Жоғарғы педагогик Молдагалиев Мирас мф – 3 моөЖ апта Балдық жүйеге сипаттама



бет1/6
Дата05.12.2023
өлшемі41.16 Kb.
#485478
  1   2   3   4   5   6
9 апта МОӨЖ


Жоғарғы педагогик
Молдагалиев Мирас
МФ – 13
МОӨЖ 9 апта


Балдық жүйеге сипаттама.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесін енгізу «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР БҒМ 28.08.2020 ж. №373 бұйрығына сәйкес өзгерістермен) сәйкес жүргізіледі.
Балдық-рейтингтік әріптік жүйесі:
– оқытушыға оқу жетістіктерінің әр деңгейіндегі білім алушылар санатын объективті бағалауға және сенімді түрде саралауға мүмкіндік береді;
–жаңа шешімдер іздеуге және ғылыми-шығармашылық белсенділікті (креативті құзыреттілікті) дамыта отырып, оқу және оқудан тыс уақытта білім алушылардың жүйелі түрде өзіндік белсенді қажеттілігін ынталандырады;
–оқу мен жеке жетістіктерін өзіндік бағалау рефлексияға әсер етеді. Рефлексия мінез-құлықты және өзін-өзі дамытуды реттеудің негізгі факторына айналады және білім алушының болашақтағы жетістіктерін алдын-ала анықтайды.
Бұл нұсқаулықта келесі ұғымдар қолданылады:
1) білім жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі – халықаралық тәжірибеде қабылданған және білім алушылардың рейтингін орнатуға мүмкіндік беретін әріптік жүйеге сәйкес келетін балдық білім деңгейінің жүйесі;
2) қорытынды аттестаттау–білім алушының ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларында көзделген оқу пәндерінің / модульдерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) аралық аттестаттау–білім алушылардың бір оқу пәнінің / модулінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оқып біткеннен кейін игеру сапасын бағалау үшін жүргізілетін рәсім;
4) ағымдық бақылау– оқытушы оқу жоспарына сәйкес ағымдағы сабақтарда академиялық кезең ішінде өткізетін білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет