Жолаушылар ағыны сипатталады



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі58.05 Kb.
#468933
  1   2
7 дәріс Қоғам өміріндегі жолаушылар көлігінің дамуы, техниканың, экономиканың дамуы.


7 - ші тақырып. Қоғам өміріндегі жолаушылар көлігінің дамуы, техниканың, экономиканың дамуы. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру деңгейінің экономикалық және әлеуметтік мәні. Қалалық өмірдің қызмет етуіндегі жолаушылар автокөлігінің рөлі.
Автомобилдік-көліктік жұмыс екі негізгі көрсеткішпен сипатталады: тасымалдау көлемі мен жүк айналымы немесе жолаушылар айналымы. Тасымалдау көлемі белгілі бір уақыт аралығында тасымалданған немесе тасымалдануы қажет жүктің шамасы немесе жолаушылар санын көрсетеді, ал жүк айналымы (жолаушылар айналымы) – ол жүк немесе жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік жұмыстарының көлемі.
Автомобиль көлігінің жүк айналымы немесе жолаушылар айналымының артуы мен оны қолдану тиімділігі техникалық-тасымал, жылжымалы құрам жұмысының сапалық көрсеткіштер деңгейін жақсартуды талап етеді.
Жаңа маршруттар бойынша жылжымалы құрам қозғалысын қамтамасыз етуші тасымалдарды маршруттандыру, бос жүрісті төмендету, жүрісті пайдалану коэффициентін көтеруге мүмкіндік береді, яғни, автомобилдер өнімділігін арттыруға. Бұл сонымен қатар автомобилдер тасымалының өзіндік құнын, халық шаруашылығындағы көліктік шығындарды азайтуға маңызды әсерін тигізеді, сонымен бірге жүргізушілердің еңбек ақысы мен тасымалдар тиімділігін арттырады.
Жолаушылар ағыны деп автобусты маршрут аялдамалары аралығындағы жолдың әрбір кесіндісінде немесе жалпы желі бойынша уақыт бірлігінде бір бағыттағы барлық автобустық маршруттар мен тасымалданатын немесе тасымалдануы қажет жолаушылар санын атайды.
Жолаушылар ағыны сипатталады:
а) маршруттың жеке аймақтары немесе жалпы ұзындығы бойынша қызу қарқынды жүрісімен, ол жылжымалы құрамның толықтығы немесе автобустар қозғалысының уақыт бірлігінде тікелей және кері бағытындағы маршруттың әрбір аймағы бойынша тасымалданушы жолаушылар санымен анықталады;
б) тасымалдар көлемімен, яғни жалпы маршрут бойынша тасымалдалынған жолаушылар саны немесе уақыт бірлігінде тікелей және кері бағытындағы маршрут желісі.
Жолаушылар ағынын график, картограмма, эпюра немесе кестеде белгілеп көрсетеді.
Әдеттегідей, жолаушылар ағыны тәуліктің әр уақытында, сонымен бірге маршрут аймақтары мен автобустар қозғалысы бағыттары бойынша бірдей емес.

  1. Жолаушы тасымалдау көлемі

Желі бойынша жолаушылар ағынын үлестіру тұрғын массивтеріне, өнеркәсіптік кәсіпорындар, әкімшілік және мәдени орталықтарға қатысты қала жоспары бойынша маршруттардың орналасуына байланысты. Көптеген қала ішіндегі маршруттар, әсіресе диаметрлі маршруттар үшін бастапқы пункттен аяққы пункт бағытында жолаушылар ағынының көбеюі тән.
Егер жалпы қала бойынша жолаушы ағынының картограммасын құратын болсақ, яғни көлік схемасына барлық маршруттар бойынша жолаушылар ағынының қызулығын енгізетін болса, онда қаланың орталық бөлігіндегі желі аймақтарының перифериялыққа қарағанда көбірек жүктелгенін көруге болады.
Жолаушылар ағынының уақыт бойынша ауытқуы автомобилді тасымалдың әр түрі үшін ерекше болып келеді. Қала ішіндегі автобусты тасымалдарда жолаушылар ағыны тәулік сағаттары бойынша күрт ауытқиды, яғни, халықтың жұмысқа бару мен жұмыстан қайту уақыттарында елеулі түрде өсіп және таңертеңгі, күндізгі және кешкі “Пик аралық” сағаттарда төмендейді.
“Пик” уақытында (таңертеңгі және кешкі) тәулік бойынша тасымалданатын жолаушылардың жартысына жуығы тасымалданады.
Негізінен, кешкі “пик” аралығында жүріп өтетін жолаушылар саны жоғары және кешкі тасымалдар максимум уақыты таңертеңгіге қарағанда ұзағырақ.
3.Жолаушыайналымы мен жолаушыағыны
Жолаушылар ағынының өзгеру көрсеткіштері болып бірқалыпсыздық коэффициенті табылады:
а) уақыт бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициентін кез-келген (тәулік сағаты, апта күндері, жыл мезгілдері бойынша) цикл аралығында қабылданған уақыт бірлігінің тасымалдың ең көп мөлшерінің орташаға қатынасы арқылы анықтауға болады:
(1)
мұнда кc - тәулік сағаттары бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті;
Qmax - максималды сағаттық жолаушылар ағыны (бағыттар бойынша жиынтықты);
Qср - ортасағаттық жолаушылар ағыны (бағыттар бойынша жиынтықты);
б) маршрут аймақтары бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті маршруттың максималды жүктелген аймағындағы толуының барлық маршруттағы орташа толуының қатынасымен анықталады:
(2)
мұнда куч – бірқалыпсыздық коэффициенті;
в) бағыттар бойынша жолаушылар ағынының бірқалыпсыздық коэффициенті максималды және минималды жолаушылар ағыны бағытындағы тасымалдар көлемінің орта сағаттық мөлшеріне қатынасымен анықталады:
(3)
Бірқалыпсыздық коэффициентінің мөлшері жеке маршруттар бойынша жолаушылар тасымалының нақты жағдайларына байланысты едәуір ерекшеленуі мүмкін.
Тасымалдауды ұйымдастыруды жақсарту бойынша шараларды әзірлеу (атап айтқанда маршрут желісін талдау мен түзету, тиімді көліктік құралдар таңдау, тиімді маршрутты кесте құрастыру және т.б.) жолаушылар ағынының сипаты мен өлшемі жайлы деректермен негізделуі керек.
Жолаушылар ағынын жолаушылар тасымалы жайлы есептеу деректерін талдау жолымен, сонымен бірге арнайы нақты зерттеулер жүргізу арқылы зерделейді.
Жолаушы тасымалдаумен көптеген көлік түрлері айналысады, бірақ олардың жолаушы тасымалдау көлемін орындау көрсеткіштері әртүрлі. Алдыңғы орынды автомобиль көлігі алады.
Жолаушы тасымалдауды үйрену және талдау барысында негізгі екі түсінікті қолданады; жолаушыағыны және жолаушыайналымы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет