Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мамандық стандартына сайкес және типтік бағдарлама Қазақстанның саяси ойы негізінде әзірленген Қр бжҒм роәК 08. 306. 2006 бұйрығымен бекітілді және іске қосылды 22. 06. 06ж



Дата23.02.2016
өлшемі237 Kb.
#9627
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулды парағы




Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/30



Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

Жұмыс ОҚУ бағдарламасы

Қазақстанның саяси ойы пәні бойынша

5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған

Павлодар


Бекіту парағы жұмыс бағдарламасына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мамандық стандартына сайкес және типтік бағдарлама негізінде әзірленген







Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/31




БЕКІТЕМІН

ОЖ проректоры

________ Н.Ф.Пфейфер

«__» _________ 201__ж.


Құрастырушы: аға оқытушы Г.М.Каппасова ____________


Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Қазақстанның саяси ойы» пәні бойынша

5В050200 «Саясаттану» мамандығы студенттеріне арналған

оқу түрі жалпы орта білім негізіндегі күндізгі


Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мамандық стандартына сайкес және типтік бағдарлама Қазақстанның саяси ойы негізінде әзірленген ҚР БжҒМ РОӘК 3.08.306.-2006 бұйрығымен бекітілді және іске қосылды 22.06.06ж.
Кафедраның жиналысында ұсынылған «___»_______201__ ж.

№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Ғ.Н.Иренов «___»_______201__ ж.
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі жиналысында бекітілді

«___» _________ 201__ж. хаттама № __


ОӘК төрағасы ______________ Қ.Қ.Батталов «___» _________ 201__ж.
КЕЛІСІЛГЕН

Тарих және құқық

факультетінің деканы _____________ А.А.Ақышев «___» _________ 201__ж.
ОӘБ БЕКІТІЛДІ

ӘҚж/еЖБ бастығы _____________ А.А.Варакута «___» _______ 201__ж.

1 Пәннің мақсаты:

- Ежелгі қазақ халқының саяси ойының бастауы мен эволюциясының дамуының, қазақ ұлы ғұламалардың саяси идеяларынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі саяси ойды терең зерделеу және Қазақстанның саяси ойдың негізгі тенденциялары туралы мағлұмат беру;



Пәннің міндеттері:

  • студенттерге саяси ойдың тарихы бойынша нақты білім беру;

  • студенттік жастарды патриоттік тәрбиеге бағыттау;

  • бүгінгі Қазақстан Республикасының саясатын терең түсініп, танып білуге ықпал ету;

  • саяси үрдістерінде студенттерді бағыт алуға үйрету, фактілік материалдарды нақты білу;

  • мемлекетте, қоғамда болып жатқан қоғамдық-саяси құбылыстарға қызығушылық тудыру;

  • белсенді өмірлік позицияны тәрбиелеу;

  • қандай да бір саяси өзгерістерді талдай білуге үйрету;

  • зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерді тандап, олармен жұмыс істеуге үйрету.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:

көзқарастарын қалыптастыруы керек:

- қоғамдық-саяси және рухани-мәдени бастауын саяи ойлары жайлы;

- Қазақстанның саяси ойдын негізгі даму кезеңдері туралы;

- саяси ой тақырыбына негізгі шығармаларды.



білуі керек:

- саяси ғылымының тарихын зерттейтін қазіргі ғалымдардың еңбектерін;

- қоғамның даму теориясын әр-алуандығын, индустриалдық және постиндустриалдық теорияларын;

- саяси ойдың кешегісі мен бүгінгісі жайлы және оның келешегіне бағдар жасау туралы;

- қазақ еліндегі саяси үрдістердің даму ерекшеліктерінің және мемлекеттік-саяси модельдерінің дамуы туралы;

жасай алуы керек:

- қоғам өмірі фактілерін таңдау, тексеру, талдай алуы;

- тарихи материалды логикалық ауызша және жазбаша түрде айтуы;

тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек:

- ғылыми жұмыс дағдыларына;

- елде, әлемде болып жатқан тарихи-саяси, экономикалық үрдістерді бағалау және талдау;

- кәсіби жұмысында берілген білім және машықтарды қолдануы.



2 Алдыңғы пререквизиттер:

Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек:

- Қазақстан тарихы;

- Қазақстанның саяси тарихы;

- саяси риторика;

3 Кейінгі постреквизиттер:

Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек:

-саяси философия;

- саяси лидерлік;



-саяси билік.
4 Пән туралы мәлімет

4.1 Пәннің тақырыптық жоспары





Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша контактілік сағаттар саны

дәр

тәж

лаб

студ

индив

СӨЖ


1

Кіріспе. «Қазақстанның саяси ойының» пәні.

2













10

2

Ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани мәдениеті – әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі.


3

1










10

3

Әлеуметтік саяси ойдың дамуының түріктік кезеңі (V-XIIғ).

3

2










10

4

Қазақстанда исламның таралуы кезіндегі (ІХ-ХІІ ғғ.)әлеуметтік-саяси ойдың дамуы.

3

2










10

5

Шығыс Дешті-Қыпшақ, оңтүстік-шығыс Қазақстан халықтарының рухани мәдениетіндегі саяси идеялар (ХІІІ-ХV ғғ.)

4

2










10

6

Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы кезеніндегі саяси идеялар (ХV-XVIII ғғ.)

4

2










10

7

Қазақстанның Ресейге қосылуы және отарлануы кезіндегі саяси идеялар, ағымдар мен қозғалыстар

4

2










10

8

ХХғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық даму және саяси ой

4

2










10

9

Егемен және тәуелсіз Қазақстанда саяси мәдениет пен ой жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

3

2










10




Барлығы

30

15










90



4.2 Пәннің тақырыптық мазмұны
1 тақырып Кіріспе. «Қазақстанның саяси ойының» пәні.

Мақсаты, міндеті, әдістер, курстың мазмұны.



2 тақырып Ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани мәдениеті – әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі.

Көне түрік тайпалар Одағының құрылуы. Түркілердің далалық империясы. Бірінші түрік қағанаты (551-603 жж.). Қазақстан аумағындағы Батыс-түрік қағанаты. Түріктер империясының мұрагерлері. Түргеш қағанаты (552-756 жж.), Қарлұқ (756-940 жж.), Кимек (ІХ-ХІ ғ. басы), Оғыз (ІХ-ХІ ғғ.) мемлекеттері. Караханидтер мен қыпшақтар. Шаруашылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымы. Түріктер империясы мен оның мұрагерлеріндегі қаған мәртебесі.



3 тақырып Әлеуметтік саяси ойдың дамуының түріктік кезеңі (V-XIIғ).

Түріктердің әлеметтік-саяси мұраттары мен дүние танымы. Діні, сенімдері, мифтері. Тәңірлік. «Қасиетті» таулар (Ханғай таулары) культі – табыну. «Оғыз-наме» мен Қорқыт туралы эпостар. Қорқыт оғыз, қыпшақ ру-тайпалық одақтың қайраткері әрі ойшылы. Орталық Азия және Қазақстан көне түріктерінің жазба ескерткіштері. Орхон-Енисей тас жазба ескерткіштері: «Күлтегін»-1 мен -2, және «Тоныкөк». Олардың мазмұны мен идеялары. Түрік қағанатының бірлігі және түріктер мемлекеттігін нығайту концепциясы. Жалпыәлемдік өркениет контекстінде түрік халықтарының қоғамдық-саяси және мәдени тіршілігінің, дүниетанымының орны мен ролі.



4 тақырып Қазақстанда исламның таралуы кезіндегі (ІХ-ХІІ ғғ.) әлеуметтік-саяси ойдың дамуы.

Х-ХІІ ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяи жағдай және рухани өмір. Орта Азия мен Қазақстанда исламның таралуы. «Исламдық ренессанс», оның Қазақстанның түріктілді этностарына ықпалы. Туран ойшылары және олардың әлеуметтік-саяси идеялары. Шығыстың «екінші ұстазы» әбу Насыр әл-Фараби (850-950 ж.ж.), оның философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастары. Махмұд Қашғари, оның «Дивани лугат ат-түркі». Ж.Баласағұн, оның «Қатадгу билиг» («Құтты білік») поэмасы. Баласағунның саясат, мемлекет басқару туралы идеялары.

Қожа Ахмет Иассауидің «Диуана Хикметі» (Ақыл кітабы), оның философиялық, әлеуметтік-саяси аспектілері. Сулеймен Бақырғани мен Ахмет Йугинеки, олардың мұраларындағы әлеуметтік-саяси мәселелер.

5тақырып Шығыс Дешті-Қыпшақ, оңтүстік-шығыс Қазақстан халықтарының рухани мәдениетіндегі саяси идеялар (ХІІІ-ХV ғғ.)

Ұлуг Ұлыс және Еуразия халықтары. Дешті-Қыпшақтағы этносаяси, этномәдени процесстер. Қыпшақтық этностар, олардың тарихи ролі. Ақ Орданың көтерілуі. Ноғай ордасындағы, өзбек хандығы мен Моғолстандағы қоғамдық-саяси құрылыс. Олардың эволюциясы, қарым-қатынастары. Дешті-Қыпшақ пен Түркістан, Ұлы даланың халқы, оның материалдық және рухани мәдениеті. Байырғы түрік, монгол, және ислам мәдени дәстүрлерінің өзара әрекеттесуі және сіңісуі.

Қыпшақтық рухани мәдениет, оның әлеуметтік-саяси аспектілері. Қыпшақ мәдениеті, тілі, оның дамуы. Қыпшақ тіліндегі әдеби ескерткіштер мен жазба деректер. «Кодекс Куманикус» - ескерткіш. Қутыбтың «Хосроу және Шырын» шығармасы (Низамидің аттас поэмасының қыпшақ тіліне аудармасы). Хорезмидің «Махаббат намесі» (1353 ж.) Хусама Қатибтің «Жұмжұма Сұлтаны» (1370), Саиф Сарайдың «Гулистан бит-Түркиі» (Саади поэмасының желісі бойынша).

Көшпенділердің рухани мәдениетінің дәстүрлі жанрларының дамуы: ертегілер, ауызша халық шығармашылығы, оның жыраулық түрі. Кетбуға (ХІІІ ғ.), Сыпыра-жырау Сұрғылтайұлы, Қодан-Тайшы т.б. ақын-жыраулардың шығармалары.

Қыпшақтың (қазақтың) батырлық эпосының қалыптасуы: «Қобланды-батыр» (ХІІ ғ. Аяғы – ХІІІ ғ. басы), «Ер Сайын», «Алпамыс», «Едіге-батыр», (ХV ғ. басы), «Ер-Тарғын», «Орақ-Мамай».

6 тақырып Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы кезеніндегі саяси идеялар (ХV-XVIII ғғ.)

XIV-XV ғ.ғ. Шығыс Дешті-Қыпшақтағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, саяси процесстер. XV ғ.30-50 ж.ж. өзбек хандығындағы тарихи жағдай. Біртұтас мемлекет – Қазақ хандығының қалыптасу тарихи, саяси алғышарттары. Қазақ халқының қалыптасуы. Шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениеті. Әлеуметтік құрылымы, топтар мен категориялар. Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы хан билігі. Орталықтанған қазақ мемлекеттігінің нығаюы. Қазақ хандарының тарихи ролі, ішкі және сыртқы саясаттары: Керей, Хақ-Назар, Тәукел, Қасым, Абылқайыр, Тәуке хан. Абылай хан, оның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы ролі. Мемлекеттік қайраткер ретіндегі оның мұраттары мен принциптері.

Далалық демократия (көшпенділер демократиясы), оның ерекшеліктері. «Жеті жарғы», оның ережелереі, маңызы. Билер институты және оның әлеуметтік-саяси мәні мен маңызы. Қазақтың дәстүрлі рухани мәдениеті, оның дүние танымдық, әлеуметтік-саяси мазмұны. Қазақ фольклоры, батырлық дастандар, халықтық ертегілер, айтыстардың әлеуметтік-саяси аспектілері. Шешендік дәстүрі. Би-шешендер: Төле би, Қазыбек би, Айтеке би т.б. олардың әлеуметтік, саяси идеяларының мәні.

Тарихи, әдеби шығармалардағы қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу тарихының мәселелері. Асан Қайғы. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и-Рашидиі», Қадырғали Қосым ұлының «Жами-ат-тауарихы», Утемиш Хажының «Шынғыс намесі», Хан Абылғазының (163-1664 жж.) «Шаджара-ий тюркі» («Тріктер генеалогиясы») қазақ хандығының құрылу тарихы, оның мәселелері туралы.

Хандық дәуірдегі Қазақтың ауызша және жазба әдебиетіндегі еркіндік, отанды қорғау идеялары. Жыраулар – Қазтұған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Тәттіқара және Үмбетей шығармаларының саяси және идеологиялық аспектілері. Қазақ ақындары мен жыраулардың ХVII ғ. аяғы - XVIII бірінші жартысында Қазақстанның саяси өмірі мен тарихи оқиғаларындағы орны мен ролі. Ақтаамберді Сарыұлы (1675-1768 жж.). Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 жж.), оның қазақ халқының жонғарларға қарсы күресіндегі ролі. Бұқар Қалқаманұлы қоғамдық саяси-қайраткер, әрі ойшыл. Қожаберген жырау, оның «Елімай» атты жоқтау өлеңімен дастанының маңызы.

7 тақырып Қазақстанның Ресейге қосылуы және отарлануы кезіндегі саяси идеялар, ағымдар мен қозғалыстар

Қазақстанның Ресейге қосылуы. Оның алғышарттары. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі саяси ағымдар. Абылқайыр хан және оның ролі. Ресей империясының отарлау саясаты және оның салдарлары. Көшпелі шаруашылық жүйесі дағдырысының асқынуы.

Қазақ қоғамының экономикалық өмірі мен сяаси құрылымындағы өзгерістер. Қазақстанда хандықтың жойылуы. Қазақ өлкесін басқарудың жаңа жүйесінің ендірілуі. Ұлт-азаттық қозғалыстар: 1) Сырым Датов бастаған көтеріліс (1783-1797 жж.) 2) Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс (1836-1838 жж.), 3) Хан Кенесары Қасымов бастаған халық-азаттық күрес (1837-1847 жж.), 4) Ж.Нұрмұхамедов бастаған көтеріліс. Себептері мен мәні. Әлеуметтік-саяси мотивтері мен принциптері. ХІХ ғ. қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік, бостандық идеялары және отарлық саясатты сынау. Махамбет Өтемісов (1804-1846 жж.), оның 1836-1838 жж. Халық-азаттық көтерілістегі ролі. Өтемісов өз халқының еркіндігі мен тәуелсіздігінің жыршысы. Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881 жж.), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898 жж.) Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871 жж.). «Наурызбай-Қаншайым» поэмасы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты және тағдыры туралы.

Қазақстандағы Ресейдің отарлау саясатымен байланысты өзгерістерге әдебиеттегі сыни көзқарас. «Зар заман» ағымы деп аталған топтың ақындары: Дулат Бабатайұлы (1802-1974жж.), оның «өсиет-намесі», Шортанбай Қанайұлы (1818-1881 жж.), Мұрат Мөнкеұлы (1843-19006 жж.), Әбубәкір Кердері Шошанұлы (1858-1963 жж.). Олардың әлеуметтік-саяси әуендері мен идеялары.

Қазақстандағы ағартушылық қозғалыс, оның әлеуметтік-саяси мәні және идеялары. Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылығы. Шоқан Уалиханов (1835-1865 жж.) қазақ ағартушылығының негізін қалаушы. Уалиханов еңбектеріндегі саясат пен құқық мәселелері. Ш.Уалиханов сот реформасы және қазақ қоғамының мәселелері туралы.

Ы.Алтынсарин (1841-1889 жж.), оның прогресстік әлеуметтік-саяси идеяларды дамытуы. Ы.Алтынсариннің запискалары.

А.Құнанбаев (1845-1904 жж.), оның философиялық, әлеуметтік-саяси ілімі. Абайдың қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, адамгершілігіжақтарын сынауы. Құнанбаев шығармаларындағы әлеуметтік, адамгершілік мәселелері. Абайдың қазақ халқының келешегі, оның мәселелері, қоғамдық қатынастарын жетілдіру т.б. туралы көзқарасы.

8 тақырып ХХғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық даму және саяси ой

Империядағы және Қазақстандағы тарихи жағдай. Қазақстан – отар, ішкізат көзі. Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы және көшпелі қазақтардың жерлерін тартып алу, зорлық-зомбыылық әрекеттері.

Әлеуметтік, ұлттық отарлық қанаудың күшеюі. Болмай қоймайтын әлеуметтік тітірету және тарихи хаос қауіпі. ХХғ. Бас кезіндегі Қазақстанның саяси өмірін дамуының жаңа серпіні. Қазақстандағы ұлттық интеллигенция және идеялық-саяси ағымдар. «Шора ислами» мұсылмандық қозғалысы. Бүкіл түрік халықтарын біртұтас түрік мемлекетіне біріктіру идеясы. «Айқап» журналының, «Қазақ» газетінің идеялық саяси бағдары. Олардың дүниежүзілік соғыс және Қазақстандағы жағдайдың шиеленісуі. 1916 ж. Ұлт-азаттық көтерілісі. Көтерілістің себептері мен мақсаты, оның Жетісуда басылуы.

«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы, және оның идеологиясы. Қазақ халқының бостандығы және оның мүдделерін қорғау үшін күресу идеясы. А.Бөкейханов (1866-1937 жж.) – Қазақстандағы либералдық-демократиялық қозғалыстың идеологы, лидері. Бөкейхановтың өлкені отарлау тарихына көзқарасы. А.Байтұрсынов (1873-1937 жж.) және оның ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына үлесі. М.Дулатовтің (1885-1935 жж.) қоғамдық-саяси қызметі мен дүниетанымы «Оян, қазақ!» жинағының идеясы. М.Дулатовтың қазақ халқының тарихы,шығу тегі, оның ұлттық дамуы мәселелері туралы концепциясы. М.Сералиннің, С.Торайғыровтың, Ш.Құдайбердиевтің т.б. қоғамдық, шығармашылық қызметі. Олардың шығармаларындағы әлеуметтік-саяси аспектілері мен негізгі императивтері.

Саяси ойдың кеңестік кезендегі даму ерекшеліктері. Ақпан және қазан революцияларының (1917 ж.) жеңісі. Қазақстандағы саяси ахуал. «Алаш» партиясының құрылуы, оның бағдарламалық талаптары. «Үш жүз» партиясы. 1917 ж. Орынбордағы 1 және 2 бүкілқазақтық съездер. Алаш Орда үкіметінің құрылуы, оның қимылы және таратылуы. Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Қазақтың кеңестік мемлекеттігінің құрылуы және оның маңызы.

Елдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер. Әміршіл-әкімшілік жүйе, оның елдің қоғамдық-саяси тіршілігіне ықпалы. Тоталитарлық және еркін ойлау. Мұстафа Шоқай көрнекті қоғамдық саяси қайраткер, әрі ойшыл. Оның дүние танымы, күресі мен саяси принциптері. «Біртұтас Түркістан» идеясы. М.Тынышпаевтың дүниетанымы мен мұраттары. Т.Рысқұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың т.б. қоғамдық-саяси қызметі, идеялары мен принциптері. Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ж.Жабаеы, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллин және М. Жұмабаев шығармаларының әлеуметтік-саяси аспектілері. 1937-1938 саяси зобалаңдар және олардың Қазақстандағы рухани мәдениет пен саяси ойдың дамуына әсері. Социалистік утопиялық парадигма, оның тарихи тағдыры. Әлеуметтік-экономикалық өмірдегі «ұлы бетбұрыстар», бұрмалау мен алатопалаңдар. СОКП сааясаты және оның саяси өмір мен ұлттық қатынастарға ықпалы. 1986 ж. Желтоқсандағы Алматы оқиғасы, оның себептері мен маңызы.

Д.А.Қонаев тарихтың кеңестік дәуірінің көрнекті мемлекеттік қайраткері, әрі ойшылы. Оның еңбектері мен мемуарлық жұмыстарының әлеуметтік-саяси аспектілері.

9 тақырып Егемен және тәуелсіз Қазақстанда саяси мәдениет пен ойжүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, оның қалыптасуы және жүзеге асуы.

Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігі – тарихи дамудың заңды нәтижесі. Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация және оның саяси маңызы. Қазақстанда ұлттық мемлекеттіліктің және оның ішкі және сыртқы саясатының қалыптасуы. Қоғам мен мемлекеттің тіршілік-қызметінің негізгі бағыттарын реформалау және оның мәселелері. Тоталитарлық мұраны жеңу және демократиялық саяси жүйеге өту. Президенттік басқару институты, құқықтық мемлекет пен парламенттіктің қалыптасуы. Қоғамның жаңа саяси және партиялық жүйесінің қалыптасуы мен қызмет етуі.

Мемлекеттік сәйкестілік, Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік және мәдени дамуы және ішкі рухани және психологиялық ынтымақтасу. Діни жаңғыру.

Қазақстан тіл саясатының тұжырымдамасы. Қоғамның тұрақтылығы мен этносаралық қатынастарды үйлестіру және оны жүзеге асыру шаралары. Қазақстанның және қазақ халқының шын тарихы тұжырымдамасының қалыптасуы.

Қоғамды демократияландыру мен жаңарту тұжырымдамасы және оның негіз қалаушы элементтері. Қоғамды демократияландыру мен жаңару мәселесі. Демократиялық Қазақстан, оны құрудың негізгі міндеттері, кеңауқымды бағдарламасы. Мемлекеттік билік жүйесін жетілдіру және құқықтық мемлекетті құру. Қазақстанда партиялық демократияны дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару мен азаматтық қоғам институттарының қалыптасу мәселелері. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін нығайту тұжырымдамасы. Қазіргі жаһандану жағдайындағы Қазақстан Республикасы – оның сыртқы саясатының негізгібасымдықтары мен геосаяси принциптері.

Қазақстан Республикасының дамуының өзекті әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелері, оның алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде дамытылуы. Тәуелсіз Қазақстан дамуының негізгі бағыттары мен басымдықтары туралы. Қазақстанның 2030-ға дейінгі кезендегі даму стратегиясы. «Тарих толқынында» атты кітаптің негізгі идеялары.

Ә.Кекілбаев, О.Сүлейменов т.б. қоғамдық-саяси қызметтері және дүниетанымдық принциптері мен идеялары.


4.3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны және тізбесі
Тәжірибелік сабақ № 1 Ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани мәдениеті – әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі.

1 Қазақ халқының әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі мен айыпмашылығы.

2 Көне заманындағы қазақ еліндегі тайпалардың қоғамдық және мемлекеттік құрылуы.

3 Қазақстандағы көне адамдардың діні, мифтері және сенімдері.



Тәжірибелік сабақ № 2,3 Әлеуметтік саяси ойдың дамуының түріктік кезеңі (V-XIIғ).

1 Түріктердің әлеметтік-саяси мұраттары мен дүние танымы.

2 Діні, сенімдері, мифтері. Тәңірлік.

3 «Оғыз-наме» мен Қорқыт туралы эпостар.

4 Орхон-Енисей тас жазба ескерткіштері: «Күлтегін»-1 мен -2, және «Тоныкөк». Олардың мазмұны мен идеялары.

Тәжірибелік сабақ № 4, 5 Қазақстанда исламның таралуы кезіндегі (ІХ-ХІІ ғғ.) әлеуметтік-саяси ойдың дамуы.

1 Орта Азия мен Қазақстанда исламның таралуы.

2 Туран ойшылары және олардың әлеуметтік-саяси идеялары.

3 әбу Насыр әл-Фараби (850-950 ж.ж.), Махмұд Қашғари, Ж.Баласағұн, олардың философиялық, әлеуметтік-саяси көзқарастары.

4 Қожа Ахмет Иассауидің «Диуана Хикметі» (Ақыл кітабы), оның философиялық, әлеуметтік-саяси аспектілері.

5 Сулеймен Бақырғани мен Ахмет Йугинеки, олардың мұраларындағы әлеуметтік-саяси мәселелер.



Тәжірибелік сабақ № 6, 7 Шығыс Дешті-Қыпшақ, оңтүстік-шығыс Қазақстан халықтарының рухани мәдениетіндегі саяси идеялар (ХІІІ-ХV ғғ.)

1 Алғашқы көне қазақтардың орталықтандырылған мемлекетінің қалыптасуы.

2 Қыпшақ мәдениеті, тілі, оның дамуы. Қыпшақ тіліндегі әдеби ескерткіштер мен жазба деректер.

3 «Кодекс Куманикус» - ескерткіш.

4 Қутыптың «Хосроу және Шырын» шығармасы (Низамидің аттас поэмасының қыпшақ тіліне аудармасы). Хорезмидің «Махаббат намесі» (1353 ж.) Хусама Қатибтің «Жұмжұма Сұлтаны» (1370), Саиф Сарайдың «Гулистан бит-Түркиі» (Саади поэмасының желісі бойынша).

5 Көшпенділердің рухани мәдениетінің дәстүрлі жанрларының дамуы: ертегілер, ауызша халық шығармашылығы, оның жыраулық түрі. Кетбуға (ХІІІ ғ.), Сыпыра-жырау Сұрғылтайұлы, Қодан-Тайшы, Асан Қайғы т.б. ақын-жыраулардың шығармалары.

6 Қыпшақтың (қазақтың) батырлық эпосының қалыптасуы: «Қобланды-батыр» (ХІІ ғ. Аяғы – ХІІІ ғ. басы), «Ер Сайын», «Алпамыс», «Едіге-батыр», (ХV ғ. басы), «Ер-Тарғын», «Орақ-Мамай».

Тәжірибелік сабақ № 8, 9 Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы кезеніндегі саяси идеялар (ХV-XVIII ғғ.)

1 Қазақ халқының қалыптасуы. Шаруашылығы, тұрмысы мен мәдениеті. Хан билігі орталықтанған қазақ мемлекеттігінің нығаюы.

2 Қазақ хандарының тарихи ролі, ішкі және сыртқы саясаттары: Керей, Хақ-Назар, Тәукел, Қасым, Абылқайыр, Тәуке хан. Абылай хан, оның қазақ мемлекеттігін нығайтудағы ролі.

3 Далалық демократия (көшпенділер демократиясы), оның ерекшеліктері. Қазақтың дәстүрлі рухани мәдениеті, оның дүние танымдық, әлеуметтік-саяси мазмұны.

4 Тарихи, әдеби шығармалардағы қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасу тарихының мәселелері. Асан Қайғы. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и-Рашидиі», Қадырғали Қосым ұлының «Жами-ат-тауарихы», Утемиш Хажының «Шынғыс намесі».

5 Қазақ фольклоры, батырлық дастандар, халықтық ертегілер, айтыстардың әлеуметтік-саяси аспектілері. Шешендік дәстүрі.

6 Хандық дәуірдегі қазақтың ауызша және жазба әдебиетіндегі еркіндік, отанды қорғау идеялары. Жыраулар – Қазтұған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Тәттіқара және Үмбетей шығармаларының саяси және идеологиялық аспектілері.

7 Қазақстанның саяси өмірі мен тарихи оқиғаларындағы орны мен ролі. Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768 жж.). Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 жж.), оның қазақ халқының жонғарларға қарсы күресіндегі ролі.



Тәжірибелік сабақ № 10, 11 Қазақстанның Ресейге қосылуы және отарлануы кезіндегі саяси идеялар, ағымдар мен қозғалыстар

1 Қазақстанның Ресейге қосылуы. Оның алғышарттары.

2 Қазақстанның Ресейге қосылуы кезіндегі саяси ағымдар. Абылқайыр хан және оның ролі. Ресей империясының отарлау саясаты және оның салдарлары. Көшпелі шаруашылық жүйесі дағдырысының асқынуы.

3 ХІХ ғ. қазақ әдебиетіндегі тәуелсіздік, бостандық идеялары және отарлық саясатты сынау. Махамбет Өтемісов (1804-1846 жж.), оның 1836-1838 жж. Халық-азаттық көтерілістегі ролі.

4 «Зар заман» ағымы деп аталған топтың ақындары: Дулат Бабатайұлы (1802-1974жж.), оның «өсиет-намесі», Шортанбай Қанайұлы (1818-1881 жж.), Мұрат Мөнкеұлы (1843-19006 жж.), Әбубәкір Кердері Шошанұлы (1858-1963 жж.). Олардың әлеуметтік-саяси әуендері мен идеялары.

5 Шоқан Уалиханов (1835-1865 жж.) қазақ ағартушылығының негізін қалаушы. Уалиханов еңбектеріндегі саясат пен құқық мәселелері. Ш.Уалиханов сот реформасы және қазақ қоғамының мәселелері туралы.

6 Ы.Алтынсарин (1841-1889 жж.), оның прогресстік әлеуметтік-саяси идеяларды дамытуы. Ы.Алтынсариннің запискалары.

7 Абайдың қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық, адамгершілігі жақтарын сынауы.



Тәжірибелік сабақ № 12, 13 ХХғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық даму және саяси ой

1 ХХғ. бас кезіндегі Қазақстанның саяси өмірін дамуының жаңа серпіні.

2 Либералдық-демократиялық қозғалыс, және оның идеологиясы. А.Бөкейханов (1866-1937 жж.) – Қазақстандағы либералдық-демократиялық қозғалыстың идеологы, лидері. А.Байтұрсынов (1873-1937 жж.) және оның ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына үлесі. М.Дулатовтің (1885-1935 жж.) қоғамдық-саяси қызметі мен дүниетанымы М.Дулатовтың қазақ халқының тарихы,шығу тегі, оның ұлттық дамуы мәселелері туралы концепциясы.

3 М.Сералиннің, С.Торайғыровтың, Ш.Құдайбердиевтің т.б. қоғамдық, шығармашылық қызметі. Олардың шығармаларындағы әлеуметтік-саяси аспектілері мен негізгі императивтері.

4 «Алаш» партиясының құрылуы, оның бағдарламалық талаптары. «Үш жүз» партиясы. Саяси мақсаттары және идеалдары.

5 Ақпан және қазан революцияларының (1917 ж.) жеңісі. Қазақстандағы саяси ахуал. Орынбордағы 1 және 2 бүкілқазақтық съездер. Алаш Орда үкіметінің құрылуы, оның қимылы және таратылуы.

6 Мұстафа Шоқай көрнекті қоғамдық саяси қайраткер, әрі ойшыл. Оның дүниетанымы, күресі мен саяси принциптері. М.Тынышпаевтың дүниетанымы мен мұраттары. Т.Рысқұловтың, С.Садуақасовтың, С.Қожановтың т.б. қоғамдық-саяси қызметі, идеялары мен принциптері.

7 1986 ж. желтоқсандағы Алматы оқиғасы, оның себептері мен маңызы. Д.А.Қонаев тарихтың кеңестік дәуірінің көрнекті мемлекеттік қайраткері, әрі ойшылы.



Тәжірибелік сабақ № 14, 15 Егемен және тәуелсіз Қазақстанда саяси мәдениет пен ойжүйесінің қалыптасуы мен дамуы

1 Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларация және оның саяси маңызы. Қазақстанда ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы.

2 Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік және мәдени дамуы және ішкі рухани және психологиялық ынтымақтасу.

3 Қазақстан тіл саясатының тұжырымдамасы.

4 Қазақстан Республикасының дамуының өзекті әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелері, оның алғашқы президенті Н.Ә.Назарбаев еңбектерінде дамытылуы

5 Ә.Кекілбаев, О.Сүлейменов т.б. қоғамдық-саяси қызметтері және дүниетанымдық принциптері мен идеялары.


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 Студенттің өздік жұмысының тізімі





СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағат саны

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындық және үй жұмысының орындалуы

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысуы

30

3

Аудиториялық сабақтарға енбейтін материалдарды оқу

Конспект

Ауызша

40

4

Бақылау жұмысы шараларына дайындалу



МБ 1, МБ 2

5



Барлығы





90


1 тақырып Кіріспе. «Қазақстанның саяси ойының» пәні.

Мақсаты, міндеті, әдістер, курстың мазмұны.



2 тақырып Ежелгі этномәдени қауымдастықтардың рухани мәдениеті – әлеуметтік-саяси ойдың қайнар көзі.

1 Көне түрік тайпалар Одағының құрылуы.

2 Караханидтер мен қыпшақтар. Шаруашылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылымы.

Ұсынылған әдебиет: [1] 66 – 79 б., [3] 104 – 114 б.


3 тақырып Әлеуметтік саяси ойдың дамуының түріктік кезеңі (V-XIIғ).

1«Қасиетті» таулар (Ханғай таулары) культі – табыну.

2 Түрік қағанатының бірлігі және түріктер мемлекеттігін нығайту концепциясы.

3 Жалпыәлемдік өркениет контекстінде түрік халықтарының қоғамдық-саяси және мәдени тіршілігінің, дүниетанымының орны мен ролі

Ұсынылған әдебиет: [1] 80 – 96 б., [3] 211 – 214 б.

4 тақырып Қазақстанда исламның таралуы кезіндегі (ІХ-ХІІ ғғ.) әлеуметтік-саяси ойдың дамуы.

1 Х-ХІІ ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстандағы қоғамдық-саяи жағдай және рухани өмір.

2 «Исламдық ренессанс», оның Қазақстанның түріктілді этностарына ықпалы.

Ұсынылған әдебиет: [2] 110 – 126 б., [4] 68 – 85 б.



5 тақырып Шығыс Дешті-Қыпшақ, оңтүстік-шығыс Қазақстан халықтарының рухани мәдениетіндегі саяси идеялар (ХІІІ-ХV ғғ.)

1 Ұлуг Ұлыс және Еуразия халықтары. Дешті-Қыпшақтағы этносаяси, этномәдени процесстер.

2 Ноғай ордасындағы, өзбек хандығы мен Моғолстандағы қоғамдық-саяси құрылыс.
6 тақырып Қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы кезеніндегі саяси идеялар (ХV-XVIII ғғ.)

1 «Жеті жарғы», оның ережелереі, маңызы.

2 Билер институты және оның әлеуметтік-саяси мәні мен маңызы.

Ұсынылған әдебиет: [1] 129 – 1626 б., [4] 88 – 104 б.



7 тақырып Қазақстанның Ресейге қосылуы және отарлануы кезіндегі саяси идеялар, ағымдар мен қозғалыстар

1 Абылқайыр хан және оның ролі.

2 Көшпелі шаруашылық жүйесі дағдырысының асқынуы.

3 «Наурызбай-Қаншайым» поэмасы Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың сипаты және тағдыры туралы.

Ұсынылған әдебиет: [2] 176 – 186 б., [8] 101 – 114 б.

8 тақырып ХХғ. бас кезіндегі Қазақстандағы қоғамдық даму және саяси ой

1 Империядағы және Қазақстандағы тарихи жағдай. Қазақстан – отар, ішкізат көзі. Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы және көшпелі қазақтардың жерлерін тартып алу, зорлық-зомбылық әрекеттері.

2 «Шора ислами» мұсылмандық қозғалысы.

3 Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасуы. Қазақтың кеңестік мемлекеттігінің құрылуы және оның маңызы.

Ұсынылған әдебиет: [1] 180 – 189 б., [8] 131 –214 б.

9 тақырып Егемен және тәуелсіз Қазақстанда саяси мәдениет пен ой жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

1 Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз даму парадигмасы, оның қалыптасуы және жүзеге асуы.

2 Қазақстанның 2030-ға дейінгі кезендегі даму стратегиясы.

Ұсынылған әдебиет: [2] 192 – 196 б., [6] 111 – 214 б.



5 Әдебитеттер тізімі


Негізгі:

1 Мұсатаев С.Ш. Қазақстанның саяси ойы: оқу құралы Алматы: «Print-S», 2009

2 Нұрымбетова Г.Р. Саяси ілімдер тарихы: оқу құрал Алматы: Білім, 2008

3 Мұхамедов М. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы: оқулық Алматы: заң әдебиеті, 2007



қосымша:

4 Әбдіғалиев Б.Б. Саяси ой тарихы Алматы: «Үш-қиян», 2003

5 Әлемдік саясат антологиясы (10 томдык) Алматы: Қазақстан, мәдени мұра 2006

6 Дьячкова Н.Н. История политических правовых учений. Учебное пособие для вузов. М:Академический проект, 2003




Мамандықтың жұмыс оқу бағдарламасынан көшірме





Нысан

ПМУ ҰС 7.18.3/32




Оқу жоспарының жұмыс көшірмесі

5В050200 «Саясаттану» мамандық бойынша

«Қазақстанның саяси ойы» пәні




Оқыту формасы

Пәннің көлемі

Семестр бойынша бақылау формасы

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыс көлемі

кредиттер

академиялық сағат

кредиттер

Аудиториялық сабақтар

(ак.сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



барлығы

ауд

СӨЖ

емтихан.

сынақ

КП

КЖ

барлығы

дәрістер

тәж.

лаб

барлығы

СӨЖМ

күндізгі ЖОБ

3

135

45

90

3










3

3

45

30

15




90

45
















































Кафедра меңгеруші _____________ Г.Н.Иренов «___»__________ 2011 ж.



11 Курс саясаты

Академиялық тәртіп пен әдептің саясаты С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.

Оқытушы және студент бір-біріне құрметпен қарауға тиіс.

Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей келіп, барлық сабақтарға дайындалып, сабақтарда белсенді болсаңыз және барлық тапсырмаларды сапалы және дер кезінде орындасаңыз бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген максималды балды аласыз.

Бақылау шараларының күнтізбелік кестесін, сабақтардағы белгіленген тәртіпті бұзу және сабаққа кешігу балды жоғалтуға әкеледі.

Оқу үрдісіне қатысу сабаққа қатысуды, дайын болуды және белсенді болуды білдіреді.



дәріс және тәжірибе сабақтарында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің ішкі тәртіп ережелерін бұзуға болмайды: дәріс сабақтарында кешігуге, ұялы телефондарды қосуға, рұхсатсыз сөйлесуге, аудиторияда өз бетінше жүруге, сағыз шайнауға, сырт киім және бас киіммен кіруге, оқытушыға дәріс оқуға кедергі келтіруге тыйым салынады.

Сіздердің тәжірибелік сабаққа дайындықтарыңыз ауызша сұрау, үй тапсырмасын орындау, топпен жұмыс істеу арқылы тексеріледі. Тәжірибе сабағына алдын-ала дайындалу қажет. Егер Сіз кешікпей, ешқандай ескертусіз сабаққа қатыссаңыз 1 балл аласыз, ал сабаққа дайындалмасаңыз тек қатысуыңызға ғана балл қойылады.

Оқытушы тәртіп талаптарын бұзғаны үшін студентті сабақтан шығаруы мүмкін. Мұндай жағдайда сабаққа қатысу баллы қойылмайды. Егер Сіз себеппен сабақты босатқан болсаңыз, босатылған сабақты мұғалімнің қабылдау уақытында тапсыруыңызға болады.

Әрбір семестрде екі межелік бақылау қарастырылған, олар тест тапсырмаларын тапсыру түрінде жүргізіледі. Бірінші межелік бақылау 1-7 тақырыптарды, екінші межелік бақылау 8-14 тақырыптарды қамтиды. Сонымен қоса бір семестрде екі рет ағымдағы үлгерімнің қорытынды баллы анықталады (рейтинг). Егер ол 50 баллдан төмен болса, қанағаттанарлықсыз бағасына сәйкес келеді.

Егер Сіз ағымдағы тапсырмаларды орындауда 50 баллдан төмен алсаңыз, межелік бақылауды тапсыруға жіберілмейсіз. Егер межелік бақылауға қатыспасаңыз, Сіздің рейтингіңіз анықталмайды.

Емтихан тапсыруға жіберілу үшін 1 және 2 рейтинг қорытындылары бойынша жағымды баға алуыңыз керек. Емтихан мониторинг бөлімімен жүргізіледі, яғни тест түрінде. Емтиханға 50 тест тапсырмасы және 75 минут беріледі.



Егер Сіз емтиханда қанағаттанарлықсыз бағасын алсаңыз (50 баллдан төмен), онда пән бойынша Сіздің қорытынды бағаңыз анықталмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет