Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16



бет1/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр


Жоспар:
І. Кіріспе ............................................................................................................. 2-7
ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16
ІІ. 1. Абай шығармашылығындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүрді білдіретін лексикалық бірліктер ................................................................................................................5-7
ІІ. 2. Абай шығармаларында мәдениетті білдіретін тілдік бірліктер .........................7-11
ІІ. 3. Абай шығармаларындағы менталды сөз қыры ..................................................12-16
ІІІ. Қорытынды .....................................................................................................17
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер ..............................................................................18

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.


Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».
(Ж.Ысмағұлов.)


І. Кіріспе.
Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі - қаламгердің қолданған тілінің даму барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, екіншісі-оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де тілдік ерекшеліктерін талдау. Абай тілін де осы екі тұрғыдан қарастыру керек, өйткені ол әдеби тілде дайын тұрған қалып-нормаларды дұрыс, көркем пайдалана білген қатардағы қаламгер емес, сол тілдің даму тарихындағы жаңа кезеңді бастаушы, сапалық жаңа түрінің іргетасын қалаушы суреткер. Қай тұрғыдан болса да Абай тілін өз алдына сөз ету оның туындыларын талдаумен қатар жүріп келді. Әрине, бір мезгілде, бірдей қарқында емес. Ең алдымен, ақын шығармашылығының идеясын, мазмұнын танып, білуге күш салынды, сол мазмұнның сыртқы көрінісі-тіліне үңілу содан кейін басталды. Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту-19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы жылдарында басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы тұстарға саяды. Әрине, бұл әңгіме ұлы ақынның тілін нақты түрде талдау емес, жалпы тұжырым айту, қазақтың поэтикалық дүниесінің тіліне жаңа лептің келгенін атау түрінде болды. 1901 ж. қазақ даласынан жиналып, Орыс географиялық қоғамына жіберілген өлең үлгілерінің ішінде Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдері: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп басталатын туындылары болды. Осы материалдарды редакциялап, баспаға дайындауды қолға алған орыс түркологі П. М. Мелиоранский, авторы кім екенін білмесе де, бұл өлеңдердің өзге шығармалардан бөлекше тұрғанын, олардың жазба әдебиет үлгілеріне жататынын айтты.
Абай поэзиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан түңғыш рет арнайы пікір айтқан - Ә. Бөкейханов. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 ж. 39-41-сандарында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жариялап, ақынның өмірбаянынан қысқаша мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С. Торайғыров «Айқап» журналының 1913 ж. 22-23-сандарында «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары қояды. Ақынның 1922-23 жылдардағы шығармаларының тіліне қатысты аз-кем пікірлер мен кейбір араб, парсы, орыс сөздерінің түсініктемесін Абайдың 1922 ж. Ташкентте шыққан өлеңдер жинағына редакция атынан берілген ескерту сөзден және татар ғалымы А. Сағдидың «Ақжол» газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған мақаласынан табамыз. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары жайында 20 жылдардың ішінде, тіпті 30 жылдардың 2- жартысына дейін баспасөз бетінде болып келген пікірталастар кезінде ақынның тілі туралы да айтылып өтті. Бұлардың ішінде, әсіресе, Ы. Мұстанбаевтың батыл да ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі бағаларымызбен ұштасып жатыр. 1930 жылдардың орта шенінен бастап Абай шығармаларының тілі жөніндегі пікірлер көбірек және айқынырақ айтыла бастады. Әсіресе, бұған 1934 ж. Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болды. М. Әуезов, Қ. Жұбанов, I. Жансүгіров, Е. Ысмайылов, 3. Шашкин ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. Әуезов ақынның өмір кешкен ортасы мен қалдырған мұрасына үңілген еңбектерінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі пікір айтып отырды. 1934 ж. «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласындағы ойын 1951 ж. жазған «Абай мұрасы жайында» деген еңбегінде де, содан кейінгі «Абай Құнанбаев» деген монографиясында да өрбітіп, анықтап айтады. Бұларда Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды: 1 - «Қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі»; 2 - «Қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы». Абай шығармаларының тілі жайында арнайы пікір айтқан ғалым - Қ. Жұмалиев. Өзінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарынан бастап, 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиеті тарихы туралы жазған ғылыми зерттеулерінде, әдебиет теориясына арналған еңбектерінде Жұмалиев Абайдың шығармашылығымен қатар, оның тілін талдап: 1) Абайға дейін де қазақтың поэтикалық тілі дамып келді... оның өзінше даралық байырғылық сипаты болды[1]. Абай осындай әдебиеттің о заманнан қалыптасып қалған поэтикалық тілін жоғары мәдениеттілік сатыға көтерді. 2) Абай заманында едәуір етек жайған тілдегі шағатай шылау, татар шылауға қарсы күрес ашты, қазақ тілін аса қадірлеп, таза сақтауға күш салды, оның сөздік қорының бір бұтағы орыс тілі болды. 3) Абай қазақтың мол сөз байлығын қолданумен қатар, өзі де жаңа сөз, жаңаша сөйлем құрылыстарын енгізді. 4) Өлең құрылысына қыруар жаңалықтар қосып, көркемдеудің жаңа тәсілдерін ұсынған деген тұжырым жасады. Ақын шығармаларының тілі жайында жеке монография жазбаса да, ол жөнінде белгілі жазушылар мен ғалымдар Ғ. Мүсірепов, М. С. Сильченко, Б. Кенжебаев, Е. Ысмайылов, Т. Нұртазин, Т. Әлімқұлов, X. Сүйіншәлиев пікір айтты. Қазақ тіл мамандарының ішінде Абай тілі жайында алғаш терең әрі дәлелді пікір айтып талдау жасаған Құдайберген Жұбанов болды. 1934 ж. жазған «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» деген еңбегінде екі үлкен принципті пікір білдіреді: «бірі - бүтін Орта Азия ескі күншығыс ислам мәдениетінің кірлі көрпесін қалың жамылып жатқан кезде», түркі тілдес көрші халықтардың ең ірі қалам қайраткерлері... шағатай тілінің шырмауынан шыға алмай, шығармашылығына өз ана тілдерін қару ете алмай отырған кезде, Абайдың жеке-дара үздік шығып, таза қазақ тілінде жоғары поэзия тудыруы. Екіншісі - ғасырлар бойы келе жатқан туған тілінің ең бір нәрлісін кәдеге жарата біліп, әлсізінен безуі». Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30 жылдардың ортасынан басталды да, 50-60 жылдар ішінде мәселеге С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов тәрізді тіл мамандарының қатысуына байланысты едәуір жандана түсті. 60 жылдардан бастап өзге тіл мамандары да: Ш. Ш. Сарыбаев, Е. Жанпейісов, Р. Сыздықова, Т. Қордабаев, Қ. Өмірәлиев Абай тілінің нақты фактілерін: сөз қолданысын, сөздің қазынасын, граммат. тұлға тәсілдерін талдады, Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» (1968) және «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971) атты монографиялары жарық көрді. Аталған монографиялардың алғашқысында Абайдың әдеби мұрасы қазақ тілі тарихының материалы ретінде зерттелді [11].
Абай тілін танып-зерттеуге тікелей қатысты қарекеттің бірі - текстологиялық ізденістер мен түзетулер. Ақын мұрасының текстологиясына үңілу кейінірек басталды. Ақын мұрасының әр кездердегі басылымдарында кеткен текстол. ағаттықтар мерзімді баспасөз беттерінде де, жеке жинақтар мен кітаптарда да көрсетілген, оларды арнайы зерттеуге назар аударылып отыр. Газет беттерінде жарияланған қыруар құнды мақалаларды былай қойғанда, журнал беттерінде жарық көрген З. Ахметов пен Ы. Дүйсембаевтың, Б. Жақыпбаевтың, М. Сәрсекеевтің, Қ. Өмірәлиевтің, М. Бөжеевтің мақалалары мен Қ. Мұқаметхановтың арнайы жазылған «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» (1959) атты кітабы Абай шығармаларының тілін танып-білуге үлкен септігін тигізген еңбектер. Абайтану саласының бір тармағы ретіндегі Абай тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар [13].
Біз аталмыш жұмысымызда Ұлы Абай шығармалары тіліндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүр, Абай өмір сүрген дәуірдегі мәдениеттің шығармаларынан көрініс табуын және ақын тіліндегі лексикалық ерекшеліктерін бағдарлап жазуға талпындық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет