Жоба орал қаласы әкімдігінің Қаулысы № 2015 ж. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін



Дата22.02.2016
өлшемі43 Kb.
#801
ЖОБА
ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

ҚАУЛЫСЫ
_______ «___» _________2015 ж.

Мемлекеттік тұрғын үй

қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшерін есептеуді бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi төрағасының Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін

төлемақы мөлшерін есептеу №1, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М.Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары


Ғ.Орынғалиевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қала әкімі А.Көлгінов



Қала әкімдігінің 2015 жылғы

«____»___________________

____ қаулысына

2 қосымша

қала әкімдігінің 2015 жылғы

«____»______________№_____

қаулысымен бекітілсін.

«Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, № 8 үйді пайдаланғаны үшін төлемақы құнының есебі

Есеп Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын төлемақы мөлшері 1 айға 1 шаршы метріне А=Ц/Т/12+Р формуласы бойынша есептеледі.

А=80000/100/12+110 айына 1 шаршы метр үшін 176,6 теңге

А-кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін 176,6 теңге);

Ц-тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны 80000 (теңге);

Т-ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (жыл) 100 жыл.

Р-тұрғын үйді ұстауға қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) айына 1 шаршы метр үшін 110 теңге.

Қала әкімдігінің 2015 жылғы

«____»___________________

____ қаулысына

1 қосымша

қала әкімдігінің 2015 жылғы

«____»______________№_____

қаулысымен бекітілсін.

«Көктем» шағынауданы, Қамбар батыр көшесі, № 6 үйді пайдаланғаны үшін төлемақы құнының есебі

Есеп Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалануға төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін мемлекеттік жалға берілетін үйлерден алынатын төлемақы мөлшері 1 айға 1 шаршы метріне А=Ц/Т/12+Р формуласы бойынша есептеледі.

А=80000/100/12+89,46 айына 1 шаршы метр үшін 156,1 теңге

А-кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына 1 шаршы метр үшін 156,1 теңге);

Ц-тұрғын үйдің жалпы көлемінің 1 шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны 80000 (теңге);

Т-ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (жыл) 100 жыл.



Р-тұрғын үйді ұстауға қажетті көлемнің сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) айына 1 шаршы метр үшін 89,46 теңге.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет