Жоспары
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны Жерге орналастыру ұғымы, обьектісі және тақырыбы
Жерге орналастырудың экологиялық-экономикалық мәні
Жерге орналастырудың құқықтық негіздері
Жерге орналастыру техникасы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі.
Жерге орналастыру жұмыстары: 1)Жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; 2) Жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылық-аралық жобалар жасауды; 3) Жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; 4)Орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді;
5) Әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; 6) Бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады.
7) Жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; 8) Жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; 9) Топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; 10) Жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; 11) Жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; 12) Жер- бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
Жерге орналастыру – мемлекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады. Өткен онжылдықтағы жерге орналастыру, көпжылдық экономиканың негізі ретінде жерге шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын қалыптастыруға бағытталған жер реформасымен, өзара байланысты түрде жүзеге асырылды. Қоғамның құрылысты түбегейлі өзгерту жөніндегі қайта құру процестері, халық шаруашылығының бүкіл салаларында, соның ішінде аграрлық экономикада, жер қатынастарында кең орын алды. Олар бірнеше кезеңде өрбіді.
Бірінші кезеңге 90-жылдардың басында Республиканың Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 17 қарашасында қабылданған Жер Кодексі негізінде орын алған өзгерістер жатады. Аталған құжатта алғашқы рет жаңа шаруашылық құрылымдардың ШФҚ дың, кооперативтердің, ЖМШ–ның даму және басқа да жаңашылдықтар назарға алынды.
Екінші кезең, 1994 жылы ҚР Президентінің жер қатынастарын реттеу және жетілдіру туралы екі жарлығымен, жер пайдалану құқығы жөніндегі келісім – шарттарды жасасуды заңдастырумен байланысты.
Жерге орналастырудың үшінші кезеңі, жер жеке меншігі танылған жаңа Конституция мен заң күші бар Президент Жарлығының қабылдануынан кейін басталады.
Қазіргі жерге орналастырудың төртінші кезеңі жаңа жер заңдарына негізделеді, бірақ, 24.01.2001 жылғы жер заңы уақыт талаптарына сай болмай шықты. Сондықтан жақын болашақта жерге орналастырудың дамуын жаңа Жер Кодексімен байланыстырған жөн. Соңғысы Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерге сәйкес дайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |