I ТАРАУ. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы: пәні мен әдістері, мақсаты мен міндеттері және тарихнамасы
1-тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні мен әдістері, мақсаты мен міндеттері және тарихнамасы.
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні мен әдістері. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының басқа заң пәндері жүйесіндегі алатын орны. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының кезеңдері. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының тарихнамасы.
II ТАРАУ. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы және дамуы
2-тақырып. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастауы және ерекше басқару органдарының пайда болуы: тайпалық кеңес, көсемдер және әскери көсемдер.
Қазақстан аймағындағы мемлекеттің (протомемлекеттің) сипаттамасы. Сақ-массагет тайпаларының әскери конфедерациясы. Сақ-массагеттердің қоғамдық құрылысының ерекшеліктері.
3-тақырып. Ежелгі ғұндардың империясы.
Ежелгі ғұндардың империясының қалыптасуы. Мөденің жүргізген саяси-құқықтық және әскери реформалары. Ғұндардың басқару жүйесі. Тәңірқұтының (Шаньюдің) билігі. Ғұндардағы кеңес. Ғұндардың салық жүйесі: меншік, мұрагерлік, қылмыс, әскери және әмеңгерлік нормалар. Ғұндардың сырт мемлекеттермен қарым-қатынастары.
4-тақырып. Үйсін және Қаңлы мемлекеттері.
Үйсін мемлекетінің пайда болуы. Үйсін мемлекетінің басқару жүйесі. Күнбидің мәртебесі. Үйсіндердің әскери жүйесі. Үйсіндердегі меншік, мұрагерлік, неке-отбасы қатынастары.
Қаңлы мемлекетінің қалыптасуы. Басқару жүйесі. Жабғу билігі. Қаңлылардың әдет заңы. Қаңлылардың әдет заңындағы: меншік, сауда-саттық, қылмыстық қатынастардың реттелу ерекшеліктері.
III ТАРАУ. Қазақстан аумағындағы ертефеодалдық монархиялар.
5-тақырып. Түркі қағанаты.
Түркі қағанатының қалыптасуы. Түркі қағанатының батыс және шығыс қағанат болып екіге жарылуы. Батыс Түркі қағанатының саяси құрылымы. Қағанның билігі, Қағанаттағы кеңес. Сот және әскери жүйесі. Мұқан қағанның басқару билігіне қатысты реформасы.
Қоғамдық жүйесі. Қара-будандардың, таттардың, құлдардың жағдайы. Құқықтық жүйесі: меншік, мұрагерлік, әмеңгерлік т.б. нормалар.
6-тақырып. Түргеш және Қарлұқ қағанаттары.
Түргеш қағанатының пайда болуы. Үшліктің (Учжилә) жүргізген әкімшілік-аумақтық реформалары. Түргештердің басқару жүйесі. Сары түргештер мен қара түргештердің күресі.
Қарлұқ қағанатының ұүрылуы. Қарлұқ қағанатындағы үлестік-тайпалық жүйе. Қарлұқтардың сыртқы саясаты. Қарлұқ қағанатының құлау себептері.
7-тақырып. Оғыз мемлекеті.
Оғыз мемлекетінің қалыптасуы. Оғыз мемлекетінің қалыптасуы. Оғыз мемлекетінің билік жүйесі. Жабғудың билігі. Қанқаш. Көл-Еркін. Инал және атабектер. Сүйубашы (Сүюбашы) – Оғыздардың әскери басшысы ретінде. Қатынның саяси билікке ықпалы. Оғыздардың заңдары.
8-тақырып. Қарахан мемлекеті.
Қарахан мемлекетінің құрылуы. Қарахан мемлекетіндегі басты екі тайпа – шігіл (жікіл) және яғмалардың саяси билікке ықпалы. Қарахан мемлекетінің саяси және әскери жүйесі. Саяси жүйеге діннің ықпалы. Қаржы және салық жүйесі. Қарахан мемлекетіндегі үлестік жүйе. Ихта институты. Коммендация.
Қарахан мемлекетінің құқықтық жүйесі.
9-тақырып. Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері.
Қимақ мемлекетінің қалыптасуы. Қимақтардағы ел басшысы лауазымының эволюциясы. Қимақт ардың әкімшілік-аумақтық бөлінісі. Қимақ мемлекетінің құлауы.
Қыпшақ мемлекетінің тарих сахнасына шығуы. Қыпшақ мемлекетінің басқару жүйесі. Хан билігі.
10-тақырып. Найман және Керей ұлыстары.
Найман және Керей ұлыстарының қалыптасуы. Наймандар мен Керейттердің басқару жүйесі. Құқықтық жүйесі. Найман және Керей ұлыстарының құлауы.
IV ТАРАУ. Шыңғыс хан империясы және Қазақстан аумағындағы ордалық мемлекеттер.
11-тақырып. Шыңғыс хан империясының тарих сахнасына шығуы.
Шыңғыс хан империясының қоғамдық және саяси жүйесіне сипаттама. Шыңғыс ханның саяси-құқықтық және әскери реформалары. Шыңғысханның Қазақстан аумағын жаулауы. Алтын орданың әкімшілік-аумақтық жүйесі. Алтын орданың салық және құқықтық жүйесі. Көк орда. Ақ Орда.
12-тақырып. Моғолстан мемлекеті.
Моғолстан – дамыған ортағасырлық феодалдық мемлекет. Моғолстанның саяси жүйесі. Хан билігі. Атабектер және Ұлыс бектер. Әмір Болатшыға берілген артықшылық құқықтар. Хан кеңесі – мәжілісінің мәртебесі. Диван. Дарторлар, Найыб Жасауыл, Миршиакар, Хаким, Даруға т.б. Сүйырғал. Моғолстанның салық және құқықтық жүйесі.
13-тақырып. Әбілхайыр хандығы және Ноғай ордасы.
Әбілхайыр хандығының немесе көшпелі өзбек мемлекетінің тарих сахнасына шығуы. Хан билігінің күшеюі. Әбілхайыр хандығының басқару жүйесі. Салық жүйесі.
Ноғай ордасының құрылуы. Едіге және оның ұрпақтарының саяси жүйеге ықпалы. Ноғай ордасының басқару құрылымы. Билер. Мырзалар. Қарашылар. Емелдештер. Хандар мен нөкерлер. Ноғай ордасындағы Үлкен Кеңес және Кіші Кеңес. Нурадин. Кековат, Тайбура, Қарадуан. Ноғай ордасындағы қазақстар, саудагерлер және құлдар. Ноғай ордасының сот және құқықтық жүйесі.
V ТАРАУ. Қазақ ордасының құрылуы және дамуы.
14-тақырып. Қазақ ордасының қоғамдық және саяси жүйесі.
Қазақ ордасының құрылуы. Жәнібек пен Керей сұлтандар – қазақ ордасының негізін қалаушылар. Қазақ жүздерінің этникалық құрамы. Рулық ұрандар мен таңбалар.
Қазақ Ордасының қоғамдық құрылысы. «Ақ сүйектер» мен «Қара халықтың» жағдайы. Шаруалар, төлеңгіттер, құлдар.
Қазақ Ордасының саяси құрылысы. Қазақ Ордасындағы саяси ұйымның негізгі билігі – ру. Ру мүшелерішің құқығы мен міндеттері. Хан билігі. Хан сайлау. Қазақ игі-жақсыларының съезі. Билер кеңесі. Хан кеңесі. Билер. Сұлтандар. Батырлар.
15-тақырып. XV-XVIII ғ.ғ. Қазақ құқығы.
Қазақ құқығының сипаттамасы және ерекшеліктері. Қазақ құқығының зерттелуі және оның нрегізгі кезеңдері. Қазақ құқығының демоқратиялық және ізгілік бастаулары. Қазақ құқығының ресми және биресми нысандары. Қазақ құқығының алғашқы жүйеленуі. Қасым ханның қысқа жолы. Есім ханның ескі жолы. Әз-Тәукенің (Жеті Жарғысы).
Қазақ құқығындағы меншік қатынастары. Меншік түрлері. Қазақ құқығындағы міндеткерлік. Айырбас. Қарыз шарты. Рулық өзара көмек институты. Тамырлық және оның түрлері.
Қазақтың неке және отбасы құқығының бастаулары. Әйелдердің құқықтық жағдайы. Көп әйел алушылық. Әмеңгерлік. Мұрагерлік.
Қазақ құқығы бойынша мүліктік жауапкершілік. Құн. Айып. Қазақ құқығындағы қылмыс пен жазаның түсінігі. Жаза жүйесі мен оның түрлері. Қылмыстың түрлері. Қазақ құқығы бойынша сот және сот ісін жүргізу. Қазақ құқығы жүйесіндегі барымтаның орны.
16-тақырып. Жеті Жарғы.
Жеті жарғының өмірге келуінің алғы шарттары. Жеті жарғы заңының қабылдануы және оны түзудегі билердің рөлі. Жеті жарғы заңының бізге жетуі және оның нұсқалары. Жеті жарғы заңының құрылымы мен құрамы. Жеті жарғы бойынша неке және отбасы. Жеті жарғы бойынша қылмыс және жаза. Жеті жарғы бойынша сот және сот ісін жүргізудің ерекшеліктері.
VI тарау. Қазақстан Ресей империясының құрамында.
17-тақырып. Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның мемлекеттік-құқықтық салдары.
Қазақстанның Ресейге қосылуының саяси және құқықтық алғы шарттары. Бұл тарихи процестерді бағалаудағы қазіргі кезеңдегі әртүрлі көзқарастар. Кіші жүздің Ресейге қосылуы. Қазақ жүздеріндегі билікті шектеудің алғашқы нысандары. Игельстром реформасы. Кіші жүздегі 1803 ж. саяси дағдарыс. Орта жүздің Ресейге қосылуы. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты. Бөкей ордасының құрылуы. Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы жарғы». Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы. XIX ғ. 20-40 жылдардағы реформалар. 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы жарғы» 1844ж. «Орынбор қырғыздарын басқару туралы ереже». Кеңесары Касымұлының жүргізген реформалары.
18-тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік құрылысы және құқықтық жүйесі.
Қазақстанның отар ел ретіндегі жағдайы. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар және 1886-1891 жылдардағы реформалар. Қазақ құқығына енген өзгерістер. Сот және сот ісін жүргізу. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық жүйесі. I және II Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан депутаттар сайлау. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Қазақстан. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің саяси-құқықтық сипаттамасы. «Алаш», «Үш-жүз» партияларының бағдарламалары. Алашорда үкіметінің құқықтық шаралары.
VII ТАРАУ. Кеңестік Қазақстандағы мемлекет және құқық
19-тақырып. Қазақстандағы Қазан төңкеріснің жеңісі және Кеңес үкіметінің орнауы.
Қазан төңкерісінің жеңісі және оның Қазақстан аумағында қабылдануы. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнығып, нығайуы. Шетел интервенциясы мен азаматтық соғыс кезеңіндегі Қазақстан. 1919 ж. Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару туралы революциялық комитетінің құрылуы.
20-тақырып. Қазақстанның автономиялық және одақтас республика ретіндегі әкімшілік-саяси және құқықтық жағдайы.
Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Бірінші жалпықазақтық құрылтай съезі. ҚАКСР-нің еңбекшілерінің құқығы туралы Декларация. ҚАКСР-нің алғашқы декреттері. РКФСР-дің құрамындағы ҚАКСР-дің құқықтық жағдайы. Қазақстанда кеңестік құқықтық жүйесінің қалыптасуы және дамуы. 1926ж. ҚАКСР-нің Конституциясының жобасы. Қазақстандағы отырықшыландыру және ұжымдастыру. Мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік басқаруды жетілдіру. ҚАКСР-нің одақтас республикаға айналуы. 1937ж. ҚазКСР-нің Конституциясы. Ұлы Отан соғысы жылдарының Қазақстандағы мемлекет пен құқық.
21-тақырып. 1950-1990 жылдардағы Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық даму.
Мемлекеттік құрылым және мемлекеттік басқаруды дамытудың негізгі бағыттары. Тың жерлерді игерудің мемлекеттік-құқытық нысандары. Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның аумақтық кейбір өзгерістері. Қазақстанда кеңестік құқық жүйесінің одан әрі дамуы. 1978ж. ҚазКСР-нің Конституциясы.
VIII ТАРАУ. Тәуелсіз қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы.
22-тақырып. Қазақстан – тәуелсіз мемлекетретінде және оның конституциялық-құқықтық дамуы.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуындағы 1990ж. ҚазКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының тарихи-құқықтық маңызы. Қазақстан тәуелсіздігінің ресми жариялануы. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы 1991ж. Конституциялық заңы. Қазақстан тәуелсіздігінің Конституциялық негіздері. Қазақстан Республикасының 1993ж. Конституциясына тарихи-құқықтық мінездеме. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясының тарихи-құқықтық мәні. Қазақстан – 2030 бағдарламасы және Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуы. Қазақстанның мемлекеттік құрылысы мен құқықтық жүйесінің одан әрі дамуының басты бағыттары.
Достарыңызбен бөлісу: |