Жоба Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы



бет1/4
Дата19.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#209746
  1   2   3   4


Жоба


Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.






       

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

КЕЛІСІЛГЕН

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі

2012 жылғы «______»_________________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы ___ ___________

№ ___ қаулысының

қосымшасы



Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының

нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2124 тіркелген).

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 29 мамырдағы № 162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2384 тіркелген).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының «Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы» нұсқаулықты бекіту жөнінде» 1996 жылғы 22 қазандағы № 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 116 және 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 55 біріккен қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2854 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2009 жылғы мамырда № 117-118 (24427-24428) жарияланған).

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы


28 мамырдағы № 164 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген).

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы


26 қарашадағы № 415 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 тіркелген).

6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы


30 наурыздағы № 76 қаулысының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің
2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4670 тіркелген).

7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 173 қаулысының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық кесімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4848 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы қыркүйекте № 135 (1338) жарияланған).

8. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы
18 желтоқсандағы № 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 29 қазандағы № 166 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5402 тіркелген).

9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы


18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5569 тіркелген).

10. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы


18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 26 мамырдағы № 101 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5705 тіркелген).

11. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 2 қарашадағы № 230 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5879 тіркелген).

12. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 9 қаулысының Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6099 тіркелген).

13. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысының Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тізбесінің 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы қыркүйекте


№ 253-254 (26314-26315) жарияланған).

14. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы


18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 60 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6286 тіркелген).

15. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы


3 қыркүйекте № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6539 тіркелген).

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы ___ __________

№ ____ қаулысымен

бекітілген



Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидалары
Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерді ұсыну тәртiбiн, нысанын және мерзiмдерiн айқындайды.

1. Осы Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) басшы - Ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы болып табылатын тұлға немесе Қағидаларда көзделген есептерге қол қоюға құқығы бар Ұйымның атқарушы органының мүшесі болып табылатын тұлға;

2) Ұйым – Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым.

2. Қағидалар барлық Ұйымдарға, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметі қаржы нарығындағы қызметтің басқа түрімен қоса атқаратын Ұйымға қолданылады.

3. Ұйымдар уәкілетті органға есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей - Қағидалардың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жасалған есептердің нысандарын қамтитын есептілігін электрондық нысанда ұсынады.

4. Ұйымдар уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден - Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес жасалған есептердің нысандарын қамтитын есептілігін электрондық нысанда ұсынады.

5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар уәкілетті органға Қағидалардың 3, 6, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес жасалған есептердің нысандарын қамтитын есептілігін ұсынбайды.

6. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар екінші деңгейдегі банктер Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес жасалған есепті уәкілетті органға ұсынбайды

7. Номиналды ұстаушы ретінде шоттарды жүргiзу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдар уәкiлеттi органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден - Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес жасалған есепті электрондық нысанда қосымша ұсынады.

8. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдар уәкiлеттi органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайын Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден - Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес жасалған есепті электрондық нысанда қосымша ұсынады.

9. Ұйым электрондық нысанда жасалған есептілікті ұсынылатын электрондық тасымалдауышта деректердiң конфиденциалдылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепiлдiк бере отырып жеткiзудiң тасымалдау жүйесін пайдалана отырып жібереді.

10. Қағаз тасымалдауыштағы есептілікке басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және орындаушысы қол қояды, мөрімен куәландырады және Ұйымда сақталады. Уәкілетті органның талабы бойынша Ұйым уәкілетті органға сұратуды алған күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей есептілікті қағаз тасымалдауышта ұсынады.

11. Электрондық тасымалдауышта ұсынылатын деректердің уәкілетті органның талабы бойынша қағаз тасымалдауышта ұсынылған деректерге сәйкестігін Ұйымның басшысы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) және бас бухгалтер (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам) қамтамасыз етеді.

12. Ұсынылатын есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Ұйым есептілікті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш береді.

13. Ұйым ұсынған есептіліктен толық емес және (немесе) шынайы емес ақпарат анықталған кезде, уәкілетті орган толық емес және (немесе) дәйексіз емес ақпаратты анықтаған күннен бастап бес күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде бұл туралы Ұйымға жазбаша хабарлайды. Уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.

14. Ұйымның есептерін қараған кезде уәкілетті орган Ұйымнан есептерде көрсетілген ақпаратты тексеру үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды жазбаша сұратады.

     


Қазақстан Республикасының бағалы

қағаздар нарығында брокерлік және

(немесе) дилерлік қызметті жүзеге

асыруға лицензиялары бар

ұйымдардың есептерді ұсыну

қағидаларына

1-қосымша

Нысан
_________бастап_________ дейiнгi кезеңде



(Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)

Қазақстан Республикасының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен жасалған (тіркелген)

мәмілелер (операциялар) туралы есеп




Мәмілені жасаған (операцияны жүргізген)1 күні

Қаржы құралының түрі

Қаржы құралының сәйкестендіру нөмірі 2

Эмитенттің атауы3

Қаржы құралдарының саны
4

Бір қаржы құралының бағасы 5

Мәміленің көлемі теңгеде 6

Сатып алушы 7

Сатушы 7































Жиынтығы




























Кестенің жалғасы

Мәмiлеге (операцияға) кiм
ретiнде қатысты

Орна-
лас-
тыру 11

Клиенттік тапсырысы тiркелген нөмiрi, күнi және уақыты 12

Ескерту

Андеррайтер 8

Брокер 9

Дилер 10

Номиналды ұстаушы11











































Басшы
(ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
_______________________________________________________________
                 (тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

Бас бухгалтер _________________________________________________


                      (тегi, аты, бар болса - әкесiнiң аты) (қолы)

Орындаушы _____________________________________________________


                    (лауазымы, тегi және аты) (қолы) (телефон нөмiрi)

Есепке қол қойылған (жасалған) күнi 20_____ «______» ________________

Мөр орны

Ескерту:



1 Мәмiленiң (егер мәміле брокердің қатысуынсыз жасалған жағдайда номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде операция жүргізу) жасалған күнi күнi/айы/жылы форматында көрсетiледi.

2 Қаржы құралына берiлген сәйкестендiру нөмiрi көрсетiледi.

3 Қаржы құралдарымен мәмiлелер жасалған эмитенттiң атауы көрсетiледi.

4 Сол арқылы мәмiле жасалған қаржы құралдардың саны (тіркелген операция) көрсетiледi. Ұйым екі тараптан (бiр мезгiлде сатушы және сатып алушы ретiнде) мәмiлеге қатысқан жағдайда, көрсетілген мәміле осы есепте бір мәміле (операция) түрінде көрiнедi.

5 Мәмiленiң бағасы үтiрден кейiн төрт белгiге дейiн (теңгемен) көрсетiледi.

Шетел валютасында мәміле жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мәмiленi жасаған күні белгілеген ресми бағамы бойынша теңгемен бағасы көрсетiледi. Мәміле бойынша есептесу мәміле жасалған күнде жүзеге асырылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есептесудi жүзеге асырған күнi белгiлеген ресми бағамы бойынша теңгемен мәмiленiң бағасын көрсету қажет.



6 Мәмiленiң көлемi үтiрден кейiн екi белгiге дейiн (теңгемен) көрсетiледi.

7 Солардың есебiнен және мүддесiмен мәмiле жасалған Ұйымның клиенттерiнiң кодтары, сондай-ақ номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде операцияны тіркеген жағдайда клиенттердің кодтары көрсетiледi. Ұйым өз есебiнен және өз мүддесiмен мәмiлелер жасаған жағдайда, осы бағандарда аталған Ұйымның коды көрсетiледi.

Бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың кодтары:





Клиент

Бес таңбалы код

1

Заңды тұлға (Қазақстан Республикасының резидентi)

JURRZ

2

Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резидентi)

FIZRZ

3

Заңды тұлға (резидент емес)

JURNN

4

Жеке тұлға (резидент емес)

FIZNN

5

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым/жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерi)

PFDPA

6

Жинақтаушы зейнетақы қоры (меншiктi активтер)

PFDOA

7

Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi

STBNK

8

Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымы

INSOR

9

Инвестициялық қор

INVFD

10

Бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым – меншiктi активтер (зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорын, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiн қоспағанда)

Сауда-саттықты ұйымдастырушы берген бес мәндiк код

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлары және бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар, зейнетақы активтер есебінен мәмілелерді жасаған кезде осы баанды толтырмайды.

8 Егер Ұйым осы эмитенттің бағалы қағаздары бойынша андеррайтері болған жағдайда «А» белгісі пайдаланылады.

9 Егер Ұйым брокер ретінде болған жағдайда «B» белгісі пайдаланылады.

Егер Ұйым дилер ретінде болған жағдайда «D» белгісі пайдаланылады.



11 Егер Ұйым номиналды ұстаушы ретінде болып табылған жағдайда «ND» белгісі пайдаланылады.

12 Мынадай символдар пайдаланылады:

«1» - бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру;

«2» - бағалы қағаздардың қайталама айналысқа жіберу.

13 Ұйым дилерлік қызметінің шеңберінде мәміле жасаған кезде, сондай-ақ зейнетақы активтерін (меншікті және зейнетақы активтері есебінен) инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін (меншікті және зейнетақы активтері есебінен) инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар инвестициялық қордың басқарушы компаниясы мәміле жасаған жағдайда инвестициялық комитеттің мәмле жасалғаны жөнiндегi қабылдаған инвестициялық шешiмiнiң нөмірі және күні көрсетіледі.

Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде операцияны тіркеген жағдайда бұйрықты тіркеген нөмірі, күні және уақыты көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған (тіркелген) қаржы құралдарымен мәмілелер (операциялар) туралы есепте көрсетілген қаржы құралдарымен мәмілелер (операциялар) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдармен жасалған мәмілелер туралы есепте көрсетілмейді.

Қазақстан Республикасының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған (тіркелген) қаржы құралдарын мәмілелер (операциялар) туралы есепте Ұйым брокер және (немесе) дилер ретінде болып табылған ұйымдастырылмаған нарығында Ұйым қаржы құралдарымен жасаған мәмілелер (операциялар), сондай-ақ Ұйым номиналды ұстаушы ретінде болған операциялар көрсетіледі. Ұйымның номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде операцияларды тіркеген кезде Қазақстан Республикасының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған (тіркелген) қаржы құралдарымен мәмілелер (операциялар) туралы есепте меншік құқығын бағалы қағаздарға ауыстыруына (бағалы қағаздарды өтеу және айырбастауды қоспағанда) әкеп соққан операциялар көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының бағалы

қағаздар нарығында брокерлік және

(немесе) дилерлік қызметті жүзеге

асыруға лицензиялары бар

ұйымдардың есептерді ұсыну

қағидаларына

2-қосымша

Нысан
_________бастап_________ дейiнгi кезеңде




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет