Жүрек-қантамырлар жүйесі



бет8/9
Дата02.01.2022
өлшемі24.16 Kb.
#454467
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жүрек,қантамырлар жүйесі

Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе күретамырынан басталады. Ондағы көктамыр қаны өкпе күретамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде күретамырынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады.

Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, көктамыр қаны күретамыр қанына айналады. Одан төрт өкпе көктамырлары арқылы күретамыр қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.

Кіші қанайналым шеңбері —> жүректің оң жақ қарыншасынан басталып —> өкпеге қан тартады —> жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады. Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет