Тергеу, тексеру журналистикасындағы аналитиканың ерекшеліктері
1. Себебін анықтау: мәтіндегі бар тезистер, дәлелдер, авторлық бағалау;
2. Тақырыпты оқытудың маңызды үрдісі: нақты дәлелді болу үшін автордың логикалық пайымдауы қадағаланып отыруы керек.
3. Оқиғаны меңгертуде барлық әдістерді қолдану керек:
- салыстыру (айырмашылықтарды анықтау мақсатында салыстыру);
- ұқсату (ұқсастығын анықтау мақсатында салыстыру);
- бағалау (жоғары сапаға пән сәйкес пе, соны тексеру);
- бөлшектеу (маңызды, қажет бөлшектерді анықтау);
- түсіндіру (тергеу себептерінің байланысу қатарын жаңадан жасау);
- болжау;
- байыту (жалпы жағдайлар қатарынан түйінін анықтау);
4. Коммуникацияға бағдар беру: жұмысшы мәтінге қатысқан немесе енді қатысады.
5. Ақпаратты маңызды көрнекі құралдарымен меңгерту жолы: қатысушыда бар ақпараттық базаға сүйене отырып түсіндіру, "күрделіні" қарапайым тілмен түсіндіру;
6. Шындықтың динамикадағы көрінісі;
Бақылау сұрақтары
1. Тергеу мен тексерудің әдістері.
2. Тергеу мен тексеруді аналитикалық тұрғыдан қарау.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №4 Ұйымдастыру мен кезеңдері. Жағдайдың әлеуметтік мәніне үңілу. Бастапқы ақпаратты жинау.
Жоспар: Тергеу мен тексеруді ұйымдастыру ісімен танысу.
Лекция мақсаты:
-
Тергеу мен тексеруді ұйымдастыру.
-
Бастапқы ақпаратты жинау.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тергеу, тексеру журналистикасының туындау, пайда болу алғышарттарын білу – өзекті мәселелердің қатарынан орын алады. Тергеу, тексеру журналистикасы АҚШ-та бастау алып, негізі қаланды. Жазушы Сэмюэль Клеменс (1835-1910) «Территоиэл энтерпрайз» газеті бетінде Марк Твен деген атпен өз еңбектерін жариялай бастайды. Тергеу, тексеру мәселелерін арқау еткен оның жұмыстары 1872-ші жылы жарық көреді. Тергеу, тексеру журналистикасының алғашқы өкілдері АҚШ-та : Синклер, Стеффенс, Бэйкер, Тарбелл, Филлипс, Адамс, Салливен, Уайт және басқалары болды. «Арена» журналымен қоса тергеу, тексеру мәселелері мынадай баспасөз бетерінде жарық көреді: «Космополитэн», «Кольерс», Саксес», «Эврибодиз», «Макклюрс», «Мансиз», «Леслиз» және басқалары. «Кольерс» газеті медицинадағы алдау-арбау, шарлатандық жағдайын арқау етеді. 1905 жылы 7 қазанда Сэмюэль Гопкинс Адамс «Атақты американдық қылмыс» атты мақала жарияланды. Онда дәрі-дәрмек фабриканттарына қарсы соққы жасалады. Мақалада дәрі-дәрмектің кең жарнамалық қасиетке ие екендігі айтылады, сол сияқты сырқат жандарды емдеумен қоса қабат, адамдардың денсаулығына да зиян келтіреді. 1909 жылы «Кольерс» журналы Аляскадағы табиғи ресурстарды алдау-арбау жолымен сатып жатқандар әшкереленеді, сол сияқты К.П.Коноллидің мақаласында сенатор Баллинджерді Аляска жерінде алыпсатарлықпен айналысқандығы жөнінде айыптайды. «Саксес» журналы чикаголық мал сою орындарындағы ауыр еңбек жағдайлары туралы тергеу, тексеру арқау болады. 1905 жылы «Эврибодиз» журналында Ч.Э.Рассельдің «Әлемдегі ең танымал трест» тақырыбындағы мақаласы жарияланады. Бұл тергеу материалында кедейлердің еңбектерінің қаналу жағдайлары сөз болады. Алғаш рет тергеу, тексеру журналистикасы АҚШ-та негізі қаланған болатын, идеологиялық мүдделердің әр түрлі бағыттары бойынша тергеу, тексерудің сан алуан әдістері мен пішіндері қолға алынады. Алғаш пайда болу кезеңінде тергеу, тексеру журналистикасының діни боямалы полемикалық пішіні орын алды. Діни-этикалық дәстүр америкалық тергеу, тексеру журналистикасының негізін қалауда алғашқы сыни бағыттың өкілдері ретінде мына зерттеушілерді атап өтпеске болмайды, өйткені алғаш рет осы мәселелердің төңірегінде өз ойларын қосқан, жаңалықтарын ортаға салған тұлғалардың бұл салаға қосқан үлесі зор. Олар: Чарльз Сэндфорд, Логан Смит, Питер Фредерик, Мэри Кронин, Дэвид, Телен және басқалары. Журналист-макрейкерлердің ішінде Ресейлік зерттеушілерді де атап өтуге болады, өйткені тергеу, тексеру журналистикасы бағытында өзекті ойларды ортаға салып, бұл бағытты жандандыру туралы өздерінің тұжырымдарымен бөліскен ғадлымдардың қатарына мына адамдарды атай аламыз: Л.Д.Болотова, А.К.Малаховский, Е.А.Привалова. Тергеу, тексеру журналистикасының көрнекті өкілдерінің бірі, ірі зерттеулер жасауға ықпал еткен көрнекті тұлғаның бірі – Пулитцераои Херст, теориялық бағытта көп еңбектері жарық көрген. Тергеу, тексеру журналистикасының қалыптасуында библиографиялық еңбектердің де маңызы зор, бұл салада жұмыс атқарған ғалымдар: Джордж Юргенс (George Jurgens), У. А. Свонберг (W.A. Swanberg), Дэвид Насау (David Nasaw), Брайан Торнтон (Brian Thornton). Тергеу, тексеру журналистикасының өркендеуіне, дамуына қомақты үлес болып табылатын еңбектердің қатарына енетін зерттеулер: Франк Лютер Мотт (Frank Luther Mott) «Американдық журналистика» («American Journalism»), Уолтер Липпманн, «Американдық баспасөздегі екі революция» («Two Revolutions in the American Press»), H. Д. Норт (S.N.D. North) «АҚШ баспасөзінің қазіргі жағдайы мен тарихы» («History and Present Condition of the Newspaper and Periodical Press of the United States», Хейзел Дикен-Гарсии (Hazel Dicken-Garcia) «Он тоғызыншы ғасырдағы журналистиканың стандарттары» («Journalistic Standards in the Nineteenth Century»), Марвин. Оласки (Marvin Olasky) «Американдық тергеу, тексеру журналистикасын дамытудағы орталық идеялар: нарратива тарихы» («Central Ideas in the development of American Journalism: A Narrative Story»), Майкл Шадсон (Michael Schudson) «Жаңалықтарды аша отырып: американдық газеттердің әлеуметтік тарихы» («Discovering the News: A Social History of American Newspapers»). Журналист-макрейкерлердің шығармашылығының идеологиялық негізін түсіну үшін Ресейдің тергеу, тексеру бағытындағы зерттеу еңбектеріне де сүйенуге болады, атап айтқанда: В.В. Согрин «АҚШ-тағы тергеу, тексеру жұмыстары жағдайы» («Тарих мәселелері», № 3, 1980), сол сияқты ұжымдық монография : «Тергеу, тексеру журналистикасының алғышарттары» (М. ММУ, 1993), авторлары - тарихшылар, әлеуметтанушылар және саясаткерлер. Сол сияқты тергеу, тексеру мәселелері бойынша Болотова Л. Д., А.К. Малаховский, Е.А.
2.Тергеу, тексеру журналистикасының қалыптасу ыңғайына қатысты ой қозғайтын болсақ, бұл ұғым соңғы 15-20 жыл көлемінде лексиконға енді. Кеңес дәуірінің журналистикасы кеңестік өмір сүру үлгісін алға тартып, тұрғындардың адамгершілік қағидаларын алға тартты. Тергеу, тексеру журналистикасы жетпісінші жылдардың соңында Ресейде орын алып, жандана бастады. Журналистер: Алла Трубникова, Аркадий Ваксберг, Анатолий Рубинов және басқа да ресейлік журналистер тергеу, тексеру журналистикасы саласында еңбек ете бастады. Жетпісінші жылдары орын алған тергеу, тексеру журналистикасы көбінесе өндірістік кемшіліктерге, әлеуметтік-тұрмыстық салалардағы шиеленістерге арналады, сол сияқты пошташылардың, байланыс қызметшілерінің жұмыстарындағы келеңсіздіктерге қатысты болады. «Литературная газетада» «ЛГ эксперименттері» басылды, ол оқырмандарға қатты ұнайды. 1990 жылы көп рубрикалардың авторы А. Рубинов Швецияға тәуелсіз журналистердің тергеу, тексеру журналистикасы мәселесіне қатысты жиналысына қатысады. Осы жылы Стокгольмде әр түрлі авторлардың жинағы шығып, онда тергеу, тексеру материалдары жарияланады. Қазақстанда да журналистиканың бұл саласы енді-енді даму үстінде. Өткір мәселелерге баратын журналистер саны өте аз, тек тәуелсіз басылымдарда ғана орын алады. Батыс елдерінде тергеу, тексеру журналистикасы ең танымал, ең шулы және соған сай кіріс көзін әкелетін бағыттардың бірі.
Тұжырымдайтын болсақ, тергеу, тексеру журналистикасы ең алдымен Батыс елдерінде кең дамып, қанатын жайған, нәтижесінде басқа да мемлекеттерде өркендей бастады. Ресейде 1990-шы жылдардан бастап дамыса, ал Қазақстанда бертін ғана қанатын кең жайып, өркендеп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда тергеу, тексеру журналистикасы түрлі бағытта өрістеп, әр түрлі өзекті жайларды арқау етуде.
Бақылау сұрақтары
-
Тергеу мен тексеруді ұйымдастыру.
-
Бастапқы ақпаратты жинау.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №5 Тергеу, тексерудің түрлері мен ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Тергеу тексерудің түрлерін анықтау.
2. Тергеу тексерудің ерекшеліктері.
Лекция мақсаты: Тергеу мен тексерудің шетелдік әдісімен танысу. Оны меңгеру.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тек қана аналитикалық мәтін ғана тергеу себептерін өзара байланысы туралы, осы немесе басқа жағдайларға байланысты әрекет жоспары мен келешектегі даму көрсеткіштерін анықтау, бағалау, оларға қысқаша мәлімет беру тәрізді деректер бере алады. Сондықтан әлеуметтік ортаға әсер ететін өзіндік орны бар нақтыланған мәліметтерді айқындай отырып, аналитика бүгінгі таңда соңғы орында емес екендігін ескеру керек.
Қоғамдық өмірде өзекті, маңызды болып табылатын жағдайда (заңды таңбаларды жазуда, олардың статистикалық мәліметтерін шығаруда т.с.с.), шешім қабылдауда аналитикалық жанр ақпараттық көмек беруі мүмкін, соған қарамастан, әлеуметтік институттар, өкілетті органдар өзіне қатысты БАҚ-дағы басылымдардың тікелей әсер ететіндігін ҚР-ның Заң шығарушы органдары қарастырмайды. Осы тектес басылымдар 2 топқа бөлінеді:
1. Әлеуметтік зерттеулер: осы және басқа да өкілетті органның жауапкершілігіне жататын және арнайы қызығушылық пәні болып табылатын қоғамдық өмір аспектілері.
2. Институттық зерттеулер: өкілетті органдардың қызметі, жұмыстың нәтижелілігі, қабылданған заңдар мен ережелерге қорытынды жасау т.с.
Ақпарат беру. Шолу жасау, аналитикалық жанр сияқты, бұрыннан пайда болған. "Халық уақыт кесімін көру қажеттілігін сезінген кезде, шолу жасау пайда болды" (Белинский В.Г.). Бұл жанр бірнеше ғасырлар бұрын өте танымал болған, себебі әдебиет құбылысы мен театр өмірін шынайылықпен көрсете отырып, сол кезең суреттерін толық және кең көлемде жеткізуге авторларға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда "шолу жасау" - телеарнаға жаңалық беретін бағдарламалардың ішінде кең таралған жанр. Бұл жанрдың басты мақсаты - тыңдаушыларға шыңдықтың бір бөлшегінен барынша толық, тұтас көрініс беру, деректер арасындағы байланысты түсіндіру, динамиканы көрсету, басты үрдістерге тоқталу. "Шолу жасауды" негізі шыңдықты бейнелейтін тенденциялар туралы пікір айтуға болатын деректер екені анық."Шолу жасауда" жеке мәлімет ешқандай мағына бермейді. Деректер журналисттың шыншыл көзқарасы концепциясының тұтастығымен бірігеді. Осы және басқа мәліметтерге берілген сындарда (олардың арасындағы байланысты) бейнеленеді, оны таңдау (неліктен дәл осы деректер) себебі анықтайды. "Шолу жасау" құрылымы, формасы, түсіндіретін пән мен тақырыптары бойынша жан-жақты."Шолу жасау" аз ғана уақыт көлемінде өмірдің тұтас көрінісін көз алдымызға елестете алады, өмірдің бір кесіміндегі хаттар, қайта жазылған және құжат ережелерін (егер олар дерек қызметін атқарса) тақырыппен және бөлшектеп қарайды. Әрине, аталған жанрда жұмыс жасаудың өзіндік ережелері бар: ойдың дұрыс, нақты қалыптасуы, өнерге қатысты жинақталған деректерден бас тарту, пәнді немесе тақырыпты жақсы меңгеру.
2.Рецензияның жанрлық ерекшеліктері – 18-ші ғасырда қалыптасқан, бірақ қазіргі күнге дейін өзіндік бағасын жоймаған ақпарат берудің бір түрі. Рецензияға анықтама бере отырып, автордың айтайын деген ойын білдіретін, өмірдің қандайда бір құбылысына баға беретін материал екендігіне көз жеткіземіз. Жанрлық белгілері бойынша "рецензия" тек ғана аналитикамен ғана тұтаспайды, сонымен қатар, көптеген мағлұматты ақпарат жаңалықтарынан алып пайдаланады. "Рецензияның" басқа бағыттардан басты ерекшелігі мен айырмашылығы - жанама шындық, яғни, пікір берілген шығармадағы шындық құбылыстарының деректермен көрініс беруі. Пікірге түскен шығармаға көпшілік назарын аудартарлықтай ой айқындылығы, тенденциялар жайында пікір айта алушылық типі тән.
Басты мақала (редакциялық) - телеарна мен баспа орындарының өзіндік көзқарасын білдіретін, бүгінгі күннің маңызды мәселелерін қозғайтын ақпараттар болып табылады. Ол тақырыптың реттік номері бойынша БАҚ-да жарияланады және телеарнадағы жаңалықтарды ашады. Советтік кезеңде "дерективті" деп аталған.
Насихаттаушы мақала - қандай да бір идеяны (ойды) пайымдау. Мақсаты - маңызды мәселені түсіндіру, ұғындыру, көпшілік тыңдаушыға түсінікті теориялық тұрғыда еркін меңгерген тілге аудару. Әрдайым сыни тұрғыда жазылады.
Өзекті мақала - орта назарын өзіне аударарлық дәлелді әлеуметтік маңызы бар мәселені қарастырады, болжау элементі маңызды болып табылады.
Теориялық мақала - теориялық деңгейде арнайы мәселелерді терең оқып-үйрену. Көпшілік басылымдарда сирек кездеседі, ғылыми БАҚ-да кең таралған.
Баспасөзде айтылған сындар - оқиғамен оперативті түрде тығыз байланысқан немесе бір мезгілде болған ақпараттар. Аталған ақпараттың жазылу құрылысы дәстүрліден ерекшеленіп тұрады. Басты тақырыбы - "оқиға" болып табылады, мәні ашылған кезде жан-жақты бағаланады.
Жоғарыда аталған мақала түрлерін барлығын аналитикаға жатқызуға болады, себебі олар қоғамға қажет құбылыс пен үрдістердің маңыздылығын терең және толық түсінуге мүмкіндік береді: оқиғамен байланысты тергеу себептерін ашу, осы немесе өзге де оқиғаның нәтижесіне ауқымды қорытынды жасау, байыту, оқиғаның даму бағыттарына алдын-ала болжау жасау. Аналитика - көп жұмысты қажет ететін күрделі жанр. Оның пайда болуы сол кездегі өмірдің бір кезеңімен тығыз байланысты.
Аналитиканың негізі - қоғамға әлеуметтік маңызы бар құбылыс, үрдіс болып табылады. Әрине, аталған бағыт өзіне қарама-қайшылықты және мықты тұлғалық элемент тұрғысынан назар аудартады, сондықтан да осы мәселеге өзіндік көзқарасының болғаны маңыздырақ. Пәннің тақырыптық өрісіне тәжірибе жүзінде ешқандай шектеу қойылмаған. Механизм, қозғаушы күш пен мүмкін болатын салдарды терең зерттеу (аналитикаға дайындық) - талдап-қорытылған мінездемелерді, құрылған болжамдарды, оқиғаны дамытудың түрлі моделінің тергеу себептерінің байланысын анықтау арқылы жүзеге асады.
Ескеретін соңғы жайт, бұл ақпаратты жеткізу құралы. Ол мәтіннің танымдық бағытының технологиясына жақын логика тұрғысынан автордың ойын нақты білдіруі керек. Жазылу стилі мен мазмұндау тілі публицистикалық, ғылыми терминологиядан қашық болу керек (ақпаратты қабылдауға қиындық туғызады).
Бақылау сұрақтары
1. Тергеу тексерудің түрлерін анықтау.
2. Тергеу тексерудің ерекшеліктері.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №6 Тергеу, тексеру журналистикасындағы ақпарат көздерінің дәлелдігі, зағдылығы, жеделдігі, тиімділігі.
Жоспар:
1. Қазақстандағы тергеу тексеру амалдары.
2. Публицистикадағы тергеу тексеру.
Лекция мақсаты: Ақпарат көздерін тексеру әдісін меңгеру, игеру.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тергеу, тексеру журналистикасы Қазақстанда енді дамып келе жатқан сала. Жаңадан дамып отырған сала болса да өзекті мәселелерді арқау етуімен ерекшеленуде. Негізінен Батыста бастау алған тергеу, тексеру журналистикасы қазіргі таңда Ресейде кең қанатын жаюда. Қазақстанда тергеу, тексерудің қарастыратын мәселелері әр қилы. Атап айтқанда: жемқорлық, алдап-арбау, ұрлық, халыққа зиянды әрекеттер жасау. Сыбайлас жемқорлық бүгінгі таңда қанатын жайып отырғандықтан, бұл жағдай да тергеу, тексеру нысаны ретінде орын алып келеді. Нәтижесінде бұүндай БАҚ тергеу, тексеру жұмыстарынан алып отырған нәтижелер де жоқ емес.
Журналистиканың алты басты қызметі бар. Біріншіден, журналистика саласында өзара ақпараттық ықпалдасудың негізгі де басты міндеті – яғни бұқаралық аудиториямен, әлеуметтік институттармен байланыс орнату. Сондықтан журналистиканың табан тірер функциясы – коммуникациялық (лат. communication – хабарлама жолы, байланыс пішіні) функция. Бұл қызмет түрі пікірлесуге контакт орнатуға арналады. Бір қарағанда таза техникалық термин болып көрінетін «коммуникация» ұғымы ақпараттық мән-мазмұнмен толыққан кезде, жаңа сипатқа ие болады. Көп ретте журналистиканы бұқаралық коммуникация құралы, mass media дейтіні де сол себептен. Екіншіден, журналистің қоғамдағы «төртінші билік» ретіндегі ұйымдастырушылық қызметін атап өту қажет. Үшіншіден, идеологиялық әлеуметтік бағдарлаушы ретіндегі, яғни аудиторияның дүниетанымына, көзқарасына терең әсер ете алу қызметі. Төртіншіден, қоршаған ортаны тану, құндылықтарды анықтауда бағыт-бағдар беру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ағарту және тәрбиелеу, мәдениет тарату сияқты функциялары да ауызға алынып жүр. Сонымен қатар оның қоғамдық процестерді реттеу және қадағалау, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау және әрбір адамды кәделік мәліметпен қамтамасыз ету секілді қырлары да бар. Бесіншіден, жарнамалық қызметі. Бұқаралық аудитория мен әлеуметтік институттардың ақпараттық сұраныстарына сай олардың өмір сүруін қамтамасыз ету. Барлық қырларынан алғанда, қоғамда болып жатқан барлық жағдайлармен таныстыру. Алтыншыдан, рекреативтілік қызметі. Компенсаторлық (өтемдеу) бағасын, тонусты (лат. tonus – ширығу) түзеу қызметін (көңіл көтеру, дамылдату, сергіту) жоққа шығаруға болмайды. Міне, осылардың бәрінің де журналистика қызметіне қатысы бар. Аталған функциялардан бөлек журналистиканың әлеуметтік жағынан алғанда басты функциясын қарастырамыз. Әлеуметтік практиканың қоғамның заманға сай қажетті ақпарат сұранысын бақылаушы функциясы. Ол қоғаммен үнемі байланыста болуды білдіреді. Басқа функциялардан биік тұрады.
2.Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған жоқ.Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау ерте замандарда адамдар арасында ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың тобы екінші адамдар тобына өз ойларын жеткізгісі келді. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тілдің пайда болуымен тікелей байланысты еді. Сөйтіп адамдар санасындағы идеялар, көзқарастар мен ойлар тіл арқылы басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады. Адамзат қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы - публицистикаға дейінгі алғашқы құбылыстардың бірі еді.
Көрудің, естудің және сөйлеудің қосылуы негізінде адамдардың қоршаған орта туралы қоғамдық пікір, көзқарастары қалыптаса бастады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер тарих сахнасынан орын алды. Дәл осы кезде қоғамдық ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды. Еуропада шешендік өнер бірте-бірте саяси пікір таластарға ұласты да, ол сөз сайыстары кейінірек парламенттік мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналды. Асылы қазіргі "парламент" сөзінің түп-төркіні, француз тілінен аударғанда "раrler" "сөйлеу" деген мағынаны білдіреді. Сонымен, шешендік өнердің пайда болуы -публицистикаға негіз болған екінші бір кұбылыс болып саналады. Халқымыздың ақындары, батырлары, хандары мен билері, ақсақалдары мен әулиелері тауып айтқан асыл сөздің маржандары ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыратын баға жетпес зор байлық.
Бүгінгі қазақ публицистикасының бір бастау бұлағы сол халық даналығында жатқандығын жадымызда әрдайым ұстауымыз керек.
Археологиялық, этнографиялық және жазбаша тарихи деректердің көрсетіп отырғанындай, Еуропа мен Азия кұрлықтарының Ұлы даласын мекендеген біздің бабаларымыз сол кездегі рулар мен тайпалар тек аңшылықпен, мал өсірумен ғана емес егіншілікпен де шұғылданған. Сол бабалардың үлкен мәдениеті де болған. Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, оқиға-құбылыстарды тасқа таңбалап, ескерткіш белгі етіп қалдырған.
Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.
Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистологра-фияның алғашқы көріністері туды.
Сонымен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.
Бақылау сұрақтары
1. Қазақстандағы тергеу тексеру амалдары.
2. Публицистикадағы тергеу тексеру.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №7 Журналистің зерттеу жұмысындағы қиындықтар: білім деңгейінің жоғарылығы, әкімшілік қиындықтар, сыртқы және ішкі қиыншылықтар, журналист зерттейтін адамдар мінезінің қарама-қайшылығы.
Жоспар:
1. Журналисттің білім деңгейін көтеру.
2. Журналист зерттейтін адам психологиясы.
Лекция мақсаты: Журналисттік тергеу жұмысының талаптарын анықтау.
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні жайлы айт-сақ, бүл латынның риЫісш - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бүдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы "қоғамдық" деген сөзге тікелей қатысты.
Осы ойымызды нықтап, шегелей түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен зертгеушілер түжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің Түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: "Публицист", писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву".
Қазак зерттеушілерінің ішінде публицистикаға түңғыш анықтама-ны Ахмет Байтүрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде берді. А.Байтүрсынов публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен теркіндестіреді. "Кесем сөз шешен сез сияқты әлеуметке айтканын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырыла-тын жері - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Кесем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мүрындық болып істеу ыждағатымен айтылады". Шын мәнінде публицистика әлеуметтік, коғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мөселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезендегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-өлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді. Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, төжірибемен үштастыра отырып баяндайды. Публицистика дегеніміз ~ заман тарихы, дәуір танысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің рухани бейнесі, жанды көрінісі. Публицистика бүл бөрінен де бүрын шығармашылық процесс. "Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" публицистикаға біршама жинақы айқындама берілген: "Кесем сез (публицистика, лат. риЫісш - қоғамдык) - едебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, еткір мәселелерді қозғайтын саласы. Көсем сездің мақсаты - нақтылы саяси, экономикалық, өлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдык ойға ықпал ету. Көсем сездің осы мақсатка орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру, үйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем сездің озык үлгілерінен шешендік сөздердің ізі андалатыны да содан.
Көсем сөз - мерзімді баспасез бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты үғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпак ойы, оны жеткізу ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды".
2.Нағыз публицистикада әлеуметгік-төрбиелік ықпал жасаудың орасан зор күші бар, өйткені ол оқырманға, көрерменге, тындаушыға дүрыс бағыт сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне өсер етудегі маңызды рөлді де атқарады. Публицистикалық қүбылыстарға галыми түрғыдан баға беру, дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге үмтылушылық тән.
Публицистика туралы сөз еткенде, оның басқа салалармен ара-қатынасына назар аударып, олармен байланысына да көңіл бөлуіміз керек.
Публицистиканың көркем әдебиеттен езіндік өзгешеліктері бар. Ең алдымен, публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет - шығармашылықтың көркем түріне жатады.
Екіншіден, "керкем әдеби шығармалар (өңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде сюжетке қүрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканын коркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон атворлары өздерінін кейіпкерлерімен міндетгі түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-қүлықтары туралы біраз мағлүмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыкка негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады" [11,148 б.]. Яғни, көркем өдебиетте шарттылык, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді.
Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты, публицистиканың өзіне ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы бар.
Төртіншіден, көркем шығармада жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын, идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар, эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға үсынар идеясы оқиға дамуы, образдың өсу жолдары арқьиы ашылып оты-рады. Ал публицист өз ойын оқырманға тікелей үсынады "Пубіицис-тика - автор мен оқырманның ашық өңгімесі айтылып отырған оқи-ғаға баиланысты автордың көзқарасы мен сезімі - ашуы таңыркауы
қуанышы, реніші айкын білініп отыруы керек"[12,14 б.]. Публицис-тика автордан терең ой мен білімділікті, тіл шеберлігін, өршіл пафос-ты, логика терендігін талап етеді. Ол оқырманмен ашық сөйлеседі, коғамдык маңызы бар оймен сейлейді.
Бесіншіден, керкем өдебиетге жазушы көлемді шығармалар жазу үшін бүкіл ғүмырын сарп етуі мүмкін. Ал публицистикада белгілі бір тар уақыт шеңберінде айтылмаган ой көнеруі мүмкін. Сондықтан да көркем едебиет бірнеше жылдар оқиғасын, түтас бір дәуірді қамтыса, публицистика күнделікті өмір ағысына ілесіп отыруы керек,
Профессор Э.Г.Багиров "Природу телевидения составляет не только то, что отличает его от кино, радио и печати, но и то, что их объединяет, что отличает их от традиционных средств информации" [13,43 б.] - дегендей, публицистика табиғатын да онын көркем өде-биеттен айырмашылықтары ғана емес, үқсастықтары мен жакындық-тары да қүрайды.
Публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары. Екеуінің де күралы сөз. Осы түрғыдан келгенде, публицистика мен көркем әдебиеттің үқсастык жағы болады, олар бір-бірімен органикалық тығыз байланысады.
Бақылау сұрақтары
1. Журналисттің білім деңгейін көтеру.
2. Журналист зерттейтін адам психологиясы.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №8 Журналист зерттеушінің құқықтық аясы.
Жоспар:
1. Журналист құқығы.
2. Журналисттік зерттеу.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Зерттеуші ғалымдар "журналистика" мен "публицистиканың" аракатынасы, жақындығы, айырмашылықтары туралы көптеген түжырымдар айтты. Олардың кейбіреулері бүгінгі көзқарас түрғы-сынан қарағанда, кемшіліктерге де бой алдырды. Нәрлі, өміршең ойлар да жоқ емес. Енді осы мәселелерге қазіргі үғым, түсініктер түргасынан қайырыла қарағанда, кейбір нақты түжырымдарды санамалап көрсетуге болар еді. Ең алдымен, "журналистика" мен "публицистиканы" жақындастыратан жайттар: журналистика да, публицистика да қоғамдық-саяси баскару қызметінің қүрамдас бөліктері; көпшілікгі тәрбиелеудің қүралы; қазіргі заманның тарихын, белгілі бір кезеннің шежіресін жасауға қатысады; барлық кызметі мен міндеті творчестволык кайнардан бастау алады; кай кезде де саясат-пен, әлеуметгік-экономикалык қатынастармен, мемлекеттік аппарат-пен, калың көпшілікпен үнемі байланыста дамиды; аудиторияның кабылдауына бағытгалады.
Сонымен бірге журналистика мен публицистиканың осындай үқсастықтары, олардың бір-бірінен айырмашылықтары жоқ деген сөз емес.
Алдымен журналистика туралы түсінігімізді бір жүйеге түсірейік. Біріншіден, журналистика - әр алуан мекемелердің басын кұрайтын ерекше элеуметтік институт болып табылады. Екіншіден, журналистика қызмет турлерінің жуйесі болып табылады. Үшіншіден, журналистика — мамандықтар жиынтыгы. Тертіншіден, журналистика - шыгармалар жуйесі. Бесіншіден, журналистика - бұқаралық ақпарат күралдары пайдаланатын акпаратты тарататын және басылымдар мен бағдарламалардың түрлерін қалыптастыратын арнсһіардың біртутас жиынтыгы. Алтыншыдан, журналистика - БАҚ проблемаларын зерттейтін өзгеше гылым саласы және оқу пәндерінің жиынтыгы.
Ая енді публицистиканың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оның журналистиканың ең басты саласы екендігінің өзінен көп мөселені аңғаруға болады. Бүрын - соңғы зерттеушілердің тұжырымдарында публицистика бірде шығармашылық түрі ретінде, бірде жанр ретінде, енді бірде өзіндік өзгешелігі бар өнер ретінде, саяси қызметгің көрінісі түрінде, газет жанрларының жиынтык, атауы түрінде, проблема көтеру құралы ретінде, әдебиеттің бір саласы ретінде, қоғамдық пікірді қалыптастыру тетігі түрінде көрініс табады. Бүл айтылғандардың бөрі де публицистиканың жан-жақты, өр алуан қасиеттерін білдіреді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары орыс зерттеушісі М.Гус "публицистика" термині публицистика үғымы туралы түйінді ойлар айтқан болатын. Сол ғалымның пайымдауынша "публицис-тика" үғымы журналистикаға қарағанда кеңірек аукымды қамтиды. Публицистика — мамандық, кәсіп ретіндв адамзат қызметінің бір турі. Өйткені өздерін публицистикалық іске арнаған адамдар, өз қызметін публицистика деп атайды. Сонымен бірге публицистика ғалымнын, саясаткердің, суреткердің, қоғам қайраткерінщ экономистің, заңгер-дің, тарихшының қосымша кәсіп саласы болуы да мүмкін. Яғни санаткерлігі жоғары, ой-өрісі кең, қоғамның тыныс-тіршілігін тамыршыдай тап басатын кез-келген қызмет иесі публицист бола алады. Публицистика деп - публицистикаііык, шыгармалардыц жиынты-гын да түсінуге болады. Яғни, очерктер мен фельетондар, мақалалар мен ашық хаттар, эсселер мен репортаждар, т.б. жиынтығы. Публицистика деп жекелеген авторлардың немесе бірнеше қаламгерлердің публициспшкалық
шыгармаларын да атауға болады. Белгілі бір тарихи кезеңдердің публицистикалық шыгармалар шогырын да публицистика ретіндв танимыз.
Зерттеуші М.Густің пікірінше, әрбір жеке публицистикалық шығарма өз алдына және публицистикалық шығармалар жинақталған күйінде, олардың мазмүны мен пішінінің өзгеруі процесінде, дамуы мен жаңғыруы түрівде ғылыми зерттеудің нысаны бола алады. Ол өз еңбегінде публицистикалық шығарманың ерекшеліктері мен пішіндері
туралы, публицистикалык туындылардың қоғам өмірінде алатын орны мен дамуы туралы ғылымды - публицистика теориясы деп атауды ұсынды.
2.Сонымен публицистика терминін нақты өмір қүбылыстарымен қатысты қарастырғанда, шығысславян, поляк, неміс және баска тіл-дерде кең қолданылатын мағынасына үңілгенде, оны кең және тар үтымда түсінуге болады. Бүл осы сөздің мән-маңызының өзгеріп отыруына да байланысты. Публицистика кең магынасында журналистік шыгарма түсінігін ғана білдірмейді, сонымен қатар бүл ұғым аясынан шығып, өзекті қоғамдык-саяси такырыпқа көпшілік алдында сөйленген сөздерді де қамтиды. Публицистика тар мағынасында - ішкі зақцылыктары мен өзіне ғана төн ерекшеліктері бар шыгармашьмықтың өзгеше турі.
Ойларымызды жинақтайтын болсақ, журналистика - белгілі бір кызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бүқаралық ақпарат қүралдарын, үйымдар мен мекемелердің басын қүрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика - белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмүны, қүрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне өсер ету тәсілдері бар тұтас шыгармашылык, турі. Журналиствр - ақпараттар мен жарияла-нымдар, хабарлар даярлап, олардың бүқаралық акпарат құралдарында көрініс табуына дейінгі творчестволык процесті жүзеге асыратын адамдар. Публицистер - осы бұқаралық акпарат құралдарының негізгі мазмүндық жағынан байытылып, толығуын, коғамдық маңызы зор ой, басты идеялардың күн төртібіне қойылуын жүзеге асыратын адамдар.
Қазак публицистикасының тарихы туралы толғанатын болсақ та, қазак жазба әдебиеті мен жазба публицистикасының қатар туып, калыптасқандығына куә боламыз. Қазак баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеуші, профессор Х.Н. Бекхожин өз еңбегівде қазақ публицистикасының негізін салушылар ретінде Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев есімдерін атайды. Зертгеуші М.И.Фетисов Шоқан. Ыбырай, Абай еңбектерін казақ демократиялык публицистикасының алғашқы үлгілері ретінде баға береді.
Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалык мақалалары мен очерктерінде өзі өмір сүрген түстағы коғамдық маңызы зор мәселелерді қозғады.
Қазақ жазба публицистикасының атасы болып саналатын қаламгерлердің бірі - Ыбырай Алтынсарин. "Алтынсариннін "Қазақ хрестоматаясы" әрі оқулык, әрі көпшшкке арналган публицистика және керкем әдебиет шығармаларының жинағы, халық-қа әртүрлі білім беретін энциклопедияның ролін атқарды",- деп жазды профессор Х.Бекхожин. Алтынсарин публицистикасы ағартушылық функцияны атқарды. Ыбырай өзінің 1862 жылғы бір хатында: "Қазак халқы қарапайым, өнері жоқ халық. Бірак біз қарапайымдылықтың езінен де көп жақсылык табамыз. Қазақ халқы үғымтал, акыдды, дарынды, бірақ окымаған халық. Мәселе оны ағартуда болып отыр",- деп жазды. Дөл осы ойлар оның көп публицистика-лық шығармаларының алтын арқауы болды. Оның алғашқы публи-цистикалық мақалалары "Оренбургский листок" газетінде басылды.
Батыс және Шығыс мөдениетінің қайнарынан қанып ішкен ғұлама Абай шығармалары да - қазақтың жазба публицистикасының көрнек-ті үлгілері болғандығы айқындалған. Абай өлеңдерінде сол заманның - ащы шывдығы, қоғам көрінісі, дала қазактарының бүкіл түрмыс -тіршілігі керініс табады. "Стиль идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың карасөздері - нагыз публицистикалық шыгарма",— деп айқын көрсетіпті профессор Х.Бекхожин.
Бүгінгі қазақ публицистикасының табиғаты да сол үлылар Шоқан, Ыбырай, Абай ойларынан өріс алып жатыр.
2 Қазақ публицистикасыньщ тарихи негіздері атты екінші тарауда қазақ публицистикасының бастау-бүлақтары ғасырлар қойнауындағы ауызша, жазбаша жәдігерлерден іздестіріледі.
Орхон ескерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан өзгеше саналатын жазба - Култегінге арналған ескерткіш. Жазбада өмірде болған тарихи оқиға баяндалады. Оны жазған Иоллығ тегін атты жазбагер.
Күлтегін жазбасы тарихи турғыдан да, өдеби шығарма ретінде де зерттеліп жүр. Біз жәдігердегі публицистикалық белгілерге назар аудардық. Ең алдымен ескерткішті публицистикаға жақындататын -жазбада көне түріктердің қоғамдық-саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің келтірілуі дер едік. Жырдың бастауында-ақ аттары аталатын Бумын қаған да, Істемі қаған да өмірде болған адамдар. Олар - түрік мемлекетін алғаш қүрған елбасылар.
Бақылау сұрақтары
1. Журналист құқығы.
2. Журналисттік зерттеу.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Дәріс №9 Журналист мәтінінің драмалық және логикалық құрылымы.
Жоспар:
1. Мәтін құру әдісі.
2. Логика.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні. (қысқаша) 1. Тағы бір публицистикалық сарын "Бектерінің, халқының ымырасыздығынан табғаш халқының алдауына сенгендігінен, Арбауына кенгендігінен..." түркі мемлекетінің ыдырағандығы туралы түтас көрініс. Бүл да тарихи шындық. Көршілес Қытай мемлекетіне бек үлдары қүл болды, пәк қыздары күң болды. Ол заман да өтгі. Осы таска қашалған рух пен пафоска толы өршіл сездер - бүгінгі үрпақты бабалар қателіктерімен төрбиелеп түр, сабақ болатындай саяси ахуалды баян етіп түр. Жазбадағы келесі бір бетбұрысты кезең Елтеріс қағанның ел басына келуімен байланысты сипатталады.
Публицистикадағы "факт" терминінің баламасы "окиға" деген түйіндер айтылып жүр. Күлтегін жазбасындағы публицистикалық белгілердің бірі - "осы оқиғалар" дер едік. Жазбада бірнеше оқиға бірінен кейін бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін ерліктері уақыттық жағынан кезек-кезегімен, өмірдегі билік кұру уақытымен кезеңдестіріліп баяндалады.
Жазба ескерткіштегі тағы бір назар аударарлық түс - өмірде болған Күлтегін батырдың ерлігінің дәріптелуі. Күлтегін шайқастары оның жасы өскен сайын, шын мәнінде күшейіп, әрі қарай жалғаса береді. Бүл баяндардан байкайтынымыз - Култегін батырдың өмірде болған адам екендігі, сол кезде өмір сүрген халықтардың нақты аттары, жер-су аттары жиі кездеседі. Күлтегін шайқастары бейнеленетін тұстар — нағыз публицистикалық сарынды байкатады. Публицистикада - ой, идея басты рел атқаратындығы белгілі. Күлтегін ескерткішінде ғасырлар бойы нұр шашып тұрған негізгі жәуһар ой, асыл идея -түркі халқын ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыру, ата-баба дөстүрін берік үстау болып табылады. Күлтегін жазбасы - ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түркі қағанатының қоғамдык-саяси емірін, жаугершілік замандағы ел баскарған хандар мен қол бастаған батырлар хақындағы, шындық деректерге сүйенген, елдің түрмыс-тіршшгін, әдет-ғұрпын дәл бейнелеп берген өлмес ескерткіш. Шындық өмірді, ақиқат болмысты көрсеткен жазба - көркем шығарма, тарихи жөдігер болумен катар, қазақ публицистикасының да қайнар бастауының бірі деп батыл түжырым жасауға болады.
Орхон жазба ескерткішінің ішівдегі бізге жеткен үлкен қазынаның бірі - "Тоныкөк жыры". Күлтегін жырының авторы Иоллығ тегін болса, Тоныкек жырынын авторы Білге Тоныкөктің езі деген жорамал бар.
Жырдың басты қаһарманы Тоныкөк - хандардың ақылшысы, дана адам ғана емес, бүкіл түркі елінің тағдырын ойлайтын абыз қарт, жасында қолына кару алып жауға шапқан батыр да, калың түркі еліне жол көрсеткен жолбасшы. қол бастаған қолбасшы.
Тоныкөк жазбасының өзіндік ерекшелігі ретінде мына жайтты айтпай кету мүмкін емес. Оқиғалар тізбесі, жойқын шабуылдар мен түркі мемлекеттігін сақтап қалу жолындағы жанталас үрыстар басты кейіпкер Тоныкөктін атынан баяндалғанмен, мұнда -• түркі халқы бастан кешірген канкешті күндер мен жанкешті жылдар көрініс табады. Әскері аз, бытыраңқы түркі елі тізе қосып жауға бірігіп аттануы керек болды. Әйтпесе, төрт бүрышты жайлаған басқа халыктар түркі халқын мүлдем жойып жіберу қаупін туғызды. Яғни сол көне дәуірлердегі ең басты максат - түркі мемлекеттігін қалай да сақтап қалу еді. Тоныкөк жазбасының да - негізгі көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселесі де, түпқазық, алтын арқау жемісі де осы.
Түркологиялық әдебиеттерде негізгі үш топқа бөлінетін көне түркі ескерткіштерінің қай-қайсысы да өз дәуірінен, сол дәуірдегі коғамдык мөселелерден хабардар етеді. Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува, Якутия, Монғолия жерлерінен табылған Енисей ескерткіштері, Талас ескерткіштері, VII ғасырдың соны мен VIII ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ Қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-Чор т.б. тасқа кашалған тарихи мұралардың басын біріктіретін Орхон ескерткіштерінін әркайсысы ерте ғасырларда өмір сүрген түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық қүрылысы, мәдениеті мен тілі, әдет-ғүрпы мен түрмысы, әскери жорықтары мен елбасылары хақынан нақтылы деректер беретіндігімен де қүнды. Накты деректерге күрылған, өмір шындығынан хабардар ететін, дөуір тынысын, заман ағысын сездіретін болғандықтан да бұл тарихи ескерткіштерді • алғашқы публицистикалық жазбалар ретінде атауымызға толық негіз бар.
Көне түркі ескерткіштеріндегі жер су аттары, ру-тайпа аттары мен емірде болған тарихи тұлғалы адамдардың аттары аталуының өзі - бұл мүраларды публицистикалық жазбаларға жақындата түседі. Ескерт-кіштердегі аталатын Алтын йыш - Алтай тауъі, Ертіс угуз - Ертіс өзені, Кем-Енисей езені, Інчу угуз - Сырдария, Селеңе - Селенгі өзені, Бұқара, Қадырқан, Қара көл, Өркен, Өтукен т.б. жер-су аттары, оғуз, түргеш, апар-аварлар, арғу, уйғыр, усын, түрк, қырғыз, қарлук, ізгіл, қыпчақ тағы баска ру тайпалары мен унут-тибет, қытай, тоқар халықтарының аттары кездесуі кене замандарда тасқа қашалған мүралардағы публицистикалық элементтерді молайта түседі. Бумын Қаған, Ілтеріс каған, Білге қаған, Бүгі каған, Ечим қаған, Озмыс тегін сияқты түркі мемлекеті қағандарының, үш түркі қағанының кеңесшісі Тоныкөктің, әскер қолбасшысы Күлтегіннің, Түргес тайпасының бегі Күлі-Чордың, Түркі бегі Есбараның, сондай-ак, Тінесі, Тоқра-Сүміг, Иамтар, Күлбілге, Оғузбілге, Ынанчы-Чор, т.б. өмірде болған кісі аттарының аталуы да кене түркі ескерткіштерінің бүгінгі қазак, публи-цистикасына бастау болғандығын айғақтайтын бүлтартпас дәлелдер болса керек.
Күлтегін ескерткішінде нақты өмірде болған оқиғалар, түтас шайқастар керіністері, жеңіс пен жеңілістен, қүлдырау мен өрлеуден түратын ерте заманғы саяси ахуал бейнеленеді. Осы көне жазбаның публицистикалық белгілері ретінде, ескерткіште өмірде болған кісі аттарының кездесуін атар едік.
Көне жазбаларда сол секілді қызмет, билеушілерге берілген аттар қалай аталса солай көрсетілген. Мәселен, қаған, бек, уәзір, некер, қолбасы, жабғы, елтебер, шад, елші, хабаршы, таңбашы, өрнекші деген сөздер өдденеше қайталанып жиі көрініс табады. Мүның өзі көне замандағы жаутершілік кезеңге байланысты екендігі дәлел тілемейді.
Көне жазбалардың бір шоғыры қазіргі қазак жерінен де табылды. 1896-1897 жылдары Қазақ елінің Жамбыл қаласына жакын жердегі Талас өзенінің бойынан В.А.Каллаур және фин археологы Гейкел (Мунк және Доннермен бірге) 5 тасқа қашалған жазба ескерткіштер тапты.
Тағы бір назар аударарлык жайт Талас жоне Енисей бойындағы жазбалардың тексі бір-біріне үқсас келеді. Алдымен өлген адамның кім екендігі, оның туыстары туралы дерек, мемлекетке сіңірген еңбегі, сосын дүниеден өткендігі жазылады.
Енисей түрк ескерткіштері қабір басына қойылған эпитафиялық сөздерден қүралған. Бұл мүраларды бізге жақындататын - 1) Енисей бойынан табылған ескерткіштердің көне түркі руна алфавитімен жазылғандығы. 2) Бүл -- жалпы саны 85 жазба-үланғайыр даланы мекен еткен көне түркі тайпаларының тарихы. 3) Әр ескерткіште нақты өмірде болған түрк көсемдерінщ, батырларының, қолбасшы-ларының аттары мәңгі ешпестей ойылып жазылған.
Бір айта кетерлік жайт - Енисей аңғарынан табылған ескерткіш-тер болсын, Монғолиядан табылған жазбалар болсын бізге жат емес. Бір замандарда үланғайыр территорияны мекен еткен бабаларымыз-дан қалған мүра ретінде ол жәдігерлердің қазақ халқына да еш жаттығы жоқ. Бұл ескерткіштер бүкіладамзаттық ғажайып асыл казынаға айналып кеткен, түрік тектес халықтардың ортак, рухани байлығы. Сондықтан да ол жазбаларға бүгінгі көзқарас түрғысынан қайта қарап, қайта тәржімалап, дүрыс, түпнүсқаға жакын нүсқаларын кдйта жасаудың күні туды. Орыс ғалымдары В.В.Радловтың, С.Е.Маловтың аудармаларында асыл түпнүсқа мен тәржіма текст арасында көптеген алшақтықтар, бұрмалаушылықтар бар екенін аңғардық. Өз жасаған аудармамызда түпнүсқаға неғүрлым жакын сөздерді колданып, тарихи жазба мағынасын неғүрлым дөл беруге талпыныс жасадық.
Жалпы Орхон, Енисей, Талас, Суджа, т.б. көне түрк ескерткіш-терінің бері тиянақты зерттеуді қажет етеді. Біз өз тақырып аукымы-мызға қарай, кейбір жазба ескерткіштерден мысалдар келтіре отырып. сол жәдігерлеріміздегі нақты қоғамдық-саяси ахуалға, нақты адамдарға, белгілі бір жер-су аттарына қатысты дерек – дәйектерді
ғана қарастырдык.
2.2 Батырлар жыры - ауызекі публицистика үлгісі деген тақырыпшада батырлар жырларындағы публицистикалык белгілер қарастырылды.
Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де бүрын пайда болған. Белгілі бір тайпаның кесемі өз сарбаздарының аддында сөйлеп тұрып, оларды ерлік көрсетуге шақырды, батырлық пен батылдықтың нүрын септі, яғни жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды. Елді, жерді қорғаута публицистикалык түрғыдан әсер етті. Бұл әрине әлдеқайда кешірек пайда болған, кәсіби публицистика емес. Бірак бүгінгі публицистиканың бастау алған түстары - сол кездер деп айта аламыз. Дәлірек айтқанда публицис-тиканың бастауы - фольклорда жатыр.
Ауыз өдебиетінің бір үлкен саласы -- батырлық жырлар. Эпос немесе батырлар жыры ерлікті, батырлыкды аңыздап жырлайды.
Эпос туралы салмақты ой айтқан академик Мүхтар Әуезов қазақ халқында батырлар жайындағы поэмалардың мол екендігін. Бүл поэмалар көбіне, нақты, тарихи оқиғамен байланысып, қатарласып келетінін, мөселен, қазақ пен ноғайлының аралас рулары XVI ғасырда тізе қосып, жау шапқыншылығына қарсы біріге күресуінің нотижесінде, "Алпамыс" жыры туғандығын атап көрсетеді.
Академик Әлкей Марғұланның тұжырымынша, қазақ эпосы накты тарихи шындықты акындық тілмен — өлеңмен жырлап беретін әңгіме іспеттес. Ел есінде қалған, ертедегі халықтың хал-ахуалын көне тұрмысын ұрпактан-үрпакка ауыздан-ауызға ауыстырып келе жатқан шежіре сиякты. Ә.Марғүлан эпоста тарихи шындыктың елесі бар деп есептейді.
Батырлар жырында ой орамдарының поэзиялық шұрайлы тіл кестесінің үзілген жерлері әдетте кара сөзбен жалғастырылады. Осы қара сөздер бір оқиға мен екінші оқиғаны, бір кезең мен екінші кезенді, бір шайқас пен екінші шайқасты жалғастыратын дәнекерлік рөлін атқарады. Батырлар жырындағы публицистикалық белгінің біріншісі - - Батырлардың емірде болған адам екендігі, екіншісі -тарихи шындык оқиғалардың баяндалуы; үшінші қазақ ру-тайпаларьшың, жер аттарының айқын көрінуі. Осымен коса, біз публицистикалық сарынды батырлар жырындағы қара сөздерден іздестердік.
Ал публицистикалық сарын дегеніміз - екінші сөзбен айтқанда көне замандарда жазылған шығармалардағы публицистикалық бел-гілер жиынтыга екенін айта кетуіміз керек. Диссертацияда "Қобы-ланды батыр", "Алпамыс", "Ер Тарғын" жырларындағы публицисти-калық сарын көрсетіледі. Бүл жырларда нағыз қазақ тіршілігі, өмірде бар қүбылыстар қамтылып, оқиғалардың тарихи шындықа негіздел-гені айқындалады. Ежелгі қазақ даласындағы болған тарихи шайкас-тар, өмірде болған адамдар туралы дереетер, қазак, даласындағы жер-су аттары, халықтың әдет-ғүрып, салт-дәстүрін көрсететін түтас эпи-зодтар батырлар жырларының публицистикалық сипатын аңғартады.
2.Біздің пікірімізше, белгілі бір дөуірдің шындығын көз алдымызға әкелетін батырлар жырындағы қара сөздер үлгісін публицистиканың ауызша сөйлеу тілі ретіндегі пішініне жаткызуға болады. Баскаша айтқанда, батырлар жырындағы дәнекерлік рөл аткаратын карасөз стилі - публицистикалық стилдің ауызекі түрі. Олай дейтініміз біз таддап, таразылаған батырлар жырындағы қара сөздердің мазмүны халық өмірінің шындығына құрылатындығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге батырлар жырындағы қара сөз үлгілері көпшілікке мына бағыттарда осер етеді:
Біріншіден, кара сөздер тьщдаушылардың ақыл-ойына тікелей әсер етіп, оларды белгілі бір қимылға шақырады, іс-әрекетке үндейді. Бүл ең алдымен - ел қорғау, туған жерді сүю, ата-ананы қадірлеу, әділдік үшін күресу, әлеуметтік теңдік мәселесі, бірлікке, ынтымаққа, бейбіт өмірге үндеу;
екіншіден, тындаушылар үшін кара сөз анағүрлым түсінікті болады;
үшіншіден, публицистикалық баяндау тәсілі қолданылады, сөз қайталаушылык көп кездеспейді. Мүның өзі ауызша айтқандықтан болса керек;
төртіншіден, батырлар мен басқа да кейіпкерлер өмірде болған адам екендігі де жырдағы публицистикалық сарынды күшейтеді;
бесіншіден, қазірге дейін сақталған жер-су, тау аттары кездеседі;
алтыншыдан, казақ халқының бүгінгі күнде сақталған әдет-ғүрып, салт-дәстүр, діни наным-сенімдерінің нақтылы көріністері орын алады;
жетіншіден, белгілі бір нақты тарихи кезеңде болған саяси оқиғалар тізбегі кездеседі;
сегізіншіден, тындаушылардың күш-жігерін негізгі айтылатын әлеуметтік ойға бағындырып, оларды белсенді іс-қимылға біріктіріп, қатаң бақылауға алып отыру байқалады.
Барлық жырларда да өз елін терең сүю сарыны басым. Сондай-ақ жеке бастың камынан гөрі әлеуметгік, жалпыхалықтық мүдде аддыңғы шепке шығады. Тындаушыға сол кездегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді кдрапайым да түсінікті тілмен, жылдам, тез арада жеткізуге үмтылу да - публицистиканың басты белгілерінің бірі. Сонымен бірге, ел аузына караған батырлар сөзі, ойы арқылы батырлар жыры өз кезеңінде қоғамдык пікірді қалыптастырып отырған. Қарапайым халық ішінде белгілі бір елдік мәселелер туралы қоғамдык пікір қалыптастырудың езі - публицистиканың негізгі ерекшелігі екендігі белгілі. Орыстың ауыз әдебиетін зерттеуші, академик Б.А. Рыбаковтің: "...жылнама да, батырлар жыры да шындық өмір", - деген пікірі ойымыздың дүрыстығына тіреу болады. Сонымен өз заманында ауызша айтылып, ел өміріндегі кекейкесті мөселелерді сез еткен батырлар жырындағы қара сөздерді публицистиканың ауызша пішіні деуге батыл негіз бар.
"Ауызекі публицистика", яғни өмірдің өзекті мәселелерін арқау етіп, сол заман адамдарын белгілі бір әлеуметтік ой, идея төңірегіне топтастыра білген батырлар жыры - қазіргі публицистиканың нағыз бастау, бүлақтарының бірі деп батыл айта аламыз.
2.3 Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык сарын атты бөлімшеде заманның толғақты мәселелеріне ел назарын аударып, жақсысын дәріптеп, кемшілігін әшкерелеп бере алған "дала демократиясының" жарқын көрінісінің бірі жыраулар поэзиясы зерттеу объектісі болды.
Публицистиканың түп-төркінін зерттеумен
Бақылау сұрақтары
1. Мәтін құру әдісі.
2. Логика.
Әдебиеттер тізімі:1,5,6.
Достарыңызбен бөлісу: |