Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің



бет1/6
Дата24.02.2016
өлшемі0.69 Mb.
#14261
  1   2   3   4   5   6




Жуалы ауданы әкімдігінің

2011 жылғы « 12 » қаңтардағы

№ 8 қаулысына қосымша

Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2011-2015 жылдардағы

Стратегиялық жоспары

Б.Момышұлы ауылы 2011 жыл.

Мазмұны

1. тарау. Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің миссиясы мен көрінісі ...........................1


2. тарау. Ағымдағы жағдайдың талдау және дамудың беталысы........................................................................................................................2
3. тарау. Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызмет нәтижесінің

көрсеткіштері, шаралар, стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және негізгі икаторлары...............................................................6


4. тарау. Функционалдық мүмкіндіктерінің дамуы................................................................................................................................................13
5. тарау. Ведомство аралық қарым-қатынас ............................................................................................................................................................15
6. тарау. Тәуекелді басқару........................................................................................................................................................................................17
7. тарау. Бюджеттік бағдарламалар ..........................................................................................................................................................................18

1. тарау Миссия және көрініс

Миссия: Жуалы ауданы тұрғындарының өмір сүру денгейінің сапасың және әл-ауқатын арттыру мақсатында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында өңірлік саясат құру және іске асыру, әлеуметтік қызмет көрсетудін және әлеуметтік көмектің сапасын жақсарту.

Көрініс: Жуалы ауданы халқының әлжуастық топтарын әлеуметтік қамтамасыз етумен толық қамту және ұсынылған әлеуметтік қызметтердің жоғары деңгейі, облыстың білікті, бәсекеге қабілетті еңбек ресурстары.

2. тарау Ағымдағы жағдайдың талдау және дамудың беталысы

1.Стратегиялық бағыт .Тиімді жұмыспен қамтылуға ықпал ету және еңбек құқықтарын қорғау

1) Негізгі параметрлер

Адами ресурстар саны мен сапасы халықтың болашағын анықтайтын негізгі фактор. Адам капиталы – ел экономикасын алға жылжытатын және қозғайтын негізгі күш. Осыдан келіп, халықты жұмыспен қамту және еңбек құқығын қорғау қағидасы шығады. Атап өту керек, Жуалы ауданы тұрғындар саны жыл өткен сайын көбеюде. Облыс бойынша есептегенде, аудан халқының ішінен еңбекке жарамды адамдар саны орташа. Аудан тұрғындарының көпшілігі жеке шаруашылықтарымен,нақтырақ айтсақ ауыл шаруашылығымен айналысады.

Аудандық бекітілген бағдарламалардың басты мақсаты аудандағы жұмыссыз азаматтарды жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыспен қамту, еңбек нарығында - азаматтарды әлеуметтік қорғау іс-шараларымен қамтамасыз ету, сонымен қатар азқамтылған отбасылардың санын азайту, білім беру, денсаулық сақтау қызметтеріне қол жетімділігін жақсарту және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерімен қамту арқылы кедейшілік деңгейін төмендету.

Ауданымызда жұмыспен қамтылғандардың саны артып, экономикалық белсенді тұрғындарының үлесі өсіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеуіне өз әсерін тигізді.

Жуалы ауданында халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі шаралар жұмыстары жасалуда. Атап айтқанда: жаңа ашылған бос жұмыс орындарына нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа тарту және бос жұмыс орындарын іріктеп алу, оқыту, қайта даярлау, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, бос жұмыс орындарына жәрменке өткізу, жастар тәжірибесін ұйымдастыру және т.б.

Статистикалық органның мәліметі бойынша жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 4,3 пайызды құрап, 2010 жыл басымен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендеді.

Аудан бойынша жалпы ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны 99 адамды құрады.

Бөлімге 2010 жыл бойында 1900 адам жұмыс іздеп тіркеліп, бос жұмыс орындарына 1572 адам жұмысқа орналастырылды. Бұл жұмыс іздеп келіп, ресми тіркелген жұмыссыздардың 83 пайызын құрап отыр.

Жол картасы шеңберінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 218 жастарды жұмысқа тартуға - 24360,0 мың теңге қаражат қаралса, бүгінгі күнге 272 жастар жұмысқа тартылып - 24360,0 мың теңге еңбекақысы төленді немесе 100 пайызға орындалды.

«Жол картасы» бойынша қайта даярлау курстарына 75 жұмыссыздар 16 кәсіптік лицейде газоэлектро дәнекерлеуші, тракторист, 25 жұмыссыздар «Мал шаруашылығында ветеринарлық өңдеуші операторы» мамандығы бойынша оқытылды. Жергілікті бюджет есебінен 50 жұмыссыздар Тараз мемлекеттік университетінде көлік жүргізушісі, 1С бухгалтерлік мамандығы бойынша оқытылды. Бүгінгі күнге 45 жұмыссыз өз істерін ашып, 30 азаматтар Жол картасы бойынша жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орнын ашу мақсатында республикалық бюджеттен 20840,0 мың теңге бөлініп, 157 нысаналы топтағы адамдарды жұмысқа тарту қарастырылған.

Ауыл әкімдерінің ұсынысымен 44 шаруақожалықтар мен жеке кәсіпкерлердің сұраныстарына сәйкес нысаналы топқа жататын 202 адамға әлеуметтік жұмыс орны ашылып, 202 жұмыссыздар жұмысқа тартылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа жылдық жоспары бойынша 390 жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тартуға жергілікті бюджеттен - 11737,0 мың теңге қаралған, бүгінгі күнге 269 жұмыссыздар жұмысқа тартылып - 11737,0 мың теңге еңбекақысы төленді.



2.Келелі мәселелерді талдау

Жас мамандар әсіресе кәсіби - Әлеуметтік саясат – Қазақстан және халықты жұмыспен қамту саясаты, жергілікті тұрғындарды өндіріспен қамтамасыз ету. Экономикасы дамыған ел ретінде, өндіріске және өнеркәсіпке керекті мамандарды дайындауға тиіспіз. Заманауи талапқа сай, жұмыс саласының өзгеруіне қарай халық та сол жұмысқа бейімделуі керек. Осыған байланысты болашақта жоғары білімді, жоба жасай алатын, жобаға қатыса алатын, сапалы, жан-жақты қамтылған жас мамандар дайындалуы керек және техникалық мамандығын игеру, дамыту керек. Жоғары оқу орындарын бітірген болашақ маман кәсіби деңгейі жоғары болу керек. Еңбек нарығында мәселелер жоқ емес, оның ішінде әйелдер жұмыссыздығы үлкен орын алуда, жұмыс күші аз. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушілер маманның жұмыс өтілін және кәсіби шеберлігін бірінші орынға қояды. Әрине жұмыс іздеушілер ол талапқа сай емес. Әйелдер арасындағы жұмыссыздық көп жағдайда көп балалы болудан, баласы мүгедек болудан, бала бағудан, мүгедек үлкен кісілерге қараудан болып отыр. Ауылдық жерлерде әйелдерді жұмысқа тарту кезінде өзіндік ерекшелігіне мән беру керек. Еңбек нарығында облыс көлемінде оралмандарды жұмыспен қаматамасыз етуде біраз қиыншылықтар болуда. Бағдарлама бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру кезінде мамандардың кәсіби шеберлігінің төмендігінен қиыншылықтар пайда болады.

Еңбек нарығы сонымен қатар әйелдер арасындағы жұмыссыздық, жұмыс күшінің төмендігінен көп зардап шегуде. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушілердің көпшілігі жұмыс іздеушілерге жоғары талап қояды. Олар заман талабына сай емес, сондықтан жұмыссыз қалады.

3) Ішкі және сыртқы фактордың негізі бағасы

Фактордың негізгі себебі балансталмаған еңбек нарығында; жұмыссыздардың саны көп болғандықтан вакансия сақталуда. Оған себеп, жұмыс берушінің талабы жоғары, маман иесінің кәсіби шебер болғанын қалайды. Жоспарланған жоба өндірісті білікті, кәсіби шеберлігі жоғары маманмен қаматамасыз ету мақсатында жүзеге аспақшы. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін маман кәсіби шебер дайындалған немесе қайта дайындау орталығынан оқыған болу керек. Фактордың тағы бір өзегі азаматтардың еңбек құқығын бұзу болып табылады. Еңбек құқығы бұзылмас үшін жергілікті орындау ұйымдарымен, облыстық жұмыс берушілер одағымен және кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып, әлеуметтік серіктестік құрылды. 2009 жылы келісімді іске асыру үшін «Ұжымдық келісім шарт жаса!» акциясы ұйымдастырылып, 117 ұжымдық келісім жасалды.

Әлеуметтік белсенділікті арттыру мақсатында облыстық әлеуметтік жауапкершілік бизнес саласында 2008 жылы 649 меморандум, 2009 жылы 812 меморандумға келісім жасалды.

Негізгі сыртқы факторға себеп бүкіл әлемдік дағдарыс. Әлемдік дағдарыс кезінде жұмыспен қамту орталығына жұмыссыздар жұмыспен қамтылсын және мамандар қайта дайындау орталығында оқытылсын деген жоспар жасалған.

Жұмыссыздар мониторингі жи-жиі өткізіліп тұрады (қысқаруға кеткен )

Сонымен жұмыс берушілерге толық жұмыс күні емес, мамандығын қайта оқыту, жұмысы тоқтап қалған жағдайда уақытша жұмысқа орналастыру туралы еңбек заңы бекітіліген.

Жұмыстың негізгі нәтижесі әлемдік дағдарыс кезінде жұмыссыздардың санын азайту.



Стратегиялық бағыт. 2 Азаматтарға қызмет көрсету

  1. Негізгі параметр . Қалыптасқан саланың іс-әрекеті

Аудан көлемінде кедейшілік деңгейін болдырмау–жүйенің обьективті түрде болуын қажет етеді. 2009 жылдың аяғында жергілікті тұрғындардың үлесіне кедейлік деңгейі 3,4 %болған.

Кедейшіліктен шығу үшін, жергілікті тұрғындарға әлеуметтік жәрдем ұйымдастырылған. Осы мақсатта әлеуметтік жәрдем түрлері; тұрғын үйлерге көмек, балалар жәрдемақысы, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақы сияқты қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген.

2007 жылдан бастап жергілікті бюджеттен аз қамтылған отбасына материалдық көмек ретінде азық-түліктің қымбаттауына байланысты және жеке шаруашылығын дамытуға және өз ісін жүргізу үшін қаражат бөлінді.

Мамандандырылған кәсіби біліктілігі жоғары маман дайындау үшін орталықтар ашылып, жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту көзделген.

Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді даму стратегиясының басты мақсаттарының бірі - барлық қазақстандықтардың, олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру жағдайын, денсаулығын, білім алуын және басқа да барлық мүмкіндіктерін тұрақты жақсарту.

Мүгедектердің жағдайын жақсарту ауданымыздың әлеуметтік саласындағы саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Жуалы аудыны әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мүгедектерді оңалтудағы атқарқарған жұмыстары әлеуметтік қызмет көрсету мекемелер жүйесін көбейтуге, мүгедектердің жеке қажеттілігін ескере отырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуге, жергілікті санаторлық-профилакториялық мекемелерде денсаулығын сауықтыруға мүмкіндік туғызды.

Ауданда кедейшілік деңгейі 2010 жылдың 1 қаңтарына 3,4 пайызды құраса, жыл соңына - 2,7 пайызды құрап 0,7 пайызға кеміді. Азқамтылған отбасылар саны 1432 адамы бар 259 отбасы.

18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға берілетін мемелекеттік жәрдемақыға республикалық бюджеттен 33 млн. 500 мың теңге, жергілікті бюджеттен- 63 млн. 707 мың теңге барлығы - 97 млн. 207 мың теңге бөлінген.

Аудан бойынша жыл бойында 7313 балалары бар жанұяның өтініштері тіркеліп, тағайындалған жәрдемақылары толығымен төленді, қаражат 100 пайызға игерілді.

Атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен - 18 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 2,0 млн. тенге барлығы - 20 млн. қаралды. Аудан бойынша 1910 адамы бар 370 отбасының өтініштері тіркеліп, әлеуметтік көмек толығымен тағайындалып, төленді.

Аз қамтылған отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін біржолғы тұрғын үй көмегі бойынша жергілікті бюджеттен - 11млн. 330 мың теңге қаралған. Бұл қаражат 2060 отбасына тағайындалып, төленді.

Мүгедектерді оңалтудың аймақтық Бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес мүгедектерді медициналық-әлеуметтік, кәсіби оңалту жүйелерін дамыту мен материалдық техникалық базасын нығайту, мүгедектерге протез-ортопедиялық көмек көрсету және оларды оңалтудың техникалық құралдармен қамтамасыз ету, мүгедектерді әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз пайдалану мүмкіндігін жасау жөнінде бірқатар жұмыстар атқарылуда.

ЖОБ-на сәйкес 2010 жыл басынан міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж 60 мүгедектің ұсыныстары түсіп 780,0 мың теңгеге қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Жеке көмекші және ымдау тілі мамандарын қажет ететін 48 мүгедектердің ұсыныстары бойынша 42 мамандар қызмет көрсетуде, қызметтері үшін 3220,0 мың теңге еңбекақысы төленді.

Жеке оңалту бағдарламасы бар кресло-арбаны қажет ететін 12 мүгедек азаматтардан ұсыныстары тіркеліп, вело-коляскалары толығымен қамтамасыз етілді. Шипажайға 101 мүгедек азаматтардан ұсыныс түсіп, барлығы жолдамамен қамтамасыз етілді. Тифло құралдарды қажет ететін 8 азаматқа диктофон, плеер, магнитофон, қол сағат, қол таяқ және құлағы кеміс еститін 2 мүгедекке телефакс берілді. Сурдотехника бойынша 8 азаматтан ұсыныстар түсіп, ұялы телефонымен және 2 азаматқа көп функционалды дабыл жүйесі берілді.

Дамуында кемістігі бар балаларды үйде тәрбиеленіп, оқыту үшін ауданда 16 жасқа дейіңгі 70 мүгедек балаларға 2006,0 мың теңге жәрдемақысы қаралып, жәрдемақы толығымен тағайындалып, төленді.


  1. Келелі мәселелерді талдау

2010 жылы бөлінген әлеуметтік төлемдер 2008 жылға қарағанда 1,7 есе өсті. Атаулы әлеуметтік 2010 жылы 20000,0 мың теңге қаралса 2008 жылы 18895,0 мың теңге болған. 18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы алатын балалардың санының көп болу себебі, тұрғындардың айлық көрсеткішінің төмен болуы. 2010 жылы жәрдемақы 97207,0 мың теңгені құрады, ал 2008 жылы 89220,0 мың теңге болған еді. Бұл есеп көрсеткіші жылдан-жылға жәрдемақының көбейгенінін көрсетеді. Тұрғын үй жәрдемақысы 2010 жылы 11330,0 млн теңге бөлінді.

Әлеуметтік жәрдем берумен қатар шешімін күтіп отырған мәселелер де бар.

Жуалы ауданы жұмыссыздар санының аз болғанына қарамастан, табыс көрсеткіші төмен аймаққа жатады. 90% астам облыс тұрғындарының орташа табыс көрсеткіші ҚР бойынша төмен, оның ішінде 30% астамы аймақ бойынша күн көрістің ең төменгі деңгейінде. Тұрғындардың табыс көзінің төмен болу себебі, жалақы мөлшері ең төмен аймақ болғандықтан.

Әлеуметтік жәрдемақы көп бөлінгеніне қарамастан, әлеуметтік жәрдемақы алатын азаматтар саны жоғары көрсеткіште болып отыр.

3) Әлеуметтік саладағы негізгі мәселе ;

- Әлеуметтік көмек мөлшері - Қазақстан Республикасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі;

- Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жалпы санында еңбекке жарамды азаматтар үлесінің жоғарылығы;

- Мүгедектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ оларды сау адамдар айналысатындай қызмет түрлерімен қамту мәселелері;

-Кедейшіліктен шығу жөніндегі белсенді шаралардың тиімділігінің төмендігі, жұмыссыздық негізгі мәселе болып отырған ауылдағы кедейшілікті оқшаулау;

-табыс көзі төмен, оның ішінде ауылдық жерлерде.




3. тарау Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызмет нәтижесінің көрсеткіштері, шаралар, стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және негізгі индикаторлары

3.1. Қызмет нәтижесінің көрсеткіштері,шаралар, стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және негізгі индикаторлары


  1. Стратегиялық бағыт. Тиімді жұмыспен қамтылуға ықпал ету және еңбек құқықтарын қорғау

    1. Мақсат. Тиімді жұмыспен қамтылуға ықпал ету


Негізгі индикатор

(жетудің қорытынды мерзімін көрсеткенде)

Ақпарат

көзі

Онын ішінде екі арадағы мағынаны көрсеткенде

Есепті кезеңде

Жоспарлы кезеңде

Өлшеу бірлігі

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(жоспар)


2011 жыл

2012жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылға -3,9 % дейін төмендейді

Стат. мәлімет

%

5,0

4,4

4,3

4,2

4,1

4,0

3,9

Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінен жұмыспен қамту органдарына өтініш жасағандардың ішінен үлесі 2015 жылға 7.5% құрайды

есеп

%

74,0

82,0

72,0

73,0

73,5

74,0

75,0

Жуалы ауданы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ішінен жоғары дәрежелі жұмыс күшінің 2015 жылға 46,5% құрайды

Стат. мәлімет

%

54,8

44,1

31,2

33,0

35,2

38,1

46,5

Жуалы ауданы бойынша жұмыспен қамтылғандар құрамындағы жоғары білікті жұмыс күшінің үлесі 2015 жылы 46,0% құрайды

есеп

%

-

-

30,8

32,9

35,0

38,8

46,0

Негізгі индикаторға жету жолдары, тәсілдері және амалдары:

      1. Міндет. Халықтың тиімді жұмыспен қамтылуына жету

Нәтиже көрсеткіштері

Источник информа-ции

Өлшеу бірлігі

Есепті кезеңде

Жоспарлы кезеңде

2009 жыл

(есеп)


2010 жыл

(жоспар)


2011 жыл

2012жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінен жалдамалы жұмысшылар үлесі

Стат мәлімет

%

-

-

-

-

-

-

-

Жастар жұмыссыздығының деңгейі

есеп

%

3,5

3,6

3,6

3,6

3,0

3,0

3,0

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі

Стат. мәлімет

%

2,5

2,6

2,5

2,5

2,4

2,3

2,2

Құрылған жаңа жұмыс орындар саны

есеп

орын

402

410

380

380

390

390

400

Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінен өнеркәсіп саласында жұмылғандар үлесі

есеп

%

0,1

0,1

0,2

0,2

0,3

0,3

0,3

Жалпы жұмыспен қамтылғандардын ішінен кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жолданғандардың үлесі

Есеп мәліметтері

%

0,5

0,4

0,18

0,18

0,18

0,18

0,17

Ірі және орта мекемелерді коллективті-шарттық жүйемен қамту

есеп

%

50

55

93,.3

93,6

93,9

94,2

94,5

Жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінен жұмыспен қамту органдарына өтініш жасағандардың ішінен әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырғандардың үлесі 2015 жылға – 3,3% (2009 жылы 12,9% «Жол картасы» жүзеге асырғанына байланысты)

есеп

%

250

202

2,7

2,8

3,1

3,2

3,3

Жұмыстан босатылғандардың ішінде қоғамдық жұмыстарға жіберілгендердін үлесі

есеп

%

25,7

14,2

27

27,3

30

33,3

34,1

2015 жылы 57,8 % жұмысқа жарамды жастағы этникалық репатрианттарды жұмыспен қамту мүмкіндіктері жасалған , (2009ж-61%)

есеп

%

55,0

57,0

57,3

57,1

59,6

57,8

57,8

Жастар тәжірибесі аясында жұмысқа орналасқандар саны

есеп

адам

188

272

15

20

20

25

25

Халықтың жұмыспен қамтылуының жалпы саны

Стат мәлімет

адам

27180

27516

27718

27920

28129

28330

28650

Көрсеткіштерге жетудің тікелей нәтижесіне арналған шаралар

Жоспарлы кезеңде орындау мерзімі

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жұмысқа орналастыру сұрақтарымен уәкілді ұйымның делдалдығымен азаматтарды жұмысқа орналастыру

х

х

х

х

х

Өзіне меншікті іс ашуға арналған біржолғы жәрдем беру

х

х

х

х

х

Жаңа жұмыс орындарын ашу

х

х

х

х

х

Жұмыспен қамтылуға уәкілді ұйымға «Еңбек рыногы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таралдау

х













Кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жолданғандар

х

х

х

х

х

Еңбек рыногында қажетті мамандықтардың мониторингі

х

х

х

х

х

Қоғамдық жұмыстардың төленуін ұйымдастыру

х

х

х

х

х

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

х

х

х

х

х

Жастар тәжірибесі аясында жұмыс орындар ашу

х

х

х

х

х

Мекемелермен жұмыс орындарын қысқартпау, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау бойынша келісім шарт жасау

х

х

х

х

х

ШЖҚ тартуға рұқсат беру

х

х

х

х

х

«Шетел жұмыс күшінің мониторингі» республикалық көрсеткіштер негізін уәкілдік ұйымның жұмысына еңгізу және жетілдіру

х

х

х

х

х


  1. Стратегиялық бағыт. Азаматтарға арналған қызмет



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет