К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова



Pdf көрінісі
бет12/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
шоғыр

Бақылау сұрақтары: 
1.Бөлшектердің жұмыс сызбалары дегеніміз не? 
2. Бөлшектердің жұмыс сызбаларына қойылатын талаптар. 
3. Құрастыру сызбасы дегеніміз не? 
4. Құрастыру сызбаларының түрлерін атаңыз?
 
2.4. Металдардың механикалық қасиеттері 
Металдар дегеніміз – электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, 
пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы 
металлдардың 
ішкі 
құрылымымен 
байланысты. 
Сынаптан 
басқа 
металлдардың кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар 
бір-бірімен металлдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану 
энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, 
бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың 
жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар 
үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты. 
Металлдардың қаттылығы мен температураға төзімділігі күнделікті 
тəжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді 
адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металлдар жұмсақ (мəселен:күміс, 


19 
алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен 
құймалары қолданылады.Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола. 
Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металлдар, ал 
қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге 
төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен əрекеттесіп сілті түзетін 
металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін 
құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан 
аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркəсіпте металдарды негізінен 
пирометаллургия, гидрометаллургия жəне электрметаллургия əдістерімен 
алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, 
т.б.) жасауда кеңінен қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет