«Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің



Дата29.02.2016
өлшемі20.91 Kb.
#34120


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 158 қаулысы

«Шығыс Қазақстан облысының

сәулет және қала құрылысы

басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспарын бекіту туралы»

2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 702 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабы 7-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-5) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 26/310-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 8 маусымдағы № 30/353-IV, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2546 шешіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


«Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 702 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7 бөлімде:

«Бюджеттік бағдарламалар» 7.1 кіші бөлімінде:

272001000 «Жергілікті деңгейдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызмет көрсетулер» бюджеттік бағдарламасында:

«Бюджеттік шығыстар көлемі» жолында «28744» сандары «29216» сандарымен ауыстырылсын;

«272004000 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасында:

«2011 жыл» бағанында «Бюджеттік шығыстар көлемі» жолында «1100» сандары «4802» сандарымен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстардың жиынтығы» 7.2 кіші бөлімінде:

«2011 жыл» бағанында:

«бюджеттік шығыстар БАРЛЫҒЫ:», «Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар:» жолдарында «29844» сандары «34018» сандарымен ауыстырылсын;

272001000 «Жергілікті деңгейдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызмет көрсетулер» бюджеттік бағдарламасында «28744» сандары «29216» сандарымен ауыстырылсын;

«272004000 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасында «1100» сандары «4802» сандарымен ауыстырылсын.

Облыс әкімі Б. Сапарбаев

Келісілді:


Шығыс Қазақстан облысы

қаржы басқармасының бастығы С. Оразалиев


Шығыс Қазақстан облысы

экономика және бюджеттік



жоспарлау басқармасының бастығы Е. Ясинская



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет