуі қажет.


2 Пререквизиттер

Пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқу барысында иеленген білімдері, іскерліктері және дағдылары қажет: жоғары математика, физика, химия, информатика, электротехника, электроника негіздері, автоматика негіздері, материалтану, физикалық өрістер теориясы, ақпарат алудың физикалық негіздері.


3 Постреквизиттер

Пәнді оқу барысында студенттердің алған білімі, іскерлігі және дағдысы өндірістік практика өту кезінде, дипломдық жұмыс жазуда, мамандық бойынша магистратурада оқылатын пәндерді жетік меңгеруде қажетті.


4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары

№ р/р

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

дәрістер

Практикалық (сем)

зертханалық

студиялық

жеке

СӨЖ

1

Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

3

3










12

2

Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

4

5










18

3

Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

8

7










30

БАРЛЫҒЫ:

15

15










60

4.2 Пән тақырыптарының мазмұны



1 тақырып. Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

Физикалық өрістер туралы жалпы мәліметтер. Физикалық өрістердің түрлері. Иондаушы сәулеленудің физикасы. Рентген сәулелері мен гамма-сәулеленудің биологиялық объектімен өзара әсерлесуі. Ультрадыбысты толқынның биологиялық тканьмен өзара әсері. Ультрадыбысты эффектілердің биофизикасы. Ультрадыбыстың жылулық механизмі. Ультрадыбыстың жылулық емес әсерінің механизмі. Ультрадыбыстық сәулеленудің биологиялық объектке әсері. Лазерлық сәулеленудің биологиялық объектке әсері. Интенсивтілігі төмен электрмагниттік өрістің биологиялық әсері. Тұрақты электр өрісінің биологиялық объектпен өзара әсерлесуі. Тұрақты магнит өрісінің биологиялық объектпен өзара әсерлесуі. Тұрақты токтың, төмен жиілікті импульсты токтың, төмен, жоғары және аса жоғары жиілікті кернеудің биологиялық объектке әсері.

Биологиялық тканьдердегі ядролық-магниттік резонанс. ЯМР медициналық техникада диагностика үшін қолданылуы. Позитрондық-эмиссиялық томография физикасы.

2 тақырып. Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

Сигналдар мен деректердің классификациясы, көздері және сипаттамалары. Детерминирленген, кездейсоқ, аналогты кванттық, сандық сигналдар. Медико-биологиялық сигналдардың спецификалық ерекшеліктері. Диапазон және сипаттамалар. Детерминирленген сигналдар. Детерминирленген сигналдарды түрлендіру әдістері.

Сигналдарды дискреттеу. Есеп теориясы. Ақпаратты жазу мен қайта жаңғырту жүйелерін сандық бағалау. Шулар. Шудың сандық сипаттамалары. ЭКГ-сигналды өңдеу. Жазу және енгізу, сүзу. Медицинадағы бейнені реконструкциялау. Жылулық сәулеленудің сигналдары. Рентгендиагностикалық жүйелердегі сигналдар. Ақпаратты қабылдағыштар. Рентгендік трансмиссиялық компьютерлік томографиядағы сигналдар. Рентгендік трансмиссиялық компьютерлік томографиядағы сигналды түрлендіру. Ядролық-магниттік-резонанстық жүйелердегі сигналдарды түрлендіру.

3 тақырып. Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

Функционалдық диагностика аппаратурасы.

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің биопотенциалын тіркеу және талдау үшін приборлар, құрылғылар. Электрокардиография, фонокардиография, реография және векторкардиография үшін приборлар кешені. Биосигналдарды жіберу жүйелері. Жүректің электрлік және магниттік белсенділігін түйіспесіз талдау техникасының даму перспективалары.

Мидың электрлік белсенділігін өлшеу үшін приборлары. Сигналдар параметрлері, сигналдарды өткізу жүйелері, өңдеу әдістері. Диагностикалық мүмкіншіліктер. Бұлшық еттердің электрлік белсенділігін өлшеу приборлары. Ағзаның электрлік емес параметрлерін өлшеу приборлары. Биотелеметрия приборлары. Дыбыстық белсенділікті өлшеу приборлары. Қантолтырылуды, қысымды және пульстың қанағысының жылдамдығын және акустикалық шуларды өлшеу приборлары. Оперативтік дәрігерлік бақылаудың ақпараттық жүйелері. Интенсивті бақылау жүйелерін қолдану. Тыныс алу параметрлерін, артериалдық қысымды, жүрек жұмысының параметрлерін, дене қызуын бақылау. Ағзаның баяу өзгеретін процестерді өлшеу приборлары. Дененің сыртқы бетіндегі ішкі мүшелермен (асқазан, ішек, несептамыр) шығарылатын биопотенциалдарды өлшеу. Температура мен биологиялық құрылымдардың түсін өлшеу приборлары.

ЭКГ, ФКГ, ЭЭГ, ЭМГ тіркеу үшін электронды полиграфтар, сфигмограммалар, реоплетизмограммалар, торакоспирограммалар.

Ультрадыбысты аппаратура. Ульрадыбысты диагностика приборларының ажырату қабілеті. Бір жиілікті және екі жиілікті үзіліссіз импульсты эхография негізіндегі ультрадыбыстық приборлар. Рентген-УД томография приборлары. Офтальмологиялық аппаратура. Спектрзоналық зерттеулер мен фотография жасау приборлары. Электрондық және физикалық оптика приборлары. Телевизиялық, инфрақызыл және лазерлық медициналық техника. Голографиялық приборлар. Тыныс алу аппаратурасы. Өкпенің функционалды диагностикасына арналған прибор. Радиоизотоптық аппаратура. Диагностикалық зерттеулерде радиоактивтік изотоптарды қолдану әдістері.

Рентгендің аппаратура. Рентгеноскопия, рентгенография жүйелері. Жалпыға тағайындалған РДК. Флюорографтар. Маммографтар. Компьютерлік тамографтар. Сандық рентгенодиагностикалық компьютерлік жүйелер.

Эндоскопиялық аппаратура. Оптикалық эндоскоптар. Талшықты жарық өткізгіштер. Талшықты оптикалы иілгіш эндоскоптар.

Оптикалық приборлар және көру аппараты үшін приборлар.



Емдеу мақсатында қолданылатын аппаратура.

Терапия аппаратурасы. Физикалық әсер ету факторы бойынша классификация. Электр-, жарық-, су-, жылумен емдеу, аэрозольтерапия, механотерапия аппаратурасы. Тұрақты ток және төмен жиілікті токтармен терапия аппараттары. Жоғары жиілікті терапия аппараттары. Диадинамикалық токтармен емдеу аппараттары. Магниттерапия аппараттары. Терапевтикалық ультрадыбыстық приборлар мен аппараттар. УВЧ-терапия аппаратурасы. Терапиялық лазерлық қондырғылар. Радиологикалық және рентгенологикалық терапевттік аппаратура. Жарықпен емдеу және жылумен емдеу аппараттары.


4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі



Практикалық сабақтың тақырыбы

Практикалық сабақтың мазмұны

1

Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

Электронды биомедициналық техниканың биофизикалық негіздері. Физикалық өрістер түрі және олардың негізгі сипаттамалары. Электромагниттік, акустикалық, жылулық және басқа өрістердің, иондаушы сәулеленудің биологиялық объектке әсер ету механизмі. Биоэлектрлік потенциалдар. Биоэлектрлік потенциалдарды өлшеу. Электрлік емес физиологиялық параметрлерді өлшеу. Электр тогының тірі ағзада өтуі.

2

Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

Биотехникалық және медициналық аппаратураның, жүйелердің классификациясы мен құрылымы және биосигналдарды өңдеудің жалпы принциптері. Физиологиялық көрсеткіштерді өлшеу. Биомедициналық аппаратураның компоненттері. Биомедициналық прибордың құрылымдық схемасы. Биомедицинада қолданылатын электродтар. Биоэлектрлік потенциалдарды алу үшін электродтар. Теріні өңдеудің оның импедансы мен поляризациясына әсері. Биомедициналық жабдықты қолдану кезіндегі қауіпсіздік.

3

Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

- Ангиография

-Кардиография: магнитокардиография, фонокардиография, электрокардиография, эхокардиография

- Радионуклидты әдістер

- Ренография

- Рентгенография

- Реография

- Томография: магнит-резонанстық томография, рентгендік компьютерлік томография, позитронндық-эмиссиялық томография

- Ультрадыбыстық зерттеулер

- Эндоскопия

-Энцефалография: реоэнцефалография, магнитэнцефалография, электрэнцефалография, эхоэнцефалография




4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны


4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі

р/р


СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

6 семестр

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабақтарға қатысу

7

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық

Тәжірибелік сабақтарына материал

Сабаққа қатысу, ТС дайындалған материалды тексеру

15

3

Аудиториялық сабақтар мазмұнына енбеген материалдарды оқу

Консрект

Конспетк бойынша сұрақтар қою

18

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллоквиум,тест жазу

20

БАРЛЫҒЫ:

60

4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі





Тақырыптардың атауы

Мазмұны

Бақылау түрі,әдебиет

1

1 тақырып. Физикалық өрістердің биологиялық объектілермен әсерлесудің негіздері

Ионизация, жұтылған доза, дозаның қуаты, фондық сәулелену. Сәулеленумен неғұрлым жарақаттанатын ағзаның облыстары. Позитронды-эмиссиялық томография физикасы.

Ультрадыбыстың қанайналымға, бұлшықетке, жүйке тканьдеріне, буындарға тигізетін әсері, ауруды сезу. Радиациялық қысым, акустикалық кавитация, биологиялық құрылымдардың бұзылуы. Жоғары және төмен жиілікті ультрадыбыстың адам ағзасына биологиялық тигізетін әсері. Биологиялық жүйке тканьдеріндегі резонанстық құбылыстар. Ультрадыбыстың термиялық әсері, табалдырық интенсивтілік.

Лазерлік сәулеленудің биотканьмен өзара әсерлескен кездегі эффекттер.

Электромагниттік өрістермен жұмыс істеу кезіндегі қорғаныс шаралары. Электромагниттік өрістерді экрандау түрлері. Төмен жиілікті магнит өрісі үшін биологиялық объекттің мөлдірлігі.



Конспект, [3,12,13,14,17,20,21]

2

2 тақырып. Медико-биологиялық сигналдарды талдау және түрлендіру

Сызықты жүйелерде сигналды жіберу. Сигналды спектрлік түрлендіру. Сигнал спектрі. Үзіліссіз және дискретті Фурье түрлендірулері. Фурьенің қарапайым түрлендіруі. Фильтрлер және олардың сипаттамалары. Фильтрлердің классификациясы және олардың сипаттамалары. Сигналдарды дифференциалдау және интегралдау. Сигналдарды аналогтық және сандық әдістермен дифференциалдау мен интегралдау. ЭКГ-сигналдарды талдау үшін дифференциаторды қолдану. Сигналдарда экстремумдарды анықтау. Сигналдардың экстремалды мәндерін анықтау.

Биомедициналық бейнелер: бейне түрлері және оларды сипаттау тәсілдері. Алдын ала өңдеу әдістері. Фильтрация. Бейненің параметрлерін өлшеу алгоритмдері. Бейнені өңдеудің интерактивті режимі. Жылу бейнелерін қабылдағандағы сигналды түрлендіру. «сигнал-шу» қатынасының интегралдық мәні. Бейнені реконструкциялау кезіндегі түрлендіру.



Конспект, [1,4,7,11,16]

3

3 тақырып. Клиникалық диагностиканың, терапияның әдістері, приборлары, аппараттары және кешендері

Электроакустикалық медициналық аппаратура. Ультрадыбыстық терапия үшін аппараттар. Ультрадыбыстық диагностика. Сканирлеу режимдері. Сканирлеу әдістері. Ултрадыбыстық эхоскопияның статикалық және динамикалық жүйелері. Доплер эффектісінде құрылған қан айналымның жылдамдығын ультрадыбыстық өлшегіштер. Жүрек-қан тамырлары жүйесін диагностикалау әдістері мен техникалық құралдары. Электрокардиографияның физикалық негіздері. Электрокардиографияның құрылысы және жұмыс істеу принципі.

Кардиомониторы. Кардиологиялық зерттеулер кезіндегі ем-диагностикалық кешендері. Портативті микрокардиоанализаторлар.

Қан қысымын өлшеу әдістері және құралдары. Шығарылатын ауаның көлемі мен шығынын өлшеу құралдары. Өкпені функционалдық диагностика аппараттары. Бас миы мен жүйке жүйесін зерттеуге арналған диагностикалық құралдар. ЭЭГ тіркеу әдістері мен құралдары. Позитронды-эмиссиялық томограф. Орталық, вегетативтік, (конечностной) жүйке жүйелерінің диагностика құралдары.

Диагностика және емдеудің рентген құралдары. Рентгендік томограф. Диагностика мен емдеудің радионуклидты әдістері және құралдары. Радиоизотопты сканерлер. Термография әдістері және құралдары. Ядролық-магнитрезонанстық томограф.

Физиотерапевттік жабдық. Гальванизация және электрофорез. Тұрақты токпен емдеу аппараттары. Импульсты токпен емдеу аппараттары. Жоғары жиілікті электротерапевттік аппаратура. Тұрақты және төмен жиілікті магниттік өріспен әсер ету үшін құрылғылар мен аппаратуралар. Жоғары жиілікті және импульсты магнитотерапия аппараттары.


конспект ,[2,3,4,5,7,8,10,15,18]


5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1) Байзаков У.А. Медицинская техника, Алматы: Білім, 2005 ­ 408 с.

2) Бердников А. В., Медицинские приборы, аппараты, системы и комплексы, Казань: Изд-во Казан. гос. техн. ун-та, 2004. – 176 с.

3) Рыбакова М.К., Практическое руководство по ультразвуковой диагностике, М.: Изд.дом.Видар-М, 2008. ­ 265 с.

Қосымша


4) Сахаров В. Л., Методы и средства анализа медико-биологической информации, Таганрог : ТРТУ, 2001. ­ 347.

5) Кореневский Н. А., Проектирование электронной медицинской аппаратуры для диагностики и лечебных воздействий, Курск : СПб., 2000. ­ 355 с.

6) Осипов Л. В., Ультразвуковые диагностические приборы, М. : Видар, 2000. ­ 254 с.


Мамандықтың жұмыс оқу жоспарынан көшірме




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/32




050716 – «Аспап жасау» мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы: «Медициналық диагностика құралдары»

Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кредиттер

академиялық сағат

Кредиттер

Аудиториялық сабақ (ак.сағ)

СӨЖ (ак.сағ)

барлығы

аудитория

СӨЖ

емтихан

сынақ

КЖ-а

КЖ-с

барлығы

дәріс

тәжірибие

Зертхана

барлығы

СОӨЖ

Жалпы орта білім негізіндегі күндізгі

2

90

30

60

6










6

2

90

15

15




60

30



















































Кафедра меңгерушісі ___________ Ш.Қ. Биболов 20__ж. «___»_________


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет