Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері пәні бойынша ДӘріс тезистері


)денелер өзара әсерлескендегі күштердің тең болуы ол денелердің тыныштықта не қозғалыста екендігіне байланысты емес



бет22/41
Дата17.03.2022
өлшемі1.59 Mb.
#456384
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Фоә

3)денелер өзара әсерлескендегі күштердің тең болуы ол денелердің тыныштықта не қозғалыста екендігіне байланысты емес.

Динамиканың негізгі ұғымдары мен заңдарын оқытудың жалғасымдылығы «Ньютонның қозғалыс заңдары» тақырыбын оқытуды, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру мақсатында, ол заңдардың қолданылу шекарасын түсіндірумен аяқтаған абзал.

Динамиканың негізгі заңдары мен негізгі ұғымдарын оқыту әдістемесі. Динамиканың бірінші заңы. Ньютонның бірінші заңының мазмұны сырт қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, оның оқушылардың өмірден аған тәжірибесіне қайшы келуі заңның физикалық идеясын жете түсінуді қиындатып жібереді. Әрбір оқушының қозғалыс және оның күшпен байланысы жөнінде күнделікті тұрмыстан түйген түсінігі бар. Оқушының өзінің жеке тәжірибелері мен бақылаулары негізінде жасаған қорытындылары динамиканың бірінші заңына сәйкес келе бермейді. Допты теппесе, автомобильдің двигателін қоспаса, арбаға атты жекпесе, поезды тепловоз сүйремесе және т.б. жағдайларда дене өздігінен қозғалмайды деп есептейді, олар қозғалысты күшпен байланыстырады. Сондықтан, бірінші заңды өткенде оқушыларды тек оқытып ғана қоймай, қайта оқытуға тура келеді.

Егер басқа денелер әсер жасамаса, болмаса олардың әсері өзара теңгерілген болса, дененің тыныштық күйін сақтайтындығына оқушылар әдетте күмән келтірмейді. Бірақ, мұндай жағдайда денелердің қозғалыс жылдамдығының тұрақты болатындығы, олардың бір қалыпты және түзу сызықты қозғалыс қалпын сақтап қалатындығын түсінуі едәуір қиындықтар туғызады.

Шариктің қозғалысына басқа дененің кедергісі қаншалықты аз болса, соншалықты оның қозғалысының ұзаққа созылатындығына оқушылардың назарын аударамыз. Осы тәжірибелердің негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: денеге басқа денелердің әсері қаншалықты аз болса, соншалықты оның жылдамдығы баяу өзгереді. Ары қарай тәжірибені ойша жылғастырып, денеге басқа денелер тіпті әсер етпеген жағдайда оның жылдамдық векторының өзгермейтіндігі жөніндегі қорытындыға келеміз.

Кейінгі кезде бұл мақсат үшін дененің құрғақ мұз бетінде немесе ауа жастығы үстінде қозғалуын көрсететін демонстарция қолданыла бастады. Сәл ғана түрткінің әсерінен ауа жастығының үстінде қозғалыстың бір қалыпты болатындығын анық байқауға болады және тәжірибе үлкен әсер қалдырады. Осы тәжірибелерден кейін Ньютонның біріші заңының тұжырымы айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет