|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Терапевтік пәндер кафедрасы
|
044 -51/15( )
|
«Гастроэнтерология - гематология» модулі бойынша жұмыс бағдарламасы
|
«БЕКІТЕМІН»
ОӘТЖ проректоры
м.ғ.д. М.У. Анартаева
_______________________
«___» _____________20___ ж.
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мамандығы: 051301 «Терапия»
Модуль атауы: Гастроэнтерология-гематология
Оқу сағатының көлемі: 405 сағ.
Шымкент 2013 ж.
Жұмыс бағдарламасы «Терапия» мамандығы бойынша, ҚР Денсаулық сақтау Министрінің 2011 жылғы «26» қазанда № 734 бұйрығымен бекітілген интернатура бойынша 2006ж. мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылды.
Жұмыс бағдарламаны каф. меңгерушісі м.ғ.к., доцент Туртаева А.Е. жетекшілігімен ассистент Кудайберген Г.А. құрастырды.
Жұмыс бағдарламасы «терапевтік пәндер» кафедрасының мәжілісінде талқыланды және мақұлданды
Хаттама № ________ «____» _______20___ ж.
Каф.меңгерушісі, к.м.н., доцент Туртаева А.Е.
Клиникалық пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Хаттама № ______ «____» ________20___ ж.
ЦӘК төрайымы, к.м.н., доцент ____________________ Туртаева А.Е.
ОҚМФА әдістемелік кеңесімен бекітілген
Хатттама № ______ «___»________ 20___ ж.
Дәлелді медицина қағидалары және емдеу-диагностикалық технологияларды қолданып, гастроэнтерологиялық және гематологиялық науқастарды диагностикалау, емдеу, реабилитациялау және алдын алу шараларын өз бетімен жасай алу үшін, білімді, тәжірибелік дағдыларды және машықтарды талап ететін көлемін игерген, кәсіптік білім стандартына сай дәрігер-терапевтің жалпы дайындығын қамтамасыз ету.
-
Терапиялық ауруларда және қауырт шұғыл жағдайларда халыққа жоғары дәрежелі дәрігерлік медициналық қызмет көрсету үшін негізгі медициналық емдеу-диагностикалық және алдын алу шараларының дағдыларын нығайту;
-
Ішкі ағзалар арулары бар науқастарды заманауи және зертханалық- аспаптық зерттеу әдістерінің қорытындыларын талдау бойынша интерннің білімін жетілдіру;
-
Нақты науқасты емдеуде жеке ұстанымды қамтамасыз ету үшін білім мен біліктілікті интеграциялау дағдыларын дамыту; дәлелді медицина принциптері мен тиімді терапия анализі негізінде кәсіптік шешімді қабылдауды үйрету;
-
Адамның және жанұяда салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру принциптері мен әдістері жөнінде білімді жетілдіру;
-
Барлық кәсіби жұмыста үздіксіз кәсіби мамандыққа оқыту және жетілдіру қабілеттілігін нығайту;
-
Альтруизм, аяныш, көңіл білдірушілік, жауапкершілік, адалдық сияқты мамандық құндылықтары жолын ұстаушылықты дамытуға және құпиялық принципті сақтай отырып құндылықтар дамытуын үйрету;
-
Командада жұмыс істей білуге, диагностикалық және емдеу процестерін ұйымдастыру және басқаруды дағдылануға, коммуникативті дағдыларды дамыту;
-
Ғылыми-зерттеу жұмыстар дағдыларын дамытуын жалғастыру;
-
Интерндерді күнделікті, тіркестік есеп беру медициналық құжаттары рәсімдеуге үйрету.
-
Модульге кіретін пәндердің тізімі және әр пәннің сағаттар саны:
|
Пәндер
Модульдер
|
Ішкі аурулар
|
Клиника
лық лабораторлық диагностика
|
Клиника
лық
фармако
логия
|
Визуал
дық диагностика
|
Модульдегі барлық сағат
|
1
|
Гастроэнтерология
|
180
|
45
|
45
|
45
|
405
|
2
|
Гематология
|
90
|
-
Модульге кіретін пәндер арасындағы келісім хаттамасы:
№
|
Берілген пәнге сүйеніп, оқытылатын пәндер
|
Кафедралар
|
Материал пропорциясындағы, мазмұндама реттілігіндегі өзгерістер туралы ұсыныс
|
Келісімге қатысқан кафедралардың хаттама нөмірі мен мәжіліс күні
|
1
|
Ішкі аурулар
|
Терапиялық пәндер
|
Жедел гастроэнтерологиялық және гематологиялық көмек көрсету бойынша интерндердің біліміне сүйенетін бағдарламаны өту кезінде ұсынылды
|
Бірігіп өткізілген кафедра мәжілісінде келісілді
хаттама
|
2
|
Клиникалық лабораторлық диагностика
|
ОКЛО
|
Клиникалық лабораторлық диагностика бойынша интерндердің біліміне сүйенетін бағдарламаны өту кезінде ұсынылды
|
Бірігіп өткізілген кафедра мәжілісінде келісілді
хаттама
|
3
|
Клиникалық фармакология
|
Фармакология және клиникалық фармакология
|
Гастроэнтерологиялық және гематологиялық бейіндік науқастардағы фармакокинетика және фармакотерапия ерекшеліктері бойынша интерндердің біліміне сүйенетін бағдарламаны өту кезінде ұсынылды
|
Бірігіп өткізілген кафедра мәжілісінде келісілді
хаттама
|
4
|
Визуалдық диагностика
|
Сәулелік диагностика және фтизиатрия
|
Визуалдық диагностика ерекшеліктері бойынша интерндердің біліміне сүйенетін бағдарламаны өту кезінде ұсынылды
|
Бірігіп өткізілген кафедра мәжілісінде келісілді
хаттама
|
-
Оқыту методологиясы: (науқастарды курациялау, оқу сырқатнамасын толтыру, кіші топтар, дискуссия, жағдайлық есептер, жұппен жұмыс, презентациялар, кейс-стади және т.б.)
Дәрістер: шолулық.
Тәжірибелік сабақтар: науқастарды курациялау, медициналық құжаттарды жүргізу, емдеу-профилактикалық мекемелердің әртүрлі бөлімдерінде жұмыс (балалар бөлімінде, стационардың қабылдау бөлімінде және т.б.), таңертеңгі дәрігерлік конференцияларға, қарауларға, клиникалық талдауларға, патологоанатомиялық конференцияларға, кезекшілікке қатысу.
Тақырыптық науқастарды талдау, кіші топта және жұппен жұмыс, дискуссиялар, жағдайлық есептерді шешу, науқастарды талдау үшін клиникалық жағдайға және патологоанатомиялық конференциялар үшін презентациялар, сырқатнамаларға рецензия жазау, ғылыми-тәжірибелік конференциялвр мен семинарларға қатысу. Рольдік және командалық ойындарға қатысу. Жобалық оқыту әдісі.
Интерннің өзіндік жұмысы: бейіндік бөлімдерде науқастарды курациялау, емдеу-профилактикалық мекемелердің әртүрлі бөлімдерінде жұмыс, оқу-ғылыми әдебиеттерімен жұмыс, сырқатнама жазу, презентацияларды дайындау, оқу клиникалық орталығында фантомдар мен муляждардадағдыларын нығайту, портфолио дайындау. Жобалар дайындау (аналитикалық матрица).
-
Пән бойынша сабақтардың тақырыптық жоспарлары: әрбір пәннің жүргізу үлгісі мен ұзақтығы (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, интерннің өзіндік жұмысы).
Дәрістердің тақырыптық жоспары
№
|
Тақырып атауы
|
Жүргізу үлгісі
|
Сағат саны
|
1
|
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы. Жіктемесі. Этиологиясы және патогенезі. Клинико-диагностикалық критерийлері. Ажыратпалы диагнозы. Емдеу принциптері.
|
Шолулық
|
2
|
2
|
Созылмалы панкреатит. Анықтамасы. Негізгі себептері. Жіктемесі. Клинико-диагностикалық критерийлері. Емдеудің заманауи принциптері. Хирургиялық емдеуге көрсеткіштер. Болжамы.
|
Шолулық
|
2
|
3
|
Спецификалық емес жаралы колит. Жіктемесі. Этиологиясы және патогенезі. Клинико-диагностикалық критерийлері. Ажыратпалы диагнозы. Заманауи емдеу принциптері.
Крон ауруы. Жіктемесі. Этиологиясы және патогенезі. Клинико-диагностикалық критерийлері. Ажыратпалы диагнозы. Емі.
|
Шолулық
|
2
|
4
|
Бауыр циррозы. Жіктемесі. Этиопатогенезі. Клиникалық көріністері. Ажыратпалы диагнозы. Емдеу принциптері.
|
Шолулық
|
2
|
|
Барлық сағат саны:
|
|
8
|
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Гастроэнтерология
|
Жүргізу үлгісі
|
Сағат саны
|
1
|
Өңештің аурулары. Гастроэзофагеальды рефлюксті ауру. Эзофагоспазм, кардия ахалазиясы, диафрагма тесігіндегі өңеш жарығы, өңештің қатерлі ісігі.
|
Консилиумға қатысу
|
6
|
2
|
Жаралы емес асқазандық диспепсия.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
3
|
Созылмалы гастриттер, дуодениттер.
|
Дәрігерлік конференцияларға тақырыпқа сәйкес мәліметтерді дайындау
|
6
|
4
|
Асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
4
|
5
|
Өт қабының дискинезиясы, созылмалы холецистит, өт тас ауруы.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
6
|
Созылмалы панкреатит.
|
Профессорлық қарауға қатысу және клиникалық талдауларға қатысу
|
4
|
7
|
Жаралы емес ішектік диспепсия.
|
Міндетті көлемде санитарлы ағарту жұмыстарын орындау
|
6
|
8
|
Спецификалық емес жаралы колит.
|
Міндетті көлемде санитарлы ағарту жұмыстарын орындау
|
4
|
9
|
Вирусты гепатиттер. Клиникасы.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
10
|
Бауыр циррозы.
|
Консилиумға қатысу
|
4
|
11
|
Бауыр циррозының асқынуы. Порталды гипертензия. Бауырдың энцефалопатиясы. Емдеу тактикасы. Асцит және асқынулары. Спонтанды бактериалы перитонит.
|
Міндетті көлемде санитарлы ағарту жұмыстарын орындау
|
6
|
12
|
Өңештің, ақазанның қатерлі ісіктері.
|
Дәрігерлік конференцияларға тақырыпқа сәйкес мәліметтерді дайындау
|
6
|
13
|
Ішетің қатерлі ісіктері.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
14
|
Бауырдың вирусты емес аурулары. Дәрілік, токсикалық, алкогольдік гепетиттер, майлы гепатоз. Вильсон-Коновалов ауруы. Жильбер синдромы.
|
Дәрігерлік конференцияларға тақырыпқа сәйкес мәліметтерді дайындау
|
6
|
15
|
Іш қатулар(тоқ ішектің дилатациясы, тоқ ішектің тым артық созылу синдромы, тоқ ішек қатерлі ісігі, дивертикулез, тоқ ішектің дисталды бөлігінің ауруы, ішектің тітіркену синдромы).
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
16
|
Диарея мен ұқсас өтетін аурулар (асқазан ішек жолының қатерлі ісіктері, специфика-лық емес жаралы колит, Крон ауруы, созыл-малы энтероколит, моно және дисахаридаз-ды мальабсорбция, целиакия, функционал-ды бұзылыстар, жұқпалы аурулар).
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
17
|
Бауыр патологиясындағы негізгі синдромдардың саралау диагнозы: холестаз, цитолитикалық, бауыр жасушалық жеткіліксіздік, порталды гипертензия, ацит, диффузды өзгерістер, бауырдың көлемді түзілісі.
|
Консилиумға қатысу
|
6
|
18
|
Гастроэнтерологиядағы негізгі синдромдардың (соның ішінде хирургиялық және жұқпалы патологиямен бірге): ауыру, қызба, мальабсорбция, цитолитикалық, мезенхималдық қабыну, астеновегетативтік, геморрагиялық, холестатикалық, іріңді және ашу диспепсиялары, диареямен салыстырмалы диагностика жүргізу.
|
Науқастарды клиникалық талдауға, профессор немесе доценттік қарауға дайындау
|
6
|
19
|
Ас қорыту ағзалары ауруларының дәрісіз ем деудің негізгі принциптері.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
20
|
Тиімді тамақтанудың негізі. Гипо- және гипервитаминоздардың, микроэлементоздардың диагностикасы. Аралық бақылау
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
|
Барлық сағат саны
|
112 сағ
|
№
|
Гематология
|
Жүргізу үлгісі
|
Сағат саны
|
1
|
Анемиялар. Қан өндіру, қан өндірудің қалыпты және патология кезінде реттеу ерекшеліктері.
|
Консилиумға қатысу
|
6
|
2
|
Темір тапшылықты анемия. Темірдің тәуліктік қажеттілігі. Темірдің сіңірілуі. ТТА балаларда, жүктілерде және қарт адамдардағы ерекшеліктері. Емі. Темір препараттарының сипаттамасы. Темір препараттарының парентералды және пероралды қолданудың көрсеткіштері. Гематрансфузияға көрсеткіштер. Емнің бақылауы. В-12 – тапшылықты анемия.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
3
|
Созылмалы аурулар кезіндегі анемиялық синдром. Гипопластикалық анемиялар. Цитопениялар. Онкологиялық науқастардың қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. Лейкопения, агронулоцитоз, панцитопениялар. Бауыр аурулары, алкоголизм, бүйрек аурулары, созылмалы қабынулар (ревматикалық аурулар), жұқпалы аурулар, АИВ кезінде қан жүйесінің функционалды жағдайының ерекшеліктері. СБЖ кезіндегі анемияның емі
|
Дәрігерлік конференцияларға тақырыпқа сәйкес мәліметтерді дайындау
|
6
|
4
|
Апластикалық анемия, апластикалық синдром және парциалды қызыл жасушалық аплазия.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
5
|
Гемолитикалық анемиялар. Тұқым қуалайтын (мембранопатиялар, гемоглобинопатиялар, ферментопатиялар) және жүре пайда болған (иммунды, иммунды емес) гемолитикалық анемиялар.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
6
|
Коагулограмма. Геморрагиялық синдром. Тромбқа қарсы терапиясы (тура және тура емес әсер ететін антикоагулянттар, тромболитиктер). Тромбқа қарсы терапия кезінде лабораторлы бақылау. Плазмалық гемостаз бұзылыстары: әртүрлі ықпалдардың тапшылығы, гемофилиялар.
Тромбоцитопениялар мен тромбоцитопатиялар.
Тамырлық гемостаздың бұзылыстары. Аутоиммундық тромбоцитопениялық пурпура, Верльгоф ауруы, тұқым қуалайтын тромбоцитопатиялар, екіншілік тромбоцитопатиялар (симптоматикалық). Вазопатиялар (геморрагиялық васкулит, Рандю-Ослер, Луи-Барр, Казабаха-Мерита аурулары, т.б.), Виллебранд ауруы.
|
Профессорлық қарауға қатысу және клиникалық талдауларға қатысу
|
6
|
7
|
ҚШҰ-синдромы. Гиперкоагуляциялық, өтуші және гипокоагуляциялық фазаның клиникалық-Зертханалық диагностика.
|
Міндетті көлемде санитарлы ағарту жұмыстарын орындау
|
6
|
8
|
Жедел лейкоздар. ҒАВ-жіктелуі. Жедел лейкоздың варианттары мен критерийлерінің диагностикасы. Салыстырмалы диагностика. Емдеудің негізгі принциптері (полихимиотерапия, емдеудің сатысы, клиникалық-гематологиялық ремиссия және клиникалық-гематологиялық жақсару). Жедел лейкоз кезінде сүйек миына трансплантация жасау. Жедел лимфобласты және жедел миелобласты лейкозды емдеудің негізгі хаттамасы. Болжамы. Созылмалы лейкоздар. Жіктелуі. Созылмалы лейкоздардың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері: созылмалы лимфолейкоз, созылмалы миелолейкоз, сублейкемиялық миелолейкоз, эритремия, созылмалы моноцитарлық лейкоз. Гематоло-гиялық көріністің ерекшеліктері (гемограмма, пунктаттар). Ерте диагностика. Емдеу әдістері.
|
Міндетті көлемде санитарлы ағарту жұмыстарын орындау
|
6
|
9
|
Сүйек миына трансплантация жасау. Гематологиялық ауруларда сүйек кемігіне және гемопоэтикалық баған жасушаларына трансплантация жасау. Трансплантациядағы иммунологиялық мәселелер. Реципиент науқастарды трансплантайияға дайындау, сүйек кемігіне және гемопоэтикалық баған жасушаларына трансплантация жасалған науқастарды жүргізу. Парапротеинемиялық гемабластоздар. Лимфоидты неоплазия. Көптеген миеломалар. Диагностикалық критерийлері. Іg-патияға күдіктенгенде зерттеу жүргізу. Емдеу принциптері. В-лимфомалар, Т және NК-жасушалық ісіктер. Лимфограну-ломатоз. Лимфопролиферативті ауруларға күдік туғанда диагностикалық жолын таба білу.
|
Медициналық құжаттарды жүргізу
|
6
|
10
|
Трансфузиологиялық иммуногематологияның негізі – эритроциттердің, тромбоциттердің, лейкоциттердің, нейтрофилдердің, плазмалық ақуыздардың антигендері. Гемокомпонентті және инфузиялық-трансфузиялық емнің жүргізу ерекшелігі, дәрілік заттары, әдісі мен әдістемесі. Аурудың сатысына байланысты көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері.
Аралық бақылау
|
Консилиумға қатысу
|
6
|
|
Барлық сағат саны
|
60 сағ
|
Достарыңызбен бөлісу: |