Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16



бет6/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр

Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бұл-жақсы өлеңді даналықтың айғағы деп ұғу. Мұның ар жағында өлеңнің түрі мен мазмұнының бірлігін талап ету,оны «бөтен сөзбен былғамау» талаптары қойылады.
Көркем сөздің асылы-поэзия деп жоғары бағалай отырып,бір кез Абай қазақ ортасында оның қадірін кетіріп жүрген ақындарды сынауға ауысады.
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен,сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз,надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты,жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Бұл сын,негізінен,өлең сөзді әлеуметтік шындықты суреттеуге емес, күнкөріс қамына жұмсаушылар мен «көржерді өлең» қылушыларға арналады. Сол арқылы ақын қазақ арасында өлең сөздің «қадірсіз» көрінген себебін ашады. Сөйтіп,өз поэзиясында жаңа мақсат барын жариялайды.
Ескі бише отырмын бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді,тыңдаушы сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап[10],-
дейді ол. Бұл шумақтың соңғы жолдары ақынның өлең сөздің мазмұнын өзгертумен байланысты, тыңдаушыларды да тәрбиелеу қажеттігіне назар аударғанын байқатады.Оларды халық тағыдырын жырлайтын жаңа үлгідегі поэзияны түсіне білуге, бағалауға шақырады.
Қоғам мен адам өміріндегі поэзияның орны және қызметі жайындағы ойын Абай «Біреудің кісісі өлсе,қаралы ол» (1888) атты өлеңінде тереңдете түседі.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай,елең-селең[10].
Бұл ойын ақын бала туғандағы шілдехана,қыз ұзатқандағы тойбастар өлеңдері, адам өлгенде айтылатын жоқтаулармен дәлелдей келіп,өмірде өнермен байланыссыз еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Абайдың бұл пікірі «алғашқы қоғамнан бері қарай өнер адам баласының күнкөріс қарекетімен қатар жүргізілген рухани құралы болды» деген ғылыми көзқарасқа дәл келеді.
Осы негізде ақын өз әріптестеріне жаңа талап қойып,олардың ел мұңына жақын болуын қалайды. Халық алдында өзінің де күлкі болмауын, сөздің де қадірін кетірмеуін тілейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет