Жоспары: Көне Египет мәдениеті



бет4/5
Дата27.09.2023
өлшемі28.38 Kb.
#478799
түріСабақ
1   2   3   4   5
№2. Көне Египет мәдениеті, көне Шығыс мәдениеті, Антика мәдениеті

Антика мәдениеті.
Антик дүниесінің мәдениеті деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик - (көне, ежелгі)» деген ұғым. бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінін баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды. Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені оның бас тауында б.з.д. III—II м.ж. Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. Б.з.д.ІІ-мың.ж. Эгей мәдениетінің орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өрке ниетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит—ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Гомер де өз дастан дарында бұл жайлы айтады. . Немістің ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағалаған. Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды. Vғ. ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Бұл кезеңде әдебиетте де тамаша туындылар өмірге келді. Олар–Гесиод жазған «Теогония» (кұдайлардың шығу тегі жөнінде) және автордың өзінің өмір жолына арнаған «Еңбектер мен күндер» атты дастандары-гректердің көңілінен шықты. Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500—449жж), азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы-мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Б.з.д.Vғ. Афинаны, әсіресе Периклдің (б.з.д. 444-429 ж.) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде грек және рим театрлары табылып отыр. Б.з.д. IVғ.аяғынан бастап ағаш театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғын дарының үлкен өнер ордасына айналды. Эллинизм - Грекия тарихындағы Александр Македонскийдің (б.з.д. 356-323 ж.) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңді Шығыс және Батыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі десе де болады. Бірақ эллинистік дінге ерекше тән қасиет - синкретизм еді (гректік және шығыстың діни ұғымдарының түрлі элементтерінің өзара араласып кетуі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет