Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



бет2/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#125005
1   2   3   4   5

Білуге тиіс: кір жуу орындарындағы киімді өңдеудің технологиялық процесі ережесін; киімді өңдеудің барлық өндірістік операциялары жөнінде қолданылып жүрген жұмысшы нұсқаулықтарды; технологиялық жабдықты пайдалану ережесін; түрлі өңдеу түрлеріне қабылданған киімді өңдеу тәсілдерін; киімді қабылдау және өндірістік партияларды құрастыру ережесін; киімді өңдеудің барлық процестері бойынша орындалатын жұмыстың сапасын анықтау әдістерін; брак түрлерін және оның алдын алу тәсілдерін.
21. Косметик

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бетке, мойынға және бас терісіне массаж жасау. Бетті гигиеналық, вакуумдық тазалау және басқа да нәрлі, дезинфекциялайтын маскалар жағу. Қабыршықтану процесін жүргізу, қолды парафинмен орау. Қасты түзеу, қас пен кірпікті бояу, кірпіктерді майыстыру. Бояу жаға білу.

Білуге тиіс: анатомия және физиология негіздері, терінің құрылысы мен қасиеті, жұмыстарды орындау ережесі мен тәсілдері; қолданылатын жабдықтар мен құралдарын құрылғысы мен ережесі; материалдар мен арнаулы өнімдердің түрлері, олардың мақсаты мен шығындау нормалары; санитария мен гигиена ережесі; клиенттерге қызмет көрсету ережесі.

Орта медициналық білімді талап етеді .



Бетке коррекция жасау кезінде күрделі бояу жағуларды орындау – 4-разряд.
22. Бояушы

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы., Мата қиындысы мен мақта-қағаз талшықтарынан жасалған бұйымдарды, қатты жүн және қатты сукно маталарды – әртүрлі тондарға, сондай-ақ табиғи жібек мен жүн талшықтарынан жасалған бұйымдарды қою түстерге бояу машиналарында және баркаларда бояу процесін жүргізу. Компоненттердің қажетті көлемі есептеу және бояу мен химиялық ерітінділерді белгіленген рецептура бойынша дайындау. Бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу. Жұмыс партияларын бояудың тәсілі, бұйым ассортименті және бояудың түсіне қарай жиынтықтау. Партияларды өлшеу. Технологияға және өңдеу жұмыстарының ұйымдастырылуына қарай өндірістік партияларды өңдеуге іріктеу. Бұйымды ластан тазарту. Тегістеу немесе бояудың түссізденуін қамтамасыз ету. Сіңірмені алу. Бұйымды жуу және боялуын бекіту. Бұйымды центрифугада сығу. Бұйымды келесі технологиялық операцияға жіберу.

Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрі мен талшық құрамын; орнатылған жабдықтың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; бояудың тәсілдері мен технологиялық режимдерін; жұмыс партияларын жиынтықтау ережесін; химиялық ерітінділер мен бояғыштардың түрлері мен қасиеттерін, олардың бұйымға әсерін; бұйымды бояудың сапасына қойылатын талаптарды.
23. Бояушы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы., Мата қиындысы мен табиғи жібек мен жүн талшықтарынан жасалған бұйымдарды ашық түстерге, синтетикалық және аралас талшықтан жасалған бұйымдарды – әртүрлі түстерге бояу машиналарында және баркаларда бояу процесін жүргізу. Бұйымдарды арнаулы сіңірмелеу препараттарымен сіңірмелеу. Компоненттердің қажетті көлемі есептеу және бояу мен химиялық ерітінділерді белгіленген рецептура бойынша дайындау. Бұйымның түріне, талшықтың құрамы мен материалдың тығыздығына, бояғыштардың сыныбы мен қасиеттеріне, боядың түсіне қарай бояудың тәсілі мен технологиялық режимін анықтау.

Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрі мен талшық құрамын; орнатылған жабдықтың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; бояудың тәсілдері мен технологиялық режимдерін; жұмыс партияларын жиынтықтау ережесін; химиялық ерітінділер мен бояғыштардың түрлері мен қасиеттерін, олардың бұйымға әсерін; бұйымды бояудың сапасына қойылатын талаптарды.

24. Бояушы

5- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Синтетикалық және табиғи терілерден, тері мен күдеріден жасалған бұйымдарды бояу машиналарында және баркаларда немесе қолмен бояу процесін жүргізу. Бұйымды тапсырыс берушінің үлгісі бойынша жеке бояу. Компоненттердің қажетті көлемі есептеу және бояу мен химиялық ерітінділерді белгіленген рецептура бойынша дайындау. Бұйымның түріне, талшықтың құрамы мен материалдың тығыздығына, бояғыштардың сыныбы мен қасиеттеріне, боядың түсіне қарай бояудың тәсілі мен технологиялық режимін анықтау. Табиғи терілерден, тері мен күдеріден жасалған бұйымдарды кептіру. Оларды таптауыш барабандарда таптау және торлы барабандарды сілкілеу.

Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрі мен талшық құрамын; орнатылған жабдықтың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; бояудың тәсілдері мен технологиялық режимдерін; жұмыс партияларын жиынтықтау ережесін; химиялық ерітінділер мен бояғыштардың түрлері мен қасиеттерін, олардың бұйымға әсерін; бұйымды бояудың сапасына қойылатын талаптарды.

25. Тырнақты әдемілеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қол саусақтарының тырнақтарын гигиеналық тазалау, оларға қажетті пішін беру үшін егелеу. Тырнақтарға лак жағу. Лактың араласқан түсін жасау. Құралдарды дезинфекциялау.

Білуге тиіс: тырнақты әдемілеу жұмыстарын орындау ережесі, санитария мен гигиена ережесі, қолданылатын құралдардың мақсаты, оларды пайдалану амалдары және оларды сақтау ережесі, түрлі түсті және реңкті лактар дайындау тәсілдері; клиенттерге қызмет көрсету ережесі және алғаш медициналық көмек көрсету тәсілдері.
26. Салт жоралар көрсету жабдықтарының машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қаралы залының кезекші әкімшісінің белгісі бойынша лифтті беру және оған табытты салып түсіру. Мәйіт салынған табытты көтергіштен алып, арбаға салу, пешке апару. Өртеу процесін, кремация пешінің жұмысын және газ аспаптарын бақылау. Әр кремациядан кейін күлді қаңылтыр табаға жинап, кремация нөмірін жазу.

Білуге тиіс: кремация пешінің құрылғысы, газ жабдықтарының инструкциясы мен пайдалану ережесі, мәйітті өртеу тәртібі мен ұзақтығы.
27. Бала бағушы

3- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларға күтім жасайды. Тәрбиешіге киіндіру, шешіндіру кезінде көмектеседі. Балаларды жуындыруда, шомылдыруда және төсекке жатқызуда. Үйді жинау. Үйлерінде балаларға, сырқаттарға және қарт адамдарға қарау: тамақ әзірлеу, тамақтандыру, ыдысты жинау және жуу, киімдер мен іш киімді ауыстыру, дәрет ыдыстарын әперу және жинау. Үйдегі сырқаттар, қарттар және балалар үшін қажетті режимді сақтау. Іш киім мен киімді, шаруашылық керек – жарақтарын және жуу құралдарын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету.

Дезинфекциялауға кір іш киімді жууға жіберумен байланысты жұмыстардың іске асырылуы кезінде – 4-разряд



Білуі тиіс: бөлмелерді ұстаудың санитарлық – гигиеналық талабын; балаларға, қарттарға және сырқаттарға қарау ережесін; тамақ әзірлеу рецепттерін; жуу құралдарын тағайындау және оларды қолдана білу ережесін.
28. Фотобаспаларды жиектеуші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фотобаспаларды шыны астына қойып жиектеу. Қағазда, матада, позитивті пленкада және т.б. орындалған фотобаспаларды шынының астында жиектеу, түзету, периметрі бойынша кесу үшін дайындау, тік бұрыштарды тексеру. Шыныны бланк және планшет, картон, қағаз, дермантин өлшемі бойынша кесу. Шыныны сүрту. Планшетті, бланкіні жабыстыру. Фотобаспаны планшетке, бланкіге бекіту. Желім дайындау.

Білуге тиіс: фотобаспаларды шыны астына қойып жиектеу техникасы; әр түрлі материалдарды желімдеу үшін қолданылатын шикізаттың, материалдар мен желімнің қасиеті; жұмыста қолданылатын инструменттің түрлері, баспаны кесу және желімдеу кезінде кадрды салу ережесі.
29. Фотобаспаларды жиектеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Портреттерді пленка бойынша монтаждау. Фотобаспаларды маскамен біріктіру және шаблон бойынша кесу. Бұрыштарын шабу, қалыптау және қырларын жиектеу. Салмаларды орнату, түзетілген блокты желімдеу. Кептіру, сыртқы бетін жылтырату.

Білуге тиіс: портреттерді пленка бойынша монтаждау техникасы; портреттерді монтаждау үшін қолданылатын құралдар.
30. Түпнұсқаларды контурлаушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гуашь немесе акварель бояуларымен алты адамға дейінгі топтан бір адамды бөліп, түпнұсқаға контур жағу. Түпнұсқаны ластанудан тазарту. Түпнұсқаның реңіне сәйкес гуашь немесе акварель бояуларды дайындау.

Білуге тиіс: гуашь немесе акварель бояулардың, эмульсияның және фото қағаздың қасиеті; негативті және позитивті фото материалдардың түсін беру негіздері.

31. Түпнұсқаларды контурлаушы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Гуашь немесе акварель бояуларымен алты адамнан артық топтан бір адамды бөліп, түпнұсқаға контур жағу. Костюмді, көйлекті анықтап салу, бас киімді, шашты және т.б.өзгерту үшін қажетті реңк жағу.

Білуге тиіс: фотографиялық сурет шығарудың принципі; акварель және гуашь бояуларымен, тушь және қарындашпен сурет салу тәсілдері, қолданылатын фото материалдардың мақсаты, негативті және позитивті материалдардың түсін беру.
32. Өзіне өзі қызмет көрсететін кір жуу орнының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өзіне өзі қызмет көрсететін кір жуу орнында киімді өңдеудің технологиялық процесін жүргізу.

Түрлі бұйымды жуу режимдерін анықтау және белгілеу. Жуу машиналарын іске қосу және олардың жұмысын қадағалау. Кірдің центрифуга мен кептіру барабандарына дұрыс салынуы мен олардан алынуын, кірдің үтіктелуін бақылау. Центрифугаларды, кептіру барабандарын, каландрларды, таптауыштарды, пресстерді іске қосу және олардың жұмысын қадағалау. Клиенттерге нұсқама беру, өзіне өзі қызмет көрсететін кір жуу орындарында кірдің дұрыс өңделуін қадағалау және бақылау. Клиенттің кірлерін өлшеу,кірдің салмағына қарай кір жуу машинасын беру және өңдеу ақысын алу. Киімнің дұрыс сұрыпталуын бақылау. Жуу машиналарының жарамдылығын тексеру. Бұйымдардың кір жуу машинасына дұрыс салынуы мен одан алынуын бақылау. Жұмыс процесінде жабдықты күтіп баптау.



Білуге тиіс: кір жуудың технологиялық процесі ережесін; кірдің барлық түрлерін сығу мен кептіруді, сондай-ақ үтіктеуді; кір жуу машиналарының, центрифугалардың, кептіру барабандарының, каландрлардың, таптауыштар мен престердің типтерін; механикалық жууға келіп түскен кірдің түрлері мен ассортиментін; кірді түрлері мен ластану деңгейіне қарай сұрыптау ережесін; әртүрлі кірлерді жуу режимдерін; жуу және өңдеу заттарының атуы мен қасиеттерін; түрлі кірлерді жууға материалдарының шығыс дозалау нормаларын; кірдің центрифуга мен кептіру барабандарына дұрыс салу мен олардан алу техникасын; түрлі кірлерді сығу ұзақтылығы; кептіру барабандарындағы бу қысымы параметрлері кептірудің шекті температурасын; кепкеннен кейін түсірілетін кірдің ылғалдылығын, үтіктің, каландрлардың, таптауыштар мен престердің жұмыс қабатының температурасын; кір жуу машиналарының, центрифугалардың, кептіру барабандарының, каландрлардың, таптауыштар мен престердің құрылымы мен пайдалану ережесін.
33. Жуу машиналарының операторы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мақта мата және зығыр бұйымдарды қолмен және машиналарда біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен жуу. Түрлі жолақ тігісті бұйымдарды жуу. Бұйымның жол талонының болуын тексеру. Бір және екі мәрте жуу кезіндегі температураны және жуу ерт індісінің су модулін анықтау. Ақ бұйымдарды сабынды-содалы суда қайнату. Кірді шаю. Крахмалдаушы және көгертуші ерітінділерді дайындау. Кірді крахмалдау және көгерту. Орам жазу машинасында вишерлі матаны жазу. Өндірісте қолданылатын басқа текстилдік материалдарды реттеу. Оларды жуу машинасына салу. Жуу машинасында шаю және машинадан түсіріп алу. Білуге тиіс: ластануы түрді деңгейдегі мақта мата және зығыр бұйымдары мен вишерлі матаны қолмен және машиналарда жуу технологиясын; жуу және өңдеу заттарының атуы мен қасиеттерін, қолдану тәсілдерін, шығыс нормаларын, түрлі жуу және өңдеу заттарын дайындаудың рецептурасы мен тәсілдерін; әртүрлі кірлерді жуу мен сығу тәсілдерін; ақ бұйымды ағарту және түсті бұйымдарды қышқылдау тәсілдерін; кірді түрлері мен ластану деңгейіне қарай машинаға салу нормаларын; қолданылатын жабдықтың негізгі тораптарын және оларды реттеуді.
34. Жуу машиналарының операторы

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мақта мата және зығыр бұйымдарды автоматтандырылмаған машиналарда жуу. Кірді жуу машинасына салу. Жуу ерітіндісі мен көкшені машинаға құю. Жуылған кірді машинадан түсіріп алу.

Жүн, жібек және синтетикалық матадан жасалған кірлер мен бұйымдарды қолмен жуу. Бұл бұйымдарды жууға арналған жуу заттарын дайындау, түсті бұйымдарды қышқылдау. Жуылған бұйымның тазалығын анықтау.



Білуге тиіс: қызмет көрсететін жуу машиналарының құрылымы мен пайдалану ережесін; кірдің түрлі ластану деңгейі кезінде машинаны толтыру нормасын; құбырдағы вентильдердің жұмысын; жүн, жібек және синтетикалық матадан жасалған кірлер мен бұйымдарды қолмен жуудың тәсілдері мен ерекшеліктерін; қолданылатын жуу заттары мен бұл бұйымдарды жууға арналған көмекші жуу заттарын.
35. Жуу машиналарының операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мақта мата және зығыр бұйымдарды автоматтандырылған машиналарда жуу. Кірді жуу машинасына салу. Машинаның дұрыс жұмыс істеуін, орындаушы механизмдердің кезектілікпен жұмыс істеуін, жуу машиналары мен құбырлардағы бақылау-өлшеу аспаптарын бақылау. Ағартушы және крахмалдаушы ерітінділерді беру. Жуылған кірдің тазалығын анықтау. Жуылған кірді машинадан алу. Жабдықты тазалау. Жуу машиналарының разряды төмен операторларына басшылық ету.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жуу машиналарының құрылымы мен пайдалану ережесін; қызмет көрсететін жуу машиналарында кірлер мен бұйымдарды жуудың технологиялық процесін жүргізу; кірді ластану деңгейіне қарай салу ережесін; жуу және өңдеу заттарының атауы мен қасиеттерін; ағарту ерітіндісінің дозасын; өңделетін бұйымдардың ассортиментін; өңделетін мата түрлерін; жабдықты тазалаудың ережесі мен режимін.

36. Жуу машиналарының операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мақта мата және зығыр бұйымдарды жуудың технологиялық процесін бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған жуу-сығу машиналарында жүргізу. Өңдеу режимін белгілеу, бағдарлама карталарын таңдау және оны программаторға салу. Машиналарды түрлі кір жуу технологиялық режимдеріне реттеу және баптау. Машинаның жарамдылығын, жекелеген тораптары мен бақылау-өлшеу аппаратурасын тексеру. Кірдің ластану деңгейіне, матаның түріне және мата бояуының беріктігіне қарай жуудың технологиялық режимін белгілеу. Жуу, ағарту және крахмалдау ерітінділерінің консистенциясын тексеру.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жуу машиналарының құрылымы мен пайдалану ережесін; матаның барлық түрлерінен жасалған кірді жуудың технологиялық процесін жүргізу ережесін; кірдің ластану деңгейін анықтау ережесін; қызмет көрсететін жуу машиналарында кірлер мен бұйымдарды жуудың қарай салу ережесін; жуу, ағарту және крахмалдау ерітінділерінің шығыс нормасы мен дозалауды; машиналарды түрлі кір жуу технологиялық режимдеріне реттеу және баптау ережесін.

37. Фотоавтоматтардың операторы

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фотоавтоматтарда ақ-қара түсті суреттерді түсіру. Қызмет көрсетілетін фотоавтоматтарды жұмысқа дайындау. Жарық орнату, ерітінді дайындау. Сыналатын суреттер дайындау. Өңдеу режимдерін реттеу. Фотоавтоматтардың механизмдері мен оптикасын алдын ала тексеру.

Білуге тиіс: өңдейтін ерітінділердің рецептурасы және оларды сынау ережесі; реверсивті фотоқағаздарды өңдеу технологиясы; жарықты орнату ережесі мен тәсілдері; алдын ала тексеру және өңдеу режимдерін реттеу ережесі.
38. Фотоавтоматтардың операторы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Фотоавтоматтарда түрлі түсті суреттерді түсіру Қызмет көрсетілетін фотоавтоматтарды жұмысқа дайындау. Жарық орнату. Өңдеу режимдерін реттеу. Сыналатын суреттер дайындау. Ерітінді дайындау. Фотоавтоматтардың механизмдерін тексеру.

Білуге тиіс: өңдейтін ерітінділердің рецептурасы және оларды сынау ережесі; қолданылатын түрлі түсті фото материалдардың өңдеу технологиясы; жарықты орнату ережесі мен тәсілдері; алдын ала тексеру және өңдеу режимдерін реттеу ережесі.
39. Бас киімдерді өңдеу

4- разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бас киімдерді өңдеу және үлгісі мен фасонын қалпына келтіру. Аппретирлеуші және арнаулы сіңірмелеу ертінділерін белгіленген рецептура бойынша дайындау. Бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу. Өндірістік партияларды өңдеу түрілері бойынша жиынтықтау. Бұйымды химиялық тазалауға және бояуға дайындау. Бұйымның түріне, талшықтың құрамы мен материалдың тығыздығына, бояғыштардың сыныбы мен қасиеттеріне, боядың түсіне қарай бояудың тәсілі мен технологиялық режимін анықтау. Бұйымды келесі технологиялық операцияға жіберу.

Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бас киімдердің ассортиментін; орнатылған жабдықтың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; өндірістік партияларды жиынтықтау ережесін. химиялық ерітінділер мен бояғыштардың түрлері мен қасиеттерін, олардың бұйымға әсерін; қолданылатын химиялық материалдардың шығыс нормаларын; бұйымды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.
40. Центрифугада кір сығушы

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кірді автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған центрифугаларда сығу. Центрифуганың жарамдылығын тексеру. Кірдің жол талонының болуын тексеру. Кірдің нақты құрамының центрифуганың кір салатын сыйымдылығына сәйкестігін тексеру. Бұйым бояуының беріктігін және оны басқа бұйымдармен салу мүмкіндігін анықтау. Кірді центрифугаға салу және оны іске қосу. Центрифуганың дұрыс жұмыс істеуін қадағалау. Центрифуганы тоқтату және кірді түсіріп алу. Кірдің сығылу деңгейін (ылғал қалдығын) анықтау. Центрифугада жұмыс істеу кезінде бракты анықтау және оны жою. Центрифуганы жуу, тазалау және майлау.

Білуге тиіс: кір жуудың технологиялық процесін; кір ассортиментін; матадағы бояудың беріктігін анықтау тәсілдерін: әртүрлі кірді түрлі центрифугаларда сығудың технологиясы мен ұзақтығын; центрифугаға кірді салу және түсіріп алу техникасын; центрифуганың нысанын, жүйесі мен құрылымын, жұмыс принципі мен басқару тәсілдерін; центрифуганың сыйымдылығы мен себетінің айналу санын; центрифуганы пайдалану және күтіп баптау ережесін; кірді одан әрі өңдеуге жіберудің тәртібін; кір партиясының ілеспе құжаттамасын.
41. Булаушы-престеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тоқыма бұйымдарды, тік юбкаларды, мата кесінділерін, тік перделерді, жамылғыларды, көрпелерді, пледтерді, дастархандарды, орамалдарды, драп бұйымдарды, тыстарды кілем бұйымдарды пресстерде немесе булау үстелдерінде ылғалды-жылумен өңдеу процесін жүргізу. Бұйым астарын электр үтікпен үтіктеу. Бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу. Бұйымның түріне, талшықтың құрамы мен материалдың тығыздығына, бояғыштардың сыныбы мен қасиеттеріне, боядың түсіне қарай ылғалды-жылумен өңдеудің технологиялық режимін анықтау. Бұйымды экспедиция бөлімшесіне тапсыру.

Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрлері мен талшық құрамын; престердің, булау үстелдерінің, электр үтіктердің құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; ылғалды-жылумен өңдеу режимдерін; бұйымды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.
4-разряд___Жұмыс_сипаттамасы.'>42. Булаушы-престеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Пальтоларды, плащтарды, пиджактарды, жакеттерді, шалбарды, көйлектерді, плиссе мен гофре бұйымдарды, кеудешелерді, буфты перделерді манекендерде немесе ауа-бу камерасында, пресстерде электр үтікпен үтіктей отырып өңдеу процесін жүргізу. Тері мен күдеріден жасалған бұйымды тарау және үтіктеу машинасында тегістеп жылтырату. Жазылмайтын қатпар жасау. Арнаулы сіңірмелеу ертіндісін белгіленген рецептура бойынша жасау. Бұйымның ассортиментіне, түріне және талшық құрамына, үлгісінің күрделілігіне, жұмыстың түріне қарай технологиялық өңдеу кезектілігін белгілеу. Дайын бұйымдарды арнаулы айлабұйымдарға ілу.

Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдардың түрлері мен талшық құрамын; манекендердің, ауа-бу камераларының, үтік машиналарының, электр үтіктердің құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; сіңірмелеу ертіндісін жасау ережесін; қолданылатын химиялық материалдардың шығыс нормасын; бұйымды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.

43. Виньетка мен альбом тақталарын рәсімдеуші

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Виньетка тақталарын рәсімдеуші. Тақта планшеттерін дайындау. Фото суреттерді іріктеу, трафарет бойынша кесу. Фото суреттерді, жазуларды орналастыру және тақта алаңы бойынша рәсімдеу. Тақтаны монтаждау. Монтаж элементтерінің жабыстыру. Қарапайым қаріптік және графикалық жұмыстарды жүргізу.

Білуге тиіс: қарындашпен сурет салу тәсілдері; қолданылатын акварель және гуашь бояуларының, туштардың, желімдердің қасиеті; қағаз бен картонды желімдеу технологиясы; жұмыста қолданылатын құралдардың түрлері; портрет суреттерді кадрлау.


44. Виньетка мен альбом тақталарын рәсімдеуші

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Альбомдарға арналған тақтаны рәсімдеу. Альбом тақталарына арналаған планшеттер дайындау. Альбомдарды рәсімдеу үшін материалдарды іріктеу және таратып бөлу. Фотомонтаждарды жасау. Монтаж элементтерін жабыстыру. Күрделі қаріптік және графикалық жұмыстарды жүргізу.

Білуге тиіс: акварель бояулармен сурет салу тәсілдері; тақтаны рәсімдеу кезінде қолданылатын материалдардың қасиеті мен мақсаты; қолданылатын бояулардың рецептурасы мен физикалық-химиялық қасиеті; көркемдік суреттерді алу тәсілдері; кеңістік, желілік перспектива; өң, жарық, көлем мен пішін.
45. Шаштараз

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ересектер мен балалардың шашын тарау, кесу. Шашты мода бағытына сәйкес және адамның келбетінің ерекшелігіне қарай бұйралау және жатқызу. Шашты бигудимен, қысқышпен, химиялық және электр тәсілімен (перманент) бұйралау. Басқа массаж жасау және жуу, химиялық препараттар мен ертінділерді жағу. Шашты әртүрлі түс пен реңге бояу, оны түссіздендіру. Тұтынушы терісінің қасиеттерін ескере отырып сақал-мұртты бастыру және алу, бетке компресс және массаж жасау. Салмамен және парикпен жұмыс істеу. Құралдарды зарарсыздандыру, жуу және тексеру.

Білуге тиіс: тері мен шаштың құрылымы мен қасиеттерін; жұмысты орындаудың тәсілдері мен жолдарын; бояйтын және химиялық қоспалардың рецептурасы мен олардың шаш пен теріге әсерін; аппаратура мен құралдардың құрылымын, оларды пайдалану ережесін; материалдардың, препараттардың түрлерін, олардың нысаны мен жұмсалу нормаларын; санитария мен гигиена ережесін; қызмет көрсету ережесін және алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерін; модельер мектебі көлеміндегі шаш сәндеуді үлгілеу, макияж негіздерін; пастижерлік бұйымдарды жасау технологиясын.

Жұмыстар мен қызметтердің барлық түрлерін орындау кезінде (күрделі шаш сәндеу, шашты қию және т.б.) - 4-разряд.



Химиялық бұйралауды орындау және шашты әр түрлі және бетті әдемілеумен аса күрделі тәсілмен бояу – 5-разряд.

Ескертпе. Шаш сәндеу үлгілерінің әзірлемелерін орындау және олардың конкурстарда көрсету кезінде кәсіп шаштараз-модельер деп аталсын.
46. Педикюрші

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Аяқ бәшпайларындағы тырнақтарды гигиеналық тазалау, қажетті түрге келтіру үшін оларды кесу. Өкше мен табандағы өскіндерді тазалау, мүйізін алу. Тырнаққа лак жағу. Лактың құрама түрлерін жасау. Құралдарды зарарсыздандыру, жуу және тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет