Жоба жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы



Дата04.07.2016
өлшемі59.47 Kb.
#178514
ЖОБА

Жиналыстар, митингiлер,

шерулер, пикеттер және

демонстрациялар өткізудің қосымша

тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Тарбағатай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сессия төрағасы Т. Байдіндаев

Тарбағатай ауданы

мәслихатының хатшысы М. Мағжаев



 

 

 



Тарбағатай аудандық мәслихатының

2016 жылғы «___»________

№____ шешімімен бекітілген

 



Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы жергілікті атқарушы органға (облыстық маңызы бар қаланың) өтініш беріледі.

  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органға өтiнiш берiледi.  Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.

  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледi.

  4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.

  5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу өтініш беру кезінде осы Қосымша тәртіптің 3 тармағында көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жіберілген кемшіліктерді жойып, жаңа өтініш беру туралы ұсыныс берілген жауап қайтарады. Жаңадан түскен өтініштің қаралу мерзімі оның түскен уақытынан бастап есептелінеді.

  6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.

  7. Митингілер мен жиналыстарды өткізетін орындар болып келесі орындар белгіленсін: Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы «Орталық алаң», Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы «Орталық стадион».

  8. Шерулер мен демонстрациялар өткізілетін орыдар болып келесі маршруттар бекітілсін: Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы Байыс баба көшесінен Абылайхан көшесіне дейін.

  9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

  10. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

  11. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

    1. көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

    2. елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

    3. ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

    4. жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

    5. өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

    6. шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

    7. алколголдық немесе наркологиялық маскүнемдік жағдайда қатысуға тиым салынады.

  12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдық ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға; транспоранттар, ұрандар, басқада материалдар (визуалды, аудио/видео); сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыстық іс – әрекет жасауға, басқа бір азаматты жәбірлеуге шақырып көпшілік алдында сөйлеуге жол берілмейді.

  13. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген мерзімде және шартталған жерде өткізілуі тиіс.

  14. Пикет өткізу кезінде:

    1. пикет өткізу объектісінің жанында тұруға, отыруға;

    2. көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

    3. қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға рұқсат етіледі.

  1. Пикетті тұрпатын өзгерту/өзге түрде жалғастыру үшін митинг/жиналыс/шеру және т. б жергілікті атқарушы органның (облыстық маңызы бар қаланың) белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.

  2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы орган тарапынан жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізуге бас тартылған және оны өткізуге тиым салынған жағдайда ұйымдастырушылар/өкілеттілер тез арада барлық дайындық жұмыстарын тоқтату және оған қатысуы мүмкін азаматтарды ескерту бойынша шаралар қабылдауы қажет.

  3. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бұларды өткiзуге тыйым салады.

  4. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.

  5. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде көзделген тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс. 

  6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

  7. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

  8. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс. 

  9. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет