Жоба Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №192 Жемiс-жидек дақылдарының және



Дата01.07.2016
өлшемі130.18 Kb.
#171109



Жоба


Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2015 жылғы 28 шілдедегі №192

«Жемiс-жидек дақылдарының және

жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн

отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру)

шығындарының құнын субсидиялау»

мемлекеттiк көрсетілетін қызмет

регламентін бекіту туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 шілдедегі №192 «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4021 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.К.Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі Н.Ноғаев

2016 жылғы «___» _______№____

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысына қосымша


2015 жылғы «28» шілдедегі №192

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер
1. «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - басқарма), аудандар мен Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (бұдан әрі – бөлім) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №4-1/379 «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (2015 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №11278 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

4. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем құжаттарын ұсыну.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (тиісті жылдың 15 маусымына дейін) өтінімі болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) бөлімнің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес өтінімді (бұдан әрі – өтінімді) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минуттың ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады.

Нәтижесі – өтінімді бөлімнің басшысына бұрыштама қоюға жолдау;

2) бөлімнің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді.

Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді бөлімнің жауапты орындаушысына жолдау;

3) бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді қарайды және көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) енгізеді.

Нәтижесі – өтінімді қарау және көрсетілетін қызметті алушының өтінімін комиссияға енгізу;

4) комиссия бөлімнен өтінім енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жергілікті жерге барып, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызуды зерттеп-қарау, сондай-ақ жұмыс жобасына сәйкестігі актісін (бұдан әрі - актілер) жасайды.

Нәтижесі – актілерді жасау;

5) комиссия актілер жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде субсидияны беру туралы хаттамалық шешім қабылдайды.

Нәтижесі – субсидияны беру туралы хаттамалық шешім қабылдау;

6) комиссия субсидия беру туралы шешім қабылдаған жағдайда бөлім өтінімді 1 (бір) жұмыс күні ішінде актілердің көшірмелерімен және комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесімен бірге басқармаға жолдайды.

Нәтижесі - өтінімді актілердің көшірмесімен және комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін басқармаға жолдау;

7) басқарма жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызуға немесе оларды өсiруге арналған субсидияны алуға көрсетілетін қызметті алушыдан өтінім түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем төлеу құжаттарын ұсынады.

Нәтижесі - аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем төлеу құжаттарын ұсыну.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерінiң (қызметкерлерінiң) тiзбесi:

1) бөлімнің кеңсе маманы;

2) бөлім басшысы;

3) бөлімнің жауапты орындаушысы;

4) комиссия;

5) басқарма.


4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Әрбір рәсімдердің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсету арқылы Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті алушы өтінімді Мемлекеттік корпорация қызметкеріне береді, ол электрондық кезек ретімен «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады (2 минут ішінде);

2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері Мемлекеттік корпорация ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логинді және парольді (авторландыру процесі) енгізеді (2 минут ішінде);

3) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысаны шығады және Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхаттың болуы қажет, басқалай куәландырылған сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) мәліметтерін енгізеді (2 минут ішінде);

4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы, сондай-ақ бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - БНАЖ) - көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат мәліметтері туралы сұрау жолданады (2 минут ішінде);

5) 1-шарт - ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің және БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің бар болуы тексеріледі (1 минут ішінде);

6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің немесе БНАЖ-да сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтерді алу мүмкіндігінің болмауы туралы хабарлама қалыптастырылады (2 минут ішінде);

7) 5-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) ЭҮШ арқылы электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮАШ АЖО) жолданады (2 минут ішінде);

10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процесін сипаттау:

1) 6-процесс - электрондық құжатты ЭҮАШ АЖО-да тіркеу (2 минут ішінде);

2) 2 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қызмет көрсетуге негіз болып табылатын, өтінімнің Стандарттың
3-қосымшасына сәйкестігін тексеруі (өңдеуі) (2 минут ішінде);

3) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының өтінімінде кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру (2 минут ішінде);

4) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация қызметкері арқылы ЭҮАШ АЖО-да қалыптастырылған қызметтің нәтижесін алуы.

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы «Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің (бұдан әрі - регламент) 1-қосымшасында көрсетілген.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның жұмыскерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар Стандарттың 4-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық

көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру)

шығындарының құнын субсидиялау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің

функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы




блок-схема: сохраненные данные 8
ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ

блок-схема: сохраненные данные 13




прямая со стрелкой 18прямая со стрелкой 17прямая со стрелкой 28прямая со стрелкой 16



М

К
овал 62





6- процесс

прямая со стрелкой 43 прямая со стрелкой 46 прямая со стрелкой 48 стрелка углом 61 прямая со стрелкой 79 прямая со стрелкой 41 прямая со стрелкой 74 прямая со стрелкой 76
7-процесс

4-процесс



прямая со стрелкой 40 прямая со стрелкой 68 прямая со стрелкой 70 прямая со стрелкой 49 прямая со стрелкой 47 прямая со стрелкой 44
3- процесс

2- процесс


1-процесс


8-процесс


5- процесс



овал 59овал 90овал 93овал 92


прямая со стрелкой 63
прямоугольник с одним скругленным углом 89 letter ромб 58 ромб 57



Көрсетілетін қызметті алушы




«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттiк қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау»


скругленный прямоугольник 9скругленный прямоугольник 8скругленный прямоугольник 10скругленный прямоугольник 12скругленный прямоугольник 11скругленный прямоугольник 11

скругленный прямоугольник 21скругленный прямоугольник 17скругленный прямоугольник 18скругленный прямоугольник 22скругленный прямоугольник 22


өтінімді қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және бөлім басшысына бұрыштама қоюға жолдайды

өтінімді қарайды және бөлімнің жауапты орындаушысын белгілейді

өтінімді қарайды, комиссияға енгізеді

Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем төлеу құжаттарын ұсынады

Актілерді

жасайды





autoshape 68autoshape 69

выноска 2 (с границей) 54autoshape 69выноска 2 (с границей) 54

autoshape 102
Актілердің көшірмелері мен хаттамалық шешімнің көшірмесін басқармаға жолдайды

Субсидияны беру туралы шешім қабылдайды




autoshape 68autoshape 68

autoshape 104autoshape 120autoshape 103
Шартты белгілер:

autoshape 101

- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;


-

көрсетілетін қызметті алушының және көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық-функционалдық бірліктерінің рәсімдерінің (іс-қимылдарының) атауы;



кautoshape 81елесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

прямая со стрелкой 4прямая со стрелкой 4




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет