«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес және Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облыстық мәслихаты және Байқоңыр қаласының әкімшілігі мақұлдаған Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының бас жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
№ р/р
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1
|
Жобаны әзірлеуші – мемлекеттік орган
|
Қызылорда облысының әкімдігі
|
2
|
Жобаны қабылдау қажеттілігінің негізі
|
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Заңының 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес
|
3
|
Жоба қабылданған жағдайда болжанып отырған әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
|
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды
|
4
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанып отырған қаржылық шығындар
|
Жобалық мерзімге дейін (2035 жылға дейін) қаланың дамуына қажетті инвестицияның көлемі шамамен - 423474,6 млн. теңгені, оның ішінде бірінші кезектегі (2020 жылға дейін) құрылыстар - 101236,0 млн. теңге құрайды.
|
5
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Қаланың 20-25 жылдарға арналған стратегиялық даму бағыты айқындалады, оның келешектегі тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі. Халықтың қолайлы өмір сүру жағдайы қаладағы көше-жол торабы мен инженерлік инфрақұрылымдарды (ауыз су, электр энергия, газ, жылу, кәріз жүйелері, байланыс желісі), сондай-ақ тұрғын үй- коммуналдық, шаруашылық, мәдени-тұрмыстық, өндірістік объектілерді кешенді түрде дамыту арқылы жақсартылады
|
6
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
|
«Лининск қаласының және әкімшілік бағыныстағы Төретам жұмыс ауылының шекарасын белгілеу туралы» Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1987 жылғы 26 тамыздағы №2442-XI Жарлығы
|
7
|
Заңнаманы кейін жобамен сәйкес келтіру қажеттілігі
|
Қажеттілік жоқ
|
8
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері
|
Қажеттілік жоқ
|
9
|
Өзге де мәліметтер
|
«Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының бас жоспары» жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің жанындағы эксперттік комиссиясымен 2015 жылғы 21 желтоқсанында берілген кешенді қала құрылысы сараптамасы
|
10
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беру рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органның интернет-порталында орналастырылды е-kyzylorda.gov.kz
|
12
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
Жоқ
|
13
|
Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (болған жағдайда)
|
Жоқ
|