Зерттеудің әдістері:
1. Педагогикалық-психологиялық әдістер мен оқулықтарды талдау;
Педагогикалық- психологиялық белгілеу экспериментін жүргізу;
3. Бақылау, талдау, әңгіме, анкета.
4. Жиналған материалдарды өңдеу.
5. Тәрбиешілердің құжаттарымен танысу болып табылады.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Психология, этнопсихология, педагогикалық психология және сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой механизмдері жөніндегі ғылыми материалдар сұрыпталды. Жұмыстың ғылыми аппараты айқындалды.
Екінші кезең негізгі теориялық ойларды анықтау мақсатында арнайы анкеталық сауалнама ұйымдастырылып қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілді.
Үшінші кезең: педагогикалық тұрғыдан жиналған материалдарға жүйелі талдау жасалынып, сұрыпталды. Зерттеу жұмысымыздың нәтижелілігі тексерілді, ғылыми болжамдар дәлелденді. Тұжырымдар жасалынып, ұсыныстар берілді.
Зерттеу құрылымы: ғылыми зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқын және ойын мәселесі бойынша теориялық зерттеулері.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды. []
Әлем педагогикасында ойынның белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады. Ойын ең алдымен қарым-қатынас жасау, үйрету, өмірлік тәжірибені жинақтау жолындағы әлеуметтік мәдени феномен болып табылады.
Ойынның қиыншылығы оның түрлерінің көптігінен, қатысушылар санынан, ойын өткізу алгоритмінен туындап отыр. Ойын әрекеті сәби кездегі қарапайым сылдырмақтардан басталып, бірте-бірте күрделену арқасында фантастикалық шындық деңгейіндегі видео-компьютерлік ойындарға айналады. Ойынның табиғилығы сонша, ол оқу элементінің таптырмас бөлігі. Ойын үрдісі кезінде топтардың әлеуметтік рөлі және ойын тәртібі игеріледі. Ойын мақсаттарына жету жолында ұжымның бірлескен іс-әрекетінің дағдысы, балалардың жеке мінез-құлқы қалыптасады. []
Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, социологтар зерттеуде. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс. Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы артады.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекі ғалымдар Р. М. Жуковская[], Д. В. Менджерицкая[], Т. А. Маркова[], Н. Я. Михайленколардың[] айтуынша балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білу керек. Ал педагогтың міндеті-балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
А. С. Макаренконың[] айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас педагогикалық процесте ойынды дұрыс пайдаланбауға әкеп соғады, көп ретте мұғалімдер ойынның негізгі мәні балаларға қуаныш сыйлау екенін ұмытады. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек үйренуіне мүмкіндік береді.
Ресейлік ғалым Н. К. Крупская[] өзінің көптеген еңбектерінде ойынның бала өміріндегі маңызына үлкен мән берген. Қандай ойын болмасын, әйтеуір бір нәрсеге үйретеді, ең бастысы-баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен ынтымақта болуға үйренеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын ақыл-ой дамуына да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекеттерінің түрлі сипаттарынын шарты болып табылады. Ойын баланың психикасына сапалы өзгерістер туғызады.
Ресейлік педагогика мен психологияда ойын іс-әрекетінің негізін К. Д. Ушинский[], П. П. Блонский[], С. Л. Рубенштейн[], Д. Б. Эльконин[] салды. Қазақстандық ғалымдар Н. К. Ахметов[], Ж. С. Хайдаров[] еңбектері берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екенін атап көрсетті. Шетелдің К. Гросс, Ф. Шиллер[], Г. Спенсер[], К. Бюлер[], З. Фрейд[], Ж. Пиаже[] және тағы басқа ойшылдары мен зерттеушілері де ойын теориясы туралы әртүрлі пікірлер білдірді.
Шетелдік ғалым К. Гросстың[] теориясы кеңінен танымал. Ол ойын келешектегі іс-әрекетке дайындық ретінде қызмет етуінің маңыздылығын айқындаған. Ойында адам жаттығу арқылы өз қабілетін шыңдайды. Бұл теория бойынша ойын дамумен байланысты. Бұл теорияның кемшілігі-ойынды тудыратын себеп, түрткілерді ашпауы.
Ал Ф. Шиллердің ойын дамытып, Г. Спенсер қалыптастырған ойын теориясында ойын бастауы күштің артықтығынан көрінеді. Олардың пайымдауынша өмірде, еңбекте қолданылмаған күш ойында шығады. Шаршаған адамның демалу үшін ойнауы, күшті басқа арнаға бұрмай ойынға жіберу себебі анықталмаған. []
Ойынның жиналған күшті шығаруы формалды түрде, ойынның динамикалық аспектісі мазмұнынан бөлек бастау алады. Сол себепті бұл теория ойын жайын толық түсіндіріп бере алмайды С. Л. Рубинштейннің пікірі бойынша[],.
Ойын түрткілерін ашуға ұмтыла отырып, К. Бюлер[] нәтижесіне қарамастан әрекеттің өзінен қанағат алу, басқаша айтқанда, функционалды қанағаттану теориясын ұсынды. Бұл ойын түрткісінің негізі деп түсіндірді. Бұл теория ойынды ағзаның қанағаттануы ретінде ғана көреді.З. Фрейд теориясы өмірде жүзеге аспаған тілектерді ойын арқылы іске асыру деп біледі. Адлерлік түсінік бойынша ойында өмірде шамасы жетпеген кедергілерден қашқан адамдардың әлсіздігі көрінеді. Сөйтіп, ойын өмірдің әдемілігі мен сәнін мадақтайтын шығармашылық белсенділіктен өмірге керексіз қалдыққа айналады; даму факторы мен өнімінен жетіспеушілікке, өмірге дайындықтан қашуға айналады[].
Достарыңызбен бөлісу: |