Жоба тақырыбы


БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ МЕКЕНДЕГЕН



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата31.05.2024
өлшемі371.57 Kb.
#502166
1   2   3   4   5   6
Проект Археология

 3.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДЫ МЕКЕНДЕГЕН 
САВРОМАТ-САРМАТ ТАЙПАЛАРЫНЫҢ 
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 
 
Батыс Қазақстанда өмір сүрген сармат тайпаларының 
ескерткіштері басқа тайпаларға қарағанда өте аз зерттелген. Алғаш 
сармат обаларына зерттеу жұмысын Орынбор архив 
комиссиясының ғылыми секретары А.Кастанье жүргізген. Ол 
Ақтөбе уезінің жерінде 1904, 1906, 1909 жж. Археологиялық 
барлау жұмыстар жүргізген. Шиелі, Жаман, Қарғалы өзендерінің 
бойында Б.Н. Гракова бірнеше обаға зерттеу жұмыстар жүргізсе, ал 
одан кейін тек жиырма жылдан кейін ғана В.С. Сорокин тың 
жерлерді игеруге байланысты Ақтөбе облысының жерінде 
археологиялық ескерткіштердің есебін алып оларды картаға 
түсірумен және қазба жұмыстарымен де айналысады. 60 ж. К.Ф. 
Смирнов пен В.Г.Петренкалар зерттеу жұмыстар жүргізген. К.Ф. 
Смирнов өзінің зерттеу жұмыстарын қорытындылай келіп, Батыс 
Қазақстандағы сарматтарды грек жазба деректемелеріндегі 
исседондар деп пікір айтады. 1970 жылдан бастап қазақтың 
көрнекті археолог ғалымдарының бірі М.К.Қадырбаевтың 
басшылығымен Күміссай, Бесоба, Сынтас обаларында зерттеу 
жұмыстары жүргізілді. Алынған материалдар, сармат 
тайпаларының өмірінен археология ғылымында жаңа жетістіктерге 
жетіп отыр. 
Батыс пен Солтүстік Батыс Қазақстанның жерін мекендеген 
ежелгі темір тайпаларының ескерткіштеріне жүргізген зерттеу 
жұмыстар, оларды негізінен екі кезеңге бөліп қарастырады:
1) б.з.б. ҮІІ – Ү ғғ. 2) ІҮ – ІІ ғғ. Бұл кезеңдердің біріншісі
археологиялық материалдар бойынша ежелгі савроматтар деген 
атымен белгілі болса, ал екіншісі жазба деректер бойынша соңғы 
кездегі сарматтар. Бұлар өздерінің осы атауларымен б.з. ІҮғ. дейін 
белгілі болған. 


Сақталған ескерткіштердің көпшілігі обалар. Көрсетілген 
дәуірлердегі обаларға тән қасиет олардың сыртқы көріністерінің 
бір – біріне ұқсас келуі. Елек өзенінің жоғарғы ағысындағы
Бесоба, Сынтас обаларын зерттегенде мәйіттер мүрдеге жерленбей, 
жер үстіне дайындалған алаңға жерленгені анықталған. Мәйіттер 
қойылған соң, олардың үстінен ағаштан шатыр, тұрғызылып, оның 
үсті жеңіл-желпі бұталармен жабылып, одан кейін топырақ, құм, 
таспен оба тұрғызылған. Жерлеудің мұндай әртүрлі болып келуі, 
сармат тайпаларында өздеріне тән жергілікті әдет-ғұрып, салт-
сананы көрсетеді.Сынтас обасына жерленген адамның жанынан
табылған қару-жарақ, құрал-саймандар, түрлі қымбат бұйымдар, 
оның тіршілігінде белгілі әскери қолбасшы болғандығын 
байқатады. Оған екінші дәлел оның екінші жағында қызмет 
көрсетуші екі малайы да бірге жерленген. 
Сармат обаларында өте бағалы заттар көптеп табылған. 
Сондықтан да жерленген адамдардың бай, кедей немесе ру-
ақсақалы, тайпа көсемдері екендіктері бірден байқалады. Ал 
адамдары дүние мүліктерімен бірге жерлеу олардың о дүниедегі 
өмірге сену, ата – баба рухына табыну сияқты діни-наным 
сенімдердің сармат тайпаларында орын алғандығын дәлелдейді. 
Бұл діни нанымдардың әдеттері сонау қола дәуірінен бері қарай 
жалғасып келе жатқандығын байқау қиын емес.Сондай әдеттің бірі 
қола дәуіріндегі адамды өртеп, күл-көмірін жерлеу салтының 
сарматтарда кездесуі. 
Обаларда табылған әшекей, сәндік бұйымдар сармат 
тайпаларының ішінде тамаша зергерлердің болғандығын көрсетсе, 
ал темірден жасалған үзеңгі, ауыздық және оның сулықтары т.б. 
металл бұйымдар он саусағынан өнер тамған тамаша темір 
ұсталарының болғандығына күмән туғызбайды. Ал б.з. алғашқы 
ғасырларындағы сармат обаларынан мыстан, шойыннан жасалған 
қазандар, құмандар, күміс қасықтар табылды.Заттардың ішінде 
алтыннан жасалған қымбат бағалы бұйымдар да кездеседі. Сармат
шеберлері металдың барлық түрлерін ұқсата білген темір дәуірінің 
соңғы кезінде сармат тайпаларының тұрмыста металл бұйымдарды 
жиі-жиі қолданғандықтары зергерлік пен ұсталықтың 
дамығандығын көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет