Жұмыстың мақсаты



бет1/8
Дата20.05.2022
өлшемі0.56 Mb.
#458336
  1   2   3   4   5   6   7   8
МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ Қаттылығын ӨЛШЕУ для дот каз1 рейтинг (2)


  1. МЕТАЛДАР МЕН ҚОРЫТПАЛАРДЫҢ Қаттылығын ӨЛШЕУ



2.1 Жұмыстың мақсаты





2.2 Материалдар мен жабдықтар

2.2.1 ТШ және ТК типті қаттылықты өлшеу құралдары;


2.2.2 Әртүрлі материалдардан қаттылығын өлшеуге дайындалған үлгілер жинағы.
2.2.3 МПБ-2 микроскобы
2.2.4 Қаттылықты аудару кестесі


2.3 Теориялық мәліметтер

Металдар мен қорытпалардың сапасын олардың жұмыс атқаратын әртүрлі жағдайларда әртүрлі конструкцияларға қолдану мүмкіндігін анықтайтын сипаттамалардың көп таралған түріне қаттылық жатады.


Қаттылық деп металдар мен қорытпалардың жергілікті деформацияға қарсылық көрсету қабілеті аталады. Материалдың қаттылығын анықтау үшін оның беткі қабатына белгіленген күшпен индентор (болат шаригі, алмаз конусы мен пирамидасы немесе инелер) батырылады. Материалдың бетіне индентордан түскен іздің мөлшеріне байланысты анықтау әдісімен сипатталады. Мысалы, Бринелль бойынша қаттылығы (НВ), Роквелл бойынша қаттылығы (НRC).
Бринелль және Роквелл тәсілдерімен қаттылықты өлшеу статикалық (түсетін күш біртіндеп баяу беріледі) сынауға жатады.
Қаттылықты өлшеу арқылы металдың механикалық қасиетін анықтау басқа әдістермен салыстырғанда көптеген артықшылығы бар:

  • арнаулы үлгіні қажет етпейді,

  • өнімділігі жоғары;

  • қаттылықты өлшегеннен кейін тетіктер бүлінбей, бастапқы жұмыстарын атқаруға жарамды.

  • Қаттылықты анықтау арқылы металдардың басқа сипаттамаларын

болжаммен бағалау мүмкіндігі. Мысалы, металдың созып сынаудағы беріктік шегін, в (деформацияға уақытша қарсылығы) анықтауға болады.
в=  ∙ НВ, (2.1)

Мұндағы - материалға байланысты алынатын коэффициент:


 = 0,34 - болат НВ 120 - 175;
 = 0,35 - болат НВ 175 – 450;
 = 0,55 - жасытылған мыс, жез және қола;
 = 0,33-0,36 – алюминий және оның қорытпалары.
Ұштықты (индентор) үлкен жүктеменің әсерімен батыру кезінде металдың беткі қабатындағы ұштықтың аумағы пластикалық деформацияланып, оның орнында ойық түсіп қалады. Сынақтағы металдың қаттылығы жоғары болса ұштықтан түскен ойық кішкене болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет