14. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі: ине дәнекерлеу автоматы, агломерат байлау, оқшаулау машинасын, қақпақтарын пленка элементтерімен толтыру автоматтарын немесе жартылай автоматтарды баптау. Автоматтар немесе жартылай автоматтардың барлық тораптарының жай-күйін қадағалау және оларды жұмыс режиміне баптау. Қызмет көрсететін жабдықта істейтін жұмысшыларға нұсқау беру. Автоматтың немесе жартылай автоматтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және олардың алдын алу және жою шараларын қабылдау. Қызмет көрсетілетін автоматтар мен жартылай автоматтарды ағымдағы жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін автоматтардың немесе жартылай автоматтардың құрылысы және баптау ережесі; орташа күрделіктегі аспаптардың, айлабұйымдардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; шектеулер мен отырғызулар; автоматта немесе жартылай автоматта орындалатын операциялардың кезектілігі, өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері және оларға қойылатын талаптар.
15. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Элементтерді пленкамен сору автоматтары, элементтер мен құрғақ қалта батареяларын құрастыру орташа күрделіктегі автоматтар немесе жартылай автоматтарды баптау. Майлау жүйесін және автоматты бақылау-өлшеу аспаптарын баптау. Автоматтың немесе жартылай автоматтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Қызмет көрсететін автоматтар мен жартылай автоматтарды ағымдағы жөндеуге қатысу.
Білуге тиіс: күрделі құрылымдағы түрлі автоматтар немесе жартылай автоматтардың кинематикалық тәсімдері және баптау ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін; күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі; қолданылатын материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері және оларға қойылатын негізгі талаптар.
16. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше күрделі конструкциялы автоматтарды немесе жартылай автоматтарды баптау. Теріс электродтар мен сілтілік элементтердің ток бұрмаларын, жасау жөніндегі желімдейтін, сығымдағыш, термопласт автоматтар, қалайтын, орайтын, қалыптайтын, этикеттейтін автоматтарды немесе жартылай автоматтарды баптау. Сепаратор жасау жөніндегі автоматты машиналарды, қойылтылған электролит жасау құрылғыларын баптау. Күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын баптау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз және сапалы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: ерекше күрделі конструкциялы автоматтарды немесе жартылай автоматтардың кинематикалық тәсімдері; баптау ережесі мен тәсілдері, күрделі бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдарды баптау ережесі.
17. Элемент өндірісі автоматтарын баптаушы
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Элементтер мен батарея жасаудың толық технологиялық цикліне автоматты желілерді баптау. Бірегей және экспериментальды автоматтар немесе жартылай автоматтарды баптау. Оң электродтар, бақылау, жайма қалыптау көп позициялық жасау, тұз, сілті элементтерді және батареяларды құрастыру автоматтары немесе жартылай автоматты баптау. Белсенді материалдар дайындау және өңдеу құрылғыларын баптау. Электронды аспаптарды баптау. Жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды және өнімнің жарамсыздық себептерін анықтау және жою. Автоматты желілердің жұмысын қамтамасыз ету.
Білуге тиіс: автоматты желілі автоматтардың кинематикалық тәсімдері, құрылымы және өзара іс-әрекеті; бірегей және экспериментальды автоматтардың немесе жартылай автоматтардың кинематикалық тәсімдері, баптау ережесі мен тәсілдері; айлабұйымдардың құрылымы; күрделі электронды аспаптарды баптау ережесі; элементтер мен батарея өндіру технологиясы.
18. Паста жағушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электролит сіңдірілген картонның бетіне қарапайым құрылымдағы арнайы айлабұйымдардың көмегімен немесе қолмен белгілі рецептура пасталарының тегіс қабатын жағу. Картонға бұлауда электролит сіңдіру, картонның ісінуін және электролит және паста қосымшасы картон жаймасында айқындау. Картонға сіңдіргеннен кейін артық электролиттен кептіру.
Білуге тиіс: кеңінен таралған арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; картонға паста жағу процесі, картонға электролит сіңдіру тәсілдері; қолданылатын материалдардың, электролиттер мен пасталардың негізгі қасиеттері.
19. Паста жағушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электролит сіңдірілген картонның бетін түрлі рецептурадағы пастаның тегіс қабатын арнайы жағу машиналармен жағу. Бұйымның үлгісіне байланысты электролит және пасталардың рецептураларын іріктеу. Паста жағуға арналған машинаны, пісіру қазандықтарын, сорғыларды басқару және пайдалану. Паста жіберу және паста қабатының қалыңдығын реттеу.
Білуге тиіс: машиналар мен қазандықтардың құрылысы және қолдану принципі; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; түрлі электролиттердің қызметі және қасиеті, оларды сақтау ережесі; түрлі пасталар мен электролиттерді жасау жөніндегі операциялардың кезектілігі; паста сапасын айқындау әдістері.
20. Паста жағушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электролит сіңдірілген кабель қағаздың, картонның бетін түрлі рецептурадағы пастаның тегіс қабатын автоматика элементтерімен жартылай автоматты құрылғыларда жағу. Жартылай автоматтарды басқару және қызмет көрсету. Паста жіберу және паста қабатының, майлау, кесетін, салқындататын және гидравликалық торап қалыңдығын реттеу. Үйінді және мөлшерлегіш біліктердің жылдамдығын іріктеу және синхрондау. Кептіру камераларындағы температура режимін реттеу. Паста қабатын есептеу. Гель және пастаның тұтқырлығын өлшеуге арналған аспаптарға қызмет көрсету.
Білуге тиіс: пастаның температуралық режимі; жартылай автоматтардың құрылымы мен баптау тәсілдері; күрделі бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының қызметі және пайдалану ережесі.
21. Электр өткізгіш қабат жағушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Галет элементтердің теріс электродын жасау үшін мырыш жаймаға тегіс қабатты белгілі температурада қолмен электр өткізгіш масса жағу. Электр өткізгіш қабатты белгілі бір қалыңдыққа дейін тегістеу. Графитті қабатты кейіннен кептіре отырып жылжыту. Жағылған және тегістелген қабаттың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау және қабатты қалыңдығы бойынша және электр кедергісіне тиісті аспаптармен тексеру. Жұмыс плиталары және бұлауларының температурасын реттеу.
Білуге тиіс: қыздыру плиталары және электр бұлаулардың құрылысы мен қолдану принципі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; электр өткізгіш масса жағу тәсілдері мен электр өткізгіш қабатты жылжыту тәсілдері; электр өткізгіш қабаттың қызметі.
22. Электр өткізгіш қабат жағушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Галет элементтердің теріс электродын жасау үшін мырыш жаймаға тегіс қабатты белгілі температурада жартылай автоматты сығымдағыштарда электр өткізгіш масса жағу. Жартылай автоматты сығымдағышты электр өткізгіш массамен толтыру. Электр өткізгіш массаның тегіс жағылуын бақылау. Электр өткізгіш қабатты сығымдау. Даяр электр өткізгіш қабатты техникалық параметрлерге сәйкестігін тексеру. Жартылай автоматты сығымдағыштарды жұмыс процесінде баптау.
Білуге тиіс: жартылай автоматты сығымдағыштардың құрылысы мен қолдану принципі және оларды баптау тәсілдері, электр аспаптарының ақаулық түрлері, электр өткізгіш қабатты қызметі; электр өткізгіш қабаттың техникалық параметрлері; электр өткізгіш масса қасиеттері.
23. Агломераттарды орап байлаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Агломераттарды екі белгілі үлгілерге дейін қағаз немесе миткаль карточкалармен конвейерде немесе жұмыс үстелінде қол тәсілімен орап байлау, желімдеу. Орап байланған, желімделген агломераттарды қорғасын полюске немесе ыдысқа қондыру. Сығымдалған агломераттар мен қолданылатын материалдардың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық құрылғысы туралы негізгі мәліметтер, бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; агломераттарды орап байлау және желімдеу тәсілдері мен қызметі; агломераттарды орап байлауға және желімдеуге қойылатын талаптар; агломераттарды орап байлау және желімдеу үшін қолданылатын материалдар мен жартылай фабрикаттардың сапасы; орап байланған материалдарды қалау тәсілдері.
24. Агломераттарды орап байлаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Екі үлгіден асатын агломераттарды, оның ішінде тәжірибелік партияларды миткаль карточкалармен және жіптермен конвейерлерде немесе жұмыс үстелінде қолмен орап байлау. Орап байланған және желімделген агломераттардың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және басқару ережесі; мырыш полюске ортасын дәлдейтін және оқшаулайтын төсемдердің қызметі және орнату тәсілдері; агломераттарды орап байлауда қолданылатын материалдар мен жартылай фабрикаттардың негізгі қасиеттері; орап байланған агломераттарды сақтаудың шекті уақыты.
25. Батарея желімдеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі элементтер мен батареяларды қағазбен желімдеу. Элементтер мен батареяларға арналған этикеткалар мен нұсқаулықтарды желімдеу және оларға арналған футлярларды желімдеу. Түрлі желімдер дайындау. Элементтер мен батареялардың полярлығын айқындау. Элементтер мен батареялардың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау. Шыққан күнін штампылау.
Білуге тиіс: желімдеу кезінде қолданылатын арнайы айлабұйымдардың қызметі және қолдану ережесі, жұмыс тәсілдерінің кезектілігі және желім жағу ережесі; желімдеуге қолданылатын жартылай фабрикаттардың сапасы және қасиеті; желім рецептуралары мен оларды әзірлеу тәсілдері; даяр өнімге қойылатын негізгі талаптар.
26. Батарея желімдеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі элементтер мен батареяларды дерматинмен және басқа да терінің орнын басушыларын желімдеу. Сызба талаптарын сақтай отырып этикеткаларды желімдеу.
Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, айлабұйымдар мен аспаптардың құрылысы және қолдану ережесі; дерматин және басқа да терінің орнын ауыстырғыштармен бұйымдарды желімдеуге қойылатын техникалық талаптар.
27. Агломераттарды сығымдаушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Белгілі бір үлгідегі агломерат массасынан жасалған агломераттарды қарапайым құрылымдағы сығымдағыштарда сығымдау. Сығымдалған агломераттардың жарамдылығын сыртқы түріне қарай айқындау. Сығымдалған агломераттарды сұрыптау және тараға қалау.
Білуге тиіс: қарапайым құрылымдағы сығымдағыштардың құрылымы туралы негізгі мәліметтер және қызмет көрсету ережесі, агломераттарды сығымдау, сұрыптау және ыдысқа қалау ережесі.
28. Агломераттарды сығымдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түрлі рецептурадағы агломерат массадан жасалған агломераттарды арнайы көлденең сығымдағыштарда сығымдау. Агломератты массамен бункерді толтыру және элемент көмірлерді сығымдағыш қорап дүкеніне қалау. Сығымдалған агломераттардың жарамдылығын салмағына, мөлшеріне және механикалық төзімділігіне қарай айқындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың қолдану принципі және басқару ережесі; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; агломератты масса және электр көмірге қойылатын талаптар, элементтер мен батареялардағы агломераттардың қызметі; сығымдалған агломераттарға қойылатын негізгі талаптар.
29. Агломераттарды сығымдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Агломератты массалардан тұратын түрлі үлгідегі агломераттарды арнайы фрикциялық, эксцентрикті және гидравликалық сығымдағыштарда сығымдау. Массаның сығымдағыш қалыптарға жіберілуін реттеу. Сығымдағыш жұмысындағы ақаулықтарды айқындау. Сығымдағыштарды баптау және реттеу, штампыларды, пуансондарды, сығымдағыш қалыптарды ауыстыру және орнату.
Білуге тиіс: штампылардың, сығымдағыш қалыптардың құрылымы, оларды құрастыру, орнату және реттеу ережесі; түрлі агломераттарды сығымдау процесінің кезектілігі; бастапқы шикізатқа қойылатын талаптар; қалыптардың, штампылардың бұзылу және тозу себептері, және олардың алдын алу шаралары; жабдықтың құрылысы, баптау және реттеу тәсілдері.
30. Агломераттарды сығымдаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жартылай автоматтар мен автоматтарда агломераттары массадан тұратын агломераттарды сығымдау. Автоматты іске қосуға дайындау: жекелеген тораптар мен механизмдердің жай-күйін және дайындығын тексеру, пуансондар мен сығымдағыш қалыптарды орнату. Агломератты массамен бункерді толтыру. Бункер корпустарын толтыру. Бункерге массаның жіберілуін реттеу. Ішкі диаметрді реттеу және оң электрод сапасын айқындау. Сығымдағыштардағы жылдамдықты және қысымды ұстап отыру. Жартылай автоматтар мен автоматтарды баптаудағы кемшіліктерді анықтау.
Білуге тиіс: жартылай автоматтар мен автоматтардың құрысы, жұмыс принципі және пайдалану ережесі; сығымдау режимдері; агломераттардың сапасына қойылатын талаптар.
31. Электродтар мен элементтерді сығымдаушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті сығымдаушының басшылығымен сынап тотығынан тұратын электродтарды сығымдау. Жартылай элементтерді қолмен және гидравликалық сығымдағыштарда суықтай және ыстықтай сығымдау. Электродтарды сығымдауға арналған сығымдау ұнтағы топсасын дайындау. Сығымдалған электродтар мен жартылай элементтердің жарамдылығын сыртқы түріне және мөлшеріне қарай айқындау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың маңызды бөлшектерінің қызметі және қолдану принципі; кеңінен таралған қызмет көрсетілетін әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі; шектеулер мен отырғызулар туралы негізгі мәліметтер; электродтар мен жартылай элементтерді сығымдау және жасау ережесі; сығымдау режимдері; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері.
32. Электродтар мен элементтерді сығымдаушы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сынап тотығынан тұратын электродтарды сығымдау. Ішкі қабаты және астары бар термоэлементтерді қолмен және гидравликалық сығымдағышта суықтай және ыстықтай сығымдау. Астарын пуансондарға дәл орната отырып сығымдағыш қалыптарды құрастыру. Термоэлементтердің берілген габариттерін қамтамасыз ету және тексеру.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы және баптау және реттеу тәсілдері; сығымдағыш қалыптарды құрастыру ережесі; орташа күрделіктегі әмбебап және арнайы айлабұйымдарды, аспаптар мен құралдарды қолдану ережесі, шектеулер мен отырғызулар; сынап тотығы және термоэлементтерден тұратын электродтарды сығымдау процесі, сығымдау ұнтақтарының құрамы мен қасиеті.
33. Электродтар мен элементтерді сығымдаушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Коммутациялық қабатты, ауыспалы қабаты, астары бар каскадты термоэлементтерді қолмен және гидравликалық сығымдағыштарда суықтай сығымдау. Сығымдағыш қалыптарды, астарларын дайындау, сығымдау ұнтақтарының топсасын сығым қалыптарда тегістеу. Сығымдау режимін сақтау. Сығымдалған термоэлементтердің астарын кесу және тазарту.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың кинематикасы; күрделі және дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдардың қызметі және пайдалану ережесі, әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы; шектеулер мен отырғызулар жүйесі; термоэлементтерді сығымдау процесі; сығымдау ұнтағының физикалық-химиялық және термоэлектрлік қасиеттері және оларды сығым қалыптарға құю кезектілігі.
34. Электр өткізгіш қабат әзірлеуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Барлық үлгідегі ток көздерінің электр өткізгіш қабатын екі білікті біліктерде компоненттерін араластыру жолымен әзірлеу. Электр өткізгіш төсемді мырышқа екі білікті біліктерде уақыт, температура технологиялық параметрлеріне сәйкес каландирлеу және домалату. Төсемді мырыш жайманың өлшеміне қарай қолмен пішу. Мырыш жаймалардың бетіне желім жағу. Даяр өнімді стеллаждарға қалау. Электр өткізгіш қабаттың сапасын сыртқы түріне қарай айқындау. Екі білікті білікшені басқару, тазалау және майлау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың маңызды бөлшектерінің атауы және қызметі, және қолдану принципі; орташа күрделіктегі арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; мырыш жаймаға электр өткізгіш қабат жағу тәсілдері; электр өткізгіш қабаттың қызметі.
35. Электр өткізгіш қабат әзірлеуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ток көздерінің барлық үлгілері үшін электр өткізгіш қабатын графит және күйе қоса отырып бутил каучук немесе полиизобутиленді араластыру арқылы екі білікті араластырғышта әзірлеу. Материалдарды өлшеу және оларды белгілі бір қатынаста екі білікті араластырғыштарға салу. Электр өткізгіш қабатты түсіру және сақтау. Каландирлеуге қажетті мөлшерлері бойынша электр өткізгіш қабатты пішу. Даяр массаның сапасын тығыздығы және араласуының біркелкілігі бойынша айқындау. Агрегаттардың жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Агрегаттардың ағымдағы жөндеуіне қатысу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және баптау тәсілдері, арнайы айлабұйымдардың, аспаптардың және бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; түрлі таразыларды пайдалану ережесі; қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері, компоненттерді араластыру рецептурасы мен процесі (режимі).
36. Гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастырушы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес аспаптар мен айлабұйымдарды пайдалана отырып стакандық және галетті құрылымды гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастыру жөніндегі жекелеген операцияларды орындау. Бөлшектерді құрастыруға дайындау. Бөлшектер мен жартылай фабрикаттарды құрастыру машиналарына немесе жартылай автоматтарға қолмен жіберу. Даяр өнімдерді тараға сұрыптау және қалау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; кеңінен таралған жай айлабұйымдардың қызметі және пайдалану ережесі; құрастыру операцияларының кезектілігі, жинақтайтын бөлшектердің атауы және қызметі, даяр өнімдерді тараға қалау тәсілдері.
Жұмыс үлгілері
1. Центраторлар – элементтерге кигізу және пастамен зарядтағаннан кейін шешу.
2. Шайбалар - центрлеуші шайбаларды элементтерге немесе агломераттарға кигізу және қисық отырғызылған шайбаларды түзету.
3. Элементтер - контактілерді дәнекерлеу үшін жаятын тақтайларды ұяшықтарға қалау.
37. Гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастырушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы жабдықтарды, аспаптар мен айлабұйымдарды пайдалана отырып, стакандық және галетті құрылымды гальваникалық элементтер мен батареяларды құрастыру жөніндегі жекелеген операцияларды орындау.контактілерді, ток өткізгіштерді, біріктіретін сымдарды мырыш полюстерге, қалпақтарға, штепсельді ұяшықтарға қолмен дәнекерлеу немесе пісіру. Блоктарды, секцияларды, батареялар мен элементтерді жинақтау. Арнайы зарядтау мөлшерлеу машиналары мен айлабұйымдардың көмегімен түрлі электролитті паста элементтерін зарядтау. Үстел үсті токарлық станокта полюс жиектерін біліктеу. Үстел үсті токарлық станокта полюс жиектерін қысу және бандаждау. Кабельді қағаздан жасалған жіп немесе таспа секцияларын құрастыру машиналарында қысу және бандаждау. Біріктіру тәсіміне сәйкес батареяларды іштей дәнекерлеу немесе пісіру. Полиэтилен шайбаларын сұрыптау.
Білуге тиіс: мөлшерлегіш құрылғыларды, құрастыру машинкаларын, қол сығымдағыштарды және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың құрылысы, басқару жүйесі және қызмет көрсету ережесі; элементтер мен батареяларды құрастыру процесі; қолданылатын материалдардың, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың қызметі; олардың сапасын ішіне қарап айқындау.
Жұмыс үлгілері
1. Қыздырылған және анодты батареялар – жинақтау, дәнекерлеу және толықтай құрастыру.
2. Секциялар – жинақтау және толықтай құрастыру.
3. Элементтер – зарядтау, дәнекерлеу және толықтай құрастыру.
38. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сериялық өндіріс жағдайында сынап-мырыш элементтерді және магний батареялары секцияларын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Бөлшектер мен аспаптарды құрастыруға дайындау.
Білуге тиіс: жұмыс процесінде пайдаланылатын жабдықтардың құрылысы туралы негізгі мәліметтер; арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының атауы, құрастыру операцияларының кезектілігі; жинақтайтын бөлшектердің қызметі мен жарамдылық белгілері.
39. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сериялық өндіріс жағдайында сынап-мырыш элементтерді және магний батареялары секцияларын жинақтау және құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі операцияларды орындау. Ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық ток көздері элементтерін, секцияларын, блоктарын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Анағұрлым жоғары білікті құрастырушының басшылығымен ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық және физикалық ток көздері элементтерін, секцияларын, блоктарын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Анағұрлым жоғары білікті құрастырушының басшылығымен және тәжірибелік өндіріс жағдайында ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық және физикалық ток көздері элементтерін, секцияларын, блоктарын жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау.электродтарды, секцияларды сызба, принципиальды тәсімдер және нұсқаулықтар бойынша құрастыру. Элементтерді геометриялық мөлшерлері бойынша іріктеу. Полярлығын айқындау және қысқа тұйықталудың болмауын тексеру. Компаундтарды, герметиктерді, еріткіштерді дайындау.
Білуге тиіс: жұмыс процесінде қолданылатын жабдықтарды қолдану принципі және басқару ережесі, арнайы айлабұйымдардың, бақылау-өлшеу және реттейтін аспаптардың қызметі мен пайдалану ережесі, жинақтайтын бөлшектердің атауы және қызметі; жекелеген бөлшектердің өзара іс-әрекеті принципі және оларға қойылатын талаптар.
40. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық және физикалық ток көздерін (элементтерін, секцияларын, батареяларын мен қоректендіру жиынтықтарын) жинақтау және құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі операциялар мен сериялық өндіріс жағдайында сынап-мырыш элементтер мен магний батареяларын құрастыру жөніндегі күрделі операцияларды орындау. Құрастыру операцияларын электрлік тәсімдер және сызбаларға сәйкес орындау. Нүктелік дәнекерлеуді пайдалана отырып элементтерді құрастыру. Оқшаулаудың, электр қозғайтын күштің, ток күшінің кедергісін тексеру. Тәжірибелік өндіріс жағдайында физикалық және химиялық ток көздерін жинақтау және құрастыру жөніндегі жай операцияларды орындау. Басқарушы техникалық материалдарға сәйкес сызбаларға, принципиальды тәсімдер бойынша электр монтаждау жұмыстарды жүргізу.
Білуге тиіс: орташа күрделіктегі қолданылатын жабдықтардың, арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; қоректендіру және батарея элементтерін, секциялар, топтар, жиынтықтар жасау кезектілігі; монтаждау және принципиальды тәсімдер; орындалатын жұмыс шегінде ток көздерін құрастыру және монтаждаудың технологиялық процестері; кептіру, температура, дәнекерлеудің технологиялық режимдері.
41. Сынап-мырыш, магний және басқа да ток көздерінің құрастырушысы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұсақ сериялық және жеке өндіріс жағдайында химиялық ток көздерін, элементтерін, секцияларын, блоктарын жинақтау және құрастыру жөніндегі күрделі операцияларды (РЦ және магнийліктен басқа) орындау. Сызбаларға сәйкес күрделі коммутация тәсімдерімен қоректендіру батареяларын, жиынтықтарын құрастыру. Тәжірибелік өндіріс жағдайында физикалық және химиялық ток көздерін жинақтау және құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі операцияларды орындау.Батареяларды диффузионды ұзарту процесін жүргізу. түрлі тағайындалған диодтарды, штепсельді ажыратпаларды, триодтарды, датчиктерді монтаждау.
Білуге тиіс: жұмыс процесінде қолданылатын жабдықтардың кинематикасы; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы, күрделі және дәлме-дәл бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және қолдану ережесі; химиялық және физикалық ток көздерін жинақтау, құрастыру және монтаждау процесі, өткізгіштерден, түтікшелерден, кабель және шиналардан тұратын барлық мүмкін тәсімдерді әзірлеу тәсілдері; батареяларды құрастыру, монтаждау немесе диффузионды ұзарту процесінде қолданылатын материалдардың, бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың қызметі мен қасиеттері; құрастыру мен монтаждаудың арнайы жағдайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |