Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум



бет5/10
Дата22.02.2016
өлшемі3.37 Mb.
#96
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


1-тапсырма. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.

Электронно-вычислительная техника все шире входит во все сферы нашей жизни. Компьютер стал привычным не только в производственных целях и научных лабораториях, но и в студентеческих аудиториях и школьных классах. Непрерывно растет специалистов их основным рабочим инструментом.

На сегодняшний день нет такой сферы нашей жизни, где нет место информационным технологиям. Умение работать на компьютере стало одним из основных требований при приеме на работу. Информатика – перспективная, динамично развивающаяся област знаний.


2-тапсырма. Мына сөз және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Интернет желісі, компьютерлік база, дербес компьютерлер, алғашқы компьютер, бағдарлама, мәлімет.



Көнерген сөздер мен неологизмдер

Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:



  1. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б.

2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б.

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:


  1. қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;

  2. тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр.

3-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.

4-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Ғаламтор, пернетақта, тінтуір, үнтаспа, мешіт, жолсерік, мұсылман құжат, зейнетақы, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.


* * *
Қожанасыр мен молда

Қожанасыр мен молда көрші отырыпты. Бір күні Қожанасырдың сиыры молданың сиырын сүзіп жарып тастапты. Қожанасыр молданың үйіне барыпты да:

- Молдеке, сіздің сиыр біздің сиырды түнде жарып тастапты, құраныңызға қарап жіберіңізші, құн төлеуге жата ма екен, жатпай ма екен? – деп отыра кетіпті.

Молда құранын ары-бері ашыпты да:

- Е, көрші, құранда малды мал жарып тастаса, құн төленбеуге тиіс деп жазылған екен, - депті.

Сонда Қожанасыр:

- Молдеке-ай, мен сасқанымнан жаңылыс айтыппын ғой, біздің сиыр сіздің сиырды жарып тастаған екен ғой, оқасы жоқ енді, - деп орнынан тұра берген екен дейді.

Молда не дерін білмей құранын аударыстырып отырып қалыпты.



&&&

$$$003-007-002$3.3.7.2 №7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Алғашқы компьютерлер қандай болды және қалай аталды ?

  2. Бағдарламаның қандай түрлері болды?

  3. Интернет компьютерлік жүйесі қашан құрылды ?

  4. XXI ғасырда информатика мен компьютерлендіру не үшін шешуші рөл атқарады ?

&&&

$$$003-008-000$3.3.8 Практикалық сабақ №8

Компьютер қалай жұмыс істейді? Мақал-мәтелдер.



&&&

$$$003-008-001$3.3.8.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Берілген мәтінге толық сипаттама жасау;

  • Мақал-мәтелдердің анықтамаларына сипаттама беру, берілген тапсырмаларды орындау.

Әдістемелік нұсқау

Компьютер қалай жұмыс істейді ?

Компьютер жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар және бағдарламалау жүйелерінен құралатын бағдарламалық жасақтама көмегімен жұмыс істейді. Жүйелік бағдарламалардың негізгісі компьютердің мәліметтерді өңдеу жөніндегі барлық жұмысын ұйымдастыратын, компьютердің барлық құрылғыларын басқаратын, компьютер құрылғылары және адам мен компьютер арасында мәлімет алмасуды жүзеге асыратын амалдық жүйе (АЖ) болып табылады. 

Дербес компьютерлер ең кеңінен қолданылатын компьютерлер қатарына жатады, олардың қуаттылығы үнемі ұлғайып, ал қолданылу аясы кеңейіп келеді. Дербес компьютерлерді желіге біріктіруге болады, бұл ондаған, тіпті жүздеген пайдаланушыларға оңай ақпарат алмасып, бір мезгілде ортақ деректер қорына қол жеткізе алуға мүмкіндік береді. Электронды пошта құралдары көмегімен компьютерлерді пайдаланушылар телефон тораптары арқылы басқа қалаларға мәтіндік және факсимилді хабарламалар жөнелтіп, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат ала алады.  Компьютерге қажетті бағдарламалық жасақтамалар мен қосымша құралдарды орнатып, сіз одан өзіңізге жұмыста таптырмайтын көмекші жасап ала аласыз. 



Жаңа сөздерді жаттаңыз.

жүйелік бағдарламалар – системные программы

қолданбалы бағдарламалар – прикладные программы

бағдарламалық –программные

жасақтама – разработка

амалдық жүйе – операционная система

қуаттылық – мощность


үнемі – постоянно

ұлғаю – увеличение

кеңею – расширение

электрондық пошта –электронная почта

қажетті бағдарламалық жасақтамалар – необходимые програмные разработки



1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз

2-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.

Амалдық жүйе, телефон тораптары, мәтіндік және факсимилді хабарламалар, ірі мәліметтер банктерінен ақпарат, қажетті бағдарламалық жасақтамалар, ортақ деректер, қосымша құралдарды, жұмыста таптырмайтын


3-тапсырма. Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін тауып, қолдану ерекшеліктеріне мән беріңіздер.

Барлық құрылғыларды басқаратын, барлық жұмысты ұйымдастыратын, мәлімет алмасуды жүзеге асыратын, қуаттылығы ұлғайып, қолдану аясы кеңейіп, ақпарат алмасып, хабарламалар жөнелтіп, ақпарат ала алады, қосымша құралдарды орнатып.


4-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, ондағы таныс емес сөздерді сөздіктен көріп, мағынасын көріңіз.

  • Сәлеметсіз бе !

  • Сәлеметсіз бе!

  • Халіңіз қалай? Сіз Нұрбек Мұратұлысыз ба?

  • Иә, сіз менің білуімше, компьютер үйренуге келдіңіз ғой.

  • Ия, менің аты-жөнім – Айбек Асанұлы. Мен компьютер курсын оқиын деп едім.

  • Кіріңіз, мына орындыққа отырыңыз. Мен сізге көмектесуге, мағлұматтар беруге әзірмін. Біріншіден, «Ақпарат» дегеніміз – белгілі нәрселер туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

  • Ақпараттану пәні туралы түсіндіріңізші.

  • «Ақпараттану» дегеніміз – компьютермен ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін пән.

  • Мағлұматтарыңызға рахмет. Маған компьютермен жұмыс жасауды үйретіңізші.

  • Жарайды. Қазір мәтін жазуды үйренейік. Мына компьютердегі «Жаңа папка құру» файлын тінтпемен басыңыз.

  • Жарайды. Жаңа папкіге атау енгізе аламын ба?

  • «Файлдың аты» жолын басқаннан соң, атыңызды жазыңыз. Осы файлды ашып мәтін жазамыз.

  • Сізге көп рахмет. Енді мәтінді өзім жаза берейін.

  • Сізге көмек керек болса, шақырыңыз.


Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады.

Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.

Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:

Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
5-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.

6-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Интернет (компьютерная сеть). Компьютеры могут связываться друг с другом, используя телефонную сеть и устройство, называемое модем («модулятор – демодулятор»). Интернет позволяет пользоваться электронной почтой (Е-mail), получать отовсюду нужную информацию.

&&&

$$$003-008-002$3.3.8.2 №8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.

Құс патшасы – бүркіт

Аң патшасы – арыстан



Сөздік

Құс-птица

Аң – зверь
Жалқаулық – жаман ауру

Сөздік

Жаман ауру – скверная болезнь


Жігіт адамға жетпіс өнер де аз

Сөздік

Өнер – ремесел


Жігіт көркі – өнер

Сөздік

Көркі – честь


Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.

Сөздік

Бейнет – трудный

Зейнет – сладкий
Ұстаздан шәкірт озар

Сөздік

Сыйла – почитай


Күш – білімде, білім – кітапта

Сөздік

Күш – сила

Кітапта – в книгах
Орысшадан қазақшаға аударыңдар

Если и золото нашел, пересчитай



Сөздік

Нашел – тапсаң

Пресчитай – санап ал
И вода счет любит

Сөздік

Счет любит – сұрауы бар


Умный честь свою оберегает,

Скупой скот свой оберегает



Сөздік

Оберегает –қорғайды

Умный –ақылды

Скупой- сараң

Скот-мал
Многословие – көп сөз

Молчание – золото



Сөздік

Многословие – көп сөз

Молчание – аз сөз
Говори редко, но метко

Сөздік

Редко –аз

Метко-саз, діл
Молчание от самой большой беды оберегает

Сөздік

Молчание – үндемеген

Большой беды- үйдей пәледен

Избавляет - құтылады


&&&

$$$003-009-000$3.3.9 Практикалық сабақ №9

Компьютердің қолданылатын салалары. Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.



&&&

$$$003-009-001$3.3.9.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9

Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  • Компьютердің қолданылатын салаларына сипаттама беріңіз;

  • Стилистика іліміне сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау

Компьютердің қолданылатын салалары

Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады, компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады. АКТ қашықтықтан оқыту, арақашықтыққа қарамастан дүниежүзілік ақпараттық-білім беру ресурстарына қол жеткізу, мультимедиалық оқыту бағдарламаларын, виртуалды зертханаларды, оқытуды басқару жүйелерін пайдалану арқасында оқыту үрдісін қарқындандыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. 

Компьютерді медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға мүмкіндік беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып, нақты диагноз қоюға көмектеседі. Internet желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден хабардар етіп, науқастарға қажетті донорлық мүшелер жөнінде хабарламалар алмасу үшін қолданылады. АКТ сондай-ақ медицина қызметкерлеріне тәжірибелік дағдыларды меңгерту үшін де пайдаланылады. Ғалымдар компьютерді күрделі және қымбатқа түсетін тәжірибелердің үлгісін жасау үшін қолданады. Бұндай жобаға кез келген өзгерістерді енгізіп, нәтижесін монитор бейне бетінен бақылауға мүмкіндік бар. Бұндай техника виртуалды тәжірибелер жүргізіп, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуге мүмкіндік береді, осының арқасында уақыт та, қаражат та үнемделеді. Компьютер көмегімен қаржылық есептемелер жүргізу – бұл оның банк ісінде қолданылуының бір мүмкіндігі ғана. Қуатты есептеуіш жүйелер чектерді өңдеу, әрбір салымның өзгерістерін тіркеу, салымдарды қабылдау және беру, несиелерді рәсімдеу және салымдарды бір есеп шоттан екіншісіне, бір банктен өзге банкке ауыстыруға мүмкіндік береді. 

Сауда-саттық ісінде компьютерді қолдану сатып алушылармен есеп айырысуды жылдамдатып қана қоймай, сатылған және қолда бар тауарлар санын бақылап отыруға, сатып алушылар, жабдықтаушылар жөнінде автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізуге және т.б. көптеген жұмыстарды атқаруға көмектеседі. Компьютер тұрмыста да көптеп көмек көрсетеді: бос уақытты қызықты етіп өткізуге, электронды пошта арқылы достармен және туыстармен қатынас жасауға, Internet арқасында жаңалықтарға қол жеткізуге, үйдегі бухгалтерияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.




Жаңа сөздерді жаттаңыз.

шектелмеген – не ограниченно

күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісі – сложное и вредное процесс производства

үздіксіз жұмыс – безперерывная работа

кадрларды кәсіби қайта даярлау – профессиональная переподготовка кадров

қашықтықтан оқыту – дистанционное обучение

дүниежүзілік ақпараттық-білім беру ресурстары – мировые информационно-образовательные ресурсы

мультимедиалық оқыту бағдарламалары – мультимедиялық оқыту бағдарламалары

виртуалды зертхана – виртуальная лаборатория

оқытуды басқару жүйелері – управленческая система образования

оқыту үрдісі – процесс образования

білім беру сапасы – качество образования

медицинада қолдану – применения в медицине

науқастарды тіркеу – регистрирование инструкции

сырқат барысын бақылау – контроль болезни

алдын ала қарауды – предаврительный просмотр

нақты диагноз – точный диагноз


Internet желілері – сети Internet

ғылыми және тәжірибелік жетістіктер – научные и практические достижения

хабардар ету – быть в курсе

хабарламалар алмасу – обмен сообщениями

медицина қызметкерлері – сотрудники медицины

дағдылар – навыки

уақыт та, қаражат та үнемделеді – экономить время и деньги

қаржылық есептемелер жүргізу – проводить финансовые счеты

қуатты есептеуіш жүйелер – мощные вычислительные системы

чектерді өңдеу – обработка чеков

әрбір салымның өзгерістерін тіркеу – регистрация изменения каждого взноса

салымдарды қабылдау – принимать взносов

несиелерді рәсімдеу – оформлять кредиты

автоматтандырылған мәліметтер базасы – база автоматических данных

күнделікті тұрмыста – в бытовой жизни

бос уақыт – свободное время

үйдегі бухгалтерия – в домашнем бухгалтерии



1-тапсырма. Компьютердің көмегімен жүргізілетін негізгі амалдарды есте сақтап, орыс тіліне аударыңыз.

Компьютерлердің көмегімен



  • кадрларды кәсіби қайта даярлауға;

  • дүниежүзілік ақпараттық-білім беру ресурстарына қол жеткізуге;

  • мультимедиалық оқыту бағдарламаларын, виртуалды зертханаларды, оқытуды басқару жүйелерін пайдалану арқасында оқыту үрдісін қарқындандыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға;

- медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға нақты диагноз қоюға;

- соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден хабардар етіп, тәжірибелік дағдыларды меңгерту үшін;

- ғылымдар компьютерді күрделі және қымбатқа түсетін тәжірибелердің үлгісін жасау үшін;

- кез келген өзгерістерді енгізіп, нәтижесін монитор бейне бетінен бақылауға;

- қаржылық есептемелер жүргізуге;

- қуатты есептеуіш жүйелер чектерді өңдеуге,

- әрбір салымның өзгерістерін тіркеуге,

- салымдарды қабылдау және беру, несиелерді рәсімдеу және салымдарды бір есеп шоттан екіншісіне, бір банктен өзге банкке ауыстыруға:

- сауда-саттық ісінде сатып алушылармен есеп айырысуды жылдамдатып қана қоймай, сатылған және қолда бар тауарлар санын бақылап отыруға,

- сатып алушылар, жабдықтаушылар жөнінде автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізуге;

- күнделікті тұрмыста;

- бос уақытты қызықты етіп өткізуге,

- электронды пошта арқылы достармен және туыстармен қатынас жасауға,

- жаңалықтарға қол жеткізуге,

- үйдегі бухгалтерияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2-тапсырма.
Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері
Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықаралық тілдің ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі әдеби тілі қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді. Ауызекі, сөйлеу стилі, ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық және көркем. Стильдің бұл тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады.

Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады. Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі.

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.

Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады.

Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.

3-тапсырма. Төмендегі мәтіндерді стиль түрлеріне ажыратыңыз.

1-мәтін

...Сағат түңгі екі болып қалды. Жұрт аяғы басылды. Алдымыздағы көшемен ең соңғы трамвай өтіп барады. Вагондарда үш-төрт адамның басы көрінді.

Күндізгі қаптап жүрген трамвай, троллейбус, автобустар қайда қазір? Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы – демалуға жайғасатын орны бар. Олар сонда жиналады. Мұнда түні бойы ұйықтамай, қызмет ететін адамдар бар. Олар әлі машиналарды таңертеңгі сапарға әзірлейді. Күндіз бүлінген жерлері болса, жөндейді. Іші-сыртын сүртіп, еденің жуып тазалайды. Таңертең троллейбус, трамвай, автобустар тап-таза болып, жарқырап шығады.

2-мәтін

«Ақпараттық технология» деген терминді В. Тлушков енгізді. Ол оған мынандай  анықтама берді: «Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өңдеумен байланысты үрдістер». Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: «Ақпаратгық технология дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен әдістер жиынтығы».



3-мәтін

Қуанышбек пен Забира үш баласын жақсы шаңырақта тірбиелігісі келеді. Ол үшін жақсы дәстүрлерді бұзбай ұстауға тырысады. Отбасында туған күн әрдайым тойлану керек. Үйге қонақ шақырып, қазақ дастарқанын даярлауды балаларына үйретеді. Өздері де сыйластық сақтауды дәстүр қылған. Бұл отбасында жексенбі сайын қонақ шақыру, оларды күту дістүрі қалыптасқан. Сенбі күні кешке әке-шешесімен, балаларымен отбасылық сұхбат құрып, кітап оқиды. Теледидар, радио арқылы жаңалықтарымен танысады. Алыс-жақындағы туыстармен хабарласады. Қуанышбек өзі де, балалары да компьютерді меңгерген. Ғылым мен техника жаңалықтарын отбасында үнемі айтып отыру, мүмкін болса қолдану – отбасы өмірін сәнді ете түседі. Жақсы дәстүр – отбасының шаңыраққа айналуына тірек болады.


4-мәтін

  • Ішуге бір нәрсе алдырайық.

  • Мен көк шай ішемін.

  • Мен балмұздақ жегім келеді.

  • Коктейль ішейік

  • Екі бутерброд әкеліңізші.

  • Сіздерде десертке не бар ?

  • Екі кісіге джем салынған құймақ әкеліңізші.

  • Интернет-кафеде кездесеміз.

  • Сенің жеке e-mailiң бар ма?

  • Интернет істеп тұр ма?

  • Мен бос уақытымды сонда өткіземін.

  • Сен олардың сайтын көрдің бе ?

  • Интернетпен зат сатып алуға да болады ?

  • Ғаламтор арқылы адамдар танысады.

  • Басқа елдердегі достарыммен хат жазысамын.

  • Мен скайп арқылы ағаммен сөйлесемін.

  • Қызықты ақпараттарды интернет арқылы тауып алуға болады.


4-тапсырма. Стиль түрлеріне газет-жорналдардан, ғылыми еңбектерден, көркем әдебиеттен мысалдар келтіріңіз.
5-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Компьютер как управляющее устройство. Температура воздуха или тела человека, скорость автомобиля, сила электрического тока, цвет листвы, - короче, всё, что измеряется, может быть закодировано в виде электрических сигналов. Для этого используют специальные приборы – датчики (измерительные преобразователи). Информацию от датчиков компьютер может обработать по заданной программе и выдать нужные команды. Например, в больнице компьютер «следит» за состоянием тяжело больного человека, у которого в любую минуту может произойти ухудшение здоровья. Компьютер получает электрические сигналы, информирующие о сердечной деятельности человека, о работе его мозга, о дыхании и о состоянии других систем организма. И если программа компьютера обнаружить, что опасно меняются свойства этих показателей жизнедеятельности – компьютер мгновенно даст сигнал тревоги. А если программой предусмотрено, то ещё до прибытия врачей компьютер поможет сам: даст больному кислород.


* * *

Бай ма әлде кедей ме?

Бірде ауқатты отбасының иесі өзінің кішкентай ұлын адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көрсету үшін ауылға апармақ болып ниеттенді. Олар ауылдағы сіңірі шыққан бір тақыр кедейдің үйінде бір күн, бір түн болады. Үйіне қайтып оралған кезде, әкесі баласынан:

- Саяхат саған ұнады ма? – деп сұрайды ғой.

- Әке, бұл бір керемет саяхат балды!

- Сен адамдардың қаншалықты кедей тұратынын көзіңмен көрдің ғой?

- Иә.


- Осыдан не түйдің?

- Сонда ұлы:

- Біздің үйде бір ит бар, ал оларда төртеу екен. Біздің бақшаның ортасында бассейн бар, ал оларда шеті көрінетін арық бар. Біз бақшамызды шаммен жарықтандырамыз, ал оларға көктен жұлдыздар жымыңдайды. Біздің үйдің артқы ауласында патио, ал оларда кең көкжиек бар, - депті.

- Баласының жауабынан кейін әкесінің үні өшті.

- Бұл адамдардың қаншалықты бай екенін көрсеткеніңе рақмет, әке. Өмірде бәрі өзіңді қоршаған әлемге қандай көзқараспен қарауыңа байланысты екен. Достарың мен отбасыңның ортасында сүйіспеншілікке бөленіп, денсаулығың болып, көңіл күйің көтеріңкі, өмірге деген көзқарасыңыз оң болса, барлығына да қол жеткізуге болады! – дегенді де ұлы қосып қойды.

Бірақ жоғарыда аты аталғандарды сатып алу мүмкін емес. Жалпы кез келген материалдық құндылыққа қол жеткізуге, тіпті оларды болашаққа да артығымен дайындауға болады.

Бірақ жан дүниеңіз рухани байлықтан ада болса, онда сізде ештеңе де болмағаны.
&&&

$$$003-009-002$3.3.9.2 №9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет