Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы
ақпарат
Алматы қаласында жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, халықтың күнкөрісі төмен тобы мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен қызметтерді көрсету және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу бойынша іс-шаралар Алматы қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы мен Басқарманың Стратегиялық жоспарының аясында іске асырылады.
Табысы аз азаматтарға әлеуметтік көмектер мен жәрдемақылар төленеді.
18 жасқа дейінгі балалары бар, адам басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінен төмен отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы төленеді (1618 теңге). Азық-түлік себетінің ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын немесе 12 003 теңгені құрайды (IV тоқсандағы мөлшер). 2012 жылы балалар жәрдемақысы 27,4 млн. теңгеге 1202 отбасыға (2785 балаға) төленді.
Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды (IV тоқсандағы мөлшері 8002 теңге).
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 609 отбасыға (1887 адамға) тағайындалды. АӘК –тің отбасының 1 мүшесіне шаққандағы орташа мөлшері 2803 теңгені құрады. Атаулы әлеуметтік көмекті негізгі алушылар балалар, жұмыссыздар, балаларды бағып-күтумен айналысатын тұлғалар, студенттер, сондай-ақ мүгедектер мен басқа да азаматтар болып табылады.
Зейнеткерлер, еңбек майданының қатысушылары, бірінші топтағы мүгедектер, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруынан жапа шеккендер, жасы бойынша мемлекеттік арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алушылар, арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдар 1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы қалалық жәрдемақы алады (1618 теңге). Жыл басынан бері аталған жәрдемақы 2 932,3 млн. теңгеге 160 579 адамға тағайындалды.
Табысы аз азаматтарға белгіленген нормалар шегінде тұрғын үй–коммуналдық шығындардың төлемдері отбасы бюджетінің жалпы табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жыл басынан бері тұрғын үй көмегі 55,0 млн.теңге сомасында 3287 адамға тағайындалды.
Мүгедек балаларды үй жағдайында оқытып тәрбиелейтін отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан тоқсан сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 10517 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Жыл басынан бері аталған жәрдемақы 28,7 млн. теңге көлемінде 799 адамға төленді.
Өмірлік қиын жағдайға кез болған 5045 адамға 33,2 млн. теңге сомасында бір жолдық материалдық көмек көрсетілді.
Қаланың зейнеткерлері мен мүгедектерінің денсаулықтарын нығайту үшін 2012 жылға 311,2 млн. теңге бөлінген. Жыл басынан бері 3705 адам денсаулықтарын түзеуге мүмкіндік алды.
ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектері қоғамдық көлікте жүрулері үшін тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілуде.
Ленинград қоршауында болғандарға 5 мың теңгеден жалпы сомасы 540,0 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Сонгдай-ақ Ленинград қоршауында болған 6 адамға Санкт-Петербург қаласына бару және қайта оралу үшін жалпы сомасы 719,2 мың. теңге төленді.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 67 – жыл толуына орай ҰОС-ның ардагерлері мен қатысушыларына, соларға теңестірілгендерге, ҰОС-да қаза тапқандардың жесірлеріне, Ауғаныстандағы ұрыс қималдары кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен қайта некеге тұрмаған жұбайларына жалпы сомасы 192,5 млн. теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек төленді. Аталған көмекті алушылар 6229 адамды құрады.
Ыстық және суық суды есептейтін құралдарды сатып алу, түгендеу және орнату, сондай-ақ орнатуға кететін шығынды өтеу мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін немесе тұрғын үй көмегін алушы табысы аз азаматтарға, жасы бойынша зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек белгіленген. Аталған көмек бір құралға төрт айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде азаматтың екінші деңгейлі банктегі жеке шотына аудару жолымен көрсетілді. Есептік кезеңде 30,6 млн. теңге сомаға 2549 адамға көмек көрсетілді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту жұмыстары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының аясында жүзеге асырылады.
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Алматы қаласында мүгедектер арнайы жүріп-тұру құралдарымен, тифло-сурдоқұралдармен, есту-протездеу көмегімен, протездеу және ортездеу қызметтерімен, арнайы гигиеналық құралдармен және жеке көмекшінің қызметімен, сондай-ақ ыммен сөйлесу тілінің аудармашысымен қамтамасыз етілуде. Жыл басынан бері осынау көмектер мен қызметтердің түрімен 7536 мүгедек қамтамасыз етілді.
Жүрдекше-арбашамен жүретін 351 бірінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға инватакси кызметі көрсетілді.
Сонымен қатар, 5 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 15 бөлімшеде және екі мүгедектерді оңалту орталықтарында (Алмалы және Әуезов) 101 адамға жартылай стационар жағдайында, ал үй жағдайында 1202 мүгедек балаға қызмет көрсетілуде, соның ішінде 153-і 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдар болып табылады.
Күндізгі уақытта болу бөлімшелерінде үкіметтік емес ұйымдар (АРДИ» мүгедек балалар ата-аналарының Қауымдастығы, «Рух» ҚБ, «Мархабат» ҚҚ) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Аталған ұйымдарда 175 мүгедек балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдарға қызмет көрсетіледі.
Ағымдағы жылы жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін психоневрологиялық патологиясы бар 50 балаға арналған күндізгі уақытта болу орталығы жұмыс істей бастады.
Есептік кезеңде әлеуметтік мекемелерде 1305 адам өмір сүруде.
Қаланың еңбек нарығындағы хал-ахуал тұрақты күйінде сақталуда, жұмыссыздар санының өсуі байқалмады. Статистиканың мәліметі бойынша еңбек нарығында экономикалық белсенді халыққа шаққанда 775,8 мың адамды, жұмыссыздардың саны 43,1 мың адамды, ал жұмыссыздықтың деңгейі 5-6 пайызды құрайды (2012 жылдың 3 тоқсанындағы мәлімет).
Жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш білдіргендердің саны – 6693 адам. Соның ішінен 1659 адам Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысущылары атанды.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы 3201 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, соның ішінде 682 адам нысаналы топқа жататын жұмыссыздар болып табылады. Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға -3496 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарына -539 адам, ал кәсіби даярлау курстарына- 1223 жұмыссыз жіберілді.
Желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша есепке алынған жұмыссыздардың деңгейі 0,1 пайызды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,1 пайызға төмен (2011 жылдың 1 желтоқсанында 0,5 пайыз болған). Биылғы жылдың 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған жұмыссыздардың саны – 1073 адам (2012 жылдың 1 қаңтарында 1558 адам болған).
Бұрынғысынша жұмыссыздар құрамының басым бөлігі әйелдер, олар жалпы жұмыссыздардың 69 пайызын құрайды. Жұмыссыздар құрамының басым бөлігін 21 жасқа дейінгі жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, зейнеткерлік жастың қарсаңындағы тұлғалар, ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген адамдар, сондай-ақ жалғызбасты көп балалы аналар, мүгедектер, табыс аз азаматтар мен басқа да нысаналы топқа жататын адамдардан құрайды.
Жұмыскерлерді босату және жартылай жұмыспен қамтылу жағдайы тұрақты бақылауға алынған. Жыл басынан бері 106,7 мың. адам жұмыс істейтін 443 мекемеге сұрау салынды. Ондағы жұмыстан босатылғандардың саны – 1797 адам, алдағы 2 айда босатылу қаупі бар адамдардың саны – 471 адам. Мәжбүрлі еңбек демалысына жіберілгендердің саны – 1054 адам.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасы бойынша орта мерзімді кезеңге арналған (2013-2015ж.ж.) Алматы қаласының жұмыспен қамту картасы әзірленді. Жұмыспен қамту каратасын әзірлеудегі негізгі мақсат – қаланың еңбек нарығындағы теңгерімділік деңгейін анықтау болып табылады. Аталған карта әзірлеудің нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыс табу мақсатында еңбек нарығына шыққан жұмыс күшінің көлемін нақтылау арқылы жұмыскерлерге деген қосымша қажеттілікті анықтауға мүмкіндік туды.
Елбасының Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында Жұмысмпен қамты 2020 бағдарламасын іске асыру жалғастырылуда. Дәлірек айтсақ қалада бағдарламаның «өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» бірінші бағыты іске асырылуда.
2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өткен жылдан ауысқан контингентті қоса есептегенде Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 2811 адамды құрады, оның ішінде 2012 жылы өтініш білдіргендер 1746 адам. Соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнында істегендер – 806 адам, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жіберілгендер – 771 адам, жастар іс-тәжiрибесiне жіберілгендер - 434 адам, сондай-ақ оқу орындарында кәсіптік оқыту курстарынан өткендер – 810 адамды құрайды.
Жұмыссыздарды кәсіптік оқыту үшін 2012 жылға республикалық бюджеттен 929,8 млн. теңге бөлінген болса, соның 902,2 млн. теңгесі немесе 97 пайызы игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 84,3 млн. теңге бөлініп, толықтай 84,3 млн. теңгесі (100 пайызы) игерілді. Еңбекақының орташа мөлшері 48,3 мың теңге мөлшерінде болды. Бағдарлама қатысушылары сантехник, газоэлектросварщик, темір ұстасы, шаштараз, кондитер, жүргізуші, есепші сынды басқа да мамандықтар бойынша жұмыс істеді.
Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыруға 37,2 млн. теңге бөлініп, соның толықтай 37,2 млн. теңгесі (100 пайызы) игерілді. Бітірушілер заңгер, экономист, программист, есепші сияқты мамандықтар бойынша жұмыс істеді.
Достарыңызбен бөлісу: |