Жоғары мектеп педагогикасы оқу пәні ретінде болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды.
Жоғары мектеп педагогикасы туралы анықтамалар
Азимов Э.Г.
Щукин А.Н.
«Әдістемелік терминдер мен ұғымдардың жаңа сөздігінде»: «Жоғары мектеп педагогикасы - жоғары кәсіптік білім берудің теориялық және практикалық мәселелерін зерттейтін педагогикалық ғылымның саласы» деп анықтама берілген.
Мандель Б.Р.
«Жоғары мектеп педагогикасы - жоғары оқу орнындағы білім беру процесінің негізгі құраушыларын (заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін, формаларын, технологияларын, мазмұнын), сондай-ақ болашақ бакалаврдың кәсіби дайындығын тиімді жүзеге асырудың ерекшеліктері мен шарттарын (оқытушы мен студенттің және т.б. жеке басына қойылатын талаптарды) зерттейтін жалпы педагогика саласы» - деп, анықтама берген.
Жоғары мектеп педагогикасының нысанына - жоғары оқу орындарындағы педагогикалық жүйелер, сондай-ақ жоғары оқу орындарын басқару жүйелер жатады
академиялық топтар
курстар
факультеттер
қоғамдық ұйымдар
мұғалімдер
студенттер
Министрліктер және бөлімдері
Жоғары мектеп педагогикасының нысаны
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі міндеттері:
- Студенттерді оқыту және тәрбиелеу мазмұнын таңдау принциптерін әзірлеу.
- ЖОО-дағы оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, жоспарлау жүйесін жетілдіру.
- Студенттерді оқытудың нысандары мен әдістерін жетілдіру:
- педагогикалық инновацияларды енгізу;
- оқытудың, ынтымақтастықтың, дамыта оқытудың, компьютерлендірудің және т. б. белсенді әдістерін енгізу.
4. Білім, білік және дағдыларды бағалаудың перспективалық өлшемдерін енгізу.
5. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің әдіснамалық мәселелерін әзірлеу.
6. Студенттерді зерттеу:
- педагогикалық үдерістің объектісі және субъектісі ретінде;
- маманның тұлғасын қалыптастыру жолдары, заңдылықтары;
7. Студенттердің оқу қызметін жандандыру, олардың дербестігін арттыру.
8. Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің мәні мен әдістерін әзірлеу.
9. Оқытушылардың педагогикалық қызметінің ерекшеліктерін зерттеу және т. б.
Достарыңызбен бөлісу: |