Жоба 10. 12. 12 «Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі118.78 Kb.
#18794


Жоба 10.12.12

«Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру туралы»

ҚР Президент жанындағы жастар саясаты бойынша Кеңестің ХІІ отырысында

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Көшербаевтың сөз сөйлеу тезисі

Шығыс Қазақстан облысында 14 тен 29 жас аралығындағы 369 297 жастар мекендейді. Бұл біздің облысымыздың барлық халқының төрттен аса бөлігі. (1 398 083 адам). Олардың ішінде қалалық – 224 607 адам (60,8%), ауылдық – 144 690 адам (39,2%).

 Жас қазақстандықтарға өзінің әлеуетін ашу, өзін көрсету, өз күшіне сенушілік табуға көмектесетін шаралар жүзеге асырылылуда.

Шығысқазақстандықтар облыс территориясында 10 жоғарғы және 96 орта арнаулы оқу орындарында білім алуда.

Жылсайын оқу орындарын 12 мыңнан астам жас жұмыскерлер мен мамандар бітіріп шығуда.

Табысы аз отбасыларынан шыққан, ата-анасының қамқорысыз қалған және жетім балаларға орта жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың ЖОО-да оқу ақысы үшін әлеуметтік көмек көрсету мақсатында мамандарды жоғарғы педагогикалық және медициналық біліммен даярлау бойынша облыс әкімінің гранттары құрылды.

2007-2011 жылдар аралығында аралық комиссиялар облыстың орта мектеп түлектерінің небары 1826 өтініштері, олардың ішінде 2007 жылы – 183 орта мектеп түлектерінің, 2008 жылы – 210 түлектің, 2009 жылы – 217 түлектердің 2010 жылы – 203 түлектің, 2011 жылы – 212 түлектің қарастырды.

Қазіргі таңда Семей қаласы Мемлекеттік медициналық университетінде, С. Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде және Семей қаласы Мемлекеттік педагогикалық институтында табысы аз отбасыларынан 820, ауылдық жерден 793 жастар білім алады.

Жастарды оқытуға 2007-2011 жылдары шығынның жалпы сомасы 913,2 млн. тенгені құрады. Орташа бір студенттің бюджеттік қаражат шығыны 378,0 мың теңгені құрады.

Негізгі мақсаты ауылдық территориялардағы кадрлық әлеуетті күшейту болып табылатын «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

тұрғын үй сатып алуға тиімді кредиттер, көтерме бір жолғы жәрдем ақылар төленіп 2010 жылы ауылдық елді мекендерге 262 мамандар келді және жұмысқа орналастырылды. 2011 жылы 498 мамандар қолдау тауып, 2012 жылы 370 маман жоспарлануда.

Облыс райондары мен қалаларында 3 жыл ішінде жас мамандарға арналған 382 үйлер мен пәтерлер бөлінген.

Бүгінгі таңда селоларға агрономдар, мал дәрігерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер қажет.

Әртүрлі мамандықтар бойынша барлық қажеттілік 2 мыңнан астам мамндықтарды құрайды.

Бүгінде ең талап етілгендер болып инженерлік мамандар болып табылады, оларға деген қажеттілік жылына 900 астам адамды құрайды.

Соның ішінде құрылысшылар, информатикалық жүйе және есептеу техникасы, машина құрастыру, энергетика мамандары.

Жақын келешекте нанотехнологтар, биотехнологтар және электроника бойынша мамандықтарға сұраныс артады. Дәл осы мамандар Конструкторлық бюро, «Алтай» технопаркі зертханасында, Курчатов қаласы Ұлттық ядролық орталық ядролық технология Паркінде талап етілуде.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша жылсайын шетелдік оқу орындарында жүздеген жас қазақстандықтар білім алуда, соның ішінде біздің де жерлестеріміз. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жалпы саны 363 адамды құрайды, 58 адам қазіргі таңда білім алуда.

Шынында жастарға барлық жолдар ашық дегенге біздің облыста район әкімдерінің орынбасары лауазымдарында, ірі кәсіпорындар бөлімшелерінің басшыларында, басқа да жоғарғы қызметтерде «Болашақ» бағдарламасының 31 түлегінің жұмыс атқарады деген дерек куәландырып отыр.

2011 жылы жастар саясатына облыстық қаржыдан 80,5 млн. теңге бөлінді, жастар бастамасын қолдауға 11,5 млн. тенге қарастырылған, жастардың актуалды мәселелері бойынша 8 әлеуметтік-маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

Үстіміздегі жылы 98,673 млн. тенге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,6 % артық. 23,191 млн. тенге сомада 10 жоба жүзеге асырылуда.

Жастар бастамасын қолдау бойынша да оң серпін бар. Жастарға арналған әлеуметтік жобаларды қаржыландыру тәжірибе жүзінде 2 есеге артты.

Облыста 120 астам жастар ұйымдары жұмыс жасайды, олардың көп бөлігі Семей қаласының жастары. Олардың қызметтері әртүрлі бағытта, қиын жас өспірімдермен жұмыс жасайды, экология мәселелерін шешумен, салауатты өмір сүру, құқықтық ағартушылық, патриотизм және көптеген басқа.

Біздің облысымыздың жастар ұйымдары әрқашан жоғарғы жаңартпашылық әлеуетімен ерекшеленді. Дәл бізде Шығыста, Қазақстанда бірінші рет мынадай жаңартпашылық әлеуметтік технологиялар қабылданды, олар жастарға арналған әлеуметтік қызметтер стандартын дайындау, жастар активі мектебі, интеллектуалдық және шығармашылық жастарды дамытуға арналған жобаларды жүзеге асыру.

Бірінші рет республикамызда біздің облыста Өскемен және Семей қалаларында жастар және жастар ұйымдарына арналған ресурстық Орталықтар құрылды. Дәл біздің стандарттар бойынша еліміздің басқа облыстарында ұқсас Орталықтар құрыла бастады.

Бұл жұмыс жалғастырылып келеді. Семей және Өскемен қалаларында жастар ұйымдары базасында консультациялық, методикалық, информациялық көмек көрсететін, жастарға арналған ресурстық орталықтар құрылды және қызмет атқарады.

Ұйымдардың ең көп саны Семей, Өскемен, Риддер қалалары, Шемонаихиндік және Зыряновск райондарында қызмет етеді.

Ең ірі және белсенді жұмыс атқарушы болып «Салауат» қоғамдық бірлестігі, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар және балалар ұйымдары облыстық Ассоциациясы, «Білімді жастар лигасы», «Салауатты өмір салты үшін жастар», «Қазақстанның болашағы үшін», «Фейт», «Исток» балалар және жастар шығармашылығы Орталығы, «Элита плюс», «матросово» жастар орталығы, «Жас заңгерлер достастығы», «Ак-Кем Риддер» табылады.

Шемонаихиндік, Тарбағатайлық райондарында, Зайсан, Жармин ауылдарында жастар үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс атқарады.

Облыстағы жастар саясатының дамуы сұрақтары талқыланатын жастар ісі бойынша Кеңес жұмыс жасайды.

Біздің жастарымыздың белсенділігіне бірден бір айқын мысалдар болып екінші жыл болды облысымыздың барлық бұрыштарында және оқушылар, студенттер, жергілікті тұрғындар арасында кең қолдауға ие болған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты жалпыұлттық бастаманы жүзеге асыруға қатысулары табылады.

Акцияның 4,5 мыңнан астам қатысушылары облыстың 38 бекініс селоларында жұмыс істеді. Олар жердің 832 гектарын тазалады, 27 мыңнан астам ағаштар мен көктеген көшеттер отырғызылды, 302 балалар аулалары, ескерткіштер ғимараттары тұрғызылды, 307 гүл бақтары мен сая бақтар, 150 су қоймалар тазартылды.

Көгалдандыру, құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша аумақты жұмысты «Жасыл Ел» жасағы және жастар еңбек және студенттік құрылысшы жасағы жауынгерлері өткізеді.

Бұдан басқа, ССМТО Штабы бойынша қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және әлеуметтік бейімделу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Әр жыл сайын құрлысшылар жасағы өсіп келеді. Егер өткен жылы 3 792 адам болса, онда осы жылы олардың саны 4 242 адамға жетті.

2012 жылы ССМТО-да 2 942 адам жұмыс істесе, «Жасыл Ел» жасағында - 1300 адам. 2012 жылы құрылыс жасақтарының орындаған жұмыстарының көлемі 85,42 млн. тенгені құрады. Жас еңбек жасақтар жауынгерлерінің орташа еңбек ақысы 35 мың.астам тенгені, құрылыс жасақтары - 45 мың. тенгені құрады.

Еліміздің үдемелі дамуы көбінесе азаматтық қоғам дамуының деңгейіне байланысты; жоғары патриоттық сезіміне, өз елі үшін мақтаныш сезімі, азаматтық міндетін атқаруға дайын болуы.

Біздің облысымыздың жастары бүгінгі күні полицияның қоғамдық көмекшілері болып табылатын, өз еркімен халық жасағы жұмысына белсенді кірісті. Бүгінгі күні патрульдеуде студенттік және жұмыскер жастар санынан 400 астам жастар жұмыс жасады.

Патриотизм және құқықтық тәртіпке тәрбиелеуге «Жас қыран» мектептік қозғалысы өз үлесін қосуда. Бүгінгі күні оның қатарына барлық ел бойынша 20 мыңнан астам оқушылар қабылданды, олардың 1 мыңы біздің облыстың мектеп оқушылары.

Біздің жастар ұйымының, белсенділер және көшбасшылар қозғалысының жұмысы жастар белсенділігі мен патриотизмін арттыруға мүмкіндік тудырады.

Көптеген патриоттық акциялар мен іс-шаралар өткізілді, олардың ішінен «Мен-Қазақстанның патриотымын» атты жастар шеруін, «Менің Қазақстаным» патриоттардың облыстық форумын, және тағы басқаларын атап айтуға болады.

Жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетіне, бос уақытта белсенді жұмыспен, спортпен айналысуға арналған жағдайлар жасалынуда.

Олимпиядалық ойындарда, түрлі халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсеткен біздің жас спортшылар үшін осы жыл айырықша нәтижелі болды.

Біздің облыс спортшыларының марапат қоржындарында барлығы 516 медальдар, соның ішінде: 153 - алтын; 147- күміс; 216 – қола болды.

Облыста 2845 бірлік спорттық ғимараттар жұмыс істейді, оларда 59 спорт түрлері көрсетіледі: соның ішінде 24 – жазғы олимпиядалық спорт түрлері, онда 96 676 адам, 7 – қысқы олимпиядалық спорт түрлері, онда 24 169 адам және 28 – олимпиядалық емес спорт түрлерімен 93 507 адам айналысады.

Үстіміздегі жылы Өскемен қаласының № 11 мектеп-гимназиясы базасында жабық хоккейлік модулі пайдалануға берілді. Сондай-ақ 2012 жылдық қыркүйегінде Өскемен қаласының КШТ районында жалпыбілім беретін № 24 мектеп базасында хоккейлік модульді қатарға енгізу жоспарлануда.

Өскемен қаласының сол жақ жағалау бөлігінде жеңілатлетикалық алаң, күрес Сарайы құрылысы басталды.

2011-2015 жылдары территорияларды дамыту бағдарламасы аясында осы жылы Ұржар, Көкпекті, Жарма және Құршым райондарында спорттық модульдер қолданысқа беріледі.

Бұдан басқа, Өскемен қаласында шахмат Сарайы құрылысы жоспарлануда, 2013 жылы Өскемен қаласында, ал 2014 жылы Семей қаласында жазғы олимпиядалық спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлігі мектебі ашылуы жоспарлануда.

Біздің отандастарымыз тек спорттық қана емес, сондай-ақ шығармашылық жетістіктерімен де ерекшеленеді.

2012 жылы облыстың мәдени мекемелерінде «Мәдени сенбілік», «Ашық есік күндері», «Музей түні», «Музей жазы» ынтагерлікпен акциялары өткізілді.

Облыс музейлерінде жылсайын 32,4 мың. астам экскурсиялар, 7,7 мың көремелер, 1,4 мың дәрістер өткізіліп, келермендер саны 442,8 мың адамды құрайды. Облыс кітапханасының оқырмандар саны – 372,1 мың адамды құрайды, соның ішінде 168,6 балалар және жастар.

Кітапхана мен музейлер жұмысында үлкен орынға студент және оқушы жастар арасындағы көпшілік жұмыс орны зор, оларға видео- и медиа- сабақтар, блиц-турнирлер, интернет-саяхаттар, викторина элементтерімен библио-шоу білім беруге арналған бағдарламалар құрастырылды.

Облыстың клубты мекемелерінде жыл бойы 20,5 мыңнан астам мәдени-оралым іс-шаралар өткізіліп, облыстың әуесқойлық және қызығушылық бірлестіктер бойынша 22515 адам санымен 1513 клубтық сұранымдар – үйірмелер жұмысы ұйымдастырылды.

Хорлар, би және ән ансамбльдері, жанұялы ансамбльдер, халық аспаптар оркестрі, үрмелі оркестрлер, хореографиялық, драмалық, фольклорлы коллективтер сияқты жанрлар бойынша халық шығармашылығы белсенді дамып келеді.

Облыстың ең көркем өнерпаздық 153-ші коллективіне, соның ішінде «үлгілі» құрметті атағына ие 33 балалар коллективіне, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «халықтық» атағы берілді.

Бүгінгі күні Астана және Алматы қалаларының жоғарғы оқу орындарында 5 мыңнан астам шығысқазақстандықтар білім алады. Жас мамандардың Отанына оралып және сол меңгерген білімдерін сол жерде қолдануларына облысымыз ынталандыруда.

Біз жас кәсіпқорларды толық көлемді әлеуметтік жеңілдіктер және кепілдіктер беріп, өмір мен қызметтік өріс үшін жағдай жасап, қарсы алуға дайынбыз.

Оқу орындарының табалдырығын аттаған балалар үшін атқарушы билік органдары олардың жұмысқа орналасуы және еңбек дағдылары мен біліктіліктерін артыруға бағытталған «Жастар тәжірибесі», «Дипломмен ауылға», «Жұмысбастылық 2020» сияқты бағдарламалар қатарын жүзеге асыруда.

2011 жылы 8 ай ішінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 2133 адам жұмысқа орналастырылды. 2012 жылы 694 адам. В программе «Жұмысбастылық 2020» бағдарламасына 5350 адам 30 жасқа дейінгі адамдар қатысты, осы жылы 3986 жастар қатысады.

Кішігірім несиелендіру бағдарламасы бастамашы жастардың өз бизнестерінің қалыптасу идеяларын іске асыруларына мүмкіндік береді.

Облыста ақпараттық ағарту мақсатында «Жастар клубы», «Әлем жастары» жастар газеттері шығарылады.

Жастар бастамалары және қызықты жобалар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қолданысқа ие.

Жастардың түрлі санаттағы сұрақтарын шешуге бағытталған 16 әлеуметтік жобалар, 26,6 млн. тенге жалпы сомада денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармаларымен жүзеге асырылуда.

Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Шемонай, Жарма, Құршым, Зырянов райондарының ішкі саясат бөлімдері 18,6 млн. тенгеге 21 жобаны жүзеге асыруда.

Шығыс Қазақстан облыстың қала және район атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, жастар ұйымдарымен бірлесе 30,5 мыңнан астам адам қатысқан «Болашақ бүгіннен басталады жалпыреспубликалық акциялар аясында, 240 астам іс-шаралар өткізілді.

Ерекше маңыздылар арасынан «Таза бастама» жанұялық шығармашылық облыстық фестивалін, ШҚО Халық Достығы форумын, нашақорлықпен Халықаралық күресу Күні, Өскемен қаласының жас жұптары арасынан «Қыз Жібек пен Баян сұлу» эстафетасын, «Арбат-фестиваль», патриоттардың областық Форумын, Балаларды қорғау күнін, «Мен Қазақстанның патриотымын» фотоконкурсын, «Зарница» әскери-патриоттық ойынын, экологиялық экспедициясын атап айтуға болады.

Жастардың қоғамдық өмірге араласуын арттыруға арналған, жастар саясаты аясындағы жұмыс үйлесімдері 2012 жылдың маусымында облыс әкімінің қолдауымен «Жастар бастамасының даму Орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.

Орталықтың негізгі міндеті азаматтық бастаманың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, жеке және шығармашылық әлеуеттің дамуы, жастарда қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы, жастарды жұмыспен қамту мәселелерімен жұмыс болып табылады.

Жастар әлеуетін дамыту, шетелдік жастар орталықтары тәжірибелерімен алмасу мақсатында Түркия Республикасының Бурса қаласындағы «Жастар бірлігі» ұжымымен, Ресей Федерациясының Новосибирск қаласының «Респект» жастар Орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Павлодар облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында «Жастар әлеуетін дамыту Орталығымен» Меморандумдар Облысаралық ынтымақтастық бекітілді.

ШҚО жұмыссыз жастары үшін Демеу» кадрлық агентствосымен құрылған жастардың жұмыс бастылық мәселесі бірден бір жоба болып табылады. Агенттік жұмыспен қамту бойынша ақысыз қызмет көрсетеді. «Демеу» кадрлық агенттігінде тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 2012 жылдың 10 1635 адамды құрады, ал қызмет орны – 576. Қазіргі уақытта жұмыспен қамтуға арнайы 50-ден астам адам жіберілген, жұмыспен қамтылғаны – 7 адам.

Меморандум аясында Оңтүстік Қазақстан облысының жастар орталығымен жастардың облысаралық жұмыспен қамтылуы бойынша жұмыстар жүргізілу басталды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес бізге жастар саясаты, өсіп келе жатқан жастар еңбек тәрбиесі мен олардың өзін-өзі ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуіміз керек;

- қала мен район әкімдері, атқарушы билік органдары жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу, мамандарды ауылға тарту, жастар бастамасын қолдау бойынша жұмыстарды жандандырулары керек. Бұл жұмыс бойынша жастар ұйымдарымен, «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе жастар басатамсы Орталығы барынша айналысулары керек.

- қала және район әкімшіліктерінде, білім басқармасы бюджеттерінде, денсаулық сақтау, мәдениет пен спортта ауылдық жастарды қолдау, ауылда демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру, жастар бастамасын дамыту бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға қаражатты арттыруды қарастыру қажет;

- жас мамандарды ауылға тарту үшін қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ-ды кірістіру, бұқаралық ақпарат құралдарына ірі ақпараттық құралдарды енгізу. Жергілікті атқарушы органдвр осы идеологины тұрақты насихаттаулары қажет;

- жастар кәсіпкерлігін дамыту, олардың «Жұмысбастылық 2020» бағдарламасына қатысуын нақты өлшемдермен қолдау көрсету;

- ауылдың жергілікті белсенді жастарына ерекше көңіл аудару қажет. Жастар ұйымдарын құруды ұйымдастыру, қозғалыс, аудандық және қалалық әкімшіліктерде жастар ісі Кеңесін құруға қатысу. Әп-сәтте ұлы істерді меңгеріп шыңға шығару ғана емес, одан да мақсаттылық және сенім, үміт арқылы «шағын қадам стратегиясы» үшін аз да болса өз дегеніне жету жолында нәтиже шығару;

- жастар және жастар ұйымының құрылуының жалпы мақсаты зор ауқымды ықпал жасау-жалпықазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ардагерлерді қолдау, оларға қамқорлық көмек көрсету;

- мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау және сүю, сондай-ақ, тілге құрмет, ұлттық мәдениетті біріктіретін басты фактор жастар ғана емес сонымен қатар барлық азаматтар болуы тиіс;

- тағы бір жұмыстың бағыты өнегелік және мәдениетті қолдаумен тығыз байланысты. Сондықтан да осындай бағыттарды өз күштерімен жасаған көркемөнерпаздық шығармашылық, халықтық қолөнершілер сияқты бос уақытта ауыл халқына ұйымдастыру,



- дене шынықтыру мәдениетін дамытуды ұмытпаған жөн және жаппай спортты, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл әрекеттер сізге және қоғамға құқық бұзушылыққа қарсы, жаман әдеттерден аулақ болуға өз септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет