Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2010 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 306-ө бұйрығына
қосымша
Жұмысшылардың
жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік
анықтамалығы
62-шығарылым
Бөлім:
«Тұрмыстық қызметтер саласындағы жұмыстар»
Астана 2010
Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай анықтамалығының (БТБА) «Тұрмыстық қызмет саласындағы жұмыс» бөлімі тұрады еңбекті ұйымдастырудың, нормалаудың және ынталандырудың одан әрі жақсартылатыны ескеріліп қайта өңделді.
Бөлімде өндіріс технологиясының өзгеруімен, өндірістік салада ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуымен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты ұқсас жұмыстарды тарифтеу жетілдіріліп, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.
Осы бөлімдерге аталған өндірістерге арналған жұмысшы кәсіптері енгізілген.
Нақты бір өндіріске немесе жұмыс түріне арналмаған жұмысшылардың кәсіптері БТБА-ның 1-шығарылымы «Экономиканың барлық саласына ортақ жұмысшы кәсіптері» бөліміне орналастырылған.
Жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік торға қатысты әзірленген. Жұмыс разрядтары, әдеттегідей, еңбек жағдайлары ескерілмей олардың күрделілігі бойынша белгіленді. Қажет болған жағдайларда еңбек жағдайы (ауырлығы, зияндылығы және т.б.) тиісті органдар бекіткен арттырылған тарифтік ставкаларды белгілеу арқылы ескеріледі.
Жекелеген кәсіптердің төменгі разрядты жұмыстарының сипаттамаларында, орындалатын жұмыстың сипатына немесе өндірістік жағдайларға орай, жекелеген жұмыс түрлері біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшының басшылығымен жүргізіледі деп жазылған. Мұндай жағдайларда, біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы осы кәсіптегі біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшыларды басқара білуі және осы басшылықты жүзеге асыра алуы қажет.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшылар ауысымды қабылдаумен және тапсырумен, өзінің жұмыс орнын, жабдықты, құралдарды, айлабұйымдарды жұмысқа уақытылы дайындаумен және оларды тиісінше ұстаумен, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізумен, байланысты жұмыстарды орындауға тиіс, сондай-ақ брак түрлерін, олардың себептері мен алдын алу тәсілдерін білуге тиіс.
Тарифтік-біліктілік сипаттамаларын пайдаланудың, разрядтарды берудің және арттырудың, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі БТБА І шығарылымында орналастырылған Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік сипаттамаларының «Жалпы ережелерінде» берілген.
Химиялық тазалау, бояу, кір жуатын, сүрет жұмыстары және басқа тұрмыстық қызметтер жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптері
Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1. Іш киімдерді кептіру қондырғыларының аппаратшысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Іш киімдер мен бұйымдарды кептіру машиналарында (барабандарда) және кулисті кептіру шкафтарында кептіру. Радиоактивті заттармен ластанған мақта-мата және лавсанды арнайы киімдерді кептіру машиналарында (барабандарда) және кулисті кептіру шкафтарында кептіру. Кептіру барабандары мен кулистерді жұмысқа дайындау. Ішкиім мен бұйымдарды барабандарға салу. Кептіру кулистерінде белгіленген тәртіппен ілу. Ішкиім мен арнайы киім түрлерін кептіру ұзақтығын анықтау. Кептіру процесін тексеру; кептіру барабандары мен кептіру шкафтарындағы температуралық режимді бақылау. Ішкиім мен арнайы киімді, бұйымдарды кептіру барабандарынан алу және кірді кептіру кулистерінен түсіру. Кепкен киімдердің ылғалдылығын анықтау. Дезактивациялау цехынан қабылданған арнайы киімнің радиоактивті заттармен ластану деңгейін қабылдау-тапсыру құжаттарына сәйкес анықтау.
Білуге тиіс: радиоактивті заттармен ластанған мақта-мата және лавсанды арнайы киімдерді кептіру машиналарында (барабандарда) және кулисті кептіру шкафтарында кептіру технологиясын; кептіру барабандары мен шкафтарының типтерін; іш киімдер мен бұйымдарды кептіру барабандары мен кулистерге салу нормаларын; кептіру барабандары мен кулистерді құрылымы мен жұмыс принципін; кептіру жабдығы пайдалану ережесін; радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесін.
2. Іш киімдерді кептіру қондырғыларының аппаратшысы
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пленкалы арнайы киімді және арнайы аяқ киімді барботаж ванналарында кептіру. Өлшеу аспаптары мен кептіру жабдығы көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру. Кептіргеннен кейін дозиметриялық бақылауға қатысу.
Білуге тиіс: пленкалы арнайы киімді, жеке қорғану құралдары мен арнайы аяқ киімді кептіру технологиясын; кептіру жабдығын пайдалану және тексеру ережесін; стационарлық аспаптарда өлшеу әдістерін; радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесін; материалдардың қасиеттерін, кептірудің жылу режимін және қауіпсіздік техникасы ережесін.
3. Химиялық бояу аппаратшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеу және оларды қолмен немесе автоматты басқарылатын химиялық бояу машиналарында арнаулы препараттармен сіңірмелдеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу. Бактардағы ерітіндінің деңгейін анықтау және қажетіне қарай оны толтыру. Сүзу ұнтағын сүзгі элементтерін жағу. Бұйымдарды ілеспе құжатта бойынша қабылдап алу және оны жұмыс орнына жеткізу. Өндірістік партияның салмағын тексеру. Ерітіндіні дистилляциялау. Бұйымды келесі технологиялық операцияға жіберу.
Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын, материалдардың түрі мен талшық құрамын; химиялық тазалау машиналарының құрылымы, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; дистилляциялау қондырғысының негізгі тораптарының нысанын; бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеудің технологиялық процесін; бұйымды салу және түсіріп алу ережесін; органикалық ерітінділердің бұйымға әсерін; фурнитура мен өңдеу материалдарын.
4. Химиялық бояу аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеу және оларды қолмен немесе автоматты басқарылатын химиялық тазалау машиналарында, сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсету учаскелеріндегі химиялық тазалау аппараттарында арнаулы препараттармен сіңірмелдеу процесін жүргізу. Белсендірілген көмірді адсорберде регенерациялау. Бұйымның ластану деңгейіне, ассортименті мен түсіне, түріне, талшық құрамына және материалдың тығыздығына қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау. Техника қауіпсіздігі және машинаны пайдалану ережесі бойынша клиенттермен нұсқаулық өткізу. Клиенттердің бұйымдарды дұрыс жинақтауын, оларды салуы мен алуын бақылауды жүзеге асыру. Тапсырысты немесе түбіртекті касса ведомосына тіркеу, өңдеу үшін прейскурантқа сәйкес ақы алу, жетондарды беруі, қажетті құжаттаманы ресімдеу және түскен ақшаны белгіленген тәртіппен өткізу. Жабдықтың жұмыс есебі жөніндегі журналды, ертінді шығысының есебін жүргізу.
Білуге тиіс: химиялық тазалау машиналарының құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; бұйымды органикалық ерітінділермен және арнаулы препараттармен өңдеудің технологиялық процесін; өндірістік партияларды жинақтау ережесін; органикалық ерітінділердің, сіңірмелеу ерітінділерінің қасиеттерін және олардың бұйымға әсерін, фурнитура мен өңдеу материалдарын; сіңірмелеу ертінділерін дайындау ережесін; қолданылатын химиялық материалдардың шығыс нормасын; бұйымның өңделу сапасына қойылатын талаптарды.
5. Химиялық бояу аппаратшысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымды органикалық ерітінділермен өңдеу және оларды бағдарламалы басқарылатын химиялық тазалау машиналарында, арнаулы препараттармен сіңірмелдеу процесін жүргізу. Таңдалған технологиялық режимге сәйкес бағдарлама картасын іріктеу және оны құрылғыға орнату. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысына басшылық ету.
Білуге тиіс: орнатылған қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; автоматиканың, бақылау-өлшеу аспаптарының, сүзгінің, дистиллятордың, суды айырғыштың және машинаның, адсорбциондық қондырғының басқа да тораптарының құрылымы жүйесін; бағдарламалық карталарды іріктеу принципін және технологиялық процестің жекелеген сатыларының ұзақтығын реттеу тәсілдерін.
6. Кілем бұйымдарды тазалау аппаратшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кілем бұйымдарды өңдеу процесін шаңсыздандыру машиналарында жүргізу. Бұйымдарды ілеспе құжаттар бойынша қабылдап алу және жұмыс орнына жеткізу. Бұйымдарды түрлері, көлемі және талшық биіктігі бойынша сұрыптау.
Білуге тиіс: шаңсыздандыру машиналарының құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; кілем бұйымдарды өңдеудің технологиялық процесін; кілем бұйымдарды шаңсыздандыру сапасына қойылатын талаптарды.
7. Кілем бұйымдарды тазалау аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кілем бұйымдарды өңдеу процесін кептіру және булаушы қондырғыларда жүргізу. Өңдеу сапасын бақылау. Материалдың түріне, талшық құрамына және қарай кетіру мен булаудың технологиялық режимін анықтау. Талшық пен кистілерді қолмен щеткамен тарау.Бұйымды экспедиция бөлімшесіне тапсыру.
Білуге тиіс: өңдеуге келіп түскен кілем бұйымдардың ассортиментін, түрі мен талшық құрамын; орнатылған жабдықтың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін, кілем бұйымдарды өңдеу мен кептіруің технологиялық режимін; кілем бұйымдарды өңдеудің сапасына қойылатын талаптарды.
8. Кілем бұйымдарды тазалау аппаратшысы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Кілем бұйымдарды өңдеу процесін жуу машиналарында жүргізу. Кілем бұйымдарды арнаулы препараттармен сіңірмелеу. Жуу және арнаулы сіңірмелеу ертінділерін белгіленген рецептура бойынша дайындау. Кілем бұйымдардың түріне және ластану деңгейіне қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау. Орнатылған жабдықты профилактикалық қарауға және техникалық қызмет көрсетуге қатысу.
Білуге тиіс: жуу машиналарының құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; кілем бұйымдарды өңдеудің және арнаулы ерітінділермен сіңірмелеудің технологиялық режимін; жуу және арнаулы сіңірмелеу ертінділерін дайындау ережесін және олардың бұйымға әсерін; бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.
9. Мамық-қауырсын бұйымдарды тазалау аппаратшысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мамық пен қауырсынды өңдеу процесін мамық-қауырсын бұйымдарды тазалауға арналған машиналарда жүргізу. Бағдарламалық картаны іріктеу және оны бағдарламалы құрылғыға орнату. Арнаулы ертінділерін белгіленген рецептура бойынша дайындау. Бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу. Бұйымды өлшеу. Астар жіктерін сөгу. Мамық пен қауырсынның жай-күйіне қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау. Мамық пен қауырсынды астарға бөліп салу. Жабдықтың жұмысы жөніндегі журналды жүргізу. Бұйымды келесі технологиялық операцияға тапсыру.
Білуге тиіс: мамық-қауырсын бұйымдарды тазалауға арналған машиналардың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; өңдеудің технологиялық режимін; бұйымды салу және түсіріп алу ережесін; арнаулы ертінділерін дайындау ережесін; қолданылатын химиялық материалдардың шығыс нормасын; бұйымдарды өңдеу сапасына қойылатын талаптарды.
10. Үтіктеуші
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарды қолмен үтіктеу үшін бүріккішпен немесе қолмен ылғалдандыру. Бұйымды ылғалдауға арналған бүріккіштің жарамдылығын немесе бұйымды қолмен ылғалдауға қажетті айлабұйымның болуын тексеру. Жұмыс орны мен бұйымдарды жинауға арналған стеллаждардың немесе ларьдың болуын тексеру. Жол талонының болуын тексеру. Заттарды стеллаждарға немесе ларьға салу.
Білуге тиіс: үтіктеудің және заттарды үтіктеуге дайындаудың қолданыстағы технологиялық ережесін; заттардың цехтағы жылжуы жөніндегі өндірістік құжаттаманы; бүріккіштердің құрылымын және пайдалану ережесін; түрлі бұйымдар мен заттардың жол берілетін шекті ылғалдылық процентін; заттарды бүктеудің және ораудың ережесін; ақ және түсті киімнің бөгу ұзақтығын.
11. Үтіктеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тік және фасонды, мақта-мата, крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді әртүрлі жүйедегі электр үтікпен үтіктеу. Киімді үтіктеудің технологиялық кезектілігін анықтау. Матаның түріне сәйкес үтіктің жұмыс табанының қызу температурасын анықтау. Ылғалды киімді жазу және үстелге салу. Электр үтікті қыздыру температурасын реттеу. Бракты анықтау және жою. Заттарды белгіленген тәртіппен бүктеу. Заттарды механикалық немесе қол таптауышпен таптау.
Білуге тиіс: киім ассортиментін; матаның түрлері мен қасиеттерін; мақта-мата киімді қолмен үтіктеудің технологиялық процесін; үтіктеуге келіп түскен киімнің ылғалдау деңгейін; крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді үтіктеу үшін үтіктің жұмыс табанының қызу температурасын анықтау жолдарын; үтіктегеннен кейін киімді дұрыс бүктеу ережесін; әртүрлі жүйедегі электр үтіктердің құрылымы мен пайдалану ережесін; үтіктеу үстелдерінің типтерін, олардың мөлшері мен оларға қойылатын талаптарды; киімді қосымша ылғалдауға арналған бүріккіштің құрылымын; брактың түрлерін және олардың алдын алу жолдарын; жекелеген өндірістік партия киімдерін үтіктеудің кезектілігін.
12. Үтіктеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тік крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді каландрларда, бу, электр және вакуумды таптауыштарда, фасонды крахмалданған және крахмалданбаған киімдерді престерде үтіктеу. Машиналардың жұмыс бетін тегіс пайдалану үшін киімнің тиісті ассортиментін іріктеу. Киімді таптауыштың қыспа валиктеріне немесе каландрдың кірме транспортеріне қыртысын жаза отырып беру; тақта жастықшасындағы киімді жазып салу; үстіңгі тақтаның қысу күшін реттеу; ерлердің көйлектерін механикалық бүктегішпен бүктеу.
Жүннен, жібектен және синтетикалық маталардан жасалған киімдер мен бұйымдарды, тоқыма бұйымдарды, қатты және айрықша қатты крахмалданған ерлердің көйлектерін мен басқа да заттарды электр үтікпен үтіктеу. Жүн, жібек және синтетикалық маталардан жасалған киімдер мен бұйымдарды, тоқыма бұйымдарды, қатты және айрықша қатты крахмалданған ерлердің көйлектерін үтіктеудің технологиялық кезектілігін анықтау. Матаның түріне сәйкес үтіктің жұмыс табанының қызу температурасын анықтау. Ылғалды киімді жазу және үстелге салу. Электр үтікті қыздыру температурасын реттеу. Радиоактивті заттармен ластанған мақта-мата және лавсанды арнайы киімдерді радиоактивті заттармен ластанудың сипатына, түріне және дәрежесіне қарай технологиялық кезектілігін сақтай отырып үтіктеу. Әр затты қарап тексеру. Арнайы киімді пульвелизатордың көмегімен қосымша ылғалдау. .
Білуге тиіс: каландрларда, бу, электр және вакуумды таптауыштарда үтіктеуге жататын киімнің ассортиментін; сондай-ақ қолмен үтіктеуге жататын жүннен, жібектен және синтетикалық маталардан жасалған киімдер мен бұйымдардың ассортиментін; мата түрлерін және олардың үтіктеу кезіндегі қасиеттерін, технологиялық процесс ережесін; жүн бұйымдарды буландыру тәсілдерін; үтіктелген киімді берудің және бүктеудің ережесін; каландрлардың, бу, электр және вакуумды таптауыштардың нысанын және құрылымын; олардың негізгі бөліктерінің өзара әрекетін; үтіктеу машиналарының буын қалыпты қысымдау параметрлерін; каландрлардың, бу, электр үтіктердің және вакуумды таптауыштардың, пресс тақталарының жұмыс бетін қыздыру температурасын, киімнің түріне қарай машиналардың өткізу қабілетін; машиналарды өндірістік-техникалық пайдалану және оларды күтіп баптау ережесін; киімнің өндірістік партиясының ілеспе құжаттарын; брак түрлерін және олардың алдын алу әрі жою тәсілдерін; мақта-матаның қасиеттерін; радиоактивті заттармен ластанған арнайы киімді үтіктеу технологиясын; радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережесін.
13. Үтіктеуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Киімдерді автоматтандырылған вакуум-таптауыштарда, будың қысымы мен температурасына қарай вакуум-таптауыштардың жылдамдығы мен үтіктеуші бетінің температурасын реттей отырып үтіктеу. Фотоэлемент жұмысын қадағалау. Фотоэлемент көзін тазалау. Ерлердің көйлектерін манекенді престерде үтіктеу. Манекенді пресс тақталарының қызу температурасын анықтау. Бұйымдарды пресс жастықшасына салу және көйлектің жағасы мен жеңдерін үтіктеу. Көйлек корпусын манекенге кигізу және оны үтіктеу кабинетіне салу. Манекенді пресстің автоматика жүйесі клапандарының жұмысын реттеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін вакуум-таптауыштар мен манекенді престердің нысаны мен құрылымын; автоматтандырылған вакуум-таптауыштар мен манекенді престерде киімді үтіктеудің технологиялық процесін жүргізу ережесін; престердің қалыпты қысымы параметрлерін;таптауыштар мен пресс тақталарының үтіктеуші беті қыздыру температурасын; киімді манекенді престерге берудің ережесін және үтіктелген киімді бүктеудің тәртібін; престерді өндірістік-техникалық пайдалану және оларды күтіп баптау ережесін; брак түрлерін және олардың алдын алу әрі жою тәсілдерін.
14. Сәнді шаш үлгерін көрсетуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Конкурстар мен семинарларда сәнді шаш үлгілерін көрсету. Жаңа шаш үлгілерін жасау жөніндегі эксперименттерге қатысу. Сүретшілерге, сондай - ақ фото – кино түсірулер үшін кейіп көрсету.
Білуі тиіс: шаш үлгілерін көрсетудің ережелері мен әдістерін.
15. Киімдерді жиынтықтаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұйымдар мен жеке тапсырыс берушілердің таза киімдерін үтіктеуге дейін және одан кейін жиынтықтау және іріктеу. Тізілімде түбіртектің болуы және санын тексеру. Түбіртектерді іріктеу үстеліне белгіленген тәртіппен және кезектілікпен қою. Әр киімнің белгісін табу және осы затты тиісті түбіртекке қою. Өндірістік партияны іріктегеннен кейін шоты мен ассортименті бойынша әр киімнің болуын түбіртек бойынша тексеру. Түбіртектерді киім байламдарына салу.
Білуге тиіс: киімнің өндірістік партиясының ілеспе құжаттарын; тапсырыс берушілерге белгі берудің тәртібін; жекелеген киім түрлерінде белгі қойылатын жерді, мата ассортименті мен түрі бойынша киімнің атауын; таза киімді белгісі мен түбіртегі бойынша іріктеу және бүктеу ережесін; өңделген киімнің сапасын анықтауды.
16. Киімдерді жиынтықтаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтың ауысымдық өткізу қабілетіне сәйкес киімдерді өндірістік партияларға және жуу машиналарының сыйымдылығына орай шағын партияларға жиынтықтау. Киімді матадағы бояғыштың беріктігін анықтай отырып бір тектес технологиялық белгілері, өңдеу тәсілдері мен түрлері, матаның түсі мен түрі, ластану сипаты мен деңгейі бойынша сұрыптау. Киімді сұрыптау, әрқайсысының салмағын, саны мен орынын көрсете отырып әр партияға арналған жол талонын толтыру. Жууға дайындалған өндірістік партияларды сақтауға арналған орынға қою. Киімнің жиынтық саны есептелген партиялық парақты жасау және тапсырыс-тізілімде көрсетілген киім данасының санымен салыстырып тексеру. Киімдерді жеке партияларға іріктеу.
Білуге тиіс: ассортименті мен матаның түрі бойынша киімнің атауын; кір және таза киімдерді белгілері мен түбіртектері бойынша іріктеу ережесін; өңделген киімнің сапасын анықтауды; өндірістік және шағын партияларға жиынтықтаудың ережесі мен принциптерін; киімнің өндірісте қозғалу есебі жөніндегі өндірістік-технологиялық құжаттаманы; технологиялық жабдықты пайдалану кестесін; таразының құрылымы мен пайдалану ережесін.
17. Бұйымдарды жиынтықтаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйым партияларын химиялық тазалаудан және бояудан кейін өңдеу үшін жиынтықтау. Дайын тапсырыстарды қабылдау пункттері бойынша жиынтықтау. Бұйымды ілеспе құжат бойынша қабылдау және жұмыс орнына жеткізу. Көрінген дақтары бойынша оларды кетіру үшін бұйымдарды іріктеу. Технологияға және өңдеу жұмыстарының ұйымдастырылуына қарай өндірістік партияларды өңдеуге іріктеу. Дайын тапсырыстарды сұрыптау және кронштейндерге ілу немесе қабылдау пункттерінің нөмірлері бойынша стеллаждарға жинау. Бұйымдарды қабылдау пункттеріне жіберуге дайындау. Қажетті ілеспе құжатты ресімдеу. Бұйымды келесі технологиялық операцияға немесе қабылдау пункттеріне тасымалдауға жіберу. Тапсырыстардың қозғалу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; материалдық құндылықтарды қабылдау, тапсыру, сақтау және тасымалдау ережесін; тапсырыстардың цехтар мен учаскелер бойынша өту тәртібін; өндірістік партияларды жиынтықтау ережесін; ілеспе құжатты ресімдеу тәртібін;өңдеу жабдығының өнімділігін.
18. Бұйымдарды жиынтықтаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйым партияларын химиялық тазалаудан және бояу алдында жиынтықтау. Қабылдау пунктінен келіп түсетін бұйымдарды қабылдау. Тарадағы бұйымдардың атауы мен санын ілеспе құжатқа сәйкес тексеру. Тапсырыстың дұрыс ресімделуін тексеру, қажет жағдайларда бұйымды міндетті түрде құжатты ресімдей отырып қайтару. Бұйымдарды тапсырыстарды орындау мерзімдері, көрсетілетін қызмет түрлері мен өңдеу тәсілдері бойынша сұрыптау. Бұйымдарды құрғақ ластанудан механикалық шеткеде немесе қолмен тазарту. Өндірістік партияларды өлшеу. Қажетті құжаттаманы ресімдеу. Бұйымды келесі технологиялық операцияға жіберу. Тапсырыстардың қозғалу журналын жүргізу.
Білуге тиіс: өңдеуге келіп түсетін бұйымдардың ассортименті мен маркировкасын; орнатылған жабдықтың құрылымын, техникалық пайдалану және қызмет көрсету ережесін; өндірістік партияларды ө жиынтықтау ережесін; көрсетілетін қызмет түрлерін; ерітінділер мен химиялық материалдардың бұйымға әсерін, фурнитура мен өңдеу материалдарын; бұйымды қабылдау және ілеспе құжаттаманы жүргізу ережесін.
19. Бұйымдардың өңделу сапасын бақылаушы
3- разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдардың түрлі технологиялық процесс сатыларында өңдеудің сапасын бақылау. Ақауы көрсетілмеген бұйымдарды немесе жиынтықтамаған тапсырыстарды қабылдау пункттеріне қайтару. Технологиялық өңдеу түрлерін анықтаудың дұрыстығын, дайындық операцияларының жүргізілуін және өндірістік партияларды жиынтықтау ережесінің сақталуын тексеру. Бұйымдарды қарау және қолданыстағы технологиялық нұсқаулықтар, кәсіпорын стандарттары, республикалық стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес өңдеу сапасын, анықтау. Өңдеу ақауы бар бұйымдарды іріктеу және брак себебін анықтау. Бракқа шығарылған бұйымдарға тиісті құжаттаманы брактың түрі мен сипатын көрсете отырып ресімдеу. Бүлінген бұйымдары акті жасауға жіберу. Тексерілген және бракқа шығарылған бұйымдардың есебін жүргізу.
Білуге тиіс: бұйымдардың түрлі технологиялық процесстің барлық сатыларында өңдеудің сапасына қойылатын техникалық талаптарды; өңдеудің сапасын техникалық бақылау әдістерін; өңдеуге қабылданатын тапсырыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарды; дұрыс қабылданбаған немесе ресімделмеген тапсырыстарды қабылдау пункттеріне қайтару тәртібін; ерітінділер мен химиялық материалдардың, бояғыштардың, фурнитура мен өңдеу материалдарының бұйымға сәйкестігін; материалдың түрі мен талшық құрамын; өндірістік партияларды жиынтықтау ережесін; қолданыстағы технологиялық нұсқаулықтар, кәсіпорын стандарттарын, республикалық стандарттар мен техникалық шарттарды; өндірістің брак түрлерін, оларды жою және болдырмау әдістерін; көрсетілетін қызметтің сапасы мен түзеуге келмейтін брак жөніндегі құжаттаманы ресімдеу тәртібін.
20. Киімді өңдеудің сапасын бақылаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Киімді өңдеу технологиясын процес барысында бақылау. Киімнің жеке тапсырыс берушілер мен ұйымдардан қабылдануын ресімдеуді, өндірістік партиялардың дұрыс жасалуын, киімді өңдеу режимдерін, жекелеген операциялардың ұзақтығын, агрегаттарға киімнің салыну нормасын, жуу және шаю заттарын құю нормасын, кірдің шайылуын, сығылуын, кептірілуі мен үтіктелуін бақылау. Бұйымдарды өңдеудің белгіленген технологиясы мен талаптарынан анықталған ауытқуларды жою шараларын қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |