Алгебра пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы



Дата17.06.2016
өлшемі309.1 Kb.
#143086
ҰТО» РМҚК

2015 жылғы ___________

№_____бұйрығымен бекітілді
Алгебра пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2016 жылдан бастап Талапкерлерді кешенді тестілеуге қолдану үшін бекітілген)


Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау үшін өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің, ҰБТ-ға қатыса алмаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерінің, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектерінің және оқу орнын шетелде бітірген тұлғалардың алгебра пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 12, екінші деңгейде – 8, үшінші деңгейде – 5 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес алгебра пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01


Арифметикалық есептеулер. Өрнектерді түрлендіру

01

Арифметикалық есептеулер. Сандарға амалдар қолдану. Бөлшектерге амалдар қолдану. Жай және құрама сандар.

01

Натурал және рационал сандарға амалдар қолдану

02

Жай және құрама сандар

03

Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік

04

Жай және ондық бөлшектерге амалдар қолдану. Шексіз периодты бөлшектер

05

Аралас есептер

02

Процент. Процентке байланысты негізгі есептер. Пропорция (тура және кері пропорционалдық)

01

Берілген санның процентін табу

02

Проценттен (проценті бойынша) санды табу

03

Қатынасты процентпен өрнектеу

04

Тура пропорционалдыққа берілген есептер

05

Кері пропорционалдыққа берілген есептер

06

Аралас есептер

03

Формулалар. Қысқаша көбейту формулалары. Бөлшектің дәрежесі. Көпмүшені жіктеу. Алгебралық өрнектерді ықшамдау.

01

Бірмүшенің дәрежесі, бірмүшенің стандарт түрі

02

Көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту

03

Көпмүшенің дәрежесі, көпмүшенің стандарт түрі

04

Бірмүшені және көпмүшені бірмүшеге, екімүшеге бөлу

05

Көпмүшені көпмүшеге бөлу

06

Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу

07

Көпмүшені ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы жіктеу. Топтау тәсілі. Көпмүшелерді тепе-тең түрлендіру

08

Қысқаша көбейту формулалары

09

Рационал өрнектер. Рационал бөлшек

10

Рационал бөлшектерді қосу және азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару

11

Алгебралық өрнектерді ықшамдау







12

Аралас есептер

04

Түбірлерге амалдар қолдану. Санды және әріпті өрнектер. Бүтін және бөлшек өрнектер.

01

Арифметикалық квадрат түбір. Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

02

Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару

03

Көбейткішті түбір таңбасының астына енгізу

04

Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту

05

Квадрат түбірі бар өрнектерді ықшамдау

06

Аралас есептер

05

Абсолют шамалар

01


Санның модулі.

02

Модуль таңбасы бар өрнектерді ықшамдау

06

Дәрежелерге амалдар қолдану.

01

Натурал көрсеткішті дәреже

02

Бүтін көрсеткішті дәреже

03

Бөлшек көрсеткішті дәреже

04

Дәрежесі бар өрнектерді ықшамдау

07

Логарифмнің негізгі қасиеттері. Логарифмі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру.

01

Санның логарифмін есептеу

02

Тепе-теңдіктерді және қасиеттерді қолданып логарифмдерді есептеу

03

Ондық және натурал логарифм, е саны

04

Логарифмі бар өрнектерді ықшамдау

08

Көрсеткіштік өрнектердің негізгі қасиеттері. Көрсеткіштік өрнектерді тепе-тең түрлендіру

01

Көрсеткішті өрнектердің қасиеттерін қолдану

02

Бөлшек көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді ықшамдау







03

Аралас есептер







09

Негізгі тригонометриялық формулалар

01

Бұрыштардың градустық және радиандық өлшемі. Синустың, косинустың, тангенстің және котангенстің бұрыштарының мәндері

02

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

03

Тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру

04

Кері тригонометриялық функциялары бар өрнектердің мәндерін табу

05

Аралас есептер

02


Теңдеулер

01

Сызықтық теңдеулер

01

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

02

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер

02

Квадрат теңдеулер және оларға келтірілетін теңдеулер.Жоғары дәрежелі теңдеулер

01

Квадрат теңдеулер

02

Толымсыз квадрат теңдеулер

03

Биквадрат теңдеулер

04

Виета теоремасы. Виета теоремасына кері теорема

05

Квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулер

03

Модулі бар теңдеулер

01

Модулі бар қарапайым теңдеулер

02

Біреуден артық модуль таңбасы бар теңдеулер

04

Бөлшек-рационал теңдеулер

01

Бүтін рационал теңдеулер

02

Бөлшек-рационал теңдеулер

05

Тригонометриялық теңдеулер

01

Қарапайым тригонометриялық теңдеулер

02

Бір ғана тригонометриялық функцияларға қатысты алгебралық теңдеулерге келтірілетін тригонометриялық теңдеулер

03

Тригонометриялық формулаларды қолдану арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер

04

Дәрежені төмендету тәсілімен шығарылатын тригонометриялық теңдеулер

05

Біртектес тригонометриялық теңдеулер

06

Қосымша бұрыш енгізу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңдеулер

07

Аралас есептер

06

Көрсеткіштік теңдеулер

01

Қарапайым көрсеткіштік теңдеулер

02

Бір негізгі келтіріліп шығарылатын көрсеткіштік теңдеулер

03

Жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарылатын көрсеткіштік теңдеулер

04

Аралас теңдеулер

07

Иррационал теңдеулер (қиындығы бірінші деңгейлі тапсырмалар)

01

Екі бөлігін де квадраттау тәсілімен шығарылатын теңдеулер

02

Жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарылатын иррационал теңдеулер

08

Логарифмдік теңдеулер.

01

Анықтама бойынша шығарылатын теңдеулер

02

Бір негізге келтіру арқылы шығарылатын теңдеулер, (потенциалдау).

03

Жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарылатын теңдеулер.

04

Логарифмнің қасиеттерін қолданып шығарылатын теңдеулер

05

Екі бөлігін де логарифмдеу арқылы шығарылатын теңдеулер







06

Аралас теңдеулер

03



Теңдеулер жүйесі

01

Квадрат теңдеулер жүйесі

01

Біреуі квадрат теңдеу болатын теңдеулер жүйесі

02

Екі квадрат теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

02

Сызықтық теңдеулер жүйесі

01

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі

02

Сызықтық теңдеулерге келтірілетін екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі

03

Бөлшек-рационал теңдеулер жүйесі

01

Бір теңдеуі бөлшек-рационал болатын теңдеулер жүйесі

02

Екі теңдеуі де бөлшек-рационал болатын теңдеулер жүйесі

04

Тригонометриялық теңдеулер жүйесі

01

Бір тригонометриялық теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

02

Екі теңдеуі де тригонометриялық теңдеу болатын теңдеулер жүйесі

03

Әртүрлі тәсілдермен шешілетін тригонометриялық теңдеулер

04

Аралас есептер

05

Көрсеткіштік теңдеулер жүйесі

01

Бір көрсеткіштік теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

02

Екі теңдеуі де көрсеткіштік болатын теңдеулер жүйесі

03

Аралас теңдеулер жүйесі (көрсеткіштік және логарифмдік)

06

Иррационал теңдеулер жүйесі (қиындығы бірінші деңгейлі есептер).

01

Бір иррационал теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

02

Екі иррационал теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

07

Логарифмдік теңдеулер жүйесі

01

Бір логарифмдік теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

02

Екі логарифмдік теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

03

Аралас теңдеулер жүйесі (көрсеткіштік және логарифмдік)

08

Екі айнымалысы бар екінші және жоғары дәрежелі теңдеулер жүйесі

01

Екі айнымалысы бар жоғары дәрежелі теңдеулер жүйесі

04


Теңдеу құруға берілген мәселе есептер. Тізбектер

01


Пропорционал бөлулерге берілген есептер. Процентке берілген есептер. Қоспалар мен балқымаларға берілген қарапайым есептер.

01

Тура пропорционал бөлулерге берілген есептер

02

Кері пропорционал бөлулерге берілген есептер

03

Процентті қолдануға берілген есептер

04

Қоспалар мен балқымаларға берілген концентрацияға байланысты есептер

02

Сандарға байланысты есептер. Қозғалысқа байланысты есептер. Жұмысқа байланысты есептер

01

Сандарға байланысты есептер

02

Қозғалысқа берілген есептер

03

Ағысқа байланысты қозғалыс есептері

04

Жұмысқа, бірігіп орындауға берілген есептер

05

Аралас есептер

03

Тізбектер

01

Сан тізбегі, оның берілу тәсілдері және қасиеттері. Рекуррентті тізбек

04

Арифметикалық прогрессия

01

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы

02

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеуге арналған формула

05

Геометриялық прогрессия

01

Геометриялық прогрессия. Геометриялық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы

02

Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеуге арналған формула

06

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессия

01

Шексіз кемімелі геометриялық прогрессияның қосындысы.

07

Тізбектерге берілген аралас есептер

01

Аралас есептер

05

Теңсіздіктер

01

Сызықтық теңсіздіктер

01

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

02

Сызықтық теңсіздіктерді сан осінде шешу

02

Квадрат теңсіздіктер . Жоғары дәрежелі теңсіздіктер.

01

Квадрат теңсіздіктер

02

Квадрат теңсіздіктерді квадраттық функция графигінің көмегімен шешу

03

Интервалдар әдісі

04

Жоғары дәрежелі күрделі емес теңсіздіктерді шешу

03

Айнымаласы модуль таңбасымен берілген теңсіздіктер (қиындығы бірінші деңгейлі тапсырмалар)

01

Бір модулі бар қарапайым теңсіздіктер

02

Бір модулі бар квадрат теңсіздіктер

03

Біреуден артық модулі бар теңсіздіктер

04

Бөлшек – рационал теңсіздіктер

01

Бүтін рационал теңсіздіктер

02

Бөлшек – рационал теңсіздіктер

05

Тригонометриялық теңсіздіктер (қиындығы бірінші деңгейлі тапсырмалар)

01

Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер

02

Формула көмегімен шығарылатын тригонометриялық теңсіздіктер

03

Дәреже төмендету арқылы немесе жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарылатын тригонометриялық теңсіздіктер

04

Аралас теңсіздіктер

06

Көрсеткіштік теңсіздіктер

01

Қарапайым көрсеткіштік теңсіздіктер

02

Бір негізге келтіріліп шығарылатын көрсеткіштік теңсіздіктер

03

Жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарылатын көрсеткіштік теңсіздіктер

04

Әртүрлі тәсілдермен шығарылатын көрсеткіштік теңсіздіктер

05

Аралас теңсіздіктер

07

Қарапайым иррационал теңсіздіктер.

01

Бір радикал таңбасы бар иррационал теңсіздіктер

02

Қарапайым иррационал теңсіздіктер

08

Логарифмдік теңсіздіктер

01

Қарапайым логарифмдік теңсіздіктер

02

Бір негізге келтіріліп шығарылатын логарифмдік теңсіздіктер

03

Жаңа айнымалы енгізу арқылы шығарылатын логарифмдік теңсіздіктер

04

Әртүрлі тәсілдермен шығарылатын логарифмдік теңсіздіктер

05

Аралас логарифмдік теңсіздіктер

06

Теңсіздіктер жүйесі

01

Сызықтық теңсіздіктер жүйесі

01

Қарапайым сызықтық теңсіздіктер жүйесі

02

Сызықтық теңсіздіктерге келтірілетін теңсіздіктер жүйесі

02

Квадрат теңсіздіктер жүйесі

01

Біреуі квадрат теңдеу болатын теңдеулер жүйесі

02

Екі квадрат теңдеуі бар теңдеулер жүйесі

03

Бөлшек-рационал теңсіздіктер жүйесі

01

Бір айнымалысы бар бөлшек-рационал теңсіздіктер жүйесі

02

Екі айнымалысы бар бөлшек-рационал теңсіздіктер жүйесі

03

Екі айнымалысы бар аралас теңсіздіктер жүйесі

04

Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі (қиындығы бірінші және екінші деңгейлі тапсырмалар)

01



Қарапайым тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі

05

Көрсеткіштік теңсіздіктер жүйесі

01

Біреуі көрсеткіштік теңсіздік болатын теңсіздіктер жүйесі

02

Екеуі де көрсеткіштік теңсіздік болатын теңсіздіктер жүйесі

03

Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктері бар теңсіздіктер жүйесі

06

Иррационал теңсіздіктер жүйесі (қиындығы бірінші деңгейлі тапсырмалар)

01

Біреуі иррационалдық теңсіздік болатын теңсіздіктер жүйесі

02

Екеуі де иррационалдық теңсіздік болатын теңсіздіктер жүйесі

07

Логарифмдік теңсіздіктер жүйесі

01

Біреуі логарифмдік теңсіздік болатын теңсіздіктер жүйесі

02

Екеуі де логарифмдік теңсіздік болатын теңсіздіктер жүйесі

03

Аралас теңсіздіктер жүйесі (көрсеткіштік және логарифмдік)

07

Функциялар, олардың қасиеттері және графигі. Туынды, алғашқы функция, интеграл және оларды қолдану

01


Функция ұғымы. Функцияның анықталу облысы, мәндер жиыны. Күрделі функциялар.

Функцияның қасиеттері:

- жұп және тақ функциялар,

- монотонды функциялар,

- функцияның ең үлкен және ең кіші мәні

- периодты функциялар,

- кері функциялар және оның қасиеттері,

- функция графиктерінің қасиеттері,




01

у=kx+в түріндегі функция

02

у=ах2 түріндегі функция

03

у=ах3 түріндегі функция

04

у= (k0) түріндегі функция

05

у= , у=k түріндегі функция

06

у= ах2+п (а0) түріндегі функция

07

у= а(х-m)2+п (а0) түріндегі функция

08

у= а(х-m)20) түріндегі функция

09

у=ах2+вх+с (а0) түріндегі функция

10

у=sinx түріндегі функция

11

у=cos x түріндегі функция

12

у=tgx түріндегі функция

13

у=ctgx түріндегі функция

02

Көрсеткіштік функция

01

Көрсеткіштік функцияның анықталу облысы

02

Көрсеткіштік функцияның мәндерінің облысы

03

Көрсеткіштік функция графиктерін түрлендіру

03

Логарифмдік функция

01

Логарифмдік функцияның анықталу облысы

02

Логарифмдік функцияның мәндерінің облысы

03

Логарифмдік функцияның графиктерін түрлендіру

04

Тригонометриялық функциялар

01

Тригонометриялық функциялардың анықталу облысы

02

Тригонометриялық функциялардың мәндерінің облысы

03

Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендіру







05

Туынды және оның қасиеттері. Күрделі функцияның туындысы.

01

Туындыларды табу формулалары және туынды табу ережелері

02

Дәрежелік функцияның туындысы

03

Күрделі функцияның туындысы

04

Тригонометриялық функцияның туындысы

05

Көрсеткіштік функцияның туындысы

06

Логарифмдік функцияның туындысы







06

Туындының қолданылуы

01

Сындық нүктелер

02

Функцияның экстремум нүктелері

03

Функцияның монотондық белгілері (өсу және кему)

04

Берілген аралықтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәні

05

Туындының физикалық мағынасы

06

Түзудің бұрыштық коэффициенті

07

Функцияның графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуі. Жанаманың абсцисса осімен жасайтын бұрышы

07

Алғашқы функция. Алғашқы функцияны табу (анықталмаған интегралдың)

01

Алғашқы функция

02

Анықталмаған интеграл

03

Алғашқы функцияның негізгі қасиеттері

04

Алғашқы функцияны табудың ережелері

08

Анықталған интегралды есептеу, Ньютон-Лейбниц формуласы. Анықталған интегралды қолдану.

01

Анықталған интеграл. Ньютон-Лейбниц формуласы

02

Қисық сызықты трапецияның аудандарын табу

03

Айналу денелерінің көлемдерін табу

04

Интегралдау. Геометриялық және физикалық есептерде анықталған интегралдың қолданылуы

10

Комбинаторика, статистика және ықтималдықтар теориясының элементтері

01

Комбинаторика, статистика және ықтималдықтар теориясының элементтері (ФГ және логика)


01


Комбинаторика, статистика және ықтималдықтар теориясының элементтері (ФГ және логика)




Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Жалпы білім беретін орта мектептерде алгебра пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес оқушылары меңгеруі тиіс:

Арифметикалық есептеулер.: Жай және рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. %-ке және пропорцияға байланысты есептерді шығара білуі, негізгі тригонометриялық формулаларды қолдана білуі, өрнектерді ықшамдай білуі, тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шеше білуі, негізгі тригонометриялық формулаларды қолдана білуі, өрнектерді ықшамдай білуі.

Теңдеулер және теңдеулер жүйесі: Сызықтық, көрсеткіштік, логарифмдік, иррационалдық, тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шеше білуі.

Мәтін есептер: Теңдеулер және теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтін есептерді шеше білуі.

Прогрессия: Арифметикалық және геометриялық прогрессияның формулаларын қолдана отырып, олардың n-ші мүшесін, алғашқы n-мүшесінің қосындысын таба білуі.

Теңсіздіктер және теңсіздік жүйесі: Интервалдар методын қолдана отырып, квадратты және дәрежеге байланысты теңсіздіктерді, модульге байланысты теңсіздіктерді, көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктерді және теңсіздіктер жүйесін шеше білуі.

Функциялар, туынды, интеграл: Функцияның туындысын және алғашқы функциясын, анықталу облысын, экстремумдерін таба білуі.

Комбинаторика, статистика және ықтималдықтар теориясының элементтері: Логикалық түрде ойлауды қалыптастырып, әркелкі жағдайларда оларды қолдана білу. Комбинаторика және Ньютон Бином, математикалық статистика және ықтималдықтар теориясының элементтерін пайдаланып есептер шығару.

Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестте 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

-тесттердің спецификацияға сай құрылуымен;

-өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.



Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет