Жоба сайрам ауданы бойынша елді мекендердің шегін өзгерту туралы



Дата03.07.2016
өлшемі29.08 Kb.
#174531


ЖОБА


Сайрам ауданы бойынша

елді мекендердің шегін

өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысына сәйкес:

  1. Ақбұлақ ауылдық округі ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 580,6 гектар жер учаскесі қосылып, Ақбұлақ ауылының шегі өзгертілсін.

  2. Ақсукент ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 2783,5 гектар, оның ішінде: Ақсу ауылына 2672,9 гектар, Манкент ауылына 21,3 гектар, Чапаев ауылына 89,3 гектар жер учаскелері қосылып, Ақсу, Манкент және Чапаев ауылдарының шегі өзгертілсін.

  3. Арыс ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1041,2 гектар, оның ішінде: Қожақорған ауылына 786,1 гектар, Нұржанқорған ауылына 255,1 гектар жер учаскелері қосылып, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарының шегі өзгертілсін.

  4. Қарабұлақ ауылдық округі ауылының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 5097,4 гектар жер учаскесі қосылып, Қарабұлақ ауылының шегі өзгертілсін.

  5. Қарамұрт ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1708,1 гектар, оның ішінде: Қарамұрт ауылына 1112,5 гектар, Низамабад ауылына 595,6 гектар жер учаскелері қосылып, Қарамұрт және Низамабад ауылдарының шегі өзгертілсін.

  6. Қарасу ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1941,5 гектар, оның ішінде: Ақбай ауылына 425,2 гектар, Қарасу ауылына 969,6 гектар, Әйтеке би ауылына 155,9 гектар, Ақбастау ауылына 134,8 гектар, Бескепе ауылына 55,9 гектар, Жаңатұрмыс ауылына 63,4 гектар, Береке ауылына 7,0 гектар, Ынтымақ ауылына 129,7 гектар жер учаскелері қосылып, Ақбай, Қарасу, Әйтеке би, Ақбастау, Бескепе, Жаңатұрмыс, Береке және Ынтымақ ауылдарының шегі өзгертілсін.

  7. Қайнарбұлақ ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1593,1 гектар, оның ішінде: Асыларық ауылына 220,5 гектар, Қасымбек Датқа ауылына 584,7 гектар, Құрлық ауылына 160,0 гектар, Ошақты ауылына 72,6 гектар, Сарыарық ауылына 81,0 гектар, Таскешу ауылына 187,2 гектар, Тоған ауылына 29,2 гектар, Шіркін ауылына 257,9 гектар жер учаскелері қосылып, Асыларық, Қасымбек Датқа, Құрлық, Ошақты, Сарыарық, Таскешу, Тоған және Шіркін ауылдарының шегі өзгертілсін.

  8. Көлкент ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 2672,8 гектар, оның ішінде: Ақсуабад ауылына 545,1 гектар, Жаңатұрмыс ауылына 86,8 гектар, Көлкент ауылына 1176,3 гектар, М.Оразалиев ауылына 177,1 гектар, Ханқорған ауылына 80,3 гектар, Қосбұлақ ауылына 382,3 гектар, Теспе ауылына 107,6 гектар, Шапырашты ауылына 117,3 гектар жер учаскелері қосылып, Ақсуабад, Жаңатұрмыс, Көлкент, М.Оразалиев, Ханқорған, Қосбұлақ, Теспе және Шапырашты ауылдарының шегі өзгертілсін.

  9. Құтарыс ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 633,6 гектар, оның ішінде: Ақарыс ауылына 182,4 гектар, Құтарыс ауылына 284,1 гектар, Қызылжар ауылына 48,3 гектар, Оймауыт ауылына 118,8 гектар жер учаскелері қосылып, Ақарыс, Құтарыс, Қызылжар және Оймауыт ауылдарының шегі өзгертілсін.

  10. Манкент ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 3465,6 гектар, оның ішінде: Манкент ауылына 3076,1 гектар, Аққала ауылына 389,5 гектар жер учаскелері қосылып, Манкент және Аққала ауылдарының шегі өзгертілсін.

  11. Жібек Жолы ауылдық округі ауылдарының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 688,7 гектар, оның ішінде: Жібек Жолы ауылына 427,2 гектар, Машат ауылына 85,5 гектар, Сиқым ауылына176,0 гектар жер учаскелері қосылып, Жібек Жолы, Машат және Сиқым ауылдарының шегі өзгертілсін.

  1. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Сайрам ауданының

әкімі У.Қайназаров
Сессия төрағасы А.Бурбеков
Сайрам аудандық мәслихатының

хатшысы Ж.Сүлейменов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет