Жобаның сипаттамасы



бет1/3
Дата05.12.2023
өлшемі24.49 Kb.
#485532
  1   2   3
ТҰ жоба



«Тәуелсіздік ұрпақтары»
грантын беру қағидаларына
2-қосымша


Жобаның сипаттамасы


Жобаның атауы және бағыты

Қазақы нақыштағы киімдерді тігу

Жобаның жетекшісі (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Накипова Ақбота Ерболатовна

Жобаның қысқаша сипаттамасы

Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық маңызы, тәрбиелік мәні зор.
Сонымен қатар ол ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінің табиғатпен байланысын, салт-дәстүрін көрсетеді. Қолөнер халықтың тұрмыс тіршілігімен тікелей сабақтас болғандықтан, қашан да адамға жақын әрі түсінікті.
Қолөнер туындылары жастарды әдемілікке, сұлулықты көре білуге тәрбиелейді және эстетикалық талғамын ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал жасайды.
Ою-өрнек - адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған бейнелер. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақгы сол шыны қалпында берілмей, көшірілмей, бейнелер арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, даныпшандығы.

Нысаналы аудитория

Әйелдер, ерлер, балалар

Жобаның миссиясы

«Ұлттық тәрбие» деген термин кез – келген ұлтқа байланысты айтылатын ұғым. Өйткені, қандай ұлт болса да тәрбиесін өз тілінде ұлттық тәлім тәрбие тәжірибесіне байланысты жүгізеді.
Сәндік қолданбалы өнері халқымызда ұлттық тәрбиемен тікелей байланысты. Көркем өнердің қазақ халқынын ұлттық мәдениетінде алатын орны, манызы ерекше. Тәуелсіздік алған қазақ халқының мерейі өсіп, мәртебесі биіктеп келеді. Мемлекетімізді өрке-ниетті елге айналдыру үшін ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, көркейту қажет. Ұлттық мәдениеттің ауқымы кең. Ол — еңбастысы тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық өнерімізді дамыту. Ежелден келе жатқан қасиетті дәстүр, тәлім-тәрбие. ұлттык өнерге баулу — жас жеткіншектерді жан-жакты тәрбиелеудін негізгі құралы.

Бастаманың негіздемесі

Қазақ ою-өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қол өнері саласын алсақ та, ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

Жобаның мақсаттары

Қазақ ою-өрнегі –қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіресі. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып, осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.

Жобаның міндеттері

Тігін саласында құрақ және оюлы көрпе-көрпеше тігіп келемін. Жобаның міндеті енді киіп жүрген киімдеріміздің қазақы нақышпен байланысты болғанын және ұрпағымызыдң күнделікті көріп жүруі үшін шелкография принт технологиясын пайдала отырып кәсіпті кеңейту...



Жобаны іске асыру мерзімдері




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет