«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының
2015 жылдың 11 айында жүзеге асырылуы туралы анықтама
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына 948 адам қатысып, олармен әлеуметтік келісімшарт жасалынды. Оның ішінде 346-і жұмыссыздар, 602-і өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, 446-ы ауылдық жерден. Бағдарламаға қатысушылардың 444-і 16-29 аралығындағы жастарды, 449-і әйелдерді құрап отыр.
Бағдарламаның бірінші бағыты–инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету бойынша 2015 жылға жобалар қарастырылмаған.
Бағдарламаның екінші бағыты-кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша бағдарламаға қатысушылар 2015 жылы несиеден қайтарылған қаржылар есебінен Арал ауданына 134,3 млн.теңге қаржы қаралды. Қаржы негізінен облыстық өңірлік комиссияның 19.03.2015 жылғы №02/1-6/1896 санды хаттамасының № 6 қосымшасына сәйкес АШҚҚҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ –ның Қызылорда филиалы арқылы жыл басында 2014 жылдың қаржысы есебінен 1 адамға 2,8 млн. теңге берілсе, 2015 жылы 13 адам қол жеткізіп, 29,0 млн.теңгеге несиелендірілді.
«Байқоңыр» ӘКК ҰК - «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы биылғы жылғы қайтарылған қаржы есебінен 76,0 млн.теңгеге ағымдағы жылдың 27 тамызында тендерге конкурс жариялап, тендерге аудан бойынша 15 шағын несие ұйымдары мен несие серіктестіктері қатысып, тендер қорытындысымен «Зейін несие» ЖШС НС (32,0 млн.тенге), «Ер-Нұр-Дәулет» ЖШС НС (35,0 млн. теңге), «Жігер 2020» ЖШС НС (9,0 млн.теңге) жеңімпаз болып табылды.
Қазіргі таңда «Ер-Нұр-Дәулет» ЖШС 11 адамға, «Жігер 2020» ЖШС НС – 3 адамға және «Зейін несие» ЖШС НС – 9 адамға несие таратты, несие алушының 16 адамы ауылдық жерден болса, негізгі бағыттары мал шаруашылығын дамытуға.
2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін екінші бағыт бойынша несие алушылардың жалпы саны 460 адам. Несие алушылардың аудандық мемлекеттік кіріс басқармасына тіркелгені 460 адам.
Несие алушылардан басқа 137 жаңа жұмыс орыны құрылды.
Сонымен қатар, орталық тарапынан қала, кент және ауылдық округ тұрғындарына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты бойынша түсініктеме беру, ақпараттандыру және несие алушыларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп келеді.
ІІІ бағыты - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша кәсіптік даярлауға 2014 жылдың қыркүйек айының 1-ші жұлдызынан бастап бағдарламаға өтініш беруші 103 адам жолданып, 94 адамы 10 айлық курсты толық аяқтады. Бүгінгі күнге курс бітіруші 70 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, жұмысқа орналасты. Кәсіптік оқуды жалғастырушыларға 23,404 млн. теңге жұмсалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына қаралған қаржы көлемі 3,563 млн теңге. (жоспар 25 адам).
Өтініш беруші 13 мекемемен келісім шарт жасалып, 37 адамға жолдама берілді, 1 желтоқсанға жұмыстарын аяқтады.
Әлеуметтік жұмысқа қатысқан 37 адам (оның ішінде осы жылы қатысқаны 18 адам) (50 пайызы) тұрақты жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмысты ұйымдастыруға бөлінген қаржы толығымен игерілді. МЗЖ-ы ай сайын уақытылы аударылып келеді.
Жастар тәжірибесіне қаралған қаржы 7,918 млн теңге (жоспар 37 адам) 71 мекеме-кәсіпорындарға жастар тәжірибесіне жолданған 137 жас маманның 98-ы тұрақты жұмысқа орналасты (биылғы жылдан 56 адам) (70,8 пайызы).
Жастар тәжірибесіне бөлінген қаржы толығымен иегерілді. МЗЖ-ның аударылуы 100 пайызға орындалып отыр.
Бағдарлама аясында 2011-2014 жылдары оқу курстарын бітірген 109 адамның 13-і жастар тәжірибесіне, 32-і тұрақты жұмысқа, өз бетінше жұмысқа орналасқандар -19 адам, барлығы 64 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Тұрақты жұмысқа орналаспасаған 45 адамның, 37 азаматы дәлелді себептермен жұмысқа тұрғызуды қажет етпейді (қоныс аударған - 17 адам, жоғарғы оқу орындарына оқуға түскен -1 адам, әскер қатарында -2 адам, ұзақ мерзімде ем қабылдаушылар -2 адам, 1-адам бала күтімінде, жазбаша түрде жұмыстан бас тартқандар-14 адам). Қазіргі таңда 8 адамды жұмысқа орналастыруға жұмыстар жүргізілуде.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтардан бағдарламаға 29 адам қатысты:
Әлеуметтік жұмыстарға - 1 адам,
Жастар тәжірибесіне - 3 адам,
Несие алған- 1 адам,
Орталыққа жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандардан – 24 адам.
Мекемелерден келіп түскен бос жұмыс орындары туралы мәліметке сәйкес бағдарламаға қатысуға ниет білдірген 695 адам тұрақты жұмысқа жолдама алып, жұмысқа орналасты.
Бағдарлама аясында 11 айда барлық жұмысқа орналасқаны 1104 адам (МЗЖ- аударылғаны 905 адам 82 пайыз), оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқаны 1004 адам (МЗЖ –аударылғаны -805 адам, 80 пайыз). МЗЖ аударылмаған 199 адамның 18-і кәсіптік оқуды аяқтаушылар, 181 адамның қараша айында жолдама алып тұрақты жұмысқа орналасқандықтан МЗЖ-ы 25-і желтоқсан айына дейін аударылады деп межелеп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |