ЖҰмыс бағдарламасы семей 2014 глоссарий аллювий өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тастар және т б


Тарау бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет18/22
Дата08.07.2016
өлшемі1.91 Mb.
#184423
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Тарау бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Топырақ ауасы дегеніміз не?



2. Топырақтың тірі бөлігі деп нені айтады?

3. Тірі организмдердің топырақ қара шірігін түзудегі рөлі қандай?



4. Топырақтағы фосфор дегеніміз не?

5. Топырақтағы калий дегеніміз не?

Дәріс 13.

Торыпақтың табиғи зоналдылығы.

1 Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары және оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен әсері


Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі –топырақ географиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың Жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді. Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Өйткені кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстары, жер бедері және олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әртүрлі.

Жер бетінің топырақ жамылғысын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

XIX ғасырдың аяғында топырақтану ғылымының негізін қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ қасиеттерімен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен байланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын – топырақтардың ендіктерге сәйкес орналасуын ашты. Ол өзінің «Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда ... – қара топырақтар, күлгін топырақтар, т.б. жер бетінде, климатқа, өсімдік дүниесіне сәйкес тәртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс», – деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының нұсқалық картасын дайындап, оны 1900 жылы Парижде әлемдік көрмеде көрсетті. Осы картада бес әлемдік: 1) бореалды немесе арктикалық; 2) орманды; 3) далалық қара топырақты; 4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған және лессті шөлдерге бөлінеді) 5) латеритті аймақтар көрсетілді. Бұл картада аймақтар Солтүстік жарты шар материктерінде ендіктерге сәйкес орналасқан болып келеді. Топырақтану ғылымының әрі қарай дамуына және Жер шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналуына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бойынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада «топырақтардың таралуының көлденең аймақтық заңдылығы», – деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарында топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сәйкес келуі байқалды. Осындай құбылыстардың басты себебі, әрбір алқаптың мұхиттарға немесе орталық құрлық аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына, яғни аймақтың климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты болып келетіні.

Кейінгі жылдары дайындалған әлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сәйкес орналасуы және басқада топырақ таралу құбылыстары көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, Е. В. Лобова, 1976).

В. В. Докучаев топырақтың аймақтарға бөлініп таралуы таулы өлкеде де байқалатынын анықтады. Кавказ тауларында етегінен бастап жоғары көтерілген сайын, оның табиғатының және топырақ жамылғысының өзгеруін бақылап, зерттеп топырақтардың таулы өлкеде тік аймақ болып таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаевтың айтуынша, жер үстінің биіктігі өскен сайын әрқашанда топырақ түзуші факторлар – климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап, оның үстіне көтерілген сайын заңды түрде өзгеріп отыруы тиіс. Яғни топырақтар таулы өлкеде де аймақ болып кезектесіп орналасады, бірақ ол көлденең бағытта емес тік бағытта байқалады.

Қазіргі кезде құрлық бетінде топырақ-климаттық белдеулер анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суббореалдық, субтропикалық және тропикалық белдеулер жатады. Бұл белдеулерде оларға тән, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері кездеседі. Ол типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді.

Топырақ-климаттық белдеулер топырақ-биоклиматтық облыстарына бөлінеді. Олардың атмосфералық ылғалдануының және өсімдік дүниесінің ерекшеліктері болады. Топырақ-биоклиматтық облыстары:

- орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар ылғалды облыс;

- далалық, ксерофитты-орманды немесе саванналы өсімдік жамылғысы бар далалық облыс;

- шөлейттің немесе шөлдің өсімдіктері жамылғысы бар құрғақ облыс болып бөлінеді.

Топырақ-климаттық белдеулерге қарағанда, биоклиматтық-топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар және оларға сәйкес интра аймақтық топырақ типтері кездеседі. Сондықтан әр биоклиматтық-топырақ облысы ішінде 2-3 топырақ аймағы кездеседі.

Топырақ аймағы – бір немесе екі аймақтық топырақ типінің және осыларға сәйкес интра аймақтық және аймақ ішіндегі топырақ типтері таралған жер кеңістігі.

Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ фацияларына және провинцияларына бөлінеді.



Топырақ аймақшасы – топырақ аймағына сәйкес таралған бір топырақ типшесі таралған жер аумағы.

Топырақ фациясы – жылу режимінің және жыл мерзімдері ішінде ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.

Топырақ өлкесі (провинциясы) – жылу режимі және жыл мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ фациясының бір бөлігі.

Топырақ округы және топырақ ауданы – жер бедерінің және топырақ түзуші тау жыныстарының ерекшелігіне байланысты қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.

Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар. Организмнің қарқындылыққа немесе әсер ету күшінің факторына реакциясын жатқызуға болады. Жетімсіз немесе шамадан артық әсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.

Алуан түрлі тіршілік иелерінің әртүрлі жағдайларда өздерін өте жақсы сезінулері бірдей емес. Мәселен, ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды топырақты (капуста, қант қызылшасы), гүлді капуста көлеңкелі салқынды, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты (қауын) ұнатады. Осы факторлар өсімдіктің өсу жағдайына өте маңызды ықпал жасайды. Бақылау нүктесінен барынша өсуі – оңтайлылық деп аталады. Бұл әдеттегідей – температураның көлеміне жатады. Жағымды күш әсерінің факторы (мөлшері) осы организм түріне оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азынан (минимум) көбіне (максимум) дейін бар аралықта температура кезінде өсуге мүмкіндігі барды диапозон (көлемінің) тұрақтылығы дейді. Шектелу нүктесінен, яғни төмен мен жоғарының аралығы тіршілікке қолайлы температура – тұрақтылықтың шегі немесе сол түрдің шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторға қатысы бойынша шыдамдылық дәрежесін экологиялық валенттілік деп атайды. Организмнің экологиялық валенттілігі оның әр алуан ортаға қоныстану қабілеттілігін көрсетеді.
Топырақтың көлденең зоналдығы

Ұлы орыс даласының ауқымдылығына байланысты топырақтың кең немесе көлденең зоналық ілім пайда болды. Шынында да КСРО ның еуропалық бөлігінде, сондай ақ Батыс Сібірде қозғалысқа байланысты Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауынан оңтүстікке қарай нақты ретті табиғи, яғни топырақ зоналарының географиялық белдеуінің ауысуы байқалады. Солай, арктикалық белдеуге арктикалық шөлді және кәдімгі гумустық қабат сәйкес; тундралық зонаның шегінде субарктикада олардың кең зоналары (арктикалық, кәдімгі, оңтүстік тундра және орман тундрасы) әртүрлі тундралы глейлі топырақтардың және жертезекті қосындыларынан бөлінеді. Оңтүстікке қарай бореалды пояста, тайга зонасы топырақтың басымдылығымен аралас орман зонасы ауыстырады. Онда әрі кең суббореалды белдеу жатыр, онда жүйелі түрде солтүстіктен оңтүстікке қарай зоналар бір бірін алмастырады: жалпақжапырақты ормандар қоңыр және сұр орманды топырақпен; жазықтар типті, кәдімгі, оңтүстік қара топырағымен; құрғақ жазықтар сыналауы және түсіп қалуы жартылай шөлді қоңыр және тұзды топырақтармен; шөлейт сұр қоңырмен, жартылай бекітілген және массивті бұзылған құммен тақырлы топырақпен, тақырмен алмасады. Әрі қарай субтропик шегінде топырақ зонасының жүйелі қатарын анықтауға болады, бірақ олар ауқымды болмайды, көбінесе, арал түрінде болады.

Әр табиғи зона бір топырақ типімен сипатталмайтындықтан, яғни белгілі жиынтықпен, кейде өте көп бір-бірімен қосылған, бірақ түрлі топырақ типтерімен генетикалық байланыссыз болғандықтан, топырақ жамылғысының зональды жүйесі жайлы ұғым енгізілді (Фридланд В.М., 1972) бұл топырақ типтерінің әр зонаға спецификалық сәйкестілігін білдіреді.

А. Ю. Ливеровский айтуы бойынша (1965), топырақ зонасы ол –белгілі типтің топырақ үйлесімділігі, құрамына бір немесе бірнеше жазықтық топырақ типтерімен қоса олармен қосылған интразоналық жағдайда дамитын топырақ типтері кіретін ареал.

Солтүстік және оңтүстік жартышарларына, экваторлық, тропикалық және субтропикалық белдеулерде алмасу және көлденең топырақты зоналардың жүйелігінде белгілі ассиметрия байқалады. Мысалы, оңтүстік жарты шардың бореалды зонасы, оның шекарасында мұхитты аралдар орналасқан: Фолклендті (Мальвинді), Оңтүстік Сандвичтері, Оңтүстік Георгия және т.б. ормансыз, ал тундра зоналары мүлдем толықтай жоқтың қасы.
Топырақтың жіктелуі

Топырақтар табиғи әрі тарихи дене болғандықтан, оларды біліп, түсіну, тиімді пайдалану үшін бір ретке келтіріп жүйелеу қажет. Мұны топырақты классификациялау деп атайды. Топырақты классификациялау жұмыстарының күрделілігі сол – ол жүйеленуге тиісті топырақтардың барлық қасиеттерін, олардың пайда болып, түзілу құбылыстарын, топырақ тузуші факторлардың тигізетін әсерлерін, адам қоғамының әсерін, яғни табиғи-тарихи әдістерді қолдану қажет. Топырақтардағы кездесетін комплексті белгілерін тауып, солар арқылы оларды әртүрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге бөлу қажет. Топырақтың қасиеттері мен кейбір белгілері тұрақты және өзгеріп тұратын қасиеттер мен белгілерге бөлінеді. Мәселе – оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін ажырата білу. Сонымен қатар, топырақтардың өздерінің одан да күрделі және жоғарғы комплекс ландшафтардың бір бөлігі екенін ескергеи жөн. Осыған байланысты топырақтардың көптеген қасиеттерінің өздері оның геохимиялық байланысқан ландшафтарының қай бөліктеріне орналасуымен анықталатыны түсінікті. Бұл жағдайлардың барлығын ескеріп, қамту өте күрделі мәселе. Әлемде осы күнге шейін топырақтардың барлық жағдайларын ескеріп, үйлесімді жасалған классификациясы (жүйелеу) жоқ. Әр ел (мәселен, бұрынғы Кеңестер Одағы, француздар, американдықтар, канадалықтар. австралиялықтар, т.б.) өзінше бұл мәселемен шұғылдануда.

Топырақтану ғылымының негізін калаған В. В. Докучаев болғандықтан, топырақтарды классификациялау да Ресейде дұрыс жолға қойылғандығын дүниежүзі ғалымдары мойындайды. Сондықтан біз І886 жылы В. В. Докучаев жасаған топырақтарды классификациялау принциптерін келтіреміз. Топырақты классификациялаудағы негізгі таксономиялық өлшеміне топырақ типін қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді:

1-топ. Қалыпты зоналық топырақтар: А – құрғақ шөпті топырақтар, оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: а) терістік ашық сұр күлгін; ә) орманның сұр топырақтары; б) қара топырақтар; в) қара қоңыр топырақтар; г) құба сортаңдау топырақтар, әрі қарай әр тип механикалық құрамдарына қарай бөлінді. Ә – құрғақ-батпақты топырақтар, су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, Б – батпақты топырақтар, шымтезектер, тундра топырақтары.

2-топ. Өтпелі топырақтар: А – шайылған топырақтар, Ә – жер бетіне төселінген топырақтар.

3-топ. Қалыпсыз топырақтар: төселінген, өзен мен көлдер аллювилері, жел үйінділері.

Докучаевтың топырақ типі топырақтарды классификациялаудағы ңегізгі өлшем болып қалды. Алайда, олардың сандары әр заманда әртүрлі өзгерістерге ұшырауда. В. В. Докучаевтан соң топырақ классификациясы мәселелерімен көптеген оның шәкірттері: Н. М. Сибирцев, П. С. Коссович, К. Д. Глинка, К. К. Гедройц, С. А. Захаров, А. Н. Сабанин, С. С. Неуструев, Б. Б. Полынов т.б. шұғылданды.

Топырақты классификациялауда оның барлық қасиеттерін қамту қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мәселен К. Д. Глинка оның негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды. А. Н. Сабанин өсімдіктердің өсуіне байланысты топырақты жүйелеуді жөн көрді. Ал П. С. Коссович псн К. К. Гедройц топырақтардың химиялық құрамын негізге алған классификацияларды ұсынды. Дегенмен олардың ешқайсысы да қолдау таппады.

Кеңестік заманда бүкіл еліміздің топырақтарының ресми классификациясы болып КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев атындағы Топырақтану институтының ғалымдары профессорлар Е. Н. Иванова, Н. Н. Розов басқарған комиссия мүшелері 1960 жылдары бекіткен жаңа классификация есептелінді (1965-1967). Осы классификация бойынша топырақты жүйелеудегі негізгі өлшем – «топырақ типі» болып В. В. Докучаев термині қабылданды. Академик Л. И. Прасоловтың анықтауы бойынша, топырақтың бір типіне жату үшін олар төмендегідей бір тектес жалпы белгілерге ие болуы қажет: 1) органикалық заттардың біртектес түсіп, өзгерістерге ұшырауы, ыдырауы; 2) минералды заттардың біртектес комлексті үгілу процестеріне ұшырауы, олармен органо-минералдық түзілістердің біртектес түзілуі (синтезделуі); 3) заттардың жылжуы мен шоғырлануының біртектес болуы; 4) топырақ пішіні құрамының біртектес болуы, яғни негізгі қабаттары құрамының біркелкі болуы; 5) топырақтың құнарын сақтап және оны арттыру шараларының бір бағытта болуы.

Топырақтар типі негізгі топырақ түзілу процестеріне қосымша өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ типшелеріне, яғни топырақ зонасы топырақтың кішігірім зоналарына – зонашаларына бөлінеді. Мәселен, кең алқапты орманды зонаның күлгін топырақтар типінде: кәдімгі типті күлгін топырақтар типшелерімен қатар, глейлі-күлгінді (күлгінге глейлі процесс қосылса), шымды-күлгінді (күлгінге шымды процесс қосылса) топырақты типшелері кездеседі. Ал қара топырақты тип негізінен үш зонашаға бөлінеді: терістік мол гумусты, орталық немесе кәдімгі қара топырақты және оңтүстік, аз гумусты зонашаларына (типшелеріне) бөлінеді.

Топырақ типшесі, яғни зонашалары топырақ жақындастығына, туыстығына (род) қарай бөлінеді. Топырақ жақындастығы негізінен оның пішінінің сапалық ерекшеліктеріне тән.

Бұл жағдай топырақ түзуші аналық жыныстардың химиялық құрамына (сортаңды, карбонатты, т.б.) немесе топырақ түзілудің өткен кезеңдерінен қалған кейбір белгілеріне байланысты болуы мүмкін.

Топырақ жақындастығы топырақ түрлеріне бөлінеді. Бұл көбіне топырақтағы негізгі процестердің даму деңгейіне байланысты. Топырақ қабаттарының қалыңдығы, органикалық және минералдық заттардың топырақта жиналу белсенділігіне, қарашірінді, карбонаттар, тез ерігіш тұздар, күлгінді және гумусты қабаттардың қалындығына қарай бөлінеді. Мысалы, шамалы, орташа және қатты күлгінді, шамалы, орташа немесе қатты сорланған. Ал қаратопырақтар: қалың қабатты, орташа және жұқа қабатты т.б. болып бөлінеді.

Топырақтың әртүрлілігі негізінен олардың механикалық құрамына байланысты: құмды, құмдақ, сазды, балшықты т.б. болып келуіне қарай ажыратылады. Мәселен, жаңа игерілген, жоғары мәдениленген, эрозияға шамалы немесе қатты шалдыққан, т.б.

Сонымен, бұрынғы КСРО елдерінде топырақтардың 100-ден артық типтері, олардың әрқайсысында бірнеше типшелер, ондаған жақындастық және түрлері бөлінген. Олар туралы шамалы мәліметтерді әрбір топырақ зоналарына (типтеріне) тоқталған кезде келтіреміз.

Топырақ классификациясы топырақтарды картаға түсіргенде, оларды агроөндірістік топтағанда және құнарлылығына қарай бағаланғанда (бонитировка) қолданылады. Ескеретін жай, кейбір топырақ объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта картаға түсірген кезде, жоғарыда айтылған ірі таксономиялық өлшемдерден (тип, типше, жақындастық, түр және әртүрлілік) басқа да кішігірім өлшемдер практикада жиі қолданылады. Топырақтарды практикада қолдану бағытына қарай, мәселен: суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эрозия және ластанудан қорғау жағдайларына байланысты топырақты классификаииялаудың қолданбалы жүйесі пайдаланылады.

Ұсақ территорияларды картаға түсіру және оларды классификациялау кезінде кішігірім өлшмдер қолданылса, ал аса ірі аймақтарды картаға түсіріп, оларды классификациялау кездерінде жоғарғы айтылғандарды біріктіріп, типтен де жоғарғы өлшемдер қолданылады. Мысалы. профессор М. А. Глазовская әлем топырақтарын классификациялау сызбанұсқасында типтен жоғары топырақ жақындастығын, топырақ генерацияларын және топырақтың геохимиялық ассоциацияларын ұсынды (1981). Сонымен, әлем топырақтарының жүйелерінде 40 топырақ жақындастығы, 29 генерациясы және 12 топырақ ассоциациялары бөлінген. Дегенмен бұл ұсыныс барлық жерде қолдау тапты деп айтуға болмайды. Топырақ классификациясы мәселелері тек әлемде ғана әрбір жеке елдерде де үйлесімді жасалып, барлық сұрақтарға жауап беретін, көпшілікпен қабылданған шаруа емес. Бұл мәселелер әрбір жеке елдер ғалымдарымен қатар, халықаралық топырақтанушылар назарында.
Интразоналдылық топырақтар және олардың ерекшеліктері

Атнан белгілі болғандай, бұл топырақтар әрбір зоналарда түзіліп, солардың арасында таңдақ-тандақ болып кездеседі. Зона аралық топырақтар ішінде негізінен: 1. Сорланған топырақтар; 2. Сортаң топырақтар; 3. Солодтар (кермектер) топырақтар типтері кездеседі.



Сорланған топырақтар. Сорланған топырақтар деп кұрамында суға тез ерігіш тұздардың біршама мол кездесетін топырақ түрлерін айтады. Ал суға тез ерігіш тұздар топырақтың беткі қабатынан бастап, мол болып кездессе, олар сор топырақтар (солончаки) болып саналады. Тұздардың мөлшерден көп кездесуі ондағы өсімдіктерге зиянды (улы) әсер ететіндіктен бұл топырақта өсімдіктер дүниесі жоқтың қасы. Мұнда тек тұздың молдығына табиғи бейімделген соршөптер (галофиттер) өседі, ал тұз мөлшері аса көбейіп кетсе, жалаңаш сорға айналады. Сорланған топырақтар көлемі (сортаң топырақтарды қоса есептегенде) 120 млн гектардай, яғни ТМД елдерінің 5,4%-ы. Ескеретін жай, сорланған топырақтар, оның ішінде, әсіресе, сортаң топырақтар жеке түзілмей, көбінде зоналы топырақтар арасында комплексті жағдайда кездеседі.

Жалпы сорланған топырақтарды көп зоналарда кездесетін зона аралық топырақ дегенімізбен, ол негізінен жауын-шашын аз түсетін, ауа райы жылы, булануы мол аймақтарда кездеседі. Олардың пайда болу жолдары әрқалай: 1) Бұл топырақ астындағы тұзданған ыза суларының жер бетіне жақын болып, олар буланған кезде топырақ қабаттарында және оның бетінде су құрамындағы тұздардың шоғырлануынан пайда болады. Сорлану үшін топырақ астындағы ыза сулардың жер бетіне жақындығы мен олардың тұздану деңгейі едәуір рөл атқарады.


19-кесте

Төмендегі кестеде бұрынғы КСРО елдерінде қабылданған сулардың тұздану деңгейі жүйелері келтірілген

(М. А. Глазовская бойынша, 1981).


Жерасты суларының тұздану деңгейі

Судағы тұздар мөлшері, л/г

Тұщы сулар

<1

Аз тұзданған сулар

1-3

Орта тұзданған сулар

3-10

Мол тұзданған сулар

10-50

Аса мол тұзданған сулар

>50

Жерасты суы топырақ бетіне неғұрлым жақын әрі оның тұздану деңгейі жоғары болса, ауа райы жылы немесе ыстық аймақтарда топырақтардың тұздану процесі соғұрлым жылдамырақ болады.

2) Қалдықты сорланған топырақтар, топырақ түзуші тау жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады.

3) Ойпатты жерлерде кездесетін кейбір көл суларының ыстық ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен, бұрынғы көлдер түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де өспейді.

4) Сорланған топырақтардың пайда болуының тағы бір жолы – адамның өндірістік әрекеттерімен байланысты. Оның мәнісі төмендегідей. Қуаңшылық аймақтарда көп жерлерді суармалы егіншілікке пайдаланатынымыз белгілі. Осы алқаптарда жерасты ағысын реттеп дұрыс жолға қоймаған жағдайларда топырақ астындағы ыза сулар суару кезінде жер бетіне тез көтеріліп, жақындап, топырақты сорландырады. Топырақтың сорлалуының осы жолын екінші сорлану немесе адам әрекетінен сорлану деп атайды.

Сор топырақтардың беткі қабатындағы тұздар мөлшері 0,6-2% және одан да көбірек кездеседі. Бұл тұздардың мөлшеріне, құрамына және топырақтың қай қабаттарында шоғырлануына байланысты әртүрлі жүйеленетіні 19-кестеде келтірілген. Ал топырақтағы тұздардың құрамы мен мөлшеріне қарай олардың ауылшаруашылық дақылдарына әсері 20-кестеде келтірілген. Бұл мәліметтерден көрінгендей, құрамына байланысты ең зияндылары содалы, хлорлы, сульфатты тұздар екен. Бұдан топырақтың сорлануымен күресу жолдары ондағы тұздардың құрамына да тікелей байланысты екені байқалады. Жалпы топырақты мелиорациялау мәселелерімен арнайы ғылым – топырақты мелиорациялау шұғылданады.

Сортаң топырақтар деп топырақтың коллоидты сіңіру кешені, негізінен, натрий катионына қаныққан топырақтарды айтады. Топыраққа сіңірілген натрий катионы сілтілі реакция береді, ылғал тисе ісініп, батпаққа айналады, ал құрғақ жағдайда қатып-семіп, бағаналы құрылым түзеді. Сондықтан олардың физикалық қасиеттері өте ыңғайсыз, осы себептен олар құнарсыз. Топырақтардың сіңіру кешендерімен көп жыл бойы шұғылданған орыс ғалымы қазіргі осы сортаң топырақты жерлерде бір кездері сор топырақтар болғандығын, кейінірек табиғи жағдайлардын өзгеруімен бұл аймақтарда ылғал көбейіп, топырақ бетінің құрамындағы натрий тұздары шайылып, топырақ астына кеткендігін айтады. Сонымен қатар ол осы тұздардың шайылу процесінде суға ерігіш тұздар құрамындағы натрий катионы топырақтың сіңіру кешеніне мол сіңіп, қаныққандығынан топырақтардың жоғарғы қабаттарында суға тез ерігіш тұздардың төменгі қабаттарға шайылып кеткендігін, топырақтың беткі қарашірінді қабатынан кейін зиянды сортаң екінші қабаттың түзілетінін дәлелдейді.

А – сортаң қабаттың үстіңгі гумусты-шайынды қабаты, қалыңдығы бірнеше см-ден 20-30 см-ге жетеді, құрылымы бос, түсі ашық сұр.

В1 – жиынтықты-сортаң қабат, түсі қоңыр құба, күнгірт қоңыр, қатты бағаналы құрылымды, қазғанда ірі кесекті бағаналы бөліктерге бөлінеді, құрғақ кезінде өте қатты, ылғалданғанда тез ісініп, құрылымсыз жағдайға ұшырайды. Міне, осы сортаң қабаттан төменірек жоғарыдан шайылған тұздар кездеседі.

Кейбір сортаң топырақтарда шайылу процесі көптен басталған жағдайларда тез ерігіш тұздар топырақтың тереңірек қабаттарына жиналады.



20-кесте

Топырақтың құрамындағы суға ерігіш тұздардың мөлшері, сапасы және тұзданған қабатының орналасуына байланысты жүйелеу

(А. Н. Розанов, Е. В. Лобова, 1951)

тұзды қабаттың орналасу тереңдігі

тұздардың мөлшері

тұздардың құрамы (аниондар бойынша)

тұзданған қабатының тереңдігі, см

топырақ аты (тұздану деңгейі)

тұздар мөлшері, %

топырақ аты (тұздану деңгейі)

Cl:SO4

SO4:Cl

аты

150 см-ден төмен

сорланбаған

0,25-0,5

нашар сорланған

2

0,5

хлорлы

100-150

терең сорланған

0,5-0,7

орташа сорланған

1-2

0,5-1

сульфатты-хлорлы

70-100

терең сорланған

0,71,0

мол сорланған

0,2-1,0

1-5

хлорлы-сульфатты

30-70

мол сорланған

1-2

мол сорланған

0,2

5

сульфатты

0-30

Сор топырақ

>2

сор топырақ

0,2

5

сульфатты



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет