Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (29 шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер


-бөлім. «Дәрілік заттар, дәрумендер, медициналық, бактериялық және биологиялық дәрі-дәрмектер мен материалдар өндірісі»



бет3/8
Дата11.06.2016
өлшемі1.34 Mb.
#128270
1   2   3   4   5   6   7   8

6-бөлім. «Дәрілік заттар, дәрумендер, медициналық, бактериялық және биологиялық дәрі-дәрмектер мен материалдар өндірісі»

30. Абсолюттеу аппаратшысы


Параграф 1. Абсолюттеу аппаратшысы, 3-разряд
146. Жұмыс сипаттамасы:

органикалық еріткіштер мен басқа да заттарды хлорлы кальций, күкірт қышқыл натрий, силикагель және басқа сусыздандыратын заттардың көмегімен металл натрийді немесе азетропты айдау әдісін қолдана отырып абсолюттеу процесімен сусыздандырудың технологиялық процесін жүргізу. шикізатты дайындау;

шикізатты мөлшерлеу және салу, сүзгілеу;

жабдықтарды тексеру және қызмет көрсету;

коммуникацияларды, арматураны және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау;

сынама алу;

шикізаттың шығуын есептеу. өндірістік журналда жазба жүргізу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

147. Білуге тиіс:

сусыздандыру және абсолюттеу технологиялық процесі;

негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылысы, жұмыс істеу принципі, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

қолданылатын шикізат, жартылай өнімдердің қасиеті мен оларға қойылатын талаптар;

бақылау үшін сынама алу жолдары.

31. Декарбоксилирлеу аппаратшысы


Параграф 1. Декарбоксилирлеу аппаратшысы, 3-разряд
148. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен декарбоксилирлеу технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

реагенттерді аппараттарға дайындау және салу;

реактордағы өнімді араластыру, түсіру және одан кейін өңдеуге жіберу;

бақылау үшін сынама алу.

149. Білуге тиіс:

декарбоксилирлеу технологиялық процесінің маңызы;

қызмет көрсетілетін жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі;

шикізаттың физикалық-химиялық қасиеті, сынама алу ережесі.

Параграф 2. Декарбоксилирлеу аппаратшысы, 4-разряд


150. Жұмыс сипаттамасы:

декарбоксилирлеу технологиялық процесін жүргізу – карбоксильді топтан көмір қышқылын ажырату;

жабдықтардың, коммуникациялардың, арматураның жарамдылығын және реакторлардың герметикалығын тексеру;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесс параметрлерін реттеу;

нұсқаулықта көзделген талдауларды жүргізу. бекітілген жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізат, материалдардың және өнімнің шығуын есептеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

151. Білуге тиіс:

декарбоксилирлеу технологиялық процесі;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша процесті реттеудің бекітілген режимі мен тәсілдері;

жабдықтардың құрылысы, жұмыс істеу принципі мен ережесі, шикізаттың, жартылай өнімдердің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері және алынатын өнімге қойылатын талаптар;

бақылау талдауларын жүргізу әдістемесі.

Параграф 3. Декарбоксилирлеу аппаратшысы, 5-разряд
152. Жұмыс сипаттамасы:

декарбоксилирлеу технологиялық процесін төмендеу білікті аппаратшының жұмысын бір уақытта үйлестіре отырып жүргізу;

шикізат салу есебін жүргізу. бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және түпкілікті талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін реттеу;

жабдықтарды дайындау және қызмет көрсету және нұсқаулықта көзделген бақылау талдауларын жүргізу;

өндірістік журналдағы жазбаларды жүргізу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

153. Білуге тиіс:

декарбоксилирлеу процесінің технологиялық тәсімін, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен бақылау талдауы нәтижелері бойынша реттеудің бекітілген режимі және тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикалық және электр тәсімдері;

шикізат, жартылай өнімдер мен алынатын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеттері;

оларға қойылатын талаптар;

бақылау талдауын жүргізу әдістемесі.

32. Енолизациялау аппаратшысы


Параграф 1. Енолизациялау аппаратшысы, 3-разряд
154. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен хлорлы сутегінің әсерімен 2-кето-1-гулонды қышқыл гидратын енолизаттау технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

шикізат дайындау;

аппараттарды дайындау, оларға компоненттер салу;

жабдықтарды ұсақ жөндеу.

155. Білуге тиіс:

енолизаттау технологиялық процесінің мазмұны;

шикізат және жартылай өнімнің технологиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс істеу принципі.

Параграф 2. Енолизациялау аппаратшысы, 4-разряд


156. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен хлорлы сутегінің әсерімен 2-кето-1-гулонды қышқыл гидратын енолизаттау технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

жабдықтардың, коммуникациялар мен арматураның жарамдылығын тексеру;

учаске жабдықтарына қызмет көрсету;

салынатын компоненттердің сынамасын алу;

маточникті бейтараптандыру, айдау аппараттарын толтыру, регенирленген еріткіштерді шаю және ажырату, технологиялық нұсқаулықта көзделген басқа да процестерді орындау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін реттеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін жою;

сынама алу;

технологиялық карталарды және ауысымды тапсыру журналын жүргізу. жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

жабдықты ұсақ жөндеу.

157. Білуге тиіс:

енолизаттау технологиялық процесі мен бақылау-өлшеу асппатарының көрсеткіштері және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша реттеу тәсілдері;

шикізат және жартылай өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы; сынама алу ережесі.

Параграф 3. Енолизациялау аппаратшысы, 4-разряд


158. Жұмыс сипаттамасы:

хлорлы сутегінің әсерімен 2-кето-1-гулонды қышқыл гидратын енолизаттау технологиялық процесін жүргізу. жабдықтардың, коммцникациялар мен арматуралардың жарамдылығын тексеру;

учаскедегі енолизаттағыштарға, айдау аппараттарына, тұздау және басқа да негізгі және қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету;

шикізат және жабдықтарды дайындау;

алынатын компоненттерден сынама алу;

компоненттерді толтыру;

сатылап қыздыру және енолизаттау реакциясын жүргізу. тікелей реактор мен салқындатқышта минус температурасына дейін салқындату;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін реттеу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін жою;

технологиялық карта және ауысымды тапсыру журналын жүргізу;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

төмендеу білікті аппаратшының жұмысын басшылыққа алу.

159. Білуге тиіс:

енолизаттау технологиялық тәсімі мен процесінің режимі және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша оны реттеу тәсілдері;

шикізат және жартылай өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар;

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

бақылау талдауын жүргізу әдістемесі.

33. Рентген экрандарын жасау аппаратшысы


Параграф 1. Рентген экрандарын жасау аппаратшысы, 3-разряд
160. Жұмыс сипаттамасы:

экран пленкасын құюға арналған аппараттарда суспензия дайындау және органикалық еріткіштерде ацетобутилат, полиметакрилат және нитро-негіз ерітінділерін жасау жөніндегі жекелеген жұмыстарды орындау;

рентген экрандар жасауға арналған шыны әйнектерді дайындау: механикалық және май қабықтан шыны беттерін тазарту, арнайы қоспамен ысқылау, жеңіл ұшатын еріткіштермен түпкілікті шаю;

суспензияны дайындалған шыныға құю және берілген режим бойынша экран пленкасын кептіру процесін жүргізу;

шыны әйнектен экран пленкасын кесу;

жабыстырылған экран пленкасынан фото шетін кесу.

161. Білуге тиіс:

шыны әйнектерді дайындауға қойылатын техникалық талаптар;

аталған операциялардағы жұмыста қолданылатын қалыңдатылған шыны мөлшерлері мен маркалары;

қолданылатын органикалық еріткіштер мен басқа да бастапқы шикізаттың химиялық және физикалық қасиеттері, негізгі және қосалқы жабдықтардың, коммуникациялар мен бақылау-өлшеу аспаптарына қойылатын талаптар;

қолданылатын фото және желімдердің қасиеттері.

Параграф 2. Рентген экрандарын жасау аппаратшысы, 4-разряд


162. Жұмыс сипаттамасы:

экран пленкасын құюға арналған аппараттарда суспензия дайындау және органикалық еріткіштерде ацетобутилат, полиметакрилат және нитро-негіз ерітінділерін жасау жөніндегі жекелеген жұмыстарды орындау;

экран пленкасын құюға арналған аппараттарда суспензия дайындау: берілген рецептура бойынша компоненттерді өлшеу және тарту; дайындалған компоненттерді аппаратқа белгілі бір кезектілікте салу;

жуатын пленка алу үшін ацетобутират және полиметилакрилат ерітіндісін дайындалған шыны әйнектерге құю және кептірудің берілген режимін сақтау;

алынған пленкаға суспензия жағу және берілген режим бойынша экран пленкасын кептіру процесін жүргізу;

экран пленкасын қағазға желімдеу және оны әйнекке желімдеу;

төмендеу білікті аппаратшының жұмысын үйлестіру.

163. Білуге тиіс:

рентген экрандарын жасаудың технологиялық процесс және аталған жұмысқа қойылатын талаптар;

қолданылатын органикалық еріткіштер мен басқа да бастапқы шикізаттың физикалық-химиялық қасиеттері, рентгеноскопия, флюорография және күшейткіш экрандарға арналған рентген экрандардың жарық құрамы, негізгі және қосалқы жабдықтарға, арматураға, коммуникацияларға, бақылау-өлшеу аспаптарына, шыны әйнектеріне дайындауға қойылатын техникалық талаптар;

аталған операциялардағы жұмыстарда қолданылатын қалыңдатылған әйнек шыны мөлшерлері мен маркалары, қолданылатын желімдер мен фотолардың қасиеттері.

34. Ион алмастыру аппаратшысы


Параграф 1. Ион алмастыру аппаратшысы, 3-разряд
164. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен технологиялық нұсқаулыққа сәйкес ион алмастыру (булау, сүзгілеу, салқындату және тағы баска) процесінің жекелеген операцияларын жүргізу;

жартылай өнімдер мен түрлі сүзгілеу және қосалқы аппаратураға арналған коммуникацияларға, бекіткіш арматураға және жабдықтарға, ион алмастыру колонналарына, булау аппараттарына, жинағыштарға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу;

сынама алу және нұсқаулықта көзделген бақылау талдауларын жүргізу;

өндірістік журналда жазба жүргізу.

165. Білуге тиіс:

ион алмастыру процесін және шайырды регенерациялаудың мазмұны;

технологиялық процесстің берілген режимнен ауытқу себептері;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оны реттеу тәсілдері;

жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принципі, сынама алу ережесі;

бақылау талдауын жүргізу әдістемесі.


Параграф 2. Ион алмастыру аппаратшысы, 5-разряд


166. Жұмыс сипаттамасы:

ион алмастыру технологиялық процесін жүргізу – ион алмастыру шайыры арқылы дәрумен немесе жартылай өнім молекуласындағы бір атомды басқасына ауыстыру;

коммуникациялардың, бекіткіш арматурасы мен жабдықтардың жарамдылығын тексеру;

өндірістік журналда алдыңғы ауысымдағы жазбаны және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерімен жүргізу;

қолданылатын шикізат және жартылай өнімнің санын есептеу;

шикізат пен жартылай өнімдерді нұсқаулықта көзделген ерітінділермен толтыруға дайындау (жинағышқа толтыру, кристалл өнімдерді, шикізатты толтыру орнына жеткізуді ұйымдастыру);

ион алмастыру шайырын дайындау, оларды және қажетті компоненттерді колонналарға салу;

ерітінділердің жылдамдығын және ион алмастырғыштарға жіберілуін реттеу;

шайырды регенерациялау процесінде химикаттарды мөлшерлеу және жіберілу жылдамдығын реттеу;

шайырды келесі циклға шаю, регенерациялау және дайындау;

технологиялық нұсқаулыққа сәйкес ион алмастыру процесін және де басқа операцияларды (булау, сүзгілеу, салқындату және тағы баска) жүргізу;

жартылай өнімдер мен түрлі сүзгілеу және қосалқы аппаратураға арналған коммуникацияларға, бекіткіш арматураға және жабдықтарға, ион алмастыру колонналарына, булау аппараттарына, жинағыштарға қызмет көрсету;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша бақылау және реттеу. сынама алу және нұсқаулықта көзделген бақылау талдауларын жүргізу;

технологиялық режим нормаларынан ауытқу себептерін анықтау және жою;

шикізат және өнімнің шығуын есептеу. Өндірістік журналда жазба жүргізу;

жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою және ұсақ жөндеу жүргізу.

167. Білуге тиіс:

технологиялық тәсім;

бекітілген режим; ион алмастыру процесінің маңызы мен шайырды регенерациялау;

берілген режимнен технологиялық процестің ауытқу себептері мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша оны реттеу тәсілдері;

коммуникациялардың тәсімі, жабдықтарды реттеу ережесі, құрылымы мен жұмыс істеу принципі, шикізаттың, ион алмастыру шайыры, жартылай өнімдердің, алынатын өнімнің физикалық-химиялық және технологиялық қасиеті және оларға қойылатын талаптар;

сынама алу ережесі;

бақылау талдауын жүргізу әдістемесі.

35. Химиялық-фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді

ион алмастырып тазалау аппаратшысы
Параграф 1. Химиялық-фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді

ион алмастырып тазалау аппаратшысы, 3-разряд


168. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен бактериялық дәрі-дәрмектерді, дәрумендерді, биосинтез дәрі-дәрмектерін, жартылай өнімдер немесе даяр өнім ерітінділерін ион алмастырып тазалаудың жекелеген операцияларын жүргізу;

өндірістік журналдағы жазбалармен және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерімен танысу;

технологиялық нұсқаулықта көзделген шикізат және жартылай өнімді дайындау;

ион алмастыру шайырына дайындалу, оларды және қажетті компоненттерді колонналарға толтыру;

шайырды шаю және оларды келесі циклға дайындау.

169. Білуге тиіс:

шайырды ион алмастырып тазалау және регенерациялау мазмұны;

берілген режимнен ион алмастырып тазалау процесінің ауытқу себептері және оны реттеу тәсілдері;

қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы және қызмет көрсету ережесі;

өңделетін ерітінді гидролизаттарының, ион алмастыру шайыры мен химикаттардың физикалық-химиялық қасиеттері.

Параграф 2. Химиялық-фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді

ион алмастырып тазалау аппаратшысы, 4-разряд
170. Жұмыс сипаттамасы:

бактериялық дәрі-дәрмектердің, дәрумендердің, биосинтез дәрі-дәрмектерінің (В 12 және басқа дәрумендер, антибиотиктер, вакциналар, іріткілер, анатоксиндер мен тағы басқа) ион алмастырып тазалау процесін жүргізу. ион алмастыру шайырын дайындау;

шикізат пен жартылай өнімдерді мөлшерлеу және толтыру;

антибиотиктерді, В 12 дәруменін, басқа да биосинтез дәрі-дәрмектерін алдын ала бөлу және тазалау;

биодәрмектерін, антибиотиктерді, элюаттардан дәрумендерді тұндыру немесе кристалдау арқылы бөлу: сығу, кептіру және технологиялық нұсқаулықта көзделген басқа да операцияларды жүргізу;

ионмен тазарту процесі параметрлерін және рН бақылау;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу;

тазалау процесінде қолданылатын жабдықтарға қызмет көрсету;

бақылау талдауы үшін сынама алу;

процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

171. Білуге тиіс:

антибиотиктерді, дәрумендерді, биосинтездің басқа да дәрмектерін ионмен тазалау процесінің технологиялық режимі;

қолданылатын жабдықтардың құрылысы және жұмыс істеу принципі;

бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі;

қолданылатын шикізаттың, жартылай өнімдердің, даяр өнімнің қасиеттері және оларға қойылатын талаптар;

бақылау талдауға арналған сынама алу тәсілдері.

36. Йодтау аппаратшысы


Параграф 1. Йодтау аппаратшысы, 4-разряд
172. Жұмыс сипаттамасы:

су ортасында немесе органикалық еріткіштердің органикалық қоспаларын технологиялық режимде көзделген байыту, сүзгілеу, тұндыру сияқты йодтау технологиялық процестерді жүргізу;

йодты тұздар мен басқа да шикізаттарды мөлшерлеу және толтыру;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері мен талдау нәтижелері бойынша процестерді реттеу;

йодтағаннан кейін өнімді түсіру және келесі өндіріс сатысына жіберу;

бақылау үшін сынама алу және бақылау талдауларын жүргізу;

жұмыста қолданылатын жабдыққа қызмет көрсету;

жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

173. Білуге тиіс:

йодтау процесінің технологиялық режимі;

қолданылатын шикізат мен жартылай өнімдердің, даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеті мен оларға қойылатын талаптар;

аппараттардың, құрылғылардың, айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен жұмыс принципі, сынама алу тәсілдері мен бақылау талдау жүргізу әдістемесі.

37. Қанықтыру аппаратшысы
Параграф 1. Қанықтыру аппаратшысы, 4-разряд
174. Жұмыс сипаттамасы:

газбен (күкірт газымен, хлорлы сутегімен, бром және басқа да) суды, сода су ерітінділерін, гидро тотықтарды, органикалық еріткіштерді қанықтыру технологиялық процесін жүргізу. реакторға шикізатты мөлшерлеу және салу, қанықтыру және ерітіндіні одан әрі өңдеуге жіберу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және бақылау талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесс параметрлерін реттеу;

жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

жабдықтарға қызмет көрсету;

бақылау және талдау жүргізу үшін сынама алу;

шикізаттың шығуын есептеу және процесс параметрлерін тіркеу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

175. Білуге тиіс:

өндірістің технологиялық тәсімін, жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен жұмыс принципі;

қызмет көрсететін учаскедегі арматуралар мен коммуникациялардың тәсімдері, шикізаттың қасиеті және оларға қойылатын талаптар;

процессті реттеу ережесі, сынама алу жолдары, бақылау талдауын жүргізу әдістемесі.

38. Оксихлорлау аппаратшысы
Параграф 1. Оксихлорлау аппаратшысы, 5-разряд
176. Жұмыс сипаттамасы:

органикалық қоспаларды оксихлорлау, сондай-ақ қосымша процестерді – бейтараптандыру, айдау, тұндыру технологиялық процесін жүргізу. шикізат және жартылай өнімдерді дайындау, мөлшерлеу және салу, оксихлорлау, бейтараптандыру, тұндыру, экстрагирлеу, айдау, қоспалардан тазарту, алынған жартылай өнімді келесі сатыға жіберу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша процестің технологиялық параметрлерін реттеу және бақылау;

жабдықтарға, коммуникациялар мен арматураға қызмет көрсету;

аппараттар мен коммуникациялардың герметикалығын тексеру;

сынама алу және бақылау талдауларын жүргізу;

шикізат және жартылай өнімдердің шығуын есептеу;

процесс параметрлерін тіркеу және өндірістік журналдағы жазбаны жүргізу;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

177. Білуге тиіс:

оксихлорлау процесінің технологиялық тәсімі;

жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, жұмыс принципі және реттеу тәсілдері, қызмет көрсетілетін учаскедегі коммуникациялардың тәсімі, шикізат, жартылай өнімдер, даяр өнімнің физикалық-химиялық қасиеттері, оларға қойылатын талаптар;

технологиялық процесс ерекшеліктері мен параметрлері, оны реттеу ережесі;

сынама алу тәсілдері, бақылау тладауын жүргізу және компоненттерді мөлшерін есептеу әдістемесі;

газ толтырылған баллондарды қолдану ережесі.

39. Перколяциялау аппаратшысы


Параграф 1. Перколяциялау аппаратшысы, 2-разряд
178. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен перколяциялау технологиялық процесінің жекелеген операцияларын орындау (өсімдік шикізаты немесе жартылай өнімдерден даяр түрлі дәрілік заттарды алу);

шикізатты салу, экстрагирлау және алынатын заттарды дайындау, булау;

жабдықтарға қызмет көрсету;

даяр экстрактыларды немесе тұнбаларды аппараттардан түсіру.

179. Білуге тиіс:

перколяция технологиялық процесінің мазмұны, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс принципі, перколяцияға түсетін шикізаттар мен жартылай өнімдердің қасиеті, өңделетін өнімнің қызметі және қойылатын талаптар.

Параграф 2. Перколяциялау аппаратшысы, 3-разряд


180. Жұмыс сипаттамасы:

перколяциялау (өсімдік шикізатынан немесе жартылай өнімдерден түрлі дәрілік заттарды) және галенді және фармацевтикалық дәрмек өндірісіндегі өсімдік шикізатын ұсақтау, еріткіштерді, экстрактылар мен тұнбаларды сүзгілеу, оларды белгілі концентрацияға дейін булау немесе араластыру процестерінің технологиялық режимінде көзделген процестерді жүргізу;

шикізат пен еріткіштерді берілген есептер бойынша толтыру;

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процесті реттеу.

181. Білуге тиіс:

перколяция технологиялық процесі және оны бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша реттеу тәсілдері;

бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі;

жабдықтардың құрылысы, өңделетін өнімнің қызметі және қойылатын талаптар.

Параграф 3. Перколяциялау аппаратшысы, 4-разряд
182. Жұмыс сипаттамасы:

перколяциялау (өсімдік шикізатынан немесе жартылай өнімдерден түрлі дәрілік заттарды) және галенді және фармацевтикалық дәрмек өндірісіндегі өсімдік шикізатын ұсақтау, еріткіштерді, экстрактылар мен тұнбаларды сүзгілеу, оларды белгілі концентрацияға дейін булау немесе араластыру процестерінің технологиялық режимінде көзделген процестерді жүргізу. шикізат және еріткіштерді мөлшерлеу және есептеу, бақылау талдауларын жүргізу және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша және талдау нәтижелері бойынша перколяциялау процесін реттеу. коммуникациялар мен жабдықтарға қызмет көрсету;

бақылау талдау үшін сынама алу;

төмендеу білікті аппаратшының жұмысын үйлестіру.

183. Білуге тиіс:

перколяциялау процесінің технологиялық режимі және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша оны реттеу тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі, қолданылатын жабдықтарды баптау, реттеу және қызмет көрсету тәсілдері, өңделетін дәрмектердің қызметі және оларға қойылатын талаптар;

шикізат және жартылай өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттері, сынама алу тәсілдері.

40. Азот шала тотығын алу аппаратшысы


Параграф 1. Азот шала тотығын алу аппаратшысы, 4-разряд
184. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен азот техникалық шала тотығын қоспалардан тазарту және наркоз үшін азот шала тотығын алу технологиялық процесін жүргізу;

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процессті реттеу;

жабдықтарға қызмет көрсету;

жабдықтардың герметикалығын тексеру;

баллондарды қысымдағы азот шала тотығымен толтыру;

толтырылған баллондарды арнайы бұлауларда қыздыру және технологиялық нұсқаулықтарда көзделген басқа да операцияларды орындау;

жабдықтарды жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдап алу.

185. Білуге тиіс:

технологиялық процесс, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша оны реттеу тәсілдері, қолданылатын жабдықтардың, арматуралардың және коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы, оларды баптау және қолдану тәсілдері, азот шала тотығының физикалық-химиялық қасиеттері, даяр өнімге қойылатын талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет