Жоба «бекітемін» Қр білім және ғылым министрі Б. Жұмагұлов



Дата05.07.2016
өлшемі95.11 Kb.
#179205
ЖОБА
«БЕКІТЕМІН»

ҚР Білім және ғылым министрі

________________Б. Жұмагұлов

2012 жылғы «___»____________
1 – маусым Халықаралық балаларды қорғау күнін
мерекелеу шеңберінде
«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары





Іс-шара атауы

Мерзімі

Жауаптылар





«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!»

Бүкілқазақстандық акциясы тұжырымдамасының жобасын дайындау



30 наурыз

БҚҚК

I.Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету

1.

Мына:

- «Мөлдір бұлақтан» отбасы шығармашылығының өңірлік фестивалі;

- республиканың балаға мейірімді қалаларының III республикалық форумы;

- балалар әлеуметтік бастамасының қоғамдық тындаулары;

- даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» балалар

шығармашылығы фестивалі;

- «Қазақстан жазушылары - балаларға» мерекелік іс-шарасы;

- «Қазақстан балалары спортты тандайды!» спорттық мерекесі;

- балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан» балалар

музыкалық байқауы;



- «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны іс-шараларын өткізу жөніндегі ұсынымдар мен ақпараттық хаттарды дайындау және жолдау

сәуір

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, ішкі істер департаметтері, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

2.

«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!»

Бүкілқазақстандық акциясын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысын ұйымдастыру және өткізу



2 сәуір

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, Астаны қаласының әкімдігі

II.Дайындық кезеңі


«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акциясын ақпараттық қамтамасыз ету

1.

Мына:

- «Мөлдір бұлақтан» отбасы шығармашылығының республикалық фестивалі;

- республиканың балаға мейірімді қалаларының III республикалық форумы;

- балалар әлеуметтік бастамасының қоғамдық тындаулары;

- балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан» балалар

музыкалық байқауы;



- «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны іс-шараларын жариялау бойынша баспасөз хабарламаларын және медиа–жоспарларды дайындау.

БАҚ-та балалар еңбегі мәселесіне қатысты мақалалар жарияланымдарын, сұхбатты ұйымдастыру, «Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акциясының басталуы және барысы туралы материалдарды ҚР БҒМ, БҚҚК, өңірлік департаменттердің, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің web-сайтында орналастыру



сәуір

мамыр


БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

2.

«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!»

Бүкілқазақстандық акциясын өткізу бойынша мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, ҰЕҰ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын дайындау және өткізу




29 мамыр


БҚҚК, БҚҚД, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

3.

Республикалық және облыстық телеарналарда отбасылық құңдылықтарды және бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті бейнероликтерді көрсетуді қамтамасыз ету

мамыр

маусым


БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

4.

Республикалық және облыстық телеарналарда балалар еңбегінің ең нашар түрлері туралы бейнефильмдердің көрсетілуін ұйымдастыру


1-12 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

6.

Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою мәселелері бойынша «Бала еңбегіне жол жоқ» плакаттарын, үнпарақтарын, брошюраларды халық арасында тарату

1 -12 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

III. Негізгі кезең


1.

«Мөлдір бұлақтан» отбасы шығармашылығы өңірлік фестивалінің жеңімпаз отбасыларын салтанатты марапаттау рәсімін облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ұйымдастыру және өткізу


15 мамыр

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

2.

«Бала және қала: қоғамдағы өмір», «Дети и город: жизнь в социуме» балаға мейірімді қалалардың III республикалық форумын (Алматы қ.) өткізуді және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету



мамыр

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, Алматы қаласының әкімдігі , БАҚ

3.

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалі аясында «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің іріктеу турын Астана қаласында ұйымдастыру және өткізу (Бейбітшілік және келісім сарайы)


27 мамыр


БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, Астана қаласының әкімдігі

4.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан» балалар

музыкалық байқауы шеңберінде Астана қаласында:

- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Таң Шолпан» балалар

музыкалық конкурсына қатысушылардың және Астана қаласы оқушыларының «Шексіз балалық шақ!» салтанатты шеруін;

- «Таң Шолпан» республикалық балалар музыкалық конкурсының салтанатты ашылу рәсімін ұйымдастыру және өткізу


1 маусым


БҚҚК, БҚҚД, білім басқармасы, Астана қаласының әкімдігі

5.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны шеңберінде республиканың барлық аймақтарында:

- жастар ұйымдарын, ата-аналарды тартумен «Жасөспірім және еңбек» «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік іс-шараларын;

- заң факультеті студенттері қатарынан еріктілерді тарта отырып, бала еңбегі мәселелері бойынша жасөспірімдер мен ересектерге арналған қоғамдық қабылдауларда құқықтық консультацияларды;

- КТБО-лардағы кәмелетке толмаған балаларға арналған «Бала еңбегінің әлеуметтік-психологиялық моделі» тренинг-практикумдерін;

- «Балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне жол жоқ!» тақырыбында кең ауқымды флеш-моб акцияларын ұйымдастыру және өткізу


1-12 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

6.

«Қазақстан жазушылары - балаларға» мерекелік іс-шарасы шеңберінде:

- республиканың барлық аймақтарында балалардың танымал қазақстандық жазушылармен кездесулерін;

- жетім балаларға, күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, КТБО тәрбиеленушілеріне арналған «Кітап сыйла» қайырымдылық акцияларын;

- білім беру ұйымдарында, балалар және жасөспірімдер кітапханаларында «Кітап әлеміне саяхат» тақырыптық көрмелерін ұйымдастыру және өткізу.




1 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

7.

«Қазақстан балалары спортты тандайды!» спорттық мерекесі шеңберінде «Үміт кубогі» Қазақстан Республикасының баскетболдан ІІ турына балалар үйлері мен мектеп-интернаттар командаларының қатысуын ұйымдастыру (Қостанай облысы, «Сосновый бор» шипажайы).

Республиканың барлық аймақтарында:

- спорттық марафондар, сайыстар, қызықты мәрелер;



- түрлі спорт шеберлерінің көрнекі орындауларын;

- «Қазақстан балалары спортты тандайды!» акциясының флеш-мобтарын ұйымдастыру және өткізу

16 – 23 мамыр

1 маусым


БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

III. Қорытынды кезең


1

«Менің қалам мен үшін!» балалардың үздік әлеуметтік жобаларын салтанатты марапаттау рәсімін облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында ұйымдастыру және өткізу

1 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

2.

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылық фестиваліне қатысушылардың гала-концертін Астана қаласында ұйымдастыру және өткізу (Бейбітшілік және келісім сарайы)

1 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармасы, Астана қаласының әкімдігі

3.

Балалар үйлерінің тәрбиеденушілері арасында «Таң Шолпан» республикалық балалар музыкалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін Астана қаласында ұйымдастыру және өткізу

3 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармасы, Астана қаласының әкімдігі

4.

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанының қорытындыы бойынша баспасөз конференцияларын республиканың барлық өңірлерінде ұйымдастыру және өткізу

12 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

4.

«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!»

Бүкілқазақстандық акциясы туралы ой-пікірлерді ҚР БҒМ,ҚР БҒМ БҚҚК, өңірлік БҚҚД, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің сайттарында, БАҚ-та орналастыру



1 - 15 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері

5.

«Біз Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!»

Бүкілқазақстандық акциясын өткізу туралы қорытынды ақпаратты дайындау



15 маусым

БҚҚК, БҚҚД, білім басқармалары, облыстар, қалалар, аудандар әкімдіктері


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет