Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) аз симптомдык түрі көбіне жас шақта кездеседі. Күш түсксннен кейін буындар ауырады, сыртылдауы байқалады, кейде Гебердсн түйіндсрі пайда болады. Буыңдардың функциясы бүзылмайды. Рентгендік өзгерістер І-Ш сатыдан аспайды және болатын өзгерістер бір немесе бірнеше буындарда ғана байқалады.
Баяу орістейтін барысы барлық жаста бола береді. Буындардың өзгсрісі, аурудың басталуынан 5 жылдан кейін, біртіндеп қалыптаса-ды. Бұл остеартроздың ең жиі түрі.
Остеоартроздың ауырлау келетін тез орістейтін барысы жас шақта ксздеседі. Буын өзгерістері, аурудың басталуынан 5 жылдың ішінде тез дамиды. Көптеген буындар бір уақытта зақымданады, Геберден, Бушар түйіндері пайда болады, буыңдар деформацияланады. Сонымен бірге периартрит, синовиит, бұлшықет атрофиясы, неврологиялық бүзылыстар ерте қосылады.
Деформациялаушы остеоартроздың (ДОА) кейбір зақымдану түрлері
Саусақ буындарының зақымдануы —көбіне климакс шағындағы әйелдерде байқалады. Басым зақымданатын —саусақтың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттср буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Дистальді буындардың түйіндері — Геберден, ал ортаңғы фалангааралық буындардікі — Бушар түйіндері деп аталады. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндср шыққан соң, бұл белгілер басылады. Саусақ-тарда түйіндердің бар-жоғына қарай остеартроздың түйінді және түйінсіз түрлерін айырады.
Түйінді остеоартроз түқымқуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында (әжесінен немересінс дейін) таралады. Түйіндер остеоартроздың нашар белгісіне жатады. Қол үшымен, әсіресе суык суда, кэп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқтк болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді.
Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермсн айналысатын адамдарда бас бармақтың білезік-алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады.
Гоноартроз — әйелдердс жиілеу ксздеседі (1-сурет). Тізелер баспал-дақпен түскенде немесс көтерілгенде көбірек ауырады. Әдетте екіншілік синовиитпен жүреді. Ақырында аяқтың варустық "X", сиректеу — вальгустық "0" тәрізді деформациясы калыптасады. Орготеин (супероксиддисмутаза) - антиоксиданттық корғаныс жүйесінің басты ферменті. Қабынуды тез басады, сондыктан синовит болғанда тиімді әсер етеді. Оны 0,004 г аптасына бір рет буынға салады. Әсері 3 айға созылады.
Физиотерапия. Базистік емнің бір саласы — физиотерапия. Шеміршектің, сүйектің метаболизмін күшейтіп, деструкциясын бөгейді. Буындар ауырсынып, ішінде сұйықтық жиналса гидрокортизон мен фонофорез, эритемалық дозадағы ультракүлгін сәулесі, новокаин және анальгинмен электрофорез, динамикалық тоқ колданылады.
Реактивті синовиит болмағанда - жергілікті қыздыру шаралары тиімді: озокерит, парафин, балшық аппликациялары және ДМСО аппликациялары, локальді баротерапия.
Буындардың ауырсынуын басу және реактивтік синовиитті емдеу. Ауырсыну мсн кабынуды жою үшін аз уақыт (5-7 күн) ауырғандык басылғанга дейін стероидтык емес кабынуға қарсы дәрмектсрді қолда-нады (индометацин, флугалин, сургам, вольтарен, пироксикам т.б.).
Бұларды ұзак қолданса, шеміршектің дегенерациясын күшейтеді дсген пікірлер бар. Бірақ пироксикам мен вольтарен айтарлықтай дистрофиялық әсер етпейді. Остеоартроздың емінде стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмсктерден шеміршекке зиян келтірмсйтін түрлері тиімді — нимесулид (найз) 100-200 мг тәулігіне.
Синовииттің емінде буын ішіне протеолиз ингибиторларын, ПВП-ны, гидрокортизонды енгізеді және жоғарыда айтылған физиотерапиялық шараларды қолданады.
Ауырсынуды басатын майлар мсн аппликациялар. Ауырсыну мен қабынуды басу үшін индомстацин, бутадион майын, гель түріндегі диклофенак немесе вольтаренді, никофлексті (капсацин + этилнико-тинат + этиленгликолсалицилат + лаванда майы), финалгонды қолда-нады. Майды буынның бетіне ысқылап жағады. Май немесе гельден компресс жасайды. Бұларды димексидпен қосып колданса, емдік әсері жогарылайды (қолдану әдісі ревматоидтық артриттің емінде берілген). Мысалы, мынадай құрамы күрделі аплликацияларды жасайды: гидрикортизон ацетатының суспензиясы 2,5% - 5 мл; супрастиннің 2% ерітіндісі — 2 мл (немесе 1% тримекаин ерітіндісінің 3 мл); калий йодының 3% ерітіндісінің 50 мл; димексидтің 50% ерітіндісінің - 50 мл компресс түрінде жатар алдында.
Өт және қызыл бұрыш қосылған камфорлық аппликация: медициналық әттің 250 мл, камфорлық спирттің 160 г және үсақталған ащы қызыл бұрыштың 2-3 данасын косып, қоңыр шыныда 7 күн ұстайды. Содан кейін компресс жасайды. Компресті 2-6 сағатқа дейін ұстауға болады. Ем курсы — 5-10 процедура. Буындардың ауырсынуын "хондроксид" майы жақсы басады.
Достарыңызбен бөлісу: |