«Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі26.83 Kb.
#15661
«Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1645 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:


1. «Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2007 жылғы 28 маусымдағы №544 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №22, 250-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы №1645 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 544 қаулысымен бекітілген

Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары


Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде өтініш берушіге қойылатын біліктілік талаптары:
1) темір жол көлігімен:
аттестатталған мамандардың (мамандардың тізбесін, аттестаттауды жүргізу тәртібін және қажетті білім көлемін көлік саласындағы уәкілетті орган белгілейді);
жолаушылар тасымалдауға арналған, тасымалдау үдерісі қауіпсіздігінің техникалық талаптарына сәйкес келетін жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі жылжымалы құрамның;
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азамат­тық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шарттың;
жылжымалы құрамның паркін және басқа да өн­ді­ріс­тік активтерді сатып алуға, қалпына келтіруге және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдар­лама­лардың;
жолаушылар тасымалдау кезінде авариялық жағдай­лардың алдын алу, сондай-ақ авариялардың салдарын жою үшін қажетті құралдар мен ұтқыр бөлімшелердің (оның ішінде шарт бойынша) болуын қамтиды;
2) қалааралық, облысаралық, ауданаралық (қалаара­лық, облысішілік) және халықаралық қатынастарда автобустармен, микроавтобустармен:
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Авто­көлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылған талаптар» тех­никалық регламенті мен «Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар» 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке мен­шік құқығына жататын, жалға беру шарты негізінде немесе өзге де заңды негіздерде автобустар мен микроавтобустардың;
автобустар мен микроавтобустарда тахографтардың және оларды Салыстырып тексеру туралы тиісті сертификаттың;
автобустар мен микроавтобустар иелерінің азамат­тық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шар­тының және тасымалдаушының жолаушылар ал­дын­дағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтан­дыру шарттарының, сондай-ақ тасымалдауға ұсы­нылатын барлық жылжымалы құрамға мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы қолданыстағы куәліктердің;
автобустар мен микроавтобустардың жүргізушіле­рін­де тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің;
жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының не ұйыммен (-дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың;
автобустар мен микроавтобустарға рейс алдындағы техникалық байқау және жүргізушілерге рейс ал­дын­дағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландыру жүргізу үшін білікті персоналдың (инженер-механик­тің) (медициналық қызметкердің) немесе осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың;
тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілей отырып, бұйрық көшірмелерінің болуын қамтиды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет