Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар



Дата25.02.2016
өлшемі86.33 Kb.
#21691


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

« » жылғы

қаулысымен бекітілген



Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңы 24-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Талаптар Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдардың техникалық және функционалдық сипаттамаларын белгілейді.

3. Темір жол вокзалында жолаушыларды және өзге адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде келесі техникалық құралдар:

1) стационарлық металл іздегіштер;

2) ықшам (қол) және қозғалмалы металл іздегіштер;

3) рентгендік-телевизиялық қондырғы;

4) жарылғыш заттарды анықтауға арналған жабдық (жарылғыш заттар буларының детекторлары) қолданылады.

4. Темір жол вокзалдарында жолаушыларды және өзге адамдарды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын стационарлық техникалық құралдар келесі қауіпсіздік талаптарына жауап беруі:

электр тогымен зақымдануды болдырмайтын қорғағыш жерлендіру контуры болуы;

электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуі;

бұйымдарда қолданылатын материалдар адамның денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс.


2. Стационарлық металл іздегіштер
5. Стационарлық металл іздегіштер адамның денесінде және оның киімінде темір жол вокзалына әкелуге және темір жол көлігінде тасымалдауға тыйым салынатын металл заттарды табуға арналған.

Жалпы массасы 100 грамнан аспайтын металл заттарға жалған іске қосылуы мүмкін.

Стационарлық металл іздегіштер металл оқатар қаруды, оның бөлшектерін, барлық калибрлі оқ-дәрілерді, гранаттар және жарықшақтық/жарылыстық әсері бар қарулардың барлық түрлерін, пышақтарды, жуан таяқтарды, семсерлерді, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторлар мен сағатық механизмдерді, электр және электрондық бұйымдарды, электр қуаты көздерін, химиялық, атомдық, есірткілік және радиациялық заттарды айырып тануға мүмкіндік береді.

6. Стационарлық металл іздегіштер келесі талаптарға сай болуы:

1) автоматты жарық және дыбыс сигнализациясының болуы;

2) белгіленген параметрлердің рұқсатсыз өзгертілуін болдырмауы, бұйымның электрондық схемасы дабыл сигналы сөнген соң 3 секунд өткенде бастапқы қалпына келуі тиіс (дабыл сигналының аяқталуы құрылғының жұмысқа әзірлігін білдіруі тиіс), жұмыс режиміне шығу уақыты желіге қосылған соң 30 секундтан аспауы тиіс;

3) темір жол вокзалдарының электр мангитті жағдайында рентгендік-телевизиялық қондырғымен бірлесіп, бір бірінен 3-тен 8 метрге дейінгі қашықтықта, датчиктердің блоктары арасындағы қашықтық 1 метр болғанда, бір сызықтың бойына қойылған, 2-ден 4 данаға дейінгі мөлшерде осыған ұқсас құрылғылар тобының құрамында қалыпты жұмысты қамтамасыз етуі;

4) диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі;

5) техникалық сипаттамаларының істен шығу мүмкіндігі кем дегенде 6000 сағат болатын тәулік бойына режимінде жұмыс істеу талаптарына сәйкес болуы;

6) регламенттік жұмыстар уақыты – пайдалану уақытының 5%-ынан аз, пайдаланудың кепілдік мерзімі – пайдалануға берілген кезден бастап кем дегенде 1 жыл, қызмет етуінің орташа мерзімі - кем дегенде 6 жыл, сақтаудың кепілдік мерзімі – бұйым шығарылған кезден бастап кем дегенде 1 жыл болуы;

7) аркалар ойығының биіктігі кем дегенде 2,2 метр және ені 0,76 метр, көзге көрінетін және реттелетін дыбыс сигнализациясы, сондай-ақ өзгеретін жағдайларға қарай сезгіштік деңгейін өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс.

7. Стационарлық металл іздегіштер олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын қолдау үшін жеткілікті, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық суреттемесінен тұратын құжаттамамен жинақталады.


3. Ықшам (қол) және қозғалмалы металл іздегіштер
8. Ықшам (қол) және қозғалмалы металл іздегіштер құрылғыларды жылжыту жылдамдығы секундына 0,2-05 метр жылдамдықпен қозғалтқан кезде 0,12-0,15 метр қашықтықта металл заттарды (мөлшері 100х100х1 миллиметр болат тілікше) табуға арналған.

9. Ықшам (қол) және қозғалмалы металл іздегіштер келесі талаптарға сай болуы:

1) металл заттың бар екендігі туралы ескертетін дыбыс сигнализациясының болуы;

2) темір жол вокзалдарының электр мангитті жағдайында қалыпты жұмысты қамтамасыз етуі;

3) пайдаланудың кепілдік мерзімі – пайдалануға берілген кезден бастап кем дегенде 1 жыл, қызмет етуінің орташа мерзімі - кем дегенде 3 жыл, сақтаудың кепілдік мерзімі – бұйым шығарылған кезден бастап кем дегенде 1 жыл болуы;

4) диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі;

5) дербес қоректендіру көзінен жұмыс істеген кезде (кернеуі бойынша) разряды 60% болғанда табу сипаттамаларын сақтауы, дербес қоректендіру көзінен кем дегенде 10 сағат үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын қамтамасыз етуі тиіс.

4. Рентгендік-телевизиялық қондырғы
10. Рентгендік-телевизиялық қондырғы металл және бейметалл оқатар қаруды, оның бөлшектерін, барлық калибрлі оқ-дәрілерді, гранаттар мен жарықшақтық/жарылыстық әсері бар қарулардың барлық түрлерін, пышақтарды, жуан таяқтарды, семсерлерді, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторлар мен сағатық механизмдерді, электр және электрондық бұйымдарды, электр қуаты көздерін, химиялық, атомдық, есірткілік және радиациялық заттарды айырып тануға арналған.

11. Рентгендік-телевизиялық қондырғы конвейерінің орналасуы төмен болуы тиіс (еден деңгейінен биіктігі 300 мм).

12. Пайдалану режимінде рентгендік-телевизиялық қондырғының рентгендік сәулелену генераторы мен бейнелеу сапасының келесі сипаттамалары болуы тиіс:

өту қабілеті – болат бойынша 27 миллиметр;

шешу қабілеті - 0,1 миллиметр;

анодтық кернеулігі: номиналдық - 160 киловатт, жұмысшы - 140 киловатт;

түтікше тогы - 0,7 миллиампер;

қымталған май ваннасында түткішенің салқындатылуы мәжбүр желдетумен.

13. Рентгендік-телевизиялық қондырғының «Жоғары өту қабілеті» опциясын пайдаланған кезде максималдық режимде рентгендік сәулелену генераторы мен бейнелеу сапасының келесі сипаттамалары болуы тиіс:

өту қабілеті: 35 миллиметр;

шешу қабілеті: 0,1 миллиметр;

анодтық кернеулігі: номиналдық - 160 киловатт, жұмысшы - 140 киловатт; 

түтікше тогы - 0,7 миллиампер.

14. Рентгендік-телевизиялық қондырғы келесі талаптарға сай болуы:

1) туннель мөлшері кем дегенде биіктігі 1,3 метр және ені 1 метр, көзге көрінетін және реттелетін дыбыс сигнализациясы, сондай-ақ өзгеретін жағдайларға қарай сезгіштік деңгейін өзгерту мүмкіндігі, конвейердің жүк көтергіштігі – 300 кг болуы;

2) сәулелену жылыстауының үлгілік деңгейі сағатына 0,1 микрорентгеннен аспауы;

3) конвейердің жылдамдығы кем дегенде секундына 0,15 метр болуы;

4) пайдаланудың кепілдік мерзімі – пайдалануға берілген кезден бастап кем дегенде 1 жыл, қызмет етуінің орташа мерзімі - кем дегенде 6 жыл, сақтаудың кепілдік мерзімі – бұйым шығарылған кезден бастап кем дегенде 1 жыл болуы;

5) диагностика мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі;

6) рентгендік сәулеленудің қосылуының жарық сигнализациясының, қорғағыш экрандардың бүтіндігі бұзылған кезде рентгендік сәулеленудің ажыратылуын және пайдалану жүктемесі асып кеткен немесе ақаулық болған жағдайда электр тогы берілуінің тоқтатылуын қамтамасыз ететін бұғаттаулардың болуы;

7) рентгендік сәулеленудің кинофотоматериалдарды, электрондық жеткізгіштерді жұмыс аймағы арқылы он рет өткізген кезде олардың бүтіндігін бұзуға мүмкіндік бермейтін деңгейінің болуы;

8) рентгендік жабдықтардың сыртқы панельдерінен 5 сантиметр қашықтықта рентгендік сәулелену дозасының қуаттылық деңгейі секундына 0,03 рентгеннен артық емес, жұмыс істеп тұрған рентгендік жабдықтардың шуыл деңгейі 60 децибелден артық болмауы;

9) диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі;

10) келесі базалық мүмкіндіктерінің болуы тиіс:

объектілерді атомдық саны мен тығыздығына қарай алты түс бойынша суретте бөлу;

суретті 9 учаскесі бойынша ұлғайту;

атомдық санын өлшеу, сурет архиві (50 000 сурет);

түрлі-түсті және ақ-қара бейнелеме;

үздіксіз қарау;

суретті бірізді 2-32 есе ұлғайту;

конвейер таспасының қуатты жетегі;

сапалы сурет;

принтерді қосу мүмкіндігі;

негативті сурет.

15. Рентгендік жабдықтың конструкциясы рентгендік сәулеленудің әсерінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

5. Жарылғыш заттарды табуға арналған жабдықтар

(жарылғыш заттар буларының детекторлары)
16. Жарылғыш заттар буларының детекторлары жарылғыш заттарды анықтауға арналған.

17. Жарылғыш заттар буларының детекторлары келесі талаптарға сай болуы:

1) жарылғыш заттарды анықтау жөніндегі сезгіштігі кем дегенде текше метрге 1x10-14 грамм, бірақ бұл ретте жарылғыш заттардың буларын талдау уақыты - 60 секундтан артық емес, бұйымның жарылғыш заттар буларының болуына жауап беру уақыты - 5 секундтан артық емес, іріктеудің келесі циклына әзірлік уақыты - 30 секундтан артық емес, жұмыс режиміне шығу уақыты ажыратылған соң 35 минуттан аспауы тиіс;

2) желілік қоректендіру блогынан да, кернеулігі 9-12 вольт дербес көзден де жұмыс істеуі;

3) операторға тәуелсіз жұмыс істейтін дыбыс және жарық сигнализациясының болуы, бұл ретте дабылдың дыбыс сигналының деңгейі темір жол вокзалы шуылының, қоректендіру көздері разрядының (кернеу бойынша) 70%-ы кезінде іске қосылатын дербес қоректендіру көзінің разряды индикаторының фонында жақсы естілуі тиіс;

4) пайдаланудың кепілдік мерзімі – пайдалануға берілген кезден бастап кем дегенде 1 жыл, қызмет етуінің орташа мерзімі - кем дегенде 6 жыл, сақтаудың кепілдік мерзімі – бұйым шығарылған кезден бастап кем дегенде 1 жыл болуы;

5) диагностикалау мен жөндеуді пайдаланылатын жерінде жүргізуге мүмкіндік беруі;

6) пайдалану жүктемесі асып кеткен және ақаулық болған жағдайда электр тогын беруді тоқтататын сақтандыру жүйесінің, пайдалану барысында жұмысқа қабілеттілігін бақылау құралдарының болуы;

7) техникалық сипаттамаларының істен шығу мүмкіндігі кем дегенде 6000 сағат болатын тәулік бойына режимінде жұмыс істеу талаптарына сәйкес болуы;

8) регламенттік жұмыстар уақыты – пайдалану уақытының 5%-ынан кем, пайдаланудың кепілдік мерзімі – пайдалануға берілген кезден бастап кем дегенде 1 жыл, қызмет етуінің орташа мерзімі - кем дегенде 6 жыл, сақтаудың кепілдік мерзімі – бұйым шығарылған кезден бастап кем дегенде 1 жыл болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет