Жоспар: Кіріспе



бет1/2
Дата20.10.2023
өлшемі27.2 Kb.
#481189
  1   2
Научное работа Мұқағали Мақатаевтың Наурыз өлеңіне сатылай кешенді талдау


Мұқағали Мақатаев «Наурыз»өлеңіне сатылай кешенді талдау


Жоспар:

1.Кіріспе


1. Ақын шығармашылығының зерттелуі


2.Негізгі бөлім


2.1. М. Мақатаевтың «Наурыз» өлеңіне сатылай кешенді талдау


2.2. М. Мақатаевтың «Наурыз» өлеңі мен Абай Құнанбайұлының «Қыс», «Жазғытұры» өлеңдерімен ұқсастығы


3. Қорытынды


4. Пайдаланған әдебиеттер



КІРІСПЕ
М.Мақатаевтың өмірінен сыр шерте отырып оның махаббатты басқа ақындарға қарағанда ерекше түсінуі,көптеген өлеңдері махаббат пен сағыныш жайлы болғанының өзінен аңғарсақ болады .Поэзияның тәңірі атанған М.Мақатаев поэзияға 10 жасынан құштарлылығы оянып жаза бастады.Оның қазақ әдебиетінде алар орны ерекше.
«Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе,
неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,» –
деп жырлаған Мұқағали ақын шындығында да поэзиямен егіз дүниеге келген сияқты.
Қазір оның туғанына сексен, дүниеден озғанына 35 жыл өткен кезде, ой көзімен қарасақ, қазақ поэзиясы дегенде, Мұқағали есімі бірден ауызға ілінетін, көз алдымызға шашын артқа қайырған тау тұлғалы ақын бейнесі елестейтін, тіпті оның сонау жиырмасыншы ғасыр қойнауында жазып кеткен мұңды, сырлы жырлары тілге бірден оралатын күнге де жеттік. Ақын рухы – ұлт рухының ажырамас бөлшегі. Қазақ қазақ болғалы ұрпақ жадында өзіне- өзі сөзден ескерткіш сомдаған біртуар ұлылар бар. Данышпан Абай, абыз Жамбыл, отты Махамбет, жұлдыз Сұлтанмахмұт, тұңғиық Мағжан, Құлагер Ілияс, дауыл Қасым сияқты тұлғаларымыздың асыл ой, жауһар сезімге суарылған жырлары қазақ халқының рухани әлемін байытқан үстіне байыта түсті.Солардан кейін қара өлеңнің көш керуенін қара нардай алға сүйреген биігіміздің бірі әрі бірегейі Мұқағали екендігі Ай мен Күндей ақиқат.
Сонау бір 1931 жылдың басында Нарынқол өңірінің ескі Қарасаз ауылында дүние есігін ашқан Мұхамедқали Сүлейменұлы Мақатаев – қазақ поэзиясының басына қонған бақ екенін ол кезде ешкім де білмейтін. Осы тұста ақынды дүниеге әкелген асыл ана Нағиман апамыздың бір сұхбатта берген жауабындағы мына сөздер ойға оралады: «Мұқағалиым 1931 жылдың наурыз айының сегізінде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан екі апта кейін «Наурыз тойы болады» деп күтіп отырғанбыз. Ал құжатта қалайша ақпанның тоғызы деп жазылғанын білмеймін», – дейді. Демек ресми аталып жүрген 9 ақпан ақынның туған күнін нақтылау да келер күндер еншісінде.
Мұқаңның атын нағашысы Бизақ қояды. Мұхаммед пайғамбар мен пайғамбардың төрт шадиярының бірі – Әли сияқты қасиетті қос есімнен құралған атты иеленген бала тегін азамат болмас,–деген ырыммен қояды. Кейін жеңгелері «айтуға оң-айландырып» «Мұқағали» атап кеткен екен.
Поэзия – адам жанын тебіренткен, айтылмай, бейнелен-бей тынбайтын өктем рухтың бейнесі; ақынның өзге жұрттан артықшылығы - бүкіл болмыспен, табиғатпен табысып, кез келген кісі әсерлене бермейтін кұбылысқа тебіренетіні, кез келген кісі әсерлене бермейтін нәрседен әсерленетіні.
Бұл – ақынның табиғаты. Өлең ең әуелі тап осындай табиғаттан жаратылса керек, ол сонда ғана табиғи; әйтпесе, жазып отырған кісінің өзін-өзі күштеуінен туған шығарма оқушыны да тебірентпейді.
М. Мақатаевтың «Қарлығашым, келдің бе?» кітабындағы махаббат жырлары сезім жалаңдығынан, парықсыздықтан атымен аулақ, өзек өртердей оттылықтан шынайылықтан тұратын шығармалар.

М. Мақатаевтың махаббат лирикасын оның жалпы, суреткерлік тенденциясынан, былайғы творчествосынан бөлек қарау орынды болмас еді. Олар да - шын мәніндегі асқақ азаматтық дауысқа ие жырлар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет