Жоспар Кіріспе бет 1



бет1/6
Дата11.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#190605
  1   2   3   4   5   6
Жоспар
Кіріспе..................................................................................................2-4 бет

1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы......................................................................................................5-18 бет

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері..............................................................................................19-23 бет
2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі

2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері..................24-34 бет

2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі........................................35-44 бет

2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті................................45-56 бет


3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту..................................................................................................57-64 бет

3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту.................................................................................................65-77 бет
Қорытынды............................................................................................78-79 бет
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................80 бет

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.

Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.

Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.

Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.

Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.

Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:



  • нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;

  • ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;

  • бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан «Шваб шұжықтары» ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады. Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен анықталады. «Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті» деп аталған екінші тарауда «Шваб шұжықтары» ЖШС-і мысалға алынып, оның жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.

«Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары» деген үшінші тарау кәсіпорынның бәсекесі мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне, «Шваб шұжықтары» ЖШС қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына арналады.

Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-құқықтық құжаттар зеттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және «Шваб шұжықтары» ЖШС -ң мәліметтері пайдаланылды.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың

мәні мен маңызы
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны "бәсеке" терминімен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасы "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Заңында: "бәсеке – рынок субъектінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналасының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін, тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы" – деп көрсетілген.



Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.

Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:



1.сала ішіндегі бәсекелестік – бұл саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорынның табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.

2.салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.

2. Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:

1. өзі араласып кәсіп жасайды;

2. жұмысшылар жалдайды;

3. акция облигация сатып алады;

4. акциясын банкке салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады т.б.

Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке – бұл олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:

1. сатушы тек қана бірфирма

2. сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.

3. монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды

4. нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.

Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі "көрінбейтін қол" қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.

Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз үлестерін қосуда.

Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше "нарықтық бәсеке – нарық сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс".

Бәсеке – белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г.Л. Азоев пен А.П. Челенкоев.

Бәсеке – бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға бағытталған күрес деп айтса да болады.

"Нарықтық экономиканың анықтамалығында" бәсеке дегеніміз – жеке өнім өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі жолындағы бәсекені айтады. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.

Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей анықтама береді: "бәсекелестік қабілет - өнімдердің нақты қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік деңгеймен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындармен бейнелейді". Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелестік қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С.Б. Ахметжанова "бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді" деген пікір білдіреді.

Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың бағасы – оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады, осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.

Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы. Шындығында, өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.

Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті – оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында.

Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.

Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.

Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие:

1) бәсекелік қабілет – салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;

2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;

3) әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие;

4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т.с.с. байланысты.

5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.

Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.

Сонымен жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:

өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл тек нарықтық экономикаға тән категория. Бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы мүмкін емес;

бәсекелік қабілет – салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайды;

өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Басқаша айтқанда, өнімнің нақты нарықта сәтті өткізілуі – оның бәсекелік қабілетін көрсетеді;

– бәсеке қабілеті өнімді қалыптастыру тұтынушылардың талғамын қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;

– өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.



Өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын көрсеткіш екенін ескерсек, осыған қатысты анықтаманы да келтіре кеткен жөн.

Өнімнің бәсекелік қабілеті сияқты, кәсіпорынның бәсекелік қабілетіне қатысты біріңғай қалыптасқан тұрақты анықтама жоқ. Бұл мағынаға қатысты бірнеше көзқарас қалыптасқан, олардың негіздері болып кәсіпорынның нарықтағы үлесі, табыстылығы, өнімді өткізу көлемі саналады.

М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын бес бәсекелік күші бар:

– бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;

– ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын

бәсеке;


– салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;

– тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;

– тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.

Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: "кәсіпорынның бәсекелік қабілеті" деп – оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.

Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекелік қабілеті туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады: "бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап, өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті" болып саналады.

Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен, мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:

– біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт бойынша анықталады;

– екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық көлемі қызықтырмайды;

– үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен, инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің орындалу тиімділігіне байланысты.

– төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік қабілеті төмендеуі де мүмкін.

Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.

Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен анықталады:

– өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен;

– сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен; – тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен; – кәсіпорынның нарығындағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.

Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі кешенді үш факторларға тәуелді:

1. Міндет – өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.

2. Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.

3. Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік қабілетінің кепілі болады.



1-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешенді үш факторы.
Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай.

Жалпы экономикалық қауіпсіздік ұғымын басты назарда ұстау қажет – яғни, мұнда экономикалық тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады. Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққандажеткілікті көлемде өндіру, оны тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Бәсекелік қабілеті арттыру механизмі – бұл кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттерді арқылы сипатталады. Дұрыс таңдала білген механизм осы кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестерімен ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмі нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат, мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика, экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Тамақ өнімдері өзінің тұтыну қасиеттеріне сай басқа сала өнімдерімен ерекшеленеді. Ең алдымен, ол қасиеттерге: адам ағзасына тигізетін әсері, құрамындағы белок, май және органикалық қосындылардың үлесі, сақталу мерзімі, иісі, түсі, дәмі жатады. Осы қасиеттер бұл сала өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді.

Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мерзімі іс-әрекеттің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктерді өзіндік сипаттары бойынша, 4 топқа бөлінеді:

1 топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;

2 топ – өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;

3 топ – өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;

4 топ – өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.

Бұл тетіктердің әрбірі белгілі бір дәрежеде нарықтағы тұтынушылардың сұранысы мен талап-тілектеріне, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты ықпал етуі мүмкін. Қандайда бір бәсекелік тетікті қалыптастыру немесе оны іске асыру әр кәсіпорынның өнім шығару сипаты мен ол өнімді өткізу ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған топтағы тетіктерді іске асырудың көптеген бағыт-бағдары және жолдары бар (2 сурет).





Бәсекелік қабілетті қалыптастыру тетіктері


Өнім сапасын арттыру

- Халықаралық сапа стандарттарын енгізу;

- Өнімнің орган олептикалық қасиеттерін жақсарту;

- Ғылыми техникалық және инновациалық жетістіктерді енгізу;

- Өндірісті диверсификациялау;

- Өнімді дифференциациялау;

- Еңбек күшінің ықпалы.


Баға саясатын реттеу

- Нарықта баға стратегиясын айқындау;

- Өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін іздестіру;

- Бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау;

- Нарықтық бәсеке жағдайына байланысты өнімнің бағасын белгілеу.


Өнімнің тартымдылығын арттыру

- Өнімнің сапалық және бағалық тиімділіктерін жарнамалау;

- Кәсіпорынның сауда белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту;

- Өнімнің сыртқы келбеті мен жағымдылық қасиеттерін арттыру;

- Маркетингтік жүйенің стратегиясы мен тактикаларын дайындау.


Өндірісті мемлекеттік қолдау

- БСҰ кіру қарсаңында өндірушілерді заңдылық тұрғыдан қорғау;

- Инвестиция- лық саясат ұстану;

-Экономикалық қолдау шараларын енгізу;

- Өзара байланысты салаларды кешенді дамыту;

- Бәсекелік ортаны дамыту.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет