ІІ Тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Түркістан легионы
2.1 Батыс зерттеушілерінің көзқарастары.
Түркістан легионы – ХХ ғасырда дүниені білуге таласқан екі идиологияның шиеленісуінен туды деуге болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде еуропа елдеріне тұтқындар ретінде отандастарымызды апарып төкті. Сондықтан легион тарихы Евроупа елдеріне барған түркі тілдес азаматтардың хикаясы болып табылады. Гулжауһар Көкебаеваның легионерлер жөнінде халықаралық құжаттар негізінде мынадай түсіндірме жүргізілді. Онда, қанша ерсі көрінсе де соғыс жүргізудің белгілі бір тәртіптері әсіресе тұттықндарға келгенде соғысып жатқан екі жақ қол қойылған құжаттарға сүйену қажет. І Дүние жүзілік соғыс кезінде осындай құқықтардың бірі БААГА келісімі болған. Оған Европа елдері тегіс қол қойған. Кейін 1129 жылы бұл келісім қайта қаралып, толықтырылып “Женева Конвенциясы ” деп аталды. Оны 47 ел танып қол қояды. Кеңес үкіметі құжаттардың бірін де мойындамайды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Фашистік тұтқынға түскен әр түрлі елдер өкілдерінің ішінде сан жағынан ең көбі. - кеңестік тұтқындар. Олардың жалпы саны 5,7 млн соның 3,8 млн алғашқы айда қолға түскен. Әрине бұл жағдайды тұтқиылдан басталуы іспетті сылтаулармен түсіндіруге болар еді. Алайда соңғы жылдарда белгілі болған мәліметтерге қарап, себептер әлде қайда тереіңде жатқанын байқауға болады.
Женева келісміне қайта оралар болсақ КСРО ны батыс елдерінің өкілдерімен салыстырғанда погославтар мен поляктардың жағдайы әлдеқайда нашарлау еді. Алайда олар халықаралықө құқықтар жүйесін пайдаланып, қызыл крестен көмек алып отырады, сондықтан жаппай қыруға ұшыраған жоқ. 1914 жылы 17 шілдеде Кеңес одағы Швед үкіметі аруқылы Гитлерге екі жақтың тұтқындарына қатысты мәселеде БААГА келісіміне сүйену туралы ұсыныс жасайды. Бұл ұсынысты алғашқы жеңістерге мастанған фашистік үкімет қабылдамайды. Ал кейін кеңес тұтқынындағы немістердің саны көбейген кезде Германия екі жақтың Женева келісімінің қолдану туралы ұсыныс жасайды, бұл ұсынысты Сталин қабылдамайды.
Кеңес үкіметі тұтқындағы өз азаматтарын қорғау орнына “сатқындар” деп айыпталды. 1941 жылы 16 тамызда КСРО халық қорғаныс комисарының кеңесі әскеріне тұтқынға түспеуді бұйырған, ал тұтқындарға түскендердің туған туысқандары құралатындығы айтылған жарлығы шығады.
Көп ұзамай ақ сол жылдың 8 қыркүйегінде фашистер кеңестік тұтқындарға өте қатал қарау аймақ туралы бұйрық береді. Бұл туралы қызыл крес өкілі ЖЮНО естеліктерінде қатар тұрған ағылшын және кеңес тұтқындарының арасындағы айырмашылықтың басты себебін КСРО Женева келісіміне қол қоймағанын тілге тиек етеді. Міне қысқаша айтқанда кеңес тұтқындарының жағдайы осындай болатын. Бұл жәйтті неміс зерттеушісі, профессор Патрик Фор Цур Мюлень олар туралы жазған кітабын “Свастика мен кеңес жұлдызы ортасында қалғандар” - деп атау арқылы дәл көрсеткен. Сарылып конслагерде қамалған жүздеген мың отандастарымыздың жан ұшырып тұйық тіршіліктен шығу жолдарын іздей бастады.
Өзінің жазғандарын тұжырымдай келе ол былай деді: “Тұтқындардың көбі легионға баруға ұмтылды. Неге дейсіз ғой? Ең алдымен кімде болса лагерлерден өз басын құтқару үшін амал іздеді, өйткені аш жалаңаш жазықсыз адамдар сан алуан қорлық көрді. Тіпті жаны ауырып қорлық көргендерді атып тастады”. Кейбіреулер легионнан қашып не өз армиясына, не Батыс Европа елдеріндегі партизан қосылатын жағдай табам ба? деп үміттенді. Түркістан елдерінің аузаттығы үшін күресті жалғастырмақ болғандардың саны аз емес еді.
Тұтқында болып аман қалған И.А. Дуғас пен Ф.Я. Черонның парижде жарық көрген естеліктерінен соғыстың алғашқы айларында фашистер кеңестік Азия өкілдеріне басқалардан гөрі қаталырақ қарағанын, соның салдарынан 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың қысында Польша жерінде лагерлерде болған 130 мың түркі тектес тұтқындардың 122 мыңға жуығы қаза тапқандығы туралы мәлімет кездестірдік. Неміс зерттеушісі Г.Нойленнің деректерінде Ченситохау лагерінде 1941 жылдың қараша айынцда 32 мың түркістандық болғанын саны 4 айдың ішінде 262 адам ғана тірі қалғанын көрсетеді. Х. Штрайттың зерттеулерінде мынадай тың мәлімет көрсетілген. Фашистік Германия кңес одағына қарсы соғысқа қызу дайындық жүргізіп жатқан кезінде, блашақта қолға түскен кеңестік әскерлерге қалай қарау керек екендігі туралы нұсқаулар берілген. 1941 жылдың мамырндағы нұсқауында кеңестік соғыс тұтқындарына өте сақтықпен қарау керек екендігін ескерте келіп “Әсіресе Қызықл Армияның азияттық өкілдері ерекше зұлым бізге түсініксіз және сезімсіз адамдар” деп бағалаған. Гитлер шығыс легионерлерінің 80 мың қарудан айырып, шахталарға ауыр жұмысқа салуға бйрық берген. Осыдан кейін көп ұзамай -ақ шығыс легиондарын Батыс майданға ауыстыру басталған. Франция жерііне бірінші кезекті түркістан және кавказ легиондары жіберілген. Бұл жағдай фашистік Германияның Батыс майдандағы қолбасшысына хабарланбай қалып, немістер легионерлерді келген бойда тұтқындап, қаруларын тартып алып Атлантия бекінісінің құрылысына салған. Сол кезде Түрік легионерлерінің бір қатары қашып, француз қарлы асу қозғалысына қатысып елге оралды. Әр алуан деректер бойынша 1942 жылдың көктемінде құрылған Түркістан легионы құрамында болғандардың саны 180 мыңнан 250 мыңға жетіп, бұл әскери құрылым шығыс легиондарының арасында ең үлкені болыпты. Деседе Мұстафа Шоқай мұндай әскери құрылымды қажет деп таппаған, тіпті қарсы болған. Өйткені оның пікірінше, фашис лагерінде зұлмат айуандықтан зардап шеккен жандарды қайтара қанды соғысқа айдап салу адамгершіліке жатпайды. Керісінше ол кісі саяси ілімі таяз адамдарды Германиядағы фабрика, заводтарға жіберіп, болашақ Түркістанға маман кадрларды дарлауды ұсынған. Бірақ 1941 жылы 27 мартта қайтыс болып бұл оы жүзеге аспай Француз тарихшысы профессор Клод Дельпла былай дейді. Менің деректерім боуйынша Түркістан легионы құрамында ең кемінде 6 батальон болған. Оның екеуі бізге көбірек танылып, себебі олар Францияда уруза қаласының түбінде орналасқан еді. Легионшыларға немістер көп сене бермейтін. Олардың неміс армиясында тек қарын тоқтығын іздеп, жанын сақтап қалу үшін жүрген адамдар екеніне немістердің көзі толық жеткен еді. Бұған дәлел ретінде протоколдардың бірін мысалға келтіруге болады.
Гестанның бір тыңшысы өзін антифашист полякпын деп түркістандықтарды сөзге тартқан Гастолге жазған құпия мәліметінде ол былай дейді. “Түркістан легионшысы өз өміріне риза, тамағы тоқ, қару алып майданға барғысы келмейтінің былай жалғастырды “Арьеж” төңірегіндегі түркістандықтардың француз, партизан бөлімдеріне қосылғаны жөнінде тари департаментінде біздің партизандарға өткен түркістандықтардың саны одан да көп” деп көрсетті.
Тұтқынға түскен түркістандықтардың көпшілігі орыс тілін білмеуі де жағдайларын қиындата түсті. Кеңестік тұтқындардың жағдайының соншалықты ауыр болуы оларды, әйтеуір тірі қалу үмітімен немістер құрған ұлттық құрамаларға кіруге итермелеуі мүмкін Осы ұлттық құрамалар Г. Нойленнің айтуынша 968 000 болған, соның ішінде Түркістандықтар 180 000 (түркістандық легионерлер саны шетелдік зерттеулерде әр түрлі мөлшерде көрсетіледі).
1941 жылы күзде кеңестік тұтқындар шоғырланған лагерлерді аралап тұтқындардың жағдайы мен көңіл күйін байқау үшін құрылған Гайбель басқарған комиссияға М.Шоқаймен бірге татар, өзбек тағы да басқа халықтардың эимграциялық өкілдері кіргізілді. Солардың бірі Ахмед – темір Еділ -Орал бойынан келген түрік тектес және мордва, удмурт тұтқындарымен кездесулері туралы баяндамасының неміс тіліндегі нұсқасында тұтқындардың көпшілігінің тоталитарлық жүйелену саясатына, отаршылдық бұғауға наразы екендігі көрсетіліп, олар халықтың тәуелсіздігі үшін кеңестік отаршылдарға қарсы қолына қару алып күресуге дайын екендігі айтылған. Демек, соғыс тұтқындарымен кездесу жалғыз Мұстафа Шоқайдың идеасы емес, кеңестік отаршылдардың бұғаудан құтылуды аңсаған барлық эмиграциядағы өкілдердің әрекеті еді.
И.А. Дугастың айтуынша ұлттық легиондар құру туралы алғашқы құпия бұйрық 1941 жылы желтоқсанда беріілген. Бұл бұйрықтың берілуіне себеп болған 1941 жылы күзде түрік генералы Эрклиттің Гитлермен кездесуі кезінде кеңестік түркі тілдес тұтқындардың жағдайын жақсарту үшін жасалған өтініші. Осы бұйрық бойынша тұтқындардан үш легион – грузин, армиян және кавказ мұсылмандарының легиондар құруға тиісті болды.
1942 жылы қазақтардан бастап кавказ халықтарының эмиграциядағы өкілдерінен құралған арнайы комиссия лагерлерді аралап, легион құру жұмысына кіріскен. Шығыс легиондарының әскери қуаты төмен соғысқа жарамдылығы нашар болған. Мысалы Курск шайқасындағы жеңілістен кейін Гитлер басты айыпкерлердің бірі ретінде Шығыс легиондарын атаған. Олардың кеңес әскерлері тұжырымдарын айтқанда, түркістан легионшыларын не сатқын, не қаһарман деп айтуға келмейді, себебі бұл соғыс оларудың соғысы емес болатын.
Профессор Клод Дельпла екінші дүние жүзілік соғыс, оның ішінде Түркістан легионы жөнінде бір -ақ мақалалар жазса, қазір кітап шығару үрдісінде екен. Бізге оның “Римон мен Кастелько Дюрбан түбіндегі шайқастар” зерттеуінде тек қана оқиғаларды сипаттап қоймай тұрғындардың куәліктерін де көрсеткен.
Түркістан ұлтшылдарының ел тәуелсіздігі жөніндегі армны жарты ғасырдан кейін ғана жүзеге асып отыр.
Түркістан легионы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі жеке бір оқиға емес, керісінше терең иірімді, ауқымды тарихи процесс. Аталмыш мәселе біздерді өзіміздің ұлтымыз, ұлтшылдығымыздың тағдыры мен еліміздің әлемдік қауымдастықта алатын орны жөнінде жоғары сана сеім тұрғысынан ойлауға тиіс.
2 .2 Отанына оралған Түркістан легионерлерінің тағдыры.
Фашистік Германияны КСРО жеңгеннен кейін Еуропа елдеріндегі кеңес үкіметі жоғарғы шенді әскерилерді Еуропа елдеріне жібереді, олар бұрынғы әскери тұтқындарды ешқандай жазалау болмайтынына кепілдік береді. Адамдар бұған сенгісі келді және Отанының оларды күтетініне сенді де. Кеңес эмиссарлары Еуропадағы партизан қозғалысы жағына өткен бұрынғы әскери тұтқындарға қолданатын арнайы қызметтер ұйымдастырады. Бұл қызметтер бұрынғы кеңес азаматтарын репатриациалаумен айналысады (213). КПСС Орталық Комитеті еуропа елдеріндегі туысқан коммунистік партиялардың орталық комитеттеріне сол елдердегі партизан қозғалысына қатынасқан бұрынғы кеңестік қызылармияшылардың толық тізімін беруді ұсынып, хат жолдады.
Енді ғана КСРО-да Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің 1941 жылғы 27 желтоқсандағы әскери тыл шеңберінде құрама-аударма пункттерін құру туралы қаулысы белсенді түрде тарала бастады. Бұл пункттерге барлық тұтқында болғандарды және жау қоршауында қалған бұрынғы қызыл армияшыларды олардың арасында шпиондар мен диверсанттар бар-жоқтығын анықтау мақсатында жіберу керек болды. Олар Ішкі істер Наркомы Л.П.Берияның 1942 жылғы 13 қаңтарда бекіткен «НКВД-ның арнайы лагерлерінде тұтқында және жау қоршауында қалған бұрынғы Қызыл Армия әскерлерін ұстау тәртібі туралы уақытша нұсқауымен» жау әскерінің тұтқын солдаттары ретінде жіктелді. Арнайы лагерлер жүйесі құрылды. Кеңестер Одағына оралушы әскери тұтқындар ағымы 1944 жылдан бастап бірден көбейді, осыған байланысты НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери бақылау-барлау /контрразведка/ қызметі органдарының алдында әрбір оралушыны тексеру міндеті тұрды. Бұл жерде әңгіме тек ондаған немесе жүздеген емес, миллиондаған азаматтар туралы еді. Ресей Федерациясы Комиссиясы баяндаған құжатта «әскери тұтқындарға деген қатаң, аяусыз қарым-қатынас жеңістен кейін де көптеген жылдар бойы сақталды» деп көрсетілген (214).
Соғыс біткенге дейін бір жыл бұрын, яғни, 1944 жылы жазда барлық елге оралушы әскери тұтқындар мен репатриацияланғандарды сүзгіден өткізу мен тексерудің жаңа жүйесін мемлекеттік қауіпсіздік органдары жасап, енгізді. Соғыстан кейін тексеру мен сүзгіден өткізу тәртібі бірден қатаңданды. Шекараларда бақылау-өткізу пункттерінің жүйесі құрылды, ал кеңестік территорияның шекаралық сызықтарында – тексеру-сүзгіден өткізу (ПФП) жүйесі құрылды. ПФП-да отырған адамдарды азықтандыру ГУЛАГа мөлшері бойынша арнайы қаулымен белгіленді. ПФП-ға азаматтарды жеткізу НКВД, НКГБ және «СМЕРШ» әскери конвойымен НКВД өкілінің жетекшілік етуімен жүзеге асырылды (215).
1944 жылғы қарашада шыққан ГКО-ның қаулысына сәйкес Қызыл армияның барлық әскерилері тұтқыннан босатылды, олар әскери округтердің запастағы бөлімдеріне жіберілді, онда НКО «СМЕРШ» бақылау-барлау органдары тексеру жүргізді. Тәртібі бойынша арнайы запастағы бөлімдердің НКВД-ның тексеру-сүзгіден өткізу лагерлерінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ.
1944 жылы болған кескілескен шайқастар Қызыл Армия жоғалтқан адамдардың орнын қайтадан толтыруды талап етті. Сондықтан тексеруден кейін әскери тұтқындардың бір бөлігі шайқасып жатқан армияға жіберілді.
Неміс армиясы қызметінде жүрген көптеген әскери тұтқындар мен «власовшылар» ұрыстар кезінде және Германия құлағаннан кейін ұсталды. «Власов» армиясының командалық кадрлері, кеңестік және одақтық армиямен бейбіт азаматтарға, партизандарға қарсы неміс әскерлерінің қанқұйлы операцияларына белсенді қатысушылар айқындалды. Бұл адамдардың істерін, ережеге сай, үштік, яғни, НКВД, НКГБ, және «СМЕРШ» өкілдері қарастырды (216).
Соғыс біткеннен кейін тірі қалған адамдар одан ары тексерілу үшін есепке алынды, олардың көпшілігі, тіпті барлығы дерлік лагерлерде болды.
Тексеру мен сүзгіден өтуге жіберілгендерді тікен сымдармен қоршалған зоналарда ұстады, туысқандарымен хабар алысу құқығынан айырды.
Жабылғандарға сияқты, тексерушілерге де белгілі бір ақшалай табыс келтіру жоспарланды, ал жалақының едәуір бөлігі мемлекет кірісіне жіберілді.
Тексерудің ұзақтығы бірнеше айдан бірнеше жылға жетті. Осы лагерлердегі тәртіп сипатының, тексеру мен сүзгіден өткізу реті мен әдістерінің үлгісі, РФ комиссиясының материалдарында көрсетілгендей, хаттар болуы мүмкін, оның авторы Шахта қаласындағы №48 лагерінен былай деп жазды: «Бұл жерде барлық жастағы және барлық ұлттың адамдары ұсталып отыр. Олардың барлығы Румыния, Германия, Франция тұтқынында болған». Осы туберкулездік орынға жабылған адамдар өз тағдырының шешімін ойлап, жылдап күтеді. Егер адам лагерде 6-ай отырған болса, жетінші айда тегеуге шақырылады. Тергеп болған соң, тағы жарты жылдан кейін тергеуге шақырылады. Ол уақытым бітті-ау дегенде оған: «Сіздің жұмысыңыз отыру, қарсылық көрсету мәнсіз, тағы тексереміз, содан соң аржағы белгілі болады» деп жауап берді.
Басқа ұлттың адамдарына ерекше тергеу жүргізілді. Бұл жерде сен кінәлісің бе, жоқ па, отырасың басқа ешқандай шара жоқ.
Тергеуді қызық жүргізеді: «Тұтқынға қай жерде түстің?» - жауап «сол жерде», «қалай» - жауап «осылай». «Сен неге тұтқынға түсесің, неге өзіңді-өзің атпадың?» және т.с.с. «осы лагерде шіримін»(217).
Түркістанның бұрынғы легионерлеріне жүргізілген сот процестері соғыс біткеннен кейін бірнеше жылға созылады. Легионерлер «істі» кеңестік республикаларда қарастырылады. Қазақстандағы ең белгілі іс болып танылған бұрынғы легионерлердің 49 -ның соты болды, оларды Мұстафа Шоқаймен байланысты деп айыптауға тырысты. Бұл жөнінде «Ұлтшылдар» мен «Халық жауы» деп аталатын коммунистердің көзін жойған компанияларына арналған тарауда баяндалған. Түркістандық Манас Нұғманов пен оның отандастарының тағдыры басқаларға үлгі болды. Олар туралы 1994 жылы түсірген француз кинематографистерінің документальды лентасында айтылған. Манас Нұғманов фашистердің тұтқынында болған. Түркістан легионына өтеді, жерлестерімен бірге легионнан қашады, Француз партизандарымен бірге соғысады. Олардың арасындағы соғыста сіңірген ерліктерін командование атап көрсетеді. Елге оралған соң Манас Нұғманов Новокузнецкідегі лагерде 10 жыл отырады(218). Оның Француздан туған қызы Моник – Светлана Легра – Нұманов әкесінің соғыстан кейінгі өмірін дұрыстауға көп күш -жігер жұмсады, бұл «Жер дәні үшін»фильмінде көрсетілген.
Шетелдерде қалған түркістан лигионерлерінің тағдыры.
Кеңес эмиссарлары ұйымдастырған үгіт -насихат жұмыстарына қарамастан Мұстафа Шоқайдың ұлт – азаттық қозғалыс жөніндегі идеяларымен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің көпшілігі үгіт - насихатқа сенбестен шетелдерде қалуды ұйғарды. Мұстафа Шоқай құрған түркістан ұлт – азаттық қозғалысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз жалғасын тапты, осы Жекеленген идеяларға сенген адамдар коммунистік идеологияға қарсы болды. Солардың бірі Карис Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеялары «суық соғыс» кезеңінде «Еркіндік» радиосы редакциясы бағдарламасының негізі болды, оның хабарламалары кеңестік Орталық Азия республикаларында бірнеше тілде беріліп тұрды.
Шет елдерде өмір сүруді жалғастырып жатқан түркістандықтардың өмір тарихы мен қызметтері әлі толық зеріттеліп біткен жоқ. Ол, біздің пікірімізше, жеке кітап тақырыбы болуы тиіс, және осы зерттеудің келесі бөлімі болары хақ, келесі зерттеу тақырыбы түркістандық саяси 7 миграцияға арналады.
Шетелдерде қалған түркістан легионерлерінің тағдыры. Кеңес эмиссиялары ұйымдастырған үгіт насихат жұмыстарына қарамастан Мұстафа Шоқай ұлт азаттық қозғалыс жөніндегі идеялармен жақсы таныс болған Түркістан легионерлерінің көпшілігі үгіт насихатқа сенбестен шетелдерде қалуды ұйғарды. Мұстафа Шоқай құрған Түркістан ұлт азаттық қозғалысы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де өз жалғасын тапты, Осы жекеленген идеаларға сенген адамдар коммунистік идиологияға қарсы болды. Солардың бірі Карис Қанатбай. Мұстафа Шоқайдың идеалары “Суық соғыс” кезеңінде “Еркіндік” радиосы редакциясы бағдарламасының негізі болды, оның хабарламалары кеңестік Орталық Азия республикаларында бірнеше тілде беріліп тұрады.
Шет елдерде өмір сүруді жалғастырып жатқан түркістандықтардың өмір тарихы мен қызметтері әлі толық зерттеліп біткен жоқ.
Соғыс тұтқындарының Кеңес одағына оралғаннан кейінгі тағдыры да өте ауыр болды М.Геллеер мен ненристің Лондонда Н.Толстойдың Парижде басылған зерттеулерінде мынадай мәліметтер берген. 1943 47 жылдары кеңес одағына бес жарым миллионға жуық соғыс тұтқыны мен Германияға жұмысқа айдалған азаматтар қайтарылған. Солардың 20 % атылған немесе 25 жылға айдалған, 15-20 % 5-10 жылға лагерлерге жіберілген. 10 % Сібірдің соғыс аудандарына жер аударылды. Соғыста қиратылған аудандарда ауыр жұмысқа салынды, 15-20 % ғана тұрған жеріне оралды, бірақ оларға жұмысқа орналасуға тұтқын болған “айыбы” үшін үнемі кедергі жасап отырған. Ал 15-20 % тағдыры белгісіз мүмкін қашқын болар мүмкін түрмеде болар. Демек, соғыс тұтқындарын кеңестік “отанын” екі рет сатты. Әуелі неміс тұтқынында жүргенде қорғаудан бас тартты, ал кейін елге қайтқанда ауыр жазаға ұшыратты. Егер бүгін сол апат соғысты бастан кешірмегенде ұрпақ, шындықты іздемей, соғыс тұтқындарына “сатқын” ретінде қарайтын болса, бұл оларды үшінші рет сату болар еді. Ресейде аталған мәселені жан жақты зерттеу басталды.
2.3 Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы
Ондаған ұлттар мен ұлыстардың басын күштеп бір ноқтаға теліген зорлықшыл ( тоталитарлық) жүйе бір кісінің жасына жетер-жетпесте түбі шіріген емендей құлап түсті. Миллиондаған жазықсыз жандардың ғұмырын қиған, әрбір тұрғынды кезінде бір талқаны шықты. Мызғымастай көрінген одақ түбегейлі күйреді, оның құрамындағы одақтас елдер бостандық алып, құлдық қамытынан босанды.
Міне, еліміз тәуелсіздік алып, көк байрағын жер жүзіне желбіреткелі де он жылдан асты. Мұстафа Шоқай тәрізді алаштың ардақты азаматтарының аңсағаны орындалды. Әлемдік аренада Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың тең кұқықты мүшесі, Орталық Азияның айбынды да айдынды мемлекеті ретінде бой тіктеді. Егемендіктің арқасында өшкенміз жанып, өлгеніміз тірілгендей күй кештік. Жылдар өтісімен Тәуелсіздіктің буыны беки түсіп, еліміз айбарлы мемлекетке айналуда. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «Жас тәуелсіздіктің жолын малды да, жанды да қия алатын ауыз бірлік керектігі» де күннен-күн; айқындала түсуде. Ұзағынан сүйіндірсін деп тілейік!
Тәуелсіздік тұсында өткенімізді қайтадан зерделей бастадық, кеңестік идеологияиың салқыны шалған құндылықтардан саналы түрде бас тарттық. Ал патшаны тақтан тайдырып, самодержавиені құлатқанымен, сорақылықылығы оны он орап кететін «кеңестік қитұрқылықтар мен сорақылықтардадан”арыла бастадық. Заман талабы ғылым мен мәдениетіміздегі көптеген «жаңсақтықтарды» кайта қарауға міндеттеді. Соның нәтижесінде, әсіресе гуманитарлық ғылымдардағы ақтаңдақтар мен қаратаңдақтардың беті ашылды. Айталық, кейінгі ұрпақ көркем әдебиет саласында ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келген «социалистік реализм» әдісімен жазылғаи, Ленин мен коммуиистік партияны «жоғары санаға» жеткізген шығармалардан қалай бас тартса, гуманитарлық ғылымдар саласындағы асыра сілтеулер мен асыра айыптауларды жазбай тани бастады. Қазақстан тарихы егеменді, демократиялық республикаға айналғаннан кейін отандық ғылым салалары кеңес үкіметі кезінде «жабық тақырьп саналған тұстарды ашуға мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндік Қазақстан тарихы ғылымына да тиесілі еді...
Кеңес өкіметі кезінде «тыйым салынған» тақырыптар тарих ғылымында аз еместі. Олардың қай-қайсысы да зерттеушілер үшін аса қауіпті ері жабық мәселелер болатын. Ондай тақырыптарды зерттеуге жағдай туғызылған күннің өзінде зерттеуші оны кеңестік идеологияға сәйкес етіп, жаланы үйіп төгіп, қара бояуды қалыңдата түсіп жазуы тиістің. Қазақстан тарихындағы сондай тақырыптың бірі - саналы ғұмырын түбі бір тектес түркілердің тұтастығына арнаған және сол жолда басын бәйгеге тіккен, ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайға қатысты. Осыған сабақтас тағы бір тақырып -кешегі екінші дүниежүзілік соғыс тұсында Еуропа территориясында құрылған атақты Түркістан легионы жайлы болатып Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты болмаса да, кеңестік тарих ғылымы оларды қолмен сабақтастырды. Тіпті, Мұстафа Шоқайды Түркістан легионын құрып, оған тікелей басшылық еткен кісі ретінде көрсетті. Нәтижеде, онсыз да жалалы болған Мұстафа Шоқай есіміне өшпестей боп тағы бір таңба басылған еді.
Қазақстан тарихында Түркістан легионы туралы дақпырт күні бүгінге дейін өлі ақ-қарасы толық ашыла қоймаған меселе күйінде қалып отыр. Кеңес өкіметі тұсындағы тарихнамада оны тек біржақты түсіндіру, антикеңестік күш ретінде қарастыру бел алды. Айталық, кезінде әйгілі шығармаға айналған С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты повесінің аннотациясында «нақты деректер негізінде жазылған» делінгенімен, Түркістан легионы жайлы шындық бұрмаланып көрсетілді . Онда Мұстафа Шоқай мен тұтқынға түскен кеңес офицерлері мен жауынгерлері атына қарғысқа бергісіз ауыр сөздер айтылды. Бүгіннің биігінен қарағанда, бір жағынан, идеологиясы темірдей қатты кеңес одағында солай болуы заңды да сияқты көрінеді. Әйтсе де, Түркістан легионына қатысты Мұстафа Шоқайдың атына жабылған жала күні бүгінге дейін үзілді-кесілді алына қоймағаны кісіні қынжылтады.
Тағы бір басын аша кетерлік мәселе мынада: Бұл еңбегімізге Түркістан легионы туралы арнайы тарау енгізбеуге де болар еді. Мұны біз саналы түрде кірістіріп отырмыз. Мақсатымыз - мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізу.
Сонымен, Мұстафа Шоқайдың Түркістан легионына нендей катысы бар? Жалпы оған байланысы бар ма, әлде кеңестік жүйенің алдын-ала ойластырылған айып-жаласы ма? Ол өз ажалынан өлді ме, жоқ әлде , қастандықтың құрбаны болды ма? Міне, осы және осыған ұқсас сауалдар өздігінен туындап, кісіні жұмбақ өлемге жетелейді. Осының дұрыс не бұрысын салмақтауға әрекет жасап көрелік.
Мұстафа Шоқайдың 1929-1939 жылдар аралығында «Яш Түркістан» атты журнал шығарып тұрғандығы белгілі. Ол сұңғыла саясаткер ретінде әлемдегі саяси жағдайлар туралы талдау мақалаларын жиі жариялап тұрумен бірге, халықаралық қатынастарға да сараптама жасап отырды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында (1939 жылдың бас кезі - Ғ.Ж.) Мұстафа Шоқай Еуропадағы саяси жағдайларды қапысыз бақылап отырды. Әсіресе, мына мәселелерге жіті көз тігіп, көзқарасын білдірді:
- Англияда жалпыға міндетті әскери борыштың жариялануы;
- Гермаиия мен Польша арасындағы қатынастың шығуы;
- Еуропада туындаған қарама-қайшылыққа Ресейдің де араласа
бастауы.
Мұстафа Шоқай әз еңбектерінде әлем халқының төрттен бірін Англияда бұған дейін жалпыға бірдей әскери қызмет өтеу міндеті енгізілмегенін жазды. Осы тұрғыда ол көптеген көзқарастарын білдіріп мақалалар жазды. Сонымен бірге, 1936 жылдың өзінде Еуропада екі тенденцияның: коммунистік және фашистік идеология майданының орнағанын атап көрсетті. Ол екінші дүниежүзілік соғысы болатынын алдын-ала көре біліп және айтып қана қойған жоқ, соғысқа тікелей қатысатын елдерді де дәл көрсетіп берген болатын. Айтса айтқанындай, көп ұзамай, әлемді адамзаттың сан ғасырлық тарихында бұрын-соңды болып көрмеген қиян-кескі соғыс бұлты торлап алды.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында, 1936 жылы Орталық Азияның бүкіл территориясы ұсақ бөлшектерге бөлінді. Түркістан халықтары мен ұлыстарға, этникалық топтарға жіктелді. Коммунистер небәрі ширек ғасырға жетер-жетпес уақыт ішінде Түркістанда үш рет алфавитті өзгертті. Мұның барлығы жымысқы пиғылдан туған іс-әрекеттін.
Достарыңызбен бөлісу: |