Пән оқу бағдарламасының Нысан
титул парағы ПМҰ ҰС Н 7.18.3/37
(Syllabus)
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы
«Машина шығару технологиясы» пәнінен
050712 – Машина жасау мамандығының студенттеріне арналған
ПӘН БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша Нысан
оқу бағдарламаны бекіту парағы ПМҰ ҰС Н 7.18.3/38
(Syllabus)
БЕКІТЕМІН
Декан ММЖжКФ
__________проф. Т.Т. Тоқтағанов
«___»_____________2011 ж.
Құрастырушы: аға оқытушы____________ Р.У. Қаржубаева
Машина жасау және стандарттау кафедрасы
Машина шығару технологиясы пәнінен
050712 – Машина жасау мамандығының студенттеріне арналған
Пән бойынша оқу бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2011 ж. «____»_______ бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
2011 ж. «___ » __________ кафедра отырысында ұсынылған., хаттама № _____
Кафедра меңгерушісі __________Шумейко И.А. «___»_________2011 ж.
ММЖжК факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 2011 ж. «__»_________ Хаттама №_____
ОӘК төрағасы ___________ Ахметов Ж.Е. «___»_________2011 ж.
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және ақпарат
Аға оқытушы Қаржубаева Раиса Уразалиновна
Машина жасау және стандарттау кафедрасы, Б-214, Ак. Шөкин к., 139, 67-36-33
2 Пән бойынша мәліметтер
Мамандықтың (тардың) Нысан
жұмыс оқу жоспарынан ПМУ ҰС Н 7.18.3/32
көшірме
050712 – Машина жасау мамандығының (тарының) жұмыс оқу жоспарынан көшірме
Пәннің атауы Машина шығару технологиясы
Оқу формасы
|
Пәннің көлемі
|
Семестр бойынша бақылау формасы
|
семестр
|
Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды реттеу
|
кредит
|
академиялық сағат
|
Кредит
саны
|
аудиторлық сабақ
(ак.сағат)
|
СӨЖ (ак. сағат)
|
барлығы
|
ауд
|
СӨЖ
|
емт
|
сын
|
КЖ
|
Кж
|
барлығы
|
дәр
|
тәж
|
зерт
|
барлығы
|
ОСӨЖ
|
Күндізгі ЖОБ негізінде
|
3
|
135
|
45
|
90
|
7
|
|
7
|
|
7
|
3
|
45
|
30
|
15
|
|
90
|
45
|
Кафедра меңгерушісі _________ Шумейко И.А. «___»_____________ 2011 ж.
(қолы)
3 Пәннің жұмыс көлемі
Семестр
|
Кредиттер саны
|
Аудиторлық сабақтарының түрлері бойынша сағат саны
|
СӨЖ сағат саны
|
Бақылау түрлері
|
барлығы
|
дәріс
|
тәжір
|
зертх
|
студиялық
|
жеке
|
барлығы
|
ӨСӨЖ
|
7
|
3
|
45
|
30
|
15
|
|
-
|
-
|
90
|
45
|
Емтихан, КЖ
|
4 Пәннің оқыту мақсаты – жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштер кезінде берілген сапалы машиналарды жасаудың технологиялық үрдістерін жобалаудың білімдері мен дағдыларын алу.
Пән міндеттері:
– машиналарды құрастырудың технологиясын оқу;
– құрастыру кезінде қолданылатын берілген дәлдікке жету әдістерін оқу;
– бұйымдарды құрастырудың бар болатындарды талдау мен жаңа технологиялық үрдістерді жобалау ептілігін жасау;
-
машинаның типтік тетіктерін жасаудың технологиясын оқу;
-
машина тетіктерін өндірудің прогрессивті әдістерін оқу.
Пәнді оқу нәтижесінде студенттер істей алуы керек:
-
машиналарды құрастырудың технологиялық үрдістерін құру;
-
машиналарды құрастыру кезіндегі дәлдікке жетудің әдістерін таңдау;
-
технологиялық үрдістерді механикалық өңдеуі мен құрастыруын бұйымдардың сапасын жоғарлату мақсатында жетілдіру бойынша зерттеулерді жүргізу;
-
механикалық өңдеудің технологиялық үрдістерін жасау;
-
прогрессивті жабдықты, технологиялық қондырғыны және аспапты таңдау.
5 Берілген пәнді зерделеу нәтижесінде тәлімгер білу қажет:
- өнімнің негізгі техникалық және құрылымдық сипаттамалары;
- өнім сапасының деңгейін бағалаудың принциптері мен әдістері;
- өнім сапасының көрсеткіштерін таңдаудың ерекшелігі;
- өнім сапасын бақылаудың ұйымдастырылу, әдістері мен құралдары;
- металлургиялық өнм сапасын талдаудың тәсілдері;
- сапаны статистикалық бақылау мен технологиялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыру.
6 Пререквизиттер
«Машина шығару технологиясы» пәнді оқыту студенттердің жалпы инженерлі және арнайы пәндерді оқу нәтижесінде алынған білімдерге негізделеді:
-
өзара ауыстырымдылық негіздері;
-
машиналарды құрастырудың негіздері;
-
материалдардың кедергісі;
-
конструкциялық материалдар мен термоөңдеу;
-
металл кескіш білдектер;
-
машина жасау технологиясы.
8 Пәнінің тақырыптық жоспары
8.1 Пәнінің тақырыптық жоспары
№
р/с
|
Тақырып атауы
|
Сабақ түрлері бойынша сағат саны
|
дәріс
|
тәжір.
|
зертх.
|
студиялық
|
жеке
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
2
|
-
|
|
|
|
5
|
2
|
Машиналарды жинақтау технологиясы
|
2
|
-
|
|
|
|
10
|
3
|
Құрастырудың дәлдігін қамтамасыз ететін технологиялық әдістер
|
2
|
-
|
|
|
|
5
|
4
|
Машина құрастырудың ретін жасау
|
2
|
3
|
|
|
|
15
|
5
|
Құрастырудың технологиялық үрдісін жобалау
|
4
|
-
|
|
|
|
10
|
6
|
Машина сапасын бақылаудың әдістері мен құралдары. Машиналарды сынау
|
2
|
-
|
|
|
|
5
|
7
|
Құрастыру үрдістердің механизациялау мен автоматтандыру
|
2
|
-
|
|
|
|
-
|
8
|
Сериялық және массалық өндірістегі технологиялық үрдістерді жасау
|
2
|
4
|
|
|
|
10
|
9
|
Тісті доңғалақтарды өндірудің технологиясы
|
2
|
4
|
|
|
|
5
|
10
|
Тұрқылық тетіктерді өндіру технологиясы
|
2
|
-
|
|
|
|
5
|
11
|
Иінтірек, аша мен бұлғақтарды өндірудің технологиясы
|
2
|
4
|
|
|
|
-
|
12
|
Күрделі тетіктерді жасаудың технологиясы
|
2
|
-
|
|
|
|
10
|
13
|
Машина тетіктерін өндірудің прогрессивті әдістері
|
2
|
-
|
|
|
|
5
|
14
|
Машина өндіру технологиясының даму болашағы
|
2
|
-
|
|
|
|
5
|
БАРЛЫҒЫ:
|
30
|
15
|
|
|
|
90
|
9 Пәннің қысқаша мәліметі
Теориялық курс дәрістік сабақтар мен студенттердің өздік жұмысын қосады. Оқытудың ақпараттық-дамыту әдісі дәрістер түрінде өткізіледі. Оқу, анықтамалық және нормативті әдебиетпен өздік жұмысы оқылған әдебиет негізінде оқу ақпаратын алуға мүмкіндік береді.
10 Курс компоненті
1 тақырып. Кіріспе. Машина жасау – қоғамның өнеркәсіптік дамуының негізі. Машиналарды өндіру технологиясы – берілген сападағы машиналарды жасау туралы ғылым. Машина жасау бұйымдарын жасаудың бар болатындарды жетілдіру мен оптимизациялау және жаңа энергия және материал сақтаушы технологиялық үрдістерді жасау. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. өнеркәсіптік-инновациялық дамуының стратегиясы.
|
2 тақырып. Машиналарды жинақтау технологиясы. Машина өндіріс объектісі ретінде. Бұйым, құрастыру бірлігі, жинақ, базалық тетік. Құрастыру элементтерінің қосылу түрлерінің жіктелуі: қозғалмайтын, жылжымалы, ажырамайтын және ажырайтын. Құрастыру қосылыстардың негізгі түрлері: бұрамалы, кілтекті, оймакілтекті, баспақты, пісірушілік, тойтарушылық, дәнекернеушілік. Машиналардың қызметтік тағайындалуы. Машинаның сапа көрсеткіштері: жұмыс қабілеттілігі, сенімділік, қор, ұзақ өмірлік, тоқырасыздық. Техникалық талаптар мен дәлдік нормалары. Бұйым құрылымын және оның жинақтық бірліктерін технологиялылыққа талдау. Технологиялылықты бағалау.
|
3 тақырып. Құрастырудың дәлдігін қамтамасыз ететін технологиялық әдістер. Толық өзара ауыстырымдылық, толық емес, топтық, реттеу мен қиылыстыру әдісі. Өлшемді байланыстар. Өлшемді тізбелерді құру мен есептеу. Түйіндеуші буынның дәлдігіне жетудің әдісін таңдау. Түйіндеуші буын үшін құрамдас буындар бойынша шақтаманы бөлу.
|
4 тақырып. Машина құрастырудың ретін жасау. Құрастыру тізбегін анықтаудың негізгі принциптері. Құрастыру бірліктерін құрастыру. Базалық тетікті таңдау. Құрастыру сұлбасын құру. Құрастырудың технологиялық сұлбасын таңдауға әсер ететін факторлар. Негізгі құрастыру операцияларды табу. Операция мазмұны. Құрастырудың циклограммасы. Машина құрастырудың ұйымдастыруының түрі мен формасын таңдау. Құрастырудың негізгі ұйымдастырушылық түрлері: стационарлы және қозғалғыштық. Операцияларды шоғырлану принципі мен дифференциялдау принципі.
|
5 тақырып. Құрастырудың технологиялық үрдісін жобалау. Берілген мәліметтер: сипаттізімі бар сызбалар, сипаттізімі бар жалпы түрдің сызбалары, құрастыруға техникалық шарттар, шығарудың жылдық бағдарламасы. Сырғанау мойынтіректерімен бірге түзілімдерді құрастыру. Мойынтірек тұрқысына төлке мен ішпекті орнату. Диаметрлік саңылауды таңдау. Төлкелер қателіктерінің түрлері мен оларды түзету. Қиылыстыру әдісі. Домалау мойынтіректерімен бірге түзілімді құрастыру. Қондырмаларды таңдау. Мойынтіректерді білікке тығыздап қондыру. Тұрқыға баспалау. Толық өзара ауыстырымдылық мен реттеу әдісі. Сырғанау тіректері мен домалау тіректерінде біліктерді жинақтаудың негізгі сапа көрсеткіштері.
Тісті берілістерді құрастыру. Техникалық талаптар. Бүйірлік саңылаудың дәлдігін негіздеу. Түйіспенің дағы. Тісті доңғалақтарды жинақтау. Алабұйымдар мен құрал. Құрастырушы цехтардың технологиялық жабдықталуы: рольгангтер, конвейерлер, құрастырушы арбашықтары, текшелер, баспақтар, жүккөтергіштер.
|
6 тақырып. Машина сапасын бақылаудың әдістері мен құралдары. Қосылыстардың әртүрлі түрлерінің сапа көрсеткіштері. Бұрандалы қосылыстарда тарту күшін бақылау: динамометриялық кілт, ультрадыбыс. Қынағы бар қосылыстарды құрастырудың ультрадыбысты бақылауы. Құрастыру бірліктерін теңгеру. Статикалық және динамикалық теңгеру. Теңгерілмегендік. Теңгерілмегендікті анықтаудың тәсілдері мен құралдары. Статикалық теңгерілу үшін текшелер. Динамикалық теңгерілу үшін теңгерілу білдектері. Машиналарды сынау. Бос жүрісте және жүк астында сынау. Қабылдау, бақылау және арнайы сынаулар.
|
7 тақырып. Құрастыру үрдістерін механизациялау және автоматтандыру. Негізгі және қосымша жабдықталу. Бұрылу үстелдері. Манипуляторлар. Құрастыру жұмыстарын роботтау. Өнеркәсіптік роботтарды қолдану. Жұмыстардың түрлері:
– автоматтар, конвейерлер, автоматты сызықтарды жүктеу және жүк түсіру;
-
берілген күйде орнату;
-
нүктелік және жікті пісіру;
-
тозаңдату әдісімен сырлау;
-
көліктеу және қоймалау;
-
тетіктерді құрастыру алдында жуу.
Автоматты құрастыру. Автоматты құрастыру жабдықтаудың негізгі түзілімдері: жүктеуші шанабы, магазинді құрылғылар, бағдарлауыш құрылғылар, қоректендіру механизмдері, тасымалдауыштар.
Бақылау-сұрыптаушы автоматтарды қолдану.
|
8 тақырып. Сериялық және массалық өндірістегі технологиялық үрдістерді жасау. Типтеу мен жіктеудің мәні. Ортақ құрылымдық белгілері бар бұйым топтарына арналған типтік технологиялық үрдістерді жасау. Типтік технологиялық үрдістерді жасаудың кезеңдері. Типтік технологиялық үрдістерді ірі сериялы және ірі өндірістерде пайдалану.
Топтық өңдеудің мәні. Дайындамаларды технологиялық белгісі бойынша топтау: өңдеу түрі. Кешенді тетікті құру. Кешенді тетікті жасаудың бірізділігін жасау. Топтық операцияны жобалау. Білдекті топтық баптау сұлбасын жасау. Топтық жадбықталуды жобалау мен дайындау. Бірлікті және сериялық өндірісте топтық технологиялық үрдістерді пайдалану. Массалық өндірістің технологиялық үрдістердің ерекшеліктері. Өндірістің ағындық ұйымдастырылуы. Шығарудың ырғағы. Автомат-білдектер, агрегатты білдектер мен автоматты сызықтарды қолдану. СББ білдектерде жасау.
|
9 тақырып. Тісті доңғалақтарды өндірудің технологиясы. Қызметтік тағайындалуы. Техникалық талаптар. Тетік конструкциясының технологиялылығын талдау. Доңғалақтың материалы мен термиялық өңдеу. Дайындамаларды алудың түрі мен тәсілдерін таңдау. Базаларды таңдау. Әртүрлі дәлдік дәрежедегі цилиндрлік тісті доңғалақты өңдеудің технологиялық бірізділігін жасау. Тісті беттерді өңдеудің әдістері: қашау, жонғылау, тісқыру, ажарлау, ысқылау, жануыштану, бүрлеу, домалату.
Жабдықталу мен технологиялық қондырғыларды таңдау. Қызметтік тағайындалу, техникалық талаптар мен конструкторлық орындау. Конусты доңғалақтарды өңдеудің технологиялық үрдісі. Кесу әдістері. Бақылау. Бұрамдық берілістерді жасау. Қызметтік тағайындалу, техникалық талаптар. Конструкторлық түрлері, материал мен дайындамалар. Бұрамдықтар мен бұрамдық доңғалақтарды жасаудың технологиялық бірізділігін жасау. Кесу әдістері. Бұрамдық жұптарды бақылау.
|
9 тақырып. Тісті доңғалақтарды өндірудің технологиясы. Қызметтік тағайындалуы. Техникалық талаптар. Тетік конструкциясының технологиялылығын талдау. Доңғалақтың материалы мен термиялық өңдеу. Дайындамаларды алудың түрі мен тәсілдерін таңдау. Базаларды таңдау. Әртүрлі дәлдік дәрежедегі цилиндрлік тісті доңғалақты өңдеудің технологиялық бірізділігін жасау. Тісті беттерді өңдеудің әдістері: қашау, жонғылау, тісқыру, ажарлау, ысқылау, жануыштану, бүрлеу, домалату. Жабдықталу мен технологиялық қондырғыларды таңдау. Қызметтік тағайындалу, техникалық талаптар мен конструкторлық орындау. Конусты доңғалақтарды өңдеудің технологиялық үрдісі. Кесу әдістері. Бақылау. Бұрамдық берілістерді жасау. Қызметтік тағайындалу, техникалық талаптар. Конструкторлық түрлері, материал мен дайындамалар. Бұрамдықтар мен бұрамдық доңғалақтарды жасаудың технологиялық бірізділігін жасау. Кесу әдістері. Бұрамдық жұптарды бақылау.
|
10 тақырып. Тұрқылық тетіктерді өндіру технологиясы. Қызметтік тағайындалуы. Конструкторлық түрлері. Техникалық талаптары. Технологиялылықтың талдауы. Дайындамалардың материалы мен оларды алу тәсілдері. Базаларды таңдау кезінде шешілетін міндеттер. Тұрқылық тетіктерді белгілеу. Сыртқы жазықтықтарды өңдеу әдістері: жонғылау, сүргілеу, жону, ажарлау, тартажону. Негізгі тесіктерді өңдеудің әдістері: бұрғылау, үңгілеу, жаю, жануыштау, ысқылау. Қолданылатын жабдық: көлденең-кенейжону, координатты-кенейжону бұрғылаулы, СББ агрегатты білдектер. Негізгі тесіктердің технологиялық базаларға қатысты күй дәлдігіне жетудің тәсілдері. Бекітпелі және басқа тесіктерді өңдеу. Тұрқылық тетікті жасаудың бірізділігі. Бақылау.Тұрқылық тетікті автоматталған өндірісте өңдеудің технологиялық үрдісін құрудың ерекшеліктері.
|
11 тақырып. Иінтірек, аша мен бұлғақтарды өндіру технологиясы. Қызметтік тағайындалуы мен құрылымның ерекшеліктері. Иінтіректер мен ашаларға қойылатын техникалық талаптар. Дайындамалардың материалы мен оларды жасау тәсілдері. Базаларды таңдау мен базалау нұсқаларын талдау. Жасау технологиясын дайындау. Жабдық, қондырғы, кесу аспабын таңдау. Бақылау.Бұлғақтарды дайындау. Қызметтік тағайындалуы мен құрылымдық ерекшеліктері. Техникалық талаптар. Бұлғақ құрылымының технологиялығының талдау. Материалдар мен дайындамалар. Базалау мен қажетті дәлдікті қамтамасыз ету нұсқаларын талдау. Бұлғақтарды өңдеудің ретін жасау. Негізгі беттерді өңдеу кезінде өлшемді тізбелердің сұлбалары. Бұлғақтарды бақылау.
|
12 тақырып. Күрделі тетіктерді жасаудың технологиясы. Кұрделі беттері бар тетіктердің түрлері: тарақты бұрама, крыльчатка, сорғының доңғалағы, су турбинасының доңғалағы, дискілі бағдартқыш, эксцентріктер бұрамалы сағымдағыштың роторы, басқарушы аппараттың бағдартқыштары, т.с.с.
Тұрқылық және көлемдік түрдегі күрделі пішінді тетіктер. Материалдары. Техникалық талаптар.
Күрделі беттерді өңдеудің әдістері:
– көшіргіш көмегімен;
-
реттелген кинематикалық тізбелерді пайдаланумен;
-
осы әдістердің үйлесімі.
Дайындамалар: құймалар, жабық қалыптағы қалыптау, ұнтақты металлургия. Ультрадыбысты және рентгенді дефектоскопия.
Технологиялық үрдістерді жобалаудың ерекшеліктері. Қолданылатын жабдықтар мен қондырғылар. Бақылау.
|
13 тақырып. Машина тетіктерін өндірудің прогрессивті әдістері. Өңдеудің электрлік әдістері: электроэрозиялық, элетрохимиялық, электротермиялық, электрогидравликалық, анодты-механикалық. Өңдеудің ерекшеліктері. Беттің жететін дәлдігі мен сапасы. Қолдану саласы.Электронды-сәулелі өңдеу. Ашық сәулелі (лазерлі) өңдеу. Қолданудың мәні, саласы. Дәлдік пен сапа. Ультрадыбыстық өңдеу. Қолдану мәні, саласы. Дәлдік пен сапа. Пластикалық деформалаудың тәсілдері. Өңдеу тәсілдері: аунақшалармен домалату және кенейжаю. Алмасды тегістеу, мөлшерлеу (қыртысжазу), дірілдеу бүрлеу, бытыра қақталма. Дәлдік пен сапа. Бүрлеу әдістері. Артықшылықтары. Бұрандаларды, оймакілтектерді, тісті доңғалақтарды бүрлеу. Бүрлеу сұлбалары.
|
14 тақырып. Машина өндіру технологиясының даму болашағы. Ғылыми-техникалық прогресстің міндеттерін шешуде өндірісті автоматтаудың ролі. Бағдарламалық басқаруы бар білдектер, өндіріс жұмыстары, автоматты сызықтар, РТК, ГПС, ГПК. Икемді технологияларды жасау және ендіру. Өндіріске инновационды технологияларды енгізу.
|
10.2 Тәжірибелік сабақтар мазмұны
Әрі берік теориялық білімдер үшін техникалық, анықтамалық және ұсыныстық әдебиетпен қолданудың дағдылары мен ептіліктерін алу үшін бағытталған тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Берілген тапсырманы орындау кезінде студент болашақ кәсіби қызметке байланысты тәжірибелік сұрақтарды өз бетінше шешуі керек.
4 тақырып. №1 тәжірибелік сабақ. Түзілімді жинақтаудың технологиялық үрдісін жобалау.
Мазмұны: түзілімнің жинақтаушы сызбасы негізінде қызметтік тағайындалу меңгеріледі, базалық тетік, жинақтаушы бірліктер, типтік қосылыстардың жинақтау түрі орнатылады және жинақтау сұлбасы құрастырылады.
8 тақырып. №2 тәжірибелік сабақ. Операцияны орындау үшін еңбек шығындарын анықтау.
Мазмұны: операцияны орындау үшін берілген мәліметтерді қолдана отырып, бірлікті-калькуляциялық уақыттың нормасы анықтау.
9 тақырып. №3 тәжірибелік сабақ. «Тісті доңғалақ» тетігін өңдеудің технологиялық үрдісін жасау.
Мазмұны: тетіктің жұмыс сызбасы мен шығару бағдарламасы негізінде дайындама, базаларды таңдау жүргізіледі. Өңдеу әдістері анықталады және таңдалған жабдықты, кесу мен өлшеу аспабының жабдықталуын көрсетумен өңдеудің бірізділігі құрылады.
11 тақырып. №4 тәжірибелі сабақ. «Иінтірек» тетігін өңдеудің технологиялық үрдісін жасау.
Мазмұны: тетіктің жұмыс сызбасы мен шығару бағдарламасы, негізгі дайындама, базаларды таңдау жүргізіледі. Өңдеу әдістері анықталады және таңңдалған жабдықты, кесу мен өлшеу аспабының жабдықталуын көрсетумен өңдеудің бірізділігі құрылады.
10.3 Студенттерінің өзара жұмысының мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі
-
№
|
СӨЖ-дің түрі
|
Есеп беру нысаны
|
Бақылау түрі
|
Сағат саны
|
1
|
Дәрістік сабақтарға дайындалу
|
Сұрау
|
Сабақтарда жұмыс істеу
|
30
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындалу және жасау
|
Жұмыс дәптер
|
Тәжірибелік жұмыстарға
рұқсат
|
30
|
3
|
Тәжірибелік жұмыстарының есепті қорғау
|
Есеп
|
ТЖ қорғау
|
15
|
4
|
Қосымша материалды оқу
|
Реферат
|
Рефератты қорғау
|
15
|
5
|
Бақылау жұмыстарды орындау
|
|
МБ1, МБ2
|
100
|
10.4 Оқытушымен бірге тәлемгерлердің өзіндік жұмыстардың мазмұны
1 тақырып. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы.
3 тақырып. Жинақтаудың дәлдігін қамтамасыз ететін технологиялық әдістер.
5 тақырып. Сырғанау мойынтіректермен түзілімдерді жинақтау.
7 тақырып. Жинақтаушы жұмыстарды роботтау.
9 тақырып. Тісті доңғалақтарды өңдеудің әдістері.
13 тақырып. Тетік беттерін пластикалық деформалаудың тәсілдері.
14 тақырып. Өндіріске инновациялық технологияларды енгізу.
10.5 Курстық жобаның мазмұны
Кұрстық жоба - тәлімгерлердің өзіндік инженерлық деңгейінің дайындығын игереді.
Курстық жобаның негізгі міндеттері: тәлімгерлердің теориялық білімін жүйелеу, кеңейту, бекіту және ұлғайту, тәжірибелік міндеттер шешімін өздік тәжірибеде қолдану, тәлімгерлердің инженерлік қабілетін және дайындық дәрежесін анықтау.
Кұрстық жобасын жасауда өздік жұмысы тәлімгердің алған білімін технологиялық процесс кезінде өндірістік жұмысқа тиянақты қолдану шеберлігін, құралдар және конструкциялауға бейімделуін, машиналардың, станоктардың негізгі және экономикалық тиімділігін, сонымен бірге машина жасау бөлімшелеріндегі (участоктеріндегі) барлық экономикалық сұрақтарын әзірлеуде дайындық қабілетін тексеру мүмкіндігін береді.
Курстық жобасының жұмыс процесінде тәлімгер диплом жобасынан туындайтын тапсырманың міндеттерін шешу кезінде өзінің творчестволық қаблетін көрсете білу керек. Жоба сапасы берілген сызбалар және түсіндірме жазбалар санымен емес, материалдың терең талдауымен және жобаға енгізілген жаңалық элементтерімен анықталады.
Курстық жобасын әзірлеудегі шығу құжаттары: «Кұрстық жобасының тапсырмасы», тақырыбы, шығу қажеттері, жобаның жеке бөліктерінің жұмыс көлемінің құрамы, этаптардың және жобаның толық бүтіндей орындалу уақыты, онымен бірге машина түйіндері мен тетік сызбалары. Курстық жобасы: көлемі 50 беттік есепті-түсініктеме жазба мәтінінен (30-печаттық беттен) және графикалық бөлімінің көлемі 3 парақ А1 форматтан тұрады.
Мазмұны.
Кіріспе.
1 Жалпы бөлімі
1.1 Қызметтік белгілі түйіндері
1.2 Өндірістік типін анықтау
2 Бұйымды жинау процесінің технологиясы.
2.1 Бұйымның қолдану қызметінің дәлдік нормасы және техниқалық талаптың анализінің дәлдігі.
2.2 Бұйымның дәлдік талапының сұрыптау әдісіндегі жетістігі.
2.3 Бұйым конструкциясының технологиялық анализі.
2.4 Жинақтау технологиялық процесі анализінің өміршеңдігі.
2.5 Жинақтау схемасын әзірлеу. Машинаны жинаудың ұйымдастыру формасы және түрін таңдау.
3 Тетікті дайындаудың технологиялық процесі
3.1 Тетіктің конструкциялық ерекшелігі және бекіту қызметі
3.2 Тетік конструкциясының талдау технологиясы
3.3 Тетік дайындаудағы техниқалық жағдайдың анализі
3.4 Тетік дайындаудағы технологиялық процестің болатын анализі
3.5 Дайындаманы таңдау. Дайындаманы алдын-ала техника-экономикалық бағасы өте аз шығында таңдау
3.6 Тетіктің бетін өңдеу әдісін таңдау
3.7 Тетік сапасының техникалық бақылау қаражаты және әдісін таңдау
3.8 Технологиялық базаны таңдау. Тетік дайындауда бағытталған технологиялық процесті алдын ала әзірлеу (2-3 нусқа). Жабдықтарды алдын-ала таңдау.
3.9 Технологиялық процестің әртүрлі варианттарының өлшемдік анализі. Өңдеу әдібінің есебі.
3.10 Технологиялық операцияны әзірлеу және технологиялық процестердің операциялық немесе бағдарлы - операция әзірлемесі. Жабдықтарды таңдау.
3.11 Кесу кестесінің есебі
3.12 Технологиялық процесс операциясын нормалау
Құрстық жобасындағы графикалық мазмұны
-
Тетік сызбасы және оған дайындаманы әзірлеу - 0,5 парақ
-
Құрастыру бірлігі және техникалық жағдайы мен дәлдік нормасының өлшемдік анализі - 0,5 парақ
-
Құрастырудың ықшамсызбасы және құрастырудың технологиялық нобайы - 1 парақ
-
Механикалық өңдеудің технологиялық ұрдісі – 1 парақ.
Курстық жұмыстың № және бөлім мазмұны (КЖБ)
|
Орындауға қажетті уақыт, сағ
|
1. Өндірістік типін анықтау Бұйымды жинау үрдісінің технологиясы
|
10
|
2. Тетікті дайындаудың технологиялық үрдісі.
|
10
|
3. Кесу кестесінің есебі
|
5
|
4. Технологиялық үрдіс операциясын нормалау
|
10
|
5. Ресімдеу және қорғау
|
10
|
Барлығы:
|
45
|
Ағымдағы үлгерім бойынша бақылау шаралардың салмақ бөлшектерін реттеу
-
№ р/с
|
Бақылау түрлері
|
Жетінші семестр
|
Рейтинг 1 (Р1)
|
Рейтинг 2 (Р2)
|
100
|
100
|
1
|
Ағымдағы бақылау, соның ішінде:
|
100
|
100
|
1.1
|
Дәріске қатысу, дәріске дайындалу
|
16
|
14
|
1.2
|
Тәжірибе сабақтарына қатысу және дайындалу, қорғау
|
24
|
21
|
1.3
|
Аудиторлық сабақтарына кірмеген материалдары бойынша СӨЖ және ОСӨЖ орындау
|
24
|
23
|
1.4
|
Материалды өзіндік оқыту
|
36
|
32
|
2
|
Межелік бақылау (МБ, тестілеу)
|
100
|
100
|
3
|
Аралық аттестация
|
|
100, емтихан
|
050712 – Машина жасау мамандығы бойынша күндізгі ЖОБ негізінде студенттеріне арналған «Машина шығару технологиясы» пәнінен бақылау шараларының
күнтізбелік графигі
Бақылау түрлері бойынша ағымдағы үлгерімділіктің баллдарын реттеу
1 рейтинг (7 семестр)
|
Апта
|
1 сабақ макс. балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Барлығы
|
Максималды балл
|
14
|
36
|
16
|
34
|
100
|
Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
ҮТД1,2
|
ҮТД3,4
|
ҮТД5,6
|
ҮТД7,8
|
16
|
Бақылау түрі
|
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
2
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Сабаққа қатысу және тәжірибелік,
сабаққа дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
ҮТТ1
|
ҮТТ1
|
ҮТТ2
|
ҮТТ2
|
28
|
Бақылау түрі
|
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
12
|
2
|
12
|
4
|
10
|
Сабаққа қатысу және зертханалық сабаққа дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
ҮТТ1
|
ҮТТ1
|
ҮТТ1
|
ҮТТ1
|
24
|
Бақылау түрі
|
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
6
|
4
|
8
|
4
|
8
|
Материалды өзіндік оқыту, курстық жобаны орындау
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
|
|
ҮТ
ӨО1
|
|
ҮТ ӨО2
|
|
32
|
Бақылау түрі
|
|
|
|
Б
|
|
Б
|
|
Макс. балл
|
|
4
|
2
|
10
|
2
|
2
|
12
|
2 рейтинг (7 семестр)
|
Апта
|
1 сабақ макс. балл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Всего
|
Максималды балл
|
16
|
33
|
30
|
21
|
100
|
Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
ҮТД9
|
ҮТД10
|
ҮТД11
|
ДЗЛ12
|
16
|
Бақылау түрі
|
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
2
|
4
|
4
|
4
|
4
|
Сабаққа қатысу және тәжірибелік сабаққа дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
ҮТТ3
|
ҮТТ3
|
ҮТТ4
|
ҮТТ4
|
30
|
Бақылау түрі
|
|
У
|
У
|
У
|
У
|
Макс. балл
|
10
|
4
|
10
|
6
|
10
|
Сабаққа қатысу және зертханалық сабаққа дайындалу
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
ҮТТ2
|
ҮТТ2
|
ҮТТ3
|
ҮТТ3
|
26
|
Бақылау түрі
|
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Қ
|
Макс. балл
|
8
|
4
|
10
|
10
|
2
|
Материалды өзіндік оқыту, курстық жобаны орындау
|
СӨЖ түрі/есеп нысаны
|
|
|
|
ҮТ
ӨО3
|
|
ҮТ
ӨО4
|
|
28
|
Бақылау түрі
|
|
|
|
Б
|
|
Б
|
|
Макс. балл
|
5
|
4
|
4
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Шартты белгілеулер: ҮТ1 – үй тапсырмасы №1, Қ – оқу үрдісіне қатысуы, Т1 - №1 зертханалық жұмыс, Т1Д - №1 зертханалық жұмысқа дайындалу, Е – Есеп, КТ – конспектіні тексеру, Т – тексеру, Т1 - №1 дәріске дайындалу; У – оқу үрдісіне қатысу; ДЗП 1 –№1 тест, МБ1 - №1 межелік бақылау.
«__»_________ 2011 ж. Кафедра отырысында ұсынылған. №____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі ___________ Шумейко И.А. «__»_______ 2011 ж.
(қолы)
Бақылаудың барлық түрінде де оқудағы жетістіктер балды-рейтингті жүйесі бойынша (ББРЖ) бағаланады:
Балмен есептегендегі қорытынды баға (Қ)
|
Балдың сандық баламасы (Ц)
|
Әріптік жүйедегі баға (Ә)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)
|
Емтихан, курстік жұмыс
| сынақ |
95-100
|
4
|
А
|
Өте жақсы
| есептелді |
90-94
|
3,67
|
А-
|
85-89
|
3,33
|
В+
|
Жақсы
|
80-84
|
3,0
|
В
|
75-79
|
2,67
|
В-
|
70-74
|
2,33
|
С+
|
қанағаттанарлық
|
65-69
|
2,0
|
С
|
60-64
|
1,67
|
С-
|
55-59
|
1,33
|
D+
|
50-54
|
1,0
|
D
|
0-49
|
0
|
F
|
қанағаттанарлықсыз
| есептелмеді |
Семестрдің ортасында және соңында 100 балдық шкаламен пәннің оқылған модулі юойынша ағымдағы үлгерімнің (АҮ) бағасы анықталады. Ағымдағы үлгерімнің бағасы келесі балдардың жиынтығынан тұрады:
-
сабақтарға дайындық, топта белсенді жұмыс жасау, бақылау шараларға қатысу;
-
өздік және зертханалық жұмыстарды уақытында, сапалы орындау және қорғау;
-
курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін уақытында, сапалы орындау;
-
сабаққа қатысу және басқа.
Әр пән бойынша СӨЖ түрлерінің тізімі, тапсырмаларды орындау және тапсыру күнтізбелігі, оқытушының талаптары, бағаларды қою ережелері және критерийлер САБ-да сипатталған.
Сырттай оқу түрінің студенттері үшін ағымдағы үлгерімнің балы сабақтарда жинаған балдардан және СОӨЖ кестесі бойынша сессия аралық кезеңінде өздік жұмыстарын орындау мен қорғау (сонымен бірге курстық жұмыстың/жобаның бөлімдерін орындау) барысында жиналған балдардан құрылады.
Сырттай оқу түрі студенттерінің оқу-емтихандық сессияға келуі міндетті және деканатпен есепке алуға және бақылауға жатады. Сырттай оқу түрінің студенттері оқу-емтихандық сессияға шыққан кезінде оқу үрдісін ұйымдастыру және тіркеу бөлімінде сессияға шығу журналында тіркелуі қажет.
Межелік бақылаудың (МБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.
АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 и Р2) анықталады:
Р1(2)=АҮ1(2)∙0,7+МБ(2)∙0,3.
Егер оқу жоспарында пән бойынша сынақ және емтихан болса, онда сынақ екінші межелік бақылау ретінде анықталады.
Егер студент межелік бақылаудан өтпесе немесе межелңк бақылаудан 50 балдан төмен алса, рейтинг есептелмейді.
Семестрде пән бойынша студенттің жіберу рейтингінің бағасы тең:
ЖРР1+Р2/2
Егер оқу жоспарында пән бойынша курстық жұмыс (жоба) және емтихан болса, онда курстық жұмысты (жобаны) қорғау бағасы жіберу рейтингі анықталғанда есептеледі.
ЖРР1+Р2∙0,7/2+КЖ∙0,3
Сырттай оқу түрінде оқитын студенттер үшін жіберу рейтингінің бағасы келесі түрде анықталады:
ЖР Р1 немесе ЖР Р1∙0,7 + КЖ ∙ 0,3
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерді қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс (жоба)) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб):
Қ ЖР ∙ СҮжр+ҚБ∙СҮқб
Курстық жұмыс (жоба) комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.
2010-2011 оқу жылында жіберу рейтингтің және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4 сәйкес тең болады.
Жалпы білім беру пәндер, МАБ пәндері, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихандар оқу үрдісінің сапа мониторингі бөлімімен орталықтандырылып, студентпен тікелей байланыссыз негізде компьютерлік тестілеу бағдарламасы қолданылады, бұл бағдарлама әр пәнінен әрбір студентке жеке нұсқа ұсынуға мүмкіндік береді.
Емтихан компьютерлік тестілеу әдісімен өткен жағдайда компьютерлік сыныпта студенттермен қатар тек қана тестілеудің кезекшісіне (ОҮҰжБД маманы) болуына рұқсат етіледі. Студент емтиханның бітуімен техникалық қателіктерге (екі бірдей сұрақ, екі бірдей жауап, тест кезінде компьютер істемеуде және т.б.) аппеляцияға өтініш бланкісін толтыра алады.
Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәнінен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Егер де тәлімгер емтиханда немесе курстық жұмысты қорғағанда F қорытынды баға алса, сонда тізімдемесіне «қанағат-сыз» деген баға қойылады, ал сынақта – «сынақсыз» деген жазу белгіленеді.
8 Курс саясаты
Біздің біріккен жұмыстар процесінде біз келесі ережелерді ұстануымыз керек:
-
оқытушы мен тәлімгер бір-біріне құрметпен қарау керек;
2) сабақта белсенді бол, оқытушыға сұрақтар қойыңыз; сабаққа қатысу жеткілікті емес, материалды белсенді түрде меңгеру керек, тақырып бойынша барлығын нақтырақ анықтау;
3) оқытушы тәлімгермен шығармашылық түрде жұмыс істеу керек, тәлімгер оқытушымен қарым – қатынаста болуы тиіс, одан өздік жұмыс пен зертханалық жұмыстарды орындауға консультация алуы керек;
4) қателесуден ұялмаңыз: ештеме істемейтін адам ғана қателеспейді;
5) бәрін түсінгендей болып отырмаңыз, бақылаушылық пен ынталылықты көрсетіңіз;
6) сабаққа қатысу міндетті болып табылады, егер сіз үш немесе одан да көп сабақты еш себепсіз босатсаңыз(себеп құжат түрінде дәлелденуі тиіс), онда оқытушы сізден деканаттан жіберілім алуыңызды сұрауға құқылы; есіңізде болсын: сабаққа қатысу қорытынды бағаға қатысты (6, 7, 8 кестеге қара);
7) өздік және зертханалық жұмыстар бойынша графикке қатысты өз уақытынды есеп беру қажет, бұл қорытынды бағаға әсер етеді: өздік және зертханалық жұмыстар орындау графигін бұзған кезде өз уақытында орындамау деңгейіне байланысты жоспарланған максималды балл сандары 0,8 – 0,7 коэффициентіне көбейтіледі; курстық жобаның бөлімдерінің өз уақытында орындалмауы баллдың 0,7 рет азаюына әкеп соғады;
8) әр бір дәріске, тәжірибелік жұмыстарға міндетті түрде дайындалу қажет; сіздердің дайындықтарыңыз әр дайым тесттер мен сұрақтар арқылы тексеріледі; дәріс бойынша өткен материалдардан теріс жауап берілсе , ағынды бағаны баллдарда 0,7 – 0,5 рет төмендетуге әкеп соғады; сол сияқты зертханалық жұмыстарды сапасыз орындау тәлімгердің оларды қорғау кезінде көрсетілген білім деңгейінің жетіспеушілігі, ағымдағы бағаны балдық түрде 0,7 - 0,5 рет азайтады; курстық жобаның бөлімдерін сапасыз орындау бағаның балл түрінде 0,9 – 0,5 рет төмендеуіне әкеп соғады;
9) аудиториялық сабаққа 5 минутқа қалып келсе жіберіледі, ал егер одан көп болса, онда айып санкциясын қолдану сабақты босатқанға сай болады; егер объективті себебі болса, онда оқытушыны алдын – ала ескерту керек;
10) оқытушы сөйлеп тұрған кезінде, қатты сөйлесу әдептілікке жатпайды; екінші рет ескерту жасағаннан кейін тәлімгерге бірден үш балға дейінгі айып санкциясы қолданылады; сабақ үстінде басқа тақырыптарға сөйлесу жіберілмейді;
11) сіздің міндетіңізге сабаққа барлық дайындықпен келу кіреді; уақытында кітапханадан әдебиеттерді алып, оларды қолдана біліңіз;
12) ішкі орналасу тәртібі орындалуы тиіс;
13) естерінде болсын: өз міндеттерін орындаушы ғана құқылы;
14) біреудің орындалған жұмысын көшіруге, әдеби материалдарды өңдемей қолдануға тиым салынады; осы ережені бұзу апталық балл санын алу түріндегі айып санкциясы қолданылады;
15) барлық есеп берулер қол жазба нұсқасында материалдарды жеке өңдеу және қондырғылар мен сызбаларды қолдан сызылған түрде ұсынады;
16) алтыншы және жетінші семестрде консультацияға қатысуы қалауы бойынша, ал курстық жобаны орындау бойынша сегізінші семестрде консультацияға міндетті түрде қатысу қажет;
17) сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірлуі тиіс;
18) Әр студент рейтингтік кестелер мен барлық жұмыс түрлерінің графигімен танысып, мамандарды сапалы дайындау және жоғары үлгеріміне бағытталған барлық талаптарды орындауы қажет.
19) Дәрісте сызбаларды сызуда сызғышты қолдануға тиым салынады, өйткені сызба мен эскизді салуда сызғышты қолдану көп уақыт алады.
20) аудиториялық сабақтан сұранудан аулақ болыңыз;
21) Емтиханда, ағымдағы жұмыстарда (ТӨЖ, курстық жоба) көшіріп алуларға тиым салынады; емтиханда көшірген тәлімгер аудиториядан шығарылады, плагиат үшін айып саекциялары қолданылады.
22) объективті баға қою мақсатында семестріне екі рет тест түрінде межелік бақылау жүргізіледі. Тест 50 сұрақтан тұрады, барлық 50 сұраққа дұрыс жауап 36-38 балға сай келеді;
Рейтинг ағымдағы және межелік бақылау балдарын қосқанда анықталады.
23) сынақ тест түрінде 100 сұрақ бойынша өткізіледі; 100 сұрақтың барлығына дұрыс жауап 100 балға сай келеді; қорытынды баға балл түрінде (1) формула бойынша есептеледі; егер студент сынақта F деген беға алса, онда аралық аттестация ведомостына «есептелмеді» деп жазылады.
24) Емтихан жазбаша билет түрінде өткізіледі, әр билетте 3 сұрақ болады; емтихан сұрақтары бүкіл курсқа құрастырылып, студенттерге 1 ай бұрын беріледі; сұрақтарға жауап беруге 90 минут уақыт беріледі, баға критерилері.
25) білімнің жоғары деңгейі, сызбалар мен суреттерді дұрыс сызу, өз ойын қатесіз жеткізу, максималды толық жауап максималды балл санына 30-35 сәйкес келеді
26) сол сияқты, бірақ қателер жіберу - әр жіберген қате үшін 1-3 балға төмендейді.
27) орташа білім деңгейі, сызбалар мен суреттердің дәлдігі төмендеу, өз ойын жеткізе білу, бірақ қате жіберу - әр қате 2-5 балға төмендейді
28) білім деңгейі төмен, сызбалар мен суреттерді қате сызу, өз ойын дұрыс жеткізе алмау, балл санының күрт төмендеуіне әкеледі. Қорытынды баға И7 (2) формула бойынша есептеледі. Егер студент емтиханда F деген баға алса, онда аралық аттестация ведомостына «қанағаттандырылмаған» деп жазылады.
29) академиялық үлгермеушіліктері бар оқушылар пән бойынша курсты қайтадан, академиялық үлгермеушілігін өтеу мақсатында ақылы түрде оқуы керек.
30) мемлекеттік грантта оқитын оқушылар сессия нәтижесінде үлгермеушіліктер болса, онда ректор бұйрығымен мемлекеттік грантынан айырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |