Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет2/13
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
#205238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

өңдеуді есептеу;

жабдықтың жай-күйін қадағалау және күту.

62. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қайнату және ағартуда туындайтын химиялық процестері, сілті және басқа да ерітінділердің концентрациясын айқындау әдістемесі;

жартылай фабрикаттың сапасын төмендету себептері мен оларды жою тәсілдері, қайнату және ағарту процесін бақылау әдісі.

13. Целлюлоза қайнатушы


Параграф 1. Целлюлоза қайнатушы, 3-разряд
63. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 100-ден 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың түсуін реттеу;

қайнату бөлімі коммуникацияларына қызмет көрсету, жабдықты күту;

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 100-т-ға дейін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтарына мен аппараттарына жоңқа, жарма салу және тығыздау;

қышқыл, сілті толтыру, бу жіберу;

циркуляциямен қамтамасыз ету, қысымды көтеру, ретімен қайнату процесін жүргізу, сынама алу және қазандықты үрлеу;

жабдықтың, коммуникациялардың, арматура және бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын қадағалау;

сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік стандартқа сәйкес сақталуы.

64. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қазандықтарды толтыру ережесі, жоңқа, жармалардың сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Целлюлоза қайнатушы, 4-разряд


65. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 250 т-ға дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың түсуін реттеу;

қайнату бөлімі коммуникацияларына қызмет көрсету, жабдықты күту;

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 100-т-дан 250-т-ға дейін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтарына мен аппараттарына жоңқа, жарма салу және тығыздау;

қышқыл, сілті толтыру, бу жіберу;

циркуляциямен қамтамасыз ету, қысымды көтеру, ретімен қайнату процесін жүргізу, сынама алу және қазандықты үрлеу;

жабдықтың, коммуникациялардың, арматура және бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын қадағалау;

сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік стандартқа сәйкес сақталуы.

66. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қазандықтарды толтыру ережесі, жоңқа, жармалардың сапалық көрсеткіштері;

қайнату технологиялық режимдері мен целлюлозаның сапасын көрсететін факторлар.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өңдеуде және электр оқшаулау қағазын өңдеуде 1 разрядтан жоғары разряд тарифтеледі.

Параграф 3. Целлюлоза қайнатушы, 5-разряд


67. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 250 т-дан асатын целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың түсуін реттеу;

қышқыл, сілті толтыру, бу жіберу;

циркуляциямен қамтамасыз ету, қысымды көтеру, ретімен қайнату процесін жүргізу, сынама алу және қазандықты үрлеу;

сапалық көрсеткіштердің мемлекеттік стандартқа сәйкес сақталуы;

қайнату бөлімі коммуникацияларына қызмет көрсету, жабдықты күту;

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 100-т-ға дейін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтарына мен аппараттарына жоңқа, жарма салу және тығыздау;

тәжірибелік құрылғыларға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша қайнатуды бақылау;

жоңқаны, қамысты, сабанды, қышқыл, сілті, буды мөлшерлеу;

қазандықтағы қысым мен температураны реттеу;

газды кезең-кезеңімен үрлеу, қазандықтан сілтіні іріктеу;

қайнату режимінің барлық көрсеткіштерін сақтау;

жұмыс барысындағы техникалық ақаулықтарды анықтау және жою;

жабдықтың, коммуникациялардың, арматура және бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын қадағалау;

басқару пультынан жабдықты қосу.

68. Білуге тиіс:

қайнату цехы жабдықтарын басқару пультынан қосу, олардың қызметі мен қосу ережесі;

өндіріс сатылары бойынша қайнату процесін автоматты реттеу және бақылау тәсімін және су, бу, қышқыл, предгидролизат, сорғы, вентиль, қорғау клапандарының тәсімдері;

қазандықта болатын химиялық процестері;

целлюлозаның сапасын төмендететін күю және басқа да кемшіліктердің болу себептері;

сілтінің түсіне қарай қайнатуды бақылау әдістері, ағаштың шығуының шекті нормасы, мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің көрсеткіштері.

Химиялық өңдеуге арналған целлюлозаны өңдеуде және электр оқшаулау қағазын өңдеуде 1 разрядтан жоғары разряд тарифтеледі.

Параграф 4. Целлюлоза қайнатушы, 6-разряд


69. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен тәулігіне 100 т-дан асатын целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін үздіксіз істейтін қайнату қазандықтары мен аппараттарына жоңқа, жарманың түсуін реттеу;

реттейтін аппаратураның жұмысын қадағалау және бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша қайнатуды бақылау;

жоңқаны, қамысты, сабанды, қышқыл, сілті, буды мөлшерлеу;

қазандықтағы қысым мен температураны реттеу;

газды кезең-кезеңімен үрлеу, қазандықтан сілтіні іріктеу;

қайнату режимінің барлық көрсеткіштерін сақтау;

жабдықтың, коммуникациялардың, арматура және бақылау-өлшеу аспаптарының жай-күйін және дұрыс пайдаланылуын қадағалау;

мемлекеттік стандартқа сәйкес жоспарланатын өнімнің шығуын қамтамасыз ету;

төмендеу білікті қайнатушыны басқару.

70. Білуге тиіс:

қайнату цехы жабдықтарын басқару пультынан қосу, олардың қызметі мен қосу ережесі;

өндіріс сатылары бойынша қайнату процесін автоматты реттеу және бақылау тәсімін және су, бу, қышқыл, предгидролизат, сорғы, вентиль, қорғау клапандарының тәсімдері;

қазандықта болатын химиялық процестері;

целлюлозаның сапасын төмендететін күю және басқа да кемшіліктердің болу себептері;

сілтінің түсіне қарай қайнатуды бақылау әдістері, ағаштың шығуының шекті нормасы, мемлекеттік стандарт бойынша өнімнің сапалық көрсеткіштері.

71. Орта арнайы білім талап етіледі.

14. Сілті булаушы


Параграф 1. Сілті булаушы,2-разряд

72. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті булаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне 100 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;

сорғыларды, коммуникацияларды, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

сілтіні айдау процесін қадағалау;

сілті деңгейін реттеу.

73. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

булау құрылғысының технологиялық режимі.

Параграф 2. Сілті булаушы, 3-разряд


74. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті булаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне 100 т-ға дейін целлюлоза және тәулігіне 100-т-дан 250 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;

сорғыларды, коммуникацияларды, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

сілтіні айдау процесін қадағалау;

сілті деңгейін реттеу;

зауыттың басқа да цехтарымен байланысты жүзеге асыру;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен өнімділігі тәулігіне 100 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндірісі бойынша булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау;

қара сілтінің, барды, бу және судың конденсаторға жіберілуін реттеу;

корпустағы будың, температура мен қысымды бақылау;

сілті іріктеу және оның тығыздығын тексеру;

буланған сілтінің қажетті санын содорегенерациялық бөлумен қамтамасыз ету.

75. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

сульфатты целлюлоза өндірісінің жалпы тәсімі;

булау құрылғысы жұмысының технологиялық режимі;

сода балқыту пешінің жұмысына сілті тығыздығының әсері, әлсіз және қатты сілтілердің құрамы, булауды оңтайлы жүргізу шарттары;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының шекті нормалары.

Параграф 3. Сілті булаушы, 4-разряд


76. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті булаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне 100 т-дан 250 т-ға дейін целлюлоза және тәулігіне 250 т-дан асатын жартылай целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;

сорғыларды, коммуникацияларды, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

сілтіні айдау процесін қадағалау;

зауыттың басқа да цехтарымен байланысты жүзеге асыру;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен өнімділігі тәулігіне 100 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндірісі бойынша реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратураның көмегімен сілтілер мен бардыларды булау;

қара сілтінің, барды, бу және судың конденсаторға жіберілуін реттеу;

корпустағы будың, температура мен қысымды бақылау;

сілті іріктеу және оның тығыздығын тексеру;

буланған сілтінің қажетті санын содорегенерациялық бөлумен қамтамасыз ету;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының белгіленген шығу нормаларын сақтау;

конденсаттың тазалығын және оны булау аппараттарынан шығаруды бақылау. жабдықтардың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін және қалыпты жұмыс істеуін қадағалау;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

77. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

сульфатты целлюлоза өндірісінің жалпы тәсімі;

булау құрылғысы жұмысының технологиялық режимі;

сода балқыту пешінің жұмысына сілті тығыздығының әсері, әлсіз және қатты сілтілердің құрамы, булауды оңтайлы жүргізу шарттары;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының шекті нормалары.

Параграф 4. Сілті булаушы, 5-разряд


78. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті булаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;

сорғылардың, коммуникациялардың, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

сілтіні айдау процесін қадағалау;

зауыттың басқа да цехтарымен байланысты жүзеге асыру;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен өнімділігі тәулігіне 100 т-дан 250 т-ға дейін жартылай целлюлоза өндірісі бойынша реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратураның көмегімен тәулігіне 250 т-дан жоғары жартылай целлюлоза өндіретін сілтілер мен бардыларды булау;

қара сілтінің, барды, бу және судың конденсаторға жіберілуін реттеу;

корпустағы будың, температура мен қысымды бақылау;

сілті іріктеу және оның тығыздығын тексеру;

буланған сілтінің қажетті санын содорегенерациялық бөлумен қамтамасыз ету;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының белгіленген шығу нормаларын сақтау;

конденсаттың тазалығын және оны булау аппараттарынан шығаруды бақылау, жабдықтардың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін және қалыпты жұмыс істеуін қадағалау;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

79. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

сульфатты целлюлоза өндірісінің жалпы тәсімі;

булау құрылғысы жұмысының технологиялық режимі;

сода балқыту пешінің жұмысына сілті тығыздығының әсері, әлсіз және қатты сілтілердің құрамы, булауды оңтайлы жүргізу шарттары;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының шекті нормалары.

Параграф 5. Сілті булаушы, 6-разряд


80. Жұмыс сипаттамасы:

өнімділігі тәулігіне 250 т-дан жоғары целлюлоза өндіретін зауыттардағы булау құрылғыларында сілтілер мен бардыларды булау процесін жүргізу;

сорғылардың, коммуникациялардың, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

қара сілтінің, барды, бу және судың конденсаторға жіберілуін реттеу;

корпустағы будың, температура мен қысымды бақылау;

сілті іріктеу және оның тығыздығын тексеру;

буланған сілтінің қажетті санын содорегенерациялық бөлумен қамтамасыз ету;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының белгіленген шығу нормаларын сақтау;

конденсаттың тазалығын және оны булау аппараттарынан шығаруды бақылау, жабдықтардың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін және қалыпты жұмыс істеуін қадағалау;

сілтіні айдау процесін, сорғылардың, коммуникациялардың, сілті жинағыштардың қалыпты жұмыс істеуін қадағалау;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

зауыттың басқа да цехтарымен байланысты жүзеге асыру.төмендеу білікті булаушыны басқару.

81. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, коммуникациялардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

сульфатты целлюлоза өндірісінің жалпы тәсімі;

булау құрылғысы жұмысының технологиялық режимі;

сода балқыту пешінің жұмысына сілті тығыздығының әсері, әлсіз және қатты сілтілердің құрамы, булауды оңтайлы жүргізу шарттары;

сілті, барды, бу, су, электр энергиясының шекті нормалары.

82. Орта арнайы білім талап етіледі.

15. Фибра июші


Параграф 1. Фибра июші, 3-разряд
83. Жұмыс сипаттамасы:

фибраны станокта ию;

фибра дайындамаларын қалыңдығы мен сапасына қарай іріктеу;

крандарды айлабұйымдарда ию;

бұлауды жұмысқа дайындау;

бұлауға жіберу және шылапшынның фибра корпусын қыздыру;

корпустың шетін сулау;

фибра корпустың ернеуін станокта ию, мойнына сым қою;

даярланатын өнімнің сапасын бақылау;

станокты баптау және реттеу.

84. Білуге тиіс:

станок пен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы мен жұмыс істеу принципі, шылапшын, шабадан және иілген қораптар жасау технологиялық режимі, фибраның сұрыптары, ақау себептері мен оларды жою тәсілдері.

16. Білік оюшы
Параграф 1. Білік оюшы, 3-разряд
85. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті оюшының басшылығымен азот қышқылын өңдеу процесін пайдалана отырып, қыздырылған матрица молеттелген сығымдағышта оны илемдеу арқылы матрицаны қолмен және молет жасау;

тұсқағазды өрнектеу және бір уақытта басып шығаруда қолданылатын суретті білікте қыздырылған молетпен станокта рельефті тегістеу;

қажет маркадағы болатты таңдау, матрица және молет дайындамаларын токарлық станокта жасау;

матрицада суретті пуансондармен және гравштихельмен қолмен ою;

матрицаны сулау;

молетті молеттелген сығымда азот қышқылымен өңдей отырып сығымдау және молетті сулау;

суретті тегістейтін станокта тегістеу, білік пен рельефке мастика немесе қышқыл төзімді қабат жағу, азот қышқылымен өңдеу, берілген суретті сығымдау режимін іріктеу;

үлкен раппорттардың жіктерін пуансонмен бітеу, блинтті фигураларды (конгревті фонда немесе ішкі білікте) бөлу;

білікті немесе сурет рельефін таңбалау және түпкілікті жетілдіру;

пуансондар мен аударғыштар жасау және сулау;

баспалы суреттерді болат білікте өңдеу;

құрғақ гофр торларын және суреттерді тегістеу станогында қайта сығымдау.

86. Білуге тиіс:

оятын суреттер мен әдістер, молеттелген сығымдағыш пен илемдеу станогының құрылымы;

біліктерді орнату және тегістеу тәсілдері, білік, матрица және молет, пуансон және ауыстырғыш жасау үшін қолданылатын болат маркалары, оларды термоөңдеу технологиясы;

рельефті сығымдау, болат баспа біліктерді тегістеу және өңдеуде туындайтын ақаулық түрлері, оларды жою тәсілдері.

Параграф 2. Білік оюшы, 5-разряд


87. Жұмыс сипаттамасы:

молеттің жапсарласқан жерін пуансонмен өңдеуді талап ететін терең қысым суреттерді жасау;

токарлық станокта матрицалардың, молеттің дайындамасын жасау, тұсқағаздарды өрнектеу және бір уақытта басып шығаруда қолданылатын суреттеу білігінде станокта рельефті тегістеу;

суретті ою, матрицаны шыңдау, молетті сығымдау және шыңдау, суреттерді білікте тегістеу;

білік пен рельефке мастика және қышқыл төзімді қабатты жағу, азот қышқылымен өңдеу, берілген суретті сығымдау режимін таңдау;

білік және сурет рельефін таңбалау және түпкілікті жетілдіру;

пуансондар мен аударғыштарды жасау және шыңдау, баспа суреттерін болат біліктерде өңдеу;

құрғақ гофр торлары мен суреттерін илемдеу станогында қайта сығымдау.

88. Білуге тиіс:

сурет жасау технологиясы;

ою әдістері, білік жасауда қолданылатын жабдықтың құрылымы;

білік, матрица және молет, пуансон және ауыстырғыш жасау үшін қолданылатын болат маркалары, оларды термоөңдеу технологиясы;

рельефті сығымдау, болат баспа біліктерді тегістеу және өңдеуде туындайтын ақаулық түрлері, оларды жою тәсілдері.

Көп бояумен өрнектеу және күрделі: «шілтерлі», «муарлық», «көлеңкелі» оюға арналған сурет жасауда 1 разрядқа жоғары тарифтеледі.

17. Дефибрерші
Параграф 1. Дефибрерші, 2-разряд
89. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дефибрершінің басшылығымен өнімділігі тәулігіне 60-тан 100-ға дейін ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

дефибрердің, массаның температурасын, концентрациясы мен ұнтақтау жұмысын, дефибрер бұлауынан жоңқаларды уақытында тазалауды қадағалау;

жоңқа сапасын бақылау;

шаржыны ауыстыруға қатысу;

электр энергиясының берілген шығу нормасын сақтау.

90. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс істеу принципі;

оны күту тәсілдері; реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару тәсімі;

балансты және ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар;

өнімнің сапасын бақылау әдістері.

Параграф 2. Дефибрерші, 3-разряд


91. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дефибрершінің басшылығымен өнімділігі тәулігіне 100-ден 300 т-ға дейін ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

дефибрердің, массаның температурасын, концентрациясы мен ұнтақтау жұмысын, дефибрер бұлауынан жоңқаларды уақытында тазалауды қадағалау;

жоңқа сапасын бақылау;

шаржыны ауыстыруға қатысу;

электр энергиясының берілген шығу нормасын сақтау;

сомалық өнімділігі тәулігіне 60 т-ға дейін дефибрер шығару технологиялық режимге сәйкес дефибрирлеу процесін жүргізу;

шахталарға дефибрерлердің дұрыс слаынуын, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының және май жүйесінің жұмысын, белгіленген дефибрирлеу температурасын, масса концентрациясы мен басқа да жұмыс көрсеткіштерді қадағалау;

тозған шаржыларды ауыстыру, тастарды кесу;

дефибрерлеу моторларының, сорғы, жоңқа тұтқыш және өзге де жабдықтардың жұмысын қадағалау;

технологиялық режим талаптарына сәйкес массаның сапасын бақылау;

әрбір дефибрерден ағаш массасының біркелкі алынуын қадағалау және массаны қағаз фабрикаға айдау.

92. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

оны күту тәсілдері;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару тәсімі;

баланстың және ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар;

шахталарға жіберу ережесі, өнімнің сапасын бақылау әдістері.

Параграф 3. Дефибрерші, 4-разряд
93. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дефибрершінің басшылығымен өнімділігі тәулігіне 300 т-дан жоғары ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

дефибрердің, массаның температурасын, концентрациясы мен ұнтақтау жұмысын, дефибрер бұлауынан жоңқаларды уақытында тазалауды қадағалау;

жоңқа сапасын бақылау;

шаржыны ауыстыруға қатысу;

электр энергиясының берілген шығу нормасын сақтау;

сомалық өнімділігі тәулігіне 60 т-дан 100 т-ға дейін дефибрер шығару технологиялық режимге сәйкес дефибрирлеу процесін жүргізу;

шахталарға дефибрерлердің дұрыс салынуын, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының және май жүйесінің жұмысын, белгіленген дефибрирлеу температурасын, масса концентрациясы мен басқа да жұмыс көрсеткіштерді қадағалау;

тозған шаржыларды ауыстыру, тастарды кесу;

дефибрерлеу моторларының, сорғы, жоңқа тұтқыш және өзге де жабдықтардың жұмысын қадағалау;

технологиялық режим талаптарына сәйкес массаның сапасын бақылау;

әрбір дефибрерден ағаш массасының біркелкі алынуын қадағалау және массаны қағаз фабрикаға айдау.

94. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

оны күту тәсілдері;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару тәсімі;

дефибрерлердің өнімділігі; тас маркалары, оларды кесу және білікке отырғызу ережесі, оларды пайдалану шарттары;

баланстың және ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар;

шахталарға жіберу ережесі, өнімнің сапасын бақылау әдістері мен ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.

Параграф 4. Дефибрерші, 5-разряд


95. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дефибрершінің басшылығымен өнімділігі тәулігіне 100 т-дан 300 т-ға дейін ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

дефибрердің, массаның температурасын, концентрациясы мен ұнтақтау жұмысын, дефибрер бұлауынан жоңқаларды уақытында тазалауды қадағалау;

шаржыны ауыстыруға қатысу;

электр энергиясының берілген шығу нормасын сақтау;

шахталарға дефибрерлердің дұрыс салынуын, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының және май жүйесінің жұмысын, белгіленген дефибрирлеу температурасын, масса концентрациясы мен басқа да жұмыс көрсеткіштерді қадағалау;

тозған шаржыларды ауыстыру, тастарды кесу;

дефибрерлеу моторларының, сорғы, жоңқа тұтқыш және өзге де жабдықтардың жұмысын қадағалау;

технологиялық режим талаптарына сәйкес массаның сапасын бақылау;

әрбір дефибрерден ағаш массасының біркелкі алынуын қадағалау және массаны қағаз фабрикаға айдау.

96. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

оны күту тәсілдері; реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару тәсімі;

дефибрерлердің өнімділігі; тас маркалары, оларды кесу және білікке отырғызу ережесі, оларды пайдалану шарттары;

баланстың және ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар;

шахталарға жіберу ережесі, өнімнің сапасын бақылау әдістері мен ағаш массасының сапалық көрсеткіштері.

Параграф 5. Дефибрерші, 6-разряд
97. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дефибрершінің басшылығымен өнімділігі тәулігіне 300 т-дан асатын ағаш массасын өндіру процесін жүргізу;

дефибрердің, массаның температурасын, концентрациясы мен ұнтақтау жұмысын, дефибрер бұлауынан жоңқаларды уақытында тазалауды қадағалау;

шаржыны ауыстыруға қатысу;

электр энергиясының берілген шығу нормасын сақтау;

шахталарға дефибрерлердің дұрыс салынуын, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының және май жүйесінің жұмысын, белгіленген дефибрирлеу температурасын, масса концентрациясы мен басқа да жұмыс көрсеткіштерді қадағалау;

тозған шаржыларды ауыстыру, тастарды кесу;

дефибрерлеу моторларының, сорғы, жоңқа тұтқыш және өзге де жабдықтардың жұмысын қадағалау;

технологиялық режим талаптарына сәйкес массаның сапасын бақылау;

әрбір дефибрерден ағаш массасының біркелкі алынуын қадағалау және массаны қағаз фабрикаға айдау.

98. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымы;

оны күту тәсілдері;

реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасын басқару тәсімі;

дефибрерлердің өнімділігі;

тас маркалары, оларды кесу және білікке отырғызу ережесі, оларды пайдалану шарттары;

баланстың және ағаш массасының сапасына қойылатын талаптар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет